Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Berdibek Sokpakbaev Menin atym Kozha

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУДА 
Екі нәрсені жазудың қиындығы айтылады. 
Жоқ, мен Жанарға айтуым керек. Мүмкін, ол менің оған шын не 
екенімді... Япыр-ай, осы бір сӛздің қорқынышы-ай... Мейлі, ауруды 
жасырғанмен, ӛлім әшкере қылады дейді ғой. Бүгін жасырғаныммен, ертең 
есейген кезде бәрібір әшкере болады. Сондықтан, не де болса, оқушыға 
турасын айтуға тиіспін. Менің оған шын ғашық екенімді, мүмкін, Жанар 
білмес. Білсе, ол Жантаспен неге солай отырады? Сондықтан мен оған 
айтуым керек бәрін де. Үлкейгенде кім болатындығымды, менен басқа 
ешкімді Жанар сүймеуі керектігін — бәр-бәрін жасырмай айтуға тиіспін. 
Айтамын. Тап қазір сабақтан тарасымен онымен үйге бірте қайтамын да, 
жол-жӛнекей: 
— Жанар, ғафу ет. Менің саған айтатын сӛзім бар. Ол мынау... — деп, 
түк қалдырмай айтып берем. Немене, қолымнан келмей ме? Келеді. Мен 
сужүрек емеспін. Айта алмасам бар ғой... не деп ант ішсем екен? 
Міне, соңғы сабақ та аяқталды. Жанарды иықтап, сыртқа қатарласып-ақ 
шықтым. Жүрегім лүп-лүп етіп, артыма қарасам, Жантас қу ілесіп келеді 
екен. Оның кӛз қарасы маған: «Айт, айтам деп кіжінген соң, айтпайсың ба 
енді? Батыр болсаң, айт!» — деп әрі келемеждеп, әрі аңдып келе жатқандай 
кӛрінді. Бойым тітіреп, дірілдеп кеткендей болдым. Жантас қана емес, 
балалардың бәрі Жанар екеуімізге қарап, бұлар не сӛйлесер екен деп, құлақ 
түріп бара жатқан тәрізді. 
«Жоқ, одан да, хат етіп жазып берейін. Міне, осым жӛн, осы дұрыс» 
деген ойға келдім. «Ауызша айтқанда, мүмкін, бірдеңелерді ұмытып, айта 
алмай қалармын. Ал хатта қатырып, тәптіштеп тұрып, бәрін де жазуға 
болады». 
Күн райы бүгін бұзылыңқы. Күз болғанын білдіргісі келгендей желдетіп, 
қабақ түйіп тұр. Талайдан бері мӛлдіреген ашық еді, сірә, жауатын түрі бар. 
Жасарын бұрынырақ жасап болып, үзіліп түскен бірлі-жарым қуаң сарғыш 
жапырақтар байқалады кӛшеде. 
Мен тамақтанып отырғанда, тысырлап күн жауа бастады. Жынды бір 
құйын есік алдында зыр қағып, ана босағаға бір, мына босағаға бір соғылды, 
шаңдатып жіберді. «Мына қан жауғыр қайтеді» деп, әжем есікті жабуға 
ұмтылып еді, құйын оны одан бетер ызаландырмақ болғандай лезде аяғының 
дәл астынан келіп шықты да, кӛйлегін дӛңгелентіп, кеуектей түріп жіберді. 
Кешегі уәдеміз бойынша, Сұлтан келіп қалар деп күтіп едім. Келмеді. 
Тап қазір оның келмегеніне мен қуанбасам, ренжігем жоқ. Tӛp үйге кіріп, 
столыма жайғасып отырдым да, Жанарға хат жазбақшы болдым. Сағат қазір 
бір жарым. 
Сағат екі болды... 
Екі жарым болды... 


57 
Sauap.org
Үш болды... 
Столымның үсті қиқымдалып жыртылған қағазға толып кетті. Осының 
бәрі Жанарға жазылған хаттар. Жазамын, ұнамайды — жыртамын. Тағы 
жазам — тағы жыртам, бір дәптерді тауысуға айналдым. Жай сӛзбен де 
жазып кӛрдім, ӛлеңдетіп те жазбақшы болдым. Болмайды, кӛңілімдегі 
лықсып тұрған кӛрікті ой қағазға түскенде ӛңезіп, ӛңі қашып кетеді. Жай 
ғана әсерсіз бірдеңе болып шығады. 
«Жанар, мен сені керемет жақсы кӛрем!». 
Тфу, осы да сӛз бе. Жақсы кӛрудің кереметі, керемет емесі бола ма екен? 
«Жанар, мен сүйем сені!». 
Қандай тұрпайы — құлды кинодағы секілді. 
«Ж... Қозы мен Баян секілді болайық». 
Жо, бұл да емес. Іс-міс жоқ, түйеден түскендей етіп, бұл ненің қисыны. 
Әуелі бас жағын былай... жұқалап жазу керек емес пе. Содан біртін-біртін 
дамытып... сонда қалай жұқалап, қалай дамытпақшымын? 
Екі нәрсені жазудың қиындығына менің кӛзім әбден жетіп болды. Бірі — 
қызға хат жазу, екіншісі — шығарма. Ӛлең жазғандай емес, мұның машақаты 
да жетерлік кӛрінеді. Мінекей, осы повесті жаза бастағаныма екі-үш айдың 
жүзі болды. Қашан аяқтаймын, немен аяқтаймын, ол жағы маған әлі мәлім 
емес. Не де болса, бір тиянаққа тезірек келіп, бас-аяғын кӛмкеріп: «Ал 
халайық, ендігі тӛрешісі ӛздерің болыңдар. Мен қолымнан келгенін істедім. 
Бағасын ӛздерің беріңдер», — деп, жұртшылық талқысына ұсынғанша 
асықпын-ақ. 
Әрине, мен бұл повесті ойдан шығарып немесе басқа біреу туралы 
жазып отырсам, онда тағы қанша жазарымды, оның немен тынарын да күні 
ілгері тұспалдап білген болар едім ғой. Менің қазіргі мүмкіндігім ондай емес. 
Ӛз басымнан кешкен оқиғаларды тізбектеп отырған хатшы тәріздімін. Бірақ 
сол іркес-тіркес оқиғаларды біріне бірін қалай болса, солай матап, жапсыра 
бергенмен, ол кӛркем шығарма бола ма. Әрине, болмайды. Сыншылар 
айтатындай, оны жазушылық електен ӛткізіп ӛңдеуім, сұрыптауым, бір 
желінің бойына маржандай етіп тізе білуім қажет. Творчестволық еңбектің 
осы нәзік жақтары менің қолымнан келіп жатыр ма, келмей жатыр ма? 
Құрметті оқушымды жалықтырып жіберген жоқпын ба, неғұрлым ілгерілей 
түскен сайын, мені осы жай қатты толқытып, жүрексіндіреді. 
Бірақ достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати 
ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған 
екенмін, бұл еңбекті жеті қабат терім сылынса да аяқтап шығуға міндеттімін. 


58 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет