Жинақталым, құрастырма операциялар көмегімен өндіруші
кәсіпорында жалғастырылмаған екң немесе одан көп бұйымдар
болып табылады. Ол көмекші сипаттағы жалпы пайдалану мақсаты
бар бұйымдар, мысалы қосалқы бөліктердің және т.б.
жинақталымы.
Агрегат – автономды жұмыс жасай алатын машина бөлігі.
Агрегаттарға автомобильдік генераторды, автомобильдің отын
сорғысы, гидравликалық жүйенің май сорғысы және т.б.
Сатып алынатын бұйым – ол басқа кәсіпорындарда дайын
түрде сатып алынатын машина құрастырылымы. Сатып алынатын
бұйымдарға жиі шарлы немесе роликті мойынтіректер, электр
генераторы,
турбостартерлер, түрлі процестерді автоматтық
реттеу агрегаттары,
электр аппаратурасы және т.б.
Құрастырудың технологиялық процесі өзара бағдарланған
бөлшектер, құрамдас бірліктер мен агрегаттарды бірізді қосу
операцияларының
жиынтығы.
Бұл
бұйымдарды
өндірудің
қорытынды кезеңінің бірі. Дайын өнімнің сапасы, оның сенімділігі
мен төзімділігі көбіне құрастыру технологиясына байланысты. Кез
келген бұйымды құрастыру негізгі және жалпы болып бөлінеді.
Жалпы құрастыру кезінде құрамдас бірліктерді, агрегаттарды және
сатып алынатын бұйымдарды біріктіреді. Жалпы құраструдың
соңғы
кезеңінде
толықтай
жиналған
бұйымды
алады.
Құрастырудың технологиялық процесі операцияларға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: