МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ Тілде дəм сезу түйіндері де бар, олардың пішіні элипс тəріздес.Бұлар тіл
эпителиінің құрамында орналасады. Тілде дəм сезу түйіндерінің төрт түрлі:
тіректік, сезімтал( сенсорлы), базальді жəне нерв ұштарымен синапс түзетін
жасушалар болады.
Тілде ұсақсілекей бездері де болады. Олардыңсаны өте көп. Бездердің
соңғы секреторлы бөліктері БТҚДТ- нің қабыршақтарының ішінде
орналасады. Тілде үш түрлі сілекей бездері болады: белокты, шырышты жəне
аралас. Бұлардың бəрі де, қарапайым түтікшелі немесе альвеолярлы- түтікшелі бездерге жатады. Тіл түбіріндегі бездер шырышты, ал
денесіндегі бездері-белокты, тіл ұшындағы-аралас бездер болып саналады.
Ірі сілекей бездері Ауыз қуысында тағамның химиялық өңделуі жүзеге аса бастайды.
Бұған сілекейдің құрамындағы ферменттердің атқаратын қызметі өте
маңызды. Ауыз қуысынан тыс орналасқан үш ірі: құлаққасы, тіласты,
жақасты, сілекей бездері де маңызды қызмет атқарады.
Қызметтері: • Сілекейді өңдеп шығарады. Сілекейдің құрамында шырышты зат-
гликопротеин- муцин мен ферменттер болады. Бұған: амилаза, пептидаза,
липаза, мальтоза, нуклеоза ферменттері жатады. Сілекейдің құрамында
бактериоциттік заттар- секреторлы антиденелер мен лизоцимде болады.
• Эндокринді қызметі. Инсулинге ұқсас жəне лимфоциттерді өсіретін,
нервтер мен эпителиді өсіретін факотрларды бөледі. Қан тамырларының
диаметрін кеңейтетін калликреин жəне мұның қарсыласы ренин де
синтезделеді.
Құрылысы. Аталған бездердің бəрі де паренхиматозды, бөлшектенген
мүшелер. Паренхимасы- бездің секреторлы бөлігі мен өзектеріндегі эпителий
болса, ал стромасын БТҚДТ- түзеді.
Құлаққасы безі- күрделі тармақталған, бөлетін секреті таза белокті, бөлшектенген без. Бездің əрбір бөліктері секреторлы жəне қыстырма, бөлік ішкі сызықты өзектерден тұрады. Бездің соңғы секреторлы бөліктерінде екі
түрлі жасушалары болады. Олар: сероциттер мен миоэпителоциттері. Сероциттердің пішіні конус тəрізді, екі полюсі айқын көрінетін секреторлы
жасушалар. Ядросында эухроматині басым. Бұлардың базальді полюсінде
көптеген түйіршікті эндоплазмалы тор, гольджи комплексі , ал апикалді
бөлігінде- ферментті түйіршіктері мен көпіршіктері болады. Сероциттердің
арасында секреторлы каналдар бар екені де білінеді. Секреторлы
жасушалардың сыртын ала жасушалардың екінші түрі миоэпителоциттер орналасады. Бұлардың пішіні жіп тəрізді, өсінділі, цитоплазмасында жақсы
дамыған жиырылғыш миофиламентоциттері болады. Миоэпителоциттердің