Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет30/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Мақсат қою – педагогикалық үрдіске қатысушыларды ортақ мақсатты 
түсінуге жəне оған жетуге, лайықты саналы əрекет етуге əсер етеді. Бұл 
функцияның басты мақсаты - педагогикалық үрдістің барлық қатысушылары 
өз міндеттеріне, жəне оларға берілген жоспарларға сəйкес, нақты білім 
жағдайында жеке жəне ұжымдық мақсаттарына қол жеткізу қажеттілігіне 
сəйкес жұмыстарды нақты орындауын қамтамасыз ету. «Мақсат қою», 
«мақсаттылық» - білім беру ұйымының белгілі бір уақыт аралығында 
орындалуы тиіс жұмыстарының нəтижесін алдын ала анықтай білуі. Мақсат 
қою дегеніміз ұйымды белгілі бір кезең аралығында дамытудың нəтижесін 
алдын ала көре білу, немесе жобалай білу, сол нəтижеге жету барысын 
нақты үрдіс ретінде көре білу . Мақсат қою күтілетін нəтижені жəне оған 
жету жолдарын анықтаудан тұрады. Үрдіс жобалау барысындағы түрлі 
жағдайларға байланысты өзгерістерге де түсе алады. Сондықтан ұйым 
дамуының 3-5 жылға арналған түпкі стратегиялық мақсаты да, оған жету 
жолдарын қадағалап отыратын аралық мақсаттары да (жылдық, 
жартыжылдық, тоқсандық) жасалуы тиіс. Мақсат қоюдың нақтылығы оның 
күтілетін нəтижелері арқылы орындалғанын өлшеуге, тексеруге келетін 
сипатта болуынан көрінеді.
Мақсатқа ұмтылушылық ұйымның тиімді қызмет етуіне қажетті, 
жалпыға ортақ жəне міндетті болуы тиіс. Белгілі бір ұйымның, мекеменің 
құрамындағы барлық құрылымдық бөлімшелер тұтас ұйымның алдында 
тұрған басты мақсатқа қызмет етеді. Мектептің құрылымдық 
бөлімшелеріне бастауыш сыныптар, негізгі сыныптар, жоғары сыныптар 
бөлімдерін қамтитын оқу құрылымдары, пəндер бойынша əдістемелік 
бірлестіктер, тəрбие жұмысы бөлімі, оқушылар ұйымдары, т.б.. жатады. 
Олардың əрқайсысының мектептің негізгі мақсатынан туындайтын, оны 
қамтамасыз ететін арнайы мақсаттары анықталады. Атап айтқанда, 
мақсат қою мектептің болашақ нəтижесін ғана анықтаумен шектелмейді. 
Басты мақсатты тарату (декомпозициялау), яғни, ондағы бөлімдердің 
қызметін, өзара байланыстарын ескере отырып, басты мақсатты орындауға 
бағытталған арнайы мақсаттарын анықтауды да қамтиды.
Білім беру ұйымдары əлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен 
тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен 
мазмұны əлеуметтік өзгерістерді басқаруға ықпал етеді. Мақсат қою - 
жобаланатын нысанды өзгерткеннен кейінгі нəтижесін алдын ала көре білу 


37
жəне сонымен қатар, сол нəтижеге жету барысын да нақты үрдіс ретінде 
көре білу.Мақсат қою күтілетін нəтижеден жəне оған жету жолдарынан 
тұрады. Түпкі мақсат та, оған жету жолдарын қадағалап отыратын күтілетін 
нəтижелер ретіндегі аралық мақсаттар да жасалуы тиіс жəне олардың 
нəтижелері негізінде мақсаттың орындалғанын, берілген проблеманың 
шешілгенін өлшеуге, тексеруге келетін болуы қажет. Сонда басқару 
қызметінің мəні жалпы жүйе ретіндегі ұйымды дамыту қызметіне сəйкес 
болады. Мектеп басшысы талдау нəтижелері бойынша мақсаттың бірнеше 
нұсқаларын 
жасайды. 
Заманауи 
менеджмент 
талаптарына 
сай 
басымдықтарды белгілеу- стратегияны анықтау болып табылады. Мақсат 
белгілеуде мына талаптар сақталуы тиіс: мақсат нақты болуы тиіс, сапалық, 
сандық сипаттамалардың болу, шынайы болу, ұйымның жағдайларына 
байланысты өзгерістерге сай түзетіліп отыруы тиіс, мақсатты орындаушы 
адамдар мойындауы керек, тексерілген болуы керек, білім беру 
мекемесіндегі құрылымдық бөлімшелердің мақсаттарының өзара келісімде, 
байланыста болуы керек [14], айқын тұжырымдалуы тиіс, белгіленген 
мақсаттың қандай уақыт аралығында орындалатының белгілі болуы, 
орындаушыларға түсінікті, қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып 
қою[22],өзекті болуы, қол жетімді болуы, мақсатты жүзеге асырудың 
əдістерін ойластыру,материалдық ресурстар ескерілуі керек; 
Мақсатты құрастыру үрдісі, логикалық–құрастырушылық жұмыс, ол 
келесі алгоритм бойынша орындалады: қалыптасқан жағдайды талдау; 
қажетті нормативтік құжаттарды реттеу; қанағаттандырылуы тиіс сұраныстар 
мен қажеттіктерді зерделеу; оларды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін 
ресурстарды анықтау; қол жетер мүмкіндіктер арқылы орындалатын 
сұраныстарды нақтылау; мақсат құрастыру- нақты мақсат қою. 
Педагогикалық менеджмент жүйесінде мақсаттар бойынша басқару 
технологиялары қолданылады. Соның бірі Smart-мақсаттар қою. Smart-
мақсаттар қоюда -мақсаттар нақты, уақытымен белгіленген, шынайы, 
орындалатын, қолжетімді, өлшенетіндігімен ерекшеленеді. 
Басшылардың ұйымдастыруымен əрбір оқу жылының аяғындағы 
педагогикалық кеңеске үлкен даярлық жасалады. Барлық буын басшылары, 
пəндік əдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары т.б. құрылымдық 
бөлімшелер өз отырыстарында жыл бойы атқарылған жұмыстарын талдайды, 
мектептің тұжырымдамалық бағыттарына сəйкес өзіндік баға береді. Біздің 
тəжірибемізде бұл үдеріс аталған құрылым мүшелерінің барлығы қатыса 
отырып, қарапайым үш сұраққа шынайы жауап беруінен тұрады.Олар 
интерактивті тақтаға не флип-чартқа жазылады: 
– Биыл қандай жетістіктерге қол жеткіздік? Олар неден көрініп тұр? 
– Биылғы мақсатты орындауда қандай кемшіліктерге жол берілді? 
Олар неден көрініп тұр?
– Алдағы уақытта осы кемшіліктерді болдырмау үшін не істеледі? 
Оның нəтижесін неден, қашан жəне қалай көре аламыз? 


38
Сұрақтарға жауап ашық, шынайы, сыни тұрғыдан беріледі, көппен 
талқыланады, содан кейін қағазға түседі. Бұл дискуссия өзінің шарықтау 
шегіне 3-сұраққа келгенде жетеді. Өйткені, осы жерде тек алдағы жылдары 
істелуі қажет жұмыстарды санамалау ғана емес, оның қашан орындалатыны, 
оған кім жауап беретіні, қандай нəтиже күтілетіні – бəрі де нақты іс-шара 
ретінде қағазға түсіріледі. Міне, осы күтілетін нəтижелердің түйіні мен 
мектептің тұжырымдамалық бағыттары əрбір құрылымдық бөлімшенің 
алдағы жылдарға қоятын мақсат -міндеттерін айқындайды. Осылайша
барлық құрылымдық бөлімдердің алдағы жылы атқарылатын жұмыстарының 
мақсаты, күтілетін нəтижелері, одан туындайтын даму жоспарына енгізетін 
ұсыныстар жинақталып, педкеңестің жұмыс тобына ұсынылады. Мектеп 
басшылары, бөлімше жетекшілері, оқушылар мен ата-аналардан тұратын 
Жұмыс тобы ұсынған тұжырымдарды мұқият сараптайды. Соның негізінде 
жалпы білім беру ұйымының мақсаты мен тұжырымдамасына сай алдағы 
жылдары күтілетін нəтижелерінің жобасын, одан туындайтын іс-əрекеттер 
жобасын жасайды. Қорытынды педагогикалық кеңесте бұл жоба 
талқыланып, жана ұсыныстармен бекітіледі. Осылайша, біздің тəжірибемізде 
қалыптасқан жағдайды талдау да, мақсат қою да ұйымның түгел қатысуымен 
жүзеге асырылады. Ұйымның өзгерістерін жоспарлау мен оларды орындауға 
əр адам өзінің тікелей қатысы барын ұғынуының, одан əрі жұмысты 
жетілдірге, дамытуға өз көзқарастарын ұсынуының маңызы зор.
Кез келген мектептің қызметі белгілі бір білім беру уақыты аралығында 
жетуге болатын, қоғамдық қажеттіктерге сəйкес белгілі бір мақсаттарға 
бағытталады. Мақсатқа қол жеткізу, ол үшін бар ресурстарды тиімді 
пайдалану басқару əрекетімен анықталады. Алдын – ала белгіленген 
мақсатты алдағы айқын бағдар ретінде пайдалану ұйымның өзін-өзі 
ұйымдастыруын, оның барлық құрылымдық бөлімдеріндегі іс – əрекеттердің 
өзара 
үйлесімділігін 
қамтамасыз 
етеді. 
Басқарудағы 
мақсатқа 
бағдарлылықтың мəнісі əрбір құрылымының дербес мақсаты мен міндеттері 
болуында, ал бұл мақсат - міндеттердің реттелген жиынтығы ұйымның 
мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет