Microsoft Word модуль Асқорыту жүйесі толық



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата19.12.2022
өлшемі3,28 Mb.
#58078
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
модуль 2.Асқорыту жүйесі толық

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

Жұтқыншақ 
Жұтқыншақта тыныс алу жəне ас қорыту жолдары қиылысады. Осыған 
байланысты жұтқыншақтың: мұрын, ауыз жəне көмекей бөліктері 
ажыратылады.
Мұрын-жұтқыншақ бөлігінің кілегейлі қабығының эпителиі көп қатарлы 
кірпікшелі, құрамында аралас бездері болады. 
Ауыз бен көмекей-жұтқыншақ бөліктерінің кілегейлі қабығының 
эпителиі көп қабатты, жалпақ, меншікті пластинкаға бекінген, құрамында 
элластин талщықтары болса, ал кілегей асты негізінде күрделі шырышты 
бездердің соңғы бөліктері орналасады. Ет қабығы екі қабаттан тұратын 
көлденең жолақ ет тіні. Жұтқыншақтың сыртқы қабығы- адвентиция. 
Өңеш 
Өңештің қабырғасында төрт қабықтары: кілегейлі, кілегей асты, етті 
жəне адвентиция болады. Кілегейлі жəне кілегей асты қабықтарынан 
өңештің қуысына 7-10 шақты қатпарлары шығады. Кілегейлі қабығы үш 
қабаттан: эпителиі, меншікті жəне ет пластикаларынан түзілген. Өңештің 
эпителий қабаты – көп қабатты, жалпақ мүйізделмеген.Ересек адамдардың 
өңеш эпителиінің құрамында аздаған кератогиалиннің түйіршіктері болады. 
Эпителидің меншікті пластинкасы – ДТ, құрамында кардиалді бездері орын 
алады. Бүл бездер қарапайым, тармақталған-түтікшелі. Дəрігерлерге 
кардиалді бездердің қызметі мен құрлысын білу маңызды, себебі, бұл 
бездердің өзегі ашылатын жері, осыған байланысты көптеген сырқаттардың 
(əр түрлі жаралар, өңештің ісігі, кисталар мен дивертикулалар) дамитын 
ошағы болып саналады.
Ет пластинкасы – тағамды жылжытуда маңызды қызмет атқарады. 
Құрамында миоциттері бар құрылым. 
Кілегей асты негізі кілегейлі қабықпен қосылып қатпарлар түзеді де, 
тағамды қозғалтып, жылжытуға қатысады. Кілегей асты негізіде өңештің 
меншікті 
бездері 
орналасқан. 
Бұл 
бездер 
күрделі,тармақталған 
альвеолярлы-түтікшелі,бөлетін секреті – таза шырыш.
Ет қабығы -екі қабаттан тұрады. Өңештің үштен бір жоғарғы мойын 
бөлігінде көлденең жолақ ет тіні. Төменгі бөлігінде тегіс салалы ет тінінің –
миоциттері, ал ортаңғы бөлігінде ет тінінің екі түрі де кездеседі. Өңештің 
асқазанға кіреберісінде сфинктері де (қысықышы) болады. Өңештің сыртын 
адвентиция қоршайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет