деформацияланатын болса, өңдеудің төртінші кезеңі қажет етіледі.
Тістерді кесуге дейінші тісті дөңгелектерді өңдеудің үлгілік
технологиялық процестері. Берілген процестер тісті дөңгелектің
үлгісі, оның дәлдік дәрежесі және өндірістің сериялығымен
анықталады.
Тісті
дөңгелектердің дайындамаларын
жону-
револьверлі, көлденең және
тік көпайналдырғылы жонғыш,
көпкескішті, гидрокөшірме және жонғыш-бұрма жасайтын
білдектерде,
СББ
бар
білдектерде,
автоматтық
желілер,
бұрғылайтын, көлденең және тік-созылыңқы білдектерде өңдейді.
Тісті дөңгелектерді әзірлеудің бірінші кезеңін орындаудың үлгілік
технологиялық процесінің бірнеше нұсқасын қарастырайық.
Бірінші нұсқа – I типті тісті дөңгелекті өңдеу (2.25, а-сурет):
диаметрі 80 мм дейінгі бір бекітпелі дөңгелек; центрлік саңылау –
оймакілтек сыртқы
диаметр бойынша центрлеумен; өндіріс – ірі
сериялы; дайындама – қалыптау.
Типтік технологиялық процесс келесі операциялардан құралады:
▪
05 – бұрғылайтын: үшжұдырықшалы қысқыда 2А125
үлгісінің тікбұрғылау білдегінде саңылауларды бұрғылау;
базалау – сыртқы тәж және үлкен қаптал бойынша;
▪
10 – созылыңқы: оймакілтек саңылауды 7Б55 үлгісіндегі
көлденең-тарта
өңдеу білдегінде тарту;
▪
15 – жону: оймакілтекті құралбіліктегі 1Н713 үлгісінің
жонғыш гидрокөшірме білдегінде қапталдар мен сыртқы
бетті қайрау; дайындаманы базалау – саңылау бойынша.
Екінші нұсқа – диаметрі 100...250 мм III үлгісіндегі тісті
дөңгелек дайындамасын өңдеу (2.27-сурет); өндіріс – орта сериялы;
тістер ЖЖТ шыңдауына ұшыратады; дайындама – қалыптау.
Үлгілік технологиялық процесс келесі операцияларды құрайды:
▪
05 – жону: центрлік саңылауды 7-ші
квалитетке сәйкес
келетін
дәлдікпен
өңдеу,
және
бір
қапталды
үшжұдырықшалы өзідігінен центрленетін патронда 1А340
үлігісіндегі жону-револьверлі білдекте өңдеу; дайындаманы
базалау – сыртқы бет пен қаптал бойынша;
▪
10 – жону: қарама-қарсы қапталды құралбілікте 1А340
үлгісіндегі жону-револьверлі білдекте өңдеу; базалау –
центрлік саңылау және
өңделген қаптал бойынша;
Достарыңызбен бөлісу: