Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет214/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   316
Байланысты:
mm

280
 


Пісірілетін тетіктерде суығаннан соң қалдық деформация 
қалыптасуы мүмкін. Ол ақаулықтарды түзетумен жояды. 
Бөлшектерді түзету соққы немесе статикалық жүктеме көмегімен 
механикалық немесе нақты реттілікпен дәнекерлейтін жапсарды 
жергілікті қыздырумен орындалатын термиялық болуы мүмкін.
Дәнекерлеу қосылыстарының ақаулықтарын анықтау үшін үш 
кезеңмен орындалатын бақылаудың түрлі әдістерін қолданады:
■ 
пісіру үшін әзірленетін тетіктерді алдын ала бақылау;
■ 
операциялық бақылау
;
■ 
дайын дәнекер қосылысты бақылау
.
Көптеген сыртқы ақаулықтарды көзбен шолып анықтауға 
болады. Ішкі ақаулықтарды анықтау үшін ультрадыбыстық немесе 
рентгендік дефектоскопты қолданады. Дәнекер жапсарының 
саңылаусыздығын,
тесік іздеуші немесе сығылған ауа немесе 
қысымды сұйықтық 
көмегімен саңылаусыздыққа сынаумен 
тексереді. 
Пісірілген қосылыстарды құрастыру. Құрастырылған түрде 
дәнекерді балқыту температурасына дейін қаздыру жолымен
қосымды материалды пайдаланумен екі немесе одан көп 
бөлшектерді ажырамайтын қосылысты алу үдерісін дәнекерлеу деп 
атайды. Ерітілген дәнекер, біріктірілген бөлшектер арасында 
арнайы қалыптастырылған саңылауларға ағады. Дәнекер қатқан соң 
пісірілген жапсар қалыптасады, ол бөлшектерді қосады.
Жұмсақ және қатты дәнекері бар пісіруді қолданады. Жұмсақ 
дәнекерлер негізінен қалайы мен қорғасыннан тұрады. Олардың 
балқу температурасы 773 К, және механикалық беріктігі төмен. 
Қатты дәнекерлер мыс, мырыш, күміс және никельден тұрады. 
Олардың балқу температурасы 773 К және беріктігі жоғары.
Жұмсақ дәнекермен пісіру кезінде дәнекерленетін бетті мұқият 
қорғайды, кейін қорғалған бетке, тетіктердің бетіне тотыққан
қабықшаны ерітетін флюсті жағады. Дәнекерленетін бөлшектерді 
құрастыру кезінде, сым немесе фольга түріндегі дәнекерді арнайы 
орындарда орналастырады және пісірумен бекітеді. Флюс 
қалдықтарын қыздыру, пісіру және салқындатқан соң ыстық 
ағынды суда жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет