59
Sauap.org
- Қой, сендер қаз атып алсаңдар... мынау жабайы қаздай емес, үлкен ғой,
тегі.
- Әдейі үлкенін таңдап аттық, — деді Сұлтан.
Шал
біздің шашылып жатқан ыдыс-аяқ, киім-кешегімізге, аузы
үңірейген күркемізге, осы араны сары қоныс етіп, жайлап алған түрімізге
қарап, одан бетер шүбәлана түсті:
- Сендер ӛздерің осы араны жайлап алған түрлерің бар ғой?
- Бұл
біздің балық аулайтын жеріміз, — дедім мен.
- Тұсаулы жирен ат кӛздеріңе түсті ме?
- Жоқ, байқамадық.
Атының басын бұрып, кете беріп, шал:
- Сұмпайылар, әлдекімді сорлатқан екенсіңдер. Мыналарың атып алған
жабайы қаз емес. Қаз атып алу сендерге қайдан келсін. Егер қазым жоғалды
дейтін пенде болса, мен сендердің сазайларыңды бергіземін, — деді.
Пәле болды деген бір қауіп менің ішімде қып ете қалды.
Осы араны қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойымыздан
табанда бас тартуға тура келді. Ондай кәсіптің неге апарып соғуы мүмкін
екенін жаңағы Ахмет шалдың тап болуы аңғартып кетті.
Қиырдағы барса
келместің аралына бекініп алғандай ауылдың дәл іргесіндегі тоғайдан күрке
сайлап, оны жан адам таба алмайды деп жүрген біз неткен ақымақтармыз...
Жалпы, қарақшы дегеннің ӛзі осы кезде ақылға сия ма? Қарақшылар бұрын
байларды, кӛпестерді тонаған. Біз кімді тонамақшымыз? Тонамақ түгіл, осы
күні біреуге қолыңды кӛтеріп кӛрші. Милиция апарып, кӛзіңді жылтыратып
қамап қойсын.
Қарақшылық ӛмір жайында Сұлтан екеуіміз енді осылай топшыладық.
Семіз қаздың еті бір-ақ салып асуға шелегімізге сыймады. Екі бӛліп
асып, әзер жеп тауыстық. Арасында балық ауладық. Суға түстік. Бүлдірген
теріп жедік. Сонымен күнді батырдық та, ыдыс-аяқ, торымызды артынып-
тартынып, қас қарая үйге келдік. Бұл біздің қарақшылық ӛміріміздің бірінші
және ең соңғы күні болды.
Достарыңызбен бөлісу: