Стратегиялық жоспарлау- оқу орнының басым бағытын нұсқаушы, үлкен,
негізгі мақсатқа жетуге бағытталған, ұзақ уақытқа межеленген, жетекшілік
əрекеттер бағдарламасы. Стратегиялық менеджмент- мақсатпен келісуді,
өнеркəсіптің мүмкіндіктері мен қызметкерлердің қызығушылықтарын қамтамасыз
ететін басқару мен ойлау тəсілдерінің бағдарламасы.[12] Стратегиялар арқылы
негізгі мақсаттарға жетудің ережелері мен тəсілдері, басқарушылық жəне
ұйымдастырушылық əрекеттер жинақталады.Стратегиялық жоспар соңғы
жылдардағы мектеп жұмысына терең талдау жасап, білім беру жүйесінің даму
беталыстарының негізінде жасалады.Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым міндетін, негізгі мақсатын жүзеге асыру. Жоспарлау мерзімі:ұзақ уақытқа
арналады, 2-10 жыл. Мəселелер сипаты: сирек қайталанатын мəселелер мен
міндеттер шешіледі. Тактика- стратегеияның негізгі мақсатын жүзеге асыру құралы
болып табылады.
Стратегиялық жоспар үлгісі: жылдар
бағыттары 20..-20.. 20..-20.. 20..-20.. 20..-20.. 20..-20..
Мектептің міндеттері
Жылдар бойынша білім
алушылар
контингенті/сыныптар
Оқу-тəрбие үрдісін жаңарту
болжамдары
Педагогикалық
жаңашылдықты енгізу
Мектептің материалды-
техникалық базасы
Оқу-əдістемелік қамтамасыз
ету
Педагогикалық кадрлар
қажеттілігі
Педагогтардың біліктіліктерін
көтеру жұмыстары
Педагогтарды əлеуметтік
қорғау
Білім алушылардың даму
перспективалары т.б.
Стратегиялық бағдарлама – негізгі бөлімдері миссия, стратегиялық
бағыттар, бағдарламалар мен жобалар болып табылатын құжат.