Құрастыру дәлдігі. Машинаны жобалау кезінде құрылымдаушы,
бұйымның нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес болатын әр
қосылыстарға арналған параметрлердің шекті шамасын есептейді.
Мәні құрастыру
кезінде
қамтамасыз етілетін құрастыру
параметрлеріне, саңылау, тартылыс, радиалды және қапталдық соғу,
өзіктер мен беттердің өзара күйі, серпінді элементтердің
деформациясы, қалдық теңгерілмегендік, масса центрінің қалпы
және т.б.
ҚОСЫЛЫСТАР ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРАСТЫРУ ДӘЛДІГІ 224
3.2-сурет. Қосылыстардың классификациясы
Құрастыру кезінде, құрастыру параметрінің мәні бұйымның
құрастыру сызбасында белгіленген шекті мәндерінен аспайтындай
бөлшектердің өзара орналасуына қол жеткізеді. Құрастыру кезінде
қол жеткізген және өлшенген құрастыру параметрінің мәнін осы
параметрдің әрекеттегі мәні деп атайды.
Құрастыру
дәлдігі
құрастыру
параметрлерінің
әрекеттегі
мәндерінің, құрастырма сызба және құрастыруға қойылатын
техникалық талаптарға сәйкестілік дәрежесі.
Мысал ретінде құрастырма топсаны (3.3-сурет) қарастырайық. Екі
саңылаудың белгіленген мәні 0,2-0,4 мм интервалда. Егер
құрастырудан соң саңылауларды өлшеу нәтижесінде кем дегенде
0,42 мм нәтижесін алатын болсақ, онда ол саңылаудың белгіленген
жағдайында, құрастыру параметрінің әрекеттегі мәні болып
табылады.
3.3-сурет. Құрастырылған топса
1 2 3 4 5 6 7 225
Саңылаудың белгіленген мәнін (0,4 мм) әрекеттегі мәнмен (0,42 мм)
салыстырып, құрастыру дәлдігі қамтамасыз етілмегендігі туралы
қорытынды шығаруға болады.