Құрастыру дәлдігін қамтамасыз ету әдісі. Машиналар мен
құрастыратын бірліктерде құрастыру кезінде дәлдік келесі әдіспен
қамтамасыз етіледі:
▪ Толық
өзара ауыстырымдылық әдісі;
▪ Толымсыз
өзара ауыстырымдылық әдісі;
▪ Бөлшектердің іріктеу;
▪ өтемдеу немесе реттеу;
▪ бөлшектерді қиюластыру немесе түзеу.
Толық өзара ауыстырымдылық әдісі. Толық өзара
ауыстырымдылық, әр бөлшек құрастыру кезінде құрастырудың
белгіленген дәлдігі автоматтық түрде, яғни реттеу операцияларын
жүргізусіз қажетті қалыпқа келетін бөлшектерді әзірлеу дәлдігі
кезінде мүмкін. Бұл әдіс бойынша құрастыру өте қарапайым,
өйткені дәлдікті қамтамасыз ету үшін қосалқы операцияларды
жүргізу қажет етілмейді.
Мысал ретінде тартылыс 0,005...0,052 мм болуы керек 1 және 2 (3.4,
а-сурет) бөлшектердің қосылыстарының құрастырылуын
қарастырайық. Егер құрастыруға түсетін бөлшектердің түйісетін
беттерінің өлшемдері (3.4, б-сурет) әзірлеу кезінде дұрыс ұсталатын
болса, онда есептеу жолымен келесіні аламыз:
а) Δ
min
минималды тартылыс қосылыста бөлшектің-төлкенің
максималды өлшемінде және бөлшектің-біліктің минималды
өлшемінде болады, яғни:
Δ
min
= 29,987 мм – 29,992 мм = -0,005 мм.
б) Д
тах
максималды тартылыс
қосылыста
бөлшектің-төлкенің
минималды өлшемінде және бөлшектің-біліктің максималды
өлшемінде болады, яғни:
Δ
тах
= 29,948 мм – 30,000 мм = -0,052 мм.
Алынған нәтижелерді құрастыру сызбасының талаптарымен
салыстыра отырып (3.4, а-сурет) салыстыра отырып, 1 және 2 бөлшектің қосылыстарындағы тартылыстың қажетті дәлдігі, бұл
бөлшектердің
түйісетін
беттері
өлшемдерінің
кез-келген
үйлесімінде құрамдас сызбаның талаптарына сәйкес келетіндігін
бекітуге болады. Құрастыру дәлдігі автоматтық түрде қамтылады.