МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ жасушалы жəне жасушасыз болып екіге бөлінеді. Жасушалы цемент тіс
түбірдің ұшында, ал жасушасыз тіс түбірінің жоғарғы бөлігінде кездеседі.
Цементтің жасушалары цементоциттер.
Тіс пульпасы- тіс сауытының ішін толтырып тұратын, тістің жұмсақ тіні.
Пульпа бірнеше қабықтан тұрады: сыртқы, аралық жəне ішкі қабықтары
болып ажыратылады. Ең негізгі – қабаты, сыртқы қабат. Мұнда
дентинобласттардың денесі орналасады. Тіс пульпасының негізін БТҚДТ мен
көптеген қан тамырлары мен нерв талшықтары түзеді.
Тіл- тілдің денесі көледенең-жолақ ет тіні. Ет талшықтары тілде əртүрлі
бағытта орналасады: тік, көлденең, қиғаш талшықтары болғандықтан, тіл
күрделі қозғалыстар жасайды. Ет талшықтаының арасында БТҚДТ мен қан
тамырлары, нервтер жəне май жасушалары орналасады. Тіддің бүйір бетінде
жəне жоғарғы жотасында кілегейлі қабығы тіл етімен тікелей байланысқан
сондықтан бұл тұстарында кілегей асты негізі болмайды. Кілегейлі қабығы
екі қабаттан тұрады: көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиі жəне
меншікті пластинкасы, бұлардан тіл бүртіктері түзіледі. Тілде төрт түрлі
бүртіктер болады. Олар: жіп тəрізді, саңырауқұлақ тəрізді, жапырақ жəне науа тəрізділері. Бұлардың ішіндегі ең көбі - жіп тəріздісі, бұл тағамның
дəмін сезуге қатыспайтын бүртіктер болып саналады, тілдің ұшында
орналасады. Қалған бүртіктері тіл эпителиінің құрамындағы дəм сезу
бүртіктерінің тобын түзеді. Жапырақ тəрізді бүртіктер, тілдің екі бүйір
бөліктерінде орын алады, балаларда өте жақсы дамыған. Саңырауқұлақ
тəріздестері тіл жотасында шашарап орналасқан. Науа тəріздес бүртіктері тіл
түбірі мен тіл денесінен орын алады.