Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


кезең- жоспардың жобасы дайындалады, жоспар бөлімдерін  ұжымдық талдау, жаңа оқу жылының бірінші отырысында ол бекітіледі



Pdf көрінісі
бет36/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93
Байланысты:
pedmen1

4 кезең- жоспардың жобасы дайындалады, жоспар бөлімдерін 
ұжымдық талдау, жаңа оқу жылының бірінші отырысында ол бекітіледі. 
 
Жылдық жоспар үлгісі 
Мазмұны 
- Мектеп туралы ақпараттық анықтама 
- Өткен оқу жылына талдау 
- Жаңа оқу жылындағы мектептің мақсаты мен міндеттері 
- Педагогикалық ұжымның нəтижеге жетуге бағытталған 
əрекеттерінің бағыттары 
р/с 
жұмыс мазмұны 
мерзімі 
жауаптылар 
 
Жедел жоспарлау – күнделікті, тез арада орындалатын істерді 
қамтитын жоспар түрі. Оған аз уақыт ішінде: күнделікті, аптада, ай, 
тоқсандық көлемінде орындалатын шаралар жатады. Ол білім беру 
ұйымының стратегиялық жəне тактикалық мақсатына тəуелді. Жедел 
жоспарлау ең алдымен білім беру ұйымының басқару бөлімдерінде 
қамтылады: өткізуді жоспарлау, шығын көлемін анықтау, оқушылардың 
білім сапасы, оқуға түсу көрсеткіштері, қызметкерлердің жұмыс мерзімі, 
еңбекақысы жəне қаржыны жоспарлау, мұғалімнің сабақ жоспары, сынып 
жетекшісінің жоспары. 
Жедел жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады: мəселелерді анықтау; 
мүмкіндіктерді анықтау; анықталған іс əрекет мүмкіндіктеріне таңдау жасау; 
туындайтын нəтижелерге талдау жасау; іс əрекеттің соңғы таңдауы. Жедел 
жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметінің берік, тұрақты болуы. 
Жоспарлау мерзімі: қысқа мерзімде. Білім беру ұйымының басшысы 
ағымдағы сəтті ғана емес, алдағы уақыттағы шешімге ықпал ету 
мүмкіндіктерін де алдын ала көре білуі тиіс жəне ол стратегиялық, 


44
тактикалық жəне жедел жоспарларды жасауды білуі тиіс. Жоспарлау жұмыс 
тобының құрамына басшылық аппараты, педагогтар, мектеп психологы, 
əлеуметтік педагог, кітапханашы т.б. енеді. Жоспарлауды жобалау кезеңінде 
мектептегі істердің жағдайы, қол жеткізген мақсат, міндеттер, шешілмеген 
мəселелер, мектеп қызметінің бөлімдері, келелі мəселелерді бірыңғай 
біріктіреді, жауаптыларды белгілейді. Жоспар үлгісі көпшілік талдауына 
ұсынылады. Көпшілік (педагогтар, білім алушылар, ата-ана) талдау 
барысында ұсыныс, пікірлер айтылады. Айтылған ұсыныс, пікірлерді ескере 
отырып, жоспар қайта қаралып, жасалады, бекітуге мектеп басшысына 
ұсынылады. Жоспарлардың қай түрі болмасын мектеп жұмысын ата-
аналармен қызметін үйлестіруге ықпал етеді. Мектеп жоспарының негізінде 
педагогтардың жеке əдістемелік жұмыстарының жоспары, сынып 
жетекшісінің тəрбие жоспары жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет