Microsoft Word модуль Асқорыту жүйесі толық



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата19.12.2022
өлшемі3,28 Mb.
#58078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
модуль 2.Асқорыту жүйесі толық

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
өсінділерінің жиырылғыштық қызметінің арқасында, секреттің сыртқа 
бөлініп шығуы жүзеге асады.
Құлаққасы безінің секреторлы өзектері мына бөліктерге: қыстырма, 
сызықты, бөлікаралық жəне жалпы секретті сыртқа шығаратын өзек 
болып жіктеледі. Қыстырма өзектерінің қуысы бір қабатты жалпақ немесе 
куб тəрізді эпителимен тысталады. Бұлардың сыртын миоэпителиоциттер 
қоршайды.
Сызықты өзектері- цилиндр тəрізді эпителиоциттерден түзілген, 
бұлардың базальді полюсіндегі қатпарларында көптеген митохондриялары 
болады. Осыған байланысты сызықты өзектегі жасушалар белсенді түрде 
натрий иондарын тасымалдауға қатысады да, сілекейден суды сорады. 
Осыған байланысты сілекейдің концентрациясы өзгереді.
Бөлік аралық өзектерінің қуысы алғашқы да екі қатарлы, сосын барып 
көп қабатты эпителимен тысталады.
Жалпы секрет шығатын өзектің қуысы көп қабатты эпителимен 
қоршалған.
Жақасты бездері- күрделі альвеолярлы немесе альвеоляры- түтікшелі. 
Секретті белокті- шырышты ( белогі көп) – аралас . 
Бездің бөліктері: белокті жəне аралас болып жіктеледі. Аралас 
бөліктерінің құрамында 3 түрлі жасушалары: сероциттер, мукоциттер мен 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
миоэпителиоциттер 
болады. 
Сероциттердің 
құрылысы 
жоғарыда 
айтылғандай. Ал, шырышты жасушалары немесе мукоциттері бездің 
секреторлы бөлігінің ортасын ала орналасады. Өте ірі, бояу алу қабілеті 
нашар, бірақ жақсы дамыған ЭПТ мен ГК болады. Апикальді бөлігінде 
шырышты 
көпіршіктері 
жақсы 
көрінетін 
жасушалар. 
Сероциттері 
мукоциттердің сыртын қоршап, Джиануццидің белокті жарты айшықтарын 
түзеді. Ал, бұлардың сыртын миоэпителиоциттер қоршайды.
Қыстырма өзектері қысқы, ал сызықты өзектері бұларға қарағанда 
жақсы дамыған; 
Сызықты өзектерінің қабырғасында: сызықты (митохондриялары бар), 
бокал тəрізді (секреторлы), эндокринді (гормондар бөлетін) жасушалар 
болады. 
Тіласты бездері- альвеолярлы-түтікшелі, бөлетін секреті шырышты-
белокті, секретінің құрамында екі түрлі: шырышы басым болып келген 
мукоциттер мен сероциттері болады 
Бұл бездің құрамында: белокті, аралас жəне шырышты секреторлы 
бөліктері болады. Шырышты соңғы бөліктерінің құрамында екі түрлі: 
мукоциттер мен миоэпителиоциттері болады. Ал, қалған екі бөліктерінің 
құрылысы жоғарыда айтылғандай. Қыстырма жəне сызықты өзектері нашар 
дамыған. Бөлік ішкі жəне бөлік аралық өзектері басқа екі бездермен 
салыстырғанда өте жақсы дамыған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет