3.1-сурет.
Кронштейннің құрастыру
сызбасы
1
2
Базалық
бөлшек.
Құрастырудың
технологиялық процесін әзірлеу кезінде,
технолог ең
алдымен құрастыру процесін
бастайтын
және
бұйымның
басқа
бөлшектері
қосылатын
бөлшекті
анықтайды.
Мұндай бөлшекті базалық бөлшек деп атайды. Құрастыратын
тетіктерді оған бекітілетін
базалық бөлшектің құрылымын
ескерумен жобалайды. Базалық бөлшек ретінде ең көлемдісін, ең
тұрақтысын және машинаның бөлшектерін
жинауға ыңғайлысын
таңдап алады. Ондай бөлшек ретінде әдетте корпус немесе білік,
немесе бұйымға жиналатын (құрастыратын бірлік,
агрегат немесе
машина) басқа бөлшектер жалғасатын болғандықтан қақпақ болып
табылады.
Бұйымдарды құрастыру кезінде базалық бөлшекке бұйым құрамына
кіретін басқа бөлшектер бекітіледі.
Бөлшектерді қосу базалық
беттер бойынша орындалады. Қосылулардың барлық түрлерін
жылжымалы
немесе
жылжымайтын,
ажырайтын
немесе
ажырамайтын деп бөледі (3.2-сурет).
Ажырайтын қосылыс ол бөлшектеу кезінде бөлшектің бүтіндігі
зақымданбайтын қосылыс.
Мысалы бұрандалы қосылысты бөлшектеу кезінде бұл қосылысқа
кіретін
барлық бөлшектер зақымданбайды, ал нығыздаушы
қосылысты бөлшектеу кезінде (бөлшекті баспақтай түсіру)
бөлшектердің түйісетін беттері зақымданады.
Достарыңызбен бөлісу: