Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет32/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Жоспарлау функциясы-алға қойған мақсаттарды тəжірибелік əрекетте 
жүзеге асыру үрдісі, ол нақты шешімдерді қабылдаудан тұрады жəне 
олмақсаттарды болжау, таңдау, оларға қол жеткізудің жобасын жасауға негізделетін 
қызмет түрі. Жоспар құру функциясы басқарудың ұйымдастыру құрылымы 
шеңберінде міндеткерліктерді бөлу арқылы мақсаттарды қою жəне оған жету 
жолдарын таңдау.[7] Белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін жоспар құрылады. 
Жоспар алдағы жəне жақын арадағы жұмысқа нақты бағыт береді жəне оны жүзеге 
асырудың үздіксіз процесі болып саналады. Жоспарлау ұжымның жұмысына 
талдау жасау негізінде жүзеге асырылады жəне оны орындау уақыты мен мерзімі, 
орындау барысы, жауапты адамдар белгіленген жұмыс сызбалары құрылады. 
Жоспарды жүзеге асыруға барлық ұжым белсенді қатысуы тиіс, бұл функция 
мектептің өзекті мəселелерін шешуге бағытталған кешендік шаралар жүйесін 
құрайды. Қазіргі менеджмент талаптарына сай іс –əрекетті жоспарлау – мақсаттар 
мен міндеттерді қою, табыс критериін анықтау, келісу жəне эволюция əдістерін 
жоспарлау деген сөз. Табыс критериін анықтауда ескерілетін талаптар: қызмет 
нəтижелігінің бағалану өлшемдерін, индикаторларын (көрсеткіш) анықтау, даму 


40
мақсаттары мен нəтижені айқындау, тəуекелдерді бағалау, талдау, анықтау, 
тəуекелдердің ықпалын төмендету шараларын белгілеу.
Жоспарлау міндеттері

қоғамдық сұраныс талаптарына сай, атқарылатын қызметтің сапалы болуы; 

орындауға жеңіл, ыңғайлы, бастамаларды қолдау, алдын ала болжау; 

интеграцияны жүзеге асыру, басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

реттеу, бақылауды жүзеге асыру,оқыту мен тəрбиелеуге ықпал ету; 

білім беру ұйымын дамытуды жүйелі ұйымдастыру; 

педагогикалық ұжым қызметін бөлшектерге бөлу; 

нақты іс –шараларды белгілеу, орындаушылар мен орындау мерзімін қою; 

педагогикалық ұжым мүшелерін жауапкершілікке тəрбиелеу, бірігіп еңбек 
ету мен ұжымдық сапаларын қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет