Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет38/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Тəуекел- жақсы аяқталуға үміттенетін, сəттілікке жасалатын іс-əрекет, 
ресурстар мен пайданы жоғалтып алу қаупі; белгісіздік жағдайында 
менеджердің жайы, немесе нəтижесінде болатын сəтсіздікке сандық баға 
беру. [22] Барлық шешім қабылдау барысы тəуекелмен байланысты, себебі 
болашақта не болатыны, нəтижеге жете ала ма, жоқ па оның бəрі белгісіз, тек 
болжамды нұсқадан ғана тұратыны белгілі, осы бағытта тəуекелділіктің орны 
ерекше.Тəуекелділік- негізгі мəселелерге (қаржылық, əлеуметтік, білім беру 
жағдайы, ортасы т.б.) байланысты шешім қабылдау үрдісі. Тəуекелді басқару 
– тəуекел факторларын бейтараптандыру, басқаруда қате шешім қабылдау 
қаупін азайту, алдын ала болжау шараларын іске асыру үрдісі. 
Тəуекелді басқару сатылары: мақсатты анықтау, даму болашағын 
болжау;тəуекелді, табысты айқындау;тəуекелді бағалау, сақтандыру жүйесін 
құру;тəуекелді басқару əдістерін таңдау арқылы тəуекелді жағдайлардың 
теріс салдарын жою шараларын дайындау; таңдалған əдісті қолдану, табысты 
жұмысты қамтамасыз ету; нəтижелерді бағалау. 
Тəуекелді басқару кезінде басшылыққа алынатын ережелер
тəуекел салдары туралы алдын ала ойлау, шешімнің бірнеше нұсқаларын 
қарастыру, тəуекелге баруда сенімділік тұрғысынан қарау, тəуекелді шешім 
қабылдауға ықпал ететін ішкі жəне сыртқы ортаның жағдайына талдау жасап 
барып, тəуекел ету керек.
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Болашақ ұйым басшысы ретінде ұйымның миссиясын анықтаңыз. 
2. Үлгіні басшылыққа алып мектеп жоспарының жобасын жасаңыз. 
3. Жоспарлауда қандай қағидаларды басшылыққа алар едіңіз? Неге? 
Ойыңызды тұжырымдаңыз. 
4. Төмендегі тұжырымдарды оқып, өзіңізге ұнаған тұжырымға талдау 
жасаңыз. 
 П. Друкер: «Нəтижелі ұйым құру үшін билікті жауапкершілікпен 
алмастыру керек»


46
 У. Джеймс: «Кез келген жобада маңызды фактор жетістікке деген 
сенім. Сенімсіз жетістік те болмайды» 
 Билл Гейтс: «Жұмысты бірнеше жеке бөлімдерге бөлу жəне оларды 
көптеген жеке қызметкерлерге тағайындау арқылы, сіздің алысқа кетуіңіз 
сондай ешкім ешқашан процесті тұтастай елестете алмайды, сосын 
дөңгелектер бос айнала бастайды»
 Чак Таннер: «Басқарудың үш құпиясы бар. Бірінші құпия-шыдамды 
меңгеру, екінші- шыдамды болу, үшінші, ең басты құпия- ол шыдамдылық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет