43
Жылдық жоспар тұтас бір жылға жасалады (ағымдағы жылдың 1
қыркүйегінен келесі жылдың 31 тамызына дейін, мамыр айында жасалып,
педагогикалық кеңесте бекітіледі), оны дайындау оқу жылының барысында
жүзеге асады жəне оның кезеңдері оқу тоқсанына бағытталып құрылады:
1 кезең- мектеп басшысы мен оның орынбасарлары жаңа нормативті
құжаттармен, білім беру мен тəрбие үрдісі мəселелеріне қатысты
жаңалықтармен, нормативтермен танысады.
2 кезең –ақпарат жинаудың формалары мен көздері анықталады,
жоспар құрылымына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі (арнайы құрылған
шығармашылық топ жасайды).
3 кезең – жинақталған ақпараттар талданады, комиссия мүшелерінің
орындалған
жұмыстар
туралы
есебі
тыңдалады,
кездескен
қиыншылықтардың туындау себептері анықталып, оны болашақта жою
жолдары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: