Ыстықберік
қорытпалар
және болаттан жасалған тетіктерді
пісіруді аргонмен имектеп пісірумен орындайды.
Дәнекерленген жапсардың сапасы, бөлшектерді дәнекерлеуге
дайындау
мұқияттылығы
мен
біріктірілетін
материалдың
маркасына байланысты дәнекерлеу
әдісін дұрыс таңдаумен
анықталады. Тетіктерді пісіру алдында құралбіліктерді, жеңіл
балғаларды пайдаланумен тегістейді, ол
біріктірілетін тетіктердің
жиектерінің дұрыс қалпын қамтамасыз ету үшін қажет. Дәнекерлеу
орындарынан тотықты, майды, ылғалды, қақты және пісіру
жапсарының зақымдануына алып келетін басқа ластануларды
тазартады. Тазалауды механикалық тәсілмен немесе сілтілер мен
қышқылдарда өңдеумен орындайды.
Беттерді зарарсыздандыру
үшін бензин, ацетон немесе спиртті қолданады. Қажет болатын
жағдайда болашақ дәнекер жапсарының бойында нақты өлшемге
арналған фаскалар орындалады.
Дәнекерлеу алдында бөлшектерді,
сызбада берілген өзара
қалыпты қамтамасыз етумен пісіруге арналған құрылғыда
(стапельде) жинайды және бекітеді. Жабдықтарды құрастыру
дәлдігі пісіру түрімен анықталады. Мысалы аргонмен имектеп
пісіру кезінде табақ отқа төзімді болаттан
жасалған бөлшектердің
аралығы, дайындамалар қосылысының ақаулығы пісірілетін
материалдың қалыңдығынан 0,1 аспауы керек.
Доғалық пісіру кезінде балқитын электродқа біріктірілетін
тетіктерге қатысты келесі жұмыс қозғалыстарын хабарлайды:
■
электрлік доғаның тұрақты ұзындығын сақтау үшін балқу
шамасына қарай өс бойындағы
ілгерілмелі қозғалыс
;
■
бекітілетін тетіктердің барлық ұзындығын байлай дәнекер
жапсарды қалыптастыруға қажет тетік жапсарының
бойындағы ілгерілмелі қозғалыс;
■
дәнекер жапсардың қажет енін қамтамасыз етуге қажет
аздаған қарқыны бар тербелгіш қозғалыстар
.
Тетіктерді дәнекерлеу кезінде жергілікті қыздыру салдарынан
температураның үлкен
деңгей айырмасы пайда болады, ал
суығаннан соң пайдалану кезінде бұзылуға алып баратын ішкі
кернеулер пайда болады. Бұл кернеуді алу пісірілетін қосылысты
термиялық өңдеуді орындайды , мысалы босаңдату.
ыстықберік
қорытпаларды пісіру кезінде пісіру алдында жеке бөлшектерді
босаңдатуды
орындайды, ал дәнекерлеген соң дәнекерленген
жаспарды ескіртеді.
Достарыңызбен бөлісу: