Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет29/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
Байланысты:
pedmen1

 
SWOT – талдау арқылы сыртқы ортаның мектеп жұмысына əсері, білім 
беру ұйымының ресурстарын анықтау жəне білім мектеп жұмысын жетілдіру 
шараларын жасау жүзеге асырылады. SWOT – талдау нəтижесі бойынша 
ағымдағы жағдайды түзету, ретке келтірудің жоспарлары жасалып, 
келеңсіздіктерді жою, жетістіктерді одан ары дамыту, жетілдіру шаралары 
жүргізіледі. SWOT – талдау əдісі тиімді əрі жағдайға алгоритмдік ретпен, 
жүйелі, бірізді, визуалды сипаттама беру түрінде орындалады. Орын алған 
мəселелер бір реттілікпен біріктіріліп, салыстырмалы талдау жасауға негіз 
болады. Бүгінде SWOT – талдау педагогикалық менеджментте қолданылатын 
негізгі талдау əдісі болып отыр. Педагогикалық талдау функциясы 
басқарушылық қызметтің келесі функиясы мақсат қоюды жүзеге асыруға 
негіз болады. [21]
Мақсат қою функциясы - педагогикалық үрдіске қатысушыларды 
ортақ мақсатты түсінуге жəне оған жетуге соған лайықты саналы əрекет 
етуге əсер етеді. Мақсат- іс əрекет жетістігін ойша көру, қою.[22] Бұл 
функцияның басты мақсаты - педагогикалық процестің барлық 
қатысушылары өз міндеттеріне, жəне оларға берілген жоспарларға сəйкес, 
сондай-ақ нақты білім жағдайында өздерінің жəне ұжымдық мақсаттарына 
қол жеткізу қажеттілігіне сəйкес жұмыстарды нақты орындауын қамтамасыз 


36
ету. Мақсат қою- стратегиялық міндеттерді талап ететін шешім қабылдау 
деңгейі, бір мақсатқа жетуге бағытталған стратегия. [5] Қандай ұйым болса 
да белгілі бір мақсатты орындау үшін құрылады. Мемлекет білім беру 
ұйымына - мектеп, балабақша, колледж, т.б. - ашылған кезден бастап білім 
беру қызметін сапалы ұйымдастыруға тапсырыс береді, жəне жылма-жыл 
оларды жеткілікті түрде қаржыландырып отырады. Осыған орай əрбір білім 
беру ұйымы мемлекеттің сұранысы, жергілікті мүмкіндіктер, өз 
ерекшеліктері, ата-аналардың қалауы, т.б. факторларды ескере отырып, өз 
қызметінің мақсатын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет