49
белгілеу, оның дамуына болжам жасап, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру
жолдарын жетілдіреді.
6.
Қаржы-шаруашылық қызмет. Қаржы-шаруашылық мəселелерді
шешуде қызмет көрсету саласы қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыруды
жүзеге асырады.
7.
Қызмет ету үшін оқу-əдістемелік, материалды-техникалық базаны
қалыптастыру. Заманауи талаптарға сай мектепті жабдықтау, қажетті
құралдармен (интербелсенді тақта, компьютер сыныптары, мультимедиялық
орталық, Интернет желісіне қосылу, заманауи жиһаздар т.б.) қамтамасыз ету-
еңбек өнімділігінің артуына ықпал етуші фактор.
Мектепішілік осы ұжымдарға кіретін қызметкерлердің, білім
алушылардың еңбегін құқықтық нормаларға сай бөлу арқылы жұмыс
ұйымдастырылып, орындалады. Жұмысты ұйымдастыру барысында
ескерілетін жайттар: педагогтардың біліктілік деңгейлері, ресми қарым-
қатынас ортасы, формальды емес қарым-қатынастары, психологиялық ахуал.
Достарыңызбен бөлісу: