МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
енген 10-20 шақты
лакуналар (шұңқырлар) немесе
крипталар түзеді.
Лакуналардың біразы тармақталып та кетеді. Лакуналарды тыстайтын
эпителиінде көптеген лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер қоныстанған
(инфильтрацияланған). Қабыну процессі кезінде лакунаға ірің жиналады,
оның
құрамында тіршілігін жойған лейкоциттер, эпителиоциттер мен
микроорганизмдер болады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында
лимфоидты түйіндер орын алады. Лимфоидты түйіндердің орталық бөлігі
ашық түсті
лимфоциттердің көбею орталығы, ал мұны қоршаған корона
тəрізді
мантийлі аймағы. Мантийлі- шеткі аймағының құрамында
еске
сақтау жасушалары- «В»лимфоциттері де бар. Лимфоидты фоликулдардың
құрамында макрофагтар мен
фолликулярлы дендритті жасушалар да болады.
Миндалиналардың сыртын қоршайтын капсуласы-кілегей асты құрылымдағы
дəнекер тіні.
Тіл миндалиналары- тілдің кілегейлі қабығының көп қабатты жалпақ
мүйізделмеген эпителиінің құрамында 100-шақты тармақталмаған крипталар
болады. Ал, кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасындағы крипталарды
қоршаған лимфоидты тін. Бұл тін диффузды түрде не түйін түрінде де
кездеседі. Түйіннің құрамында
мантийлі аймағы мен
көбею орталығы
көрінеді.
Жұтқыншақ миндалинасы- мұрынның жұтқыншақ бөлігінің дорзалды
қабырғасында орналасқан. Құрылысы жағынан басқа миндалиналарға ұқсас.
Балаларда жұтқыншақ миндалинасының кілегейлі қабығының құрамында бір
қабатты, көп қатарлы, кірпікшелі, призмалы эпителийі болса, ал ересектерде
көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий.
Балалық шақта жұтқыншақ
миндалинасы шамадан тыс өсіп (аденоид), мұрынмен дем алуға кедергі
жасауы мүмкін.