63
Sauap.org
емес. Япыр-ай, мамам осыған шынымен-ақ күйеуге шықпақшы ма? Жоқ,
мүмкін емес.
Бірсыпыра уақыттан кейін үйден Қаратай мен мамам шықты. Қаратай
мотоциклін от алдырып, тұмсығын кӛшеге қарай бұрды. «Кет! Жоғал!
Тезірек кет!» деп мен оны кӛңіліммен желкелеймін.
Бірақ Қаратай кете
қоймады, мамаммен сӛйлесіп тұрып алды. Олардың сӛздерін трт-трт еткен
мотор үні маған жӛндеп естіртпейді. Сӛйлесе тұрып, Қаратайдың қалқиған
денесі мамама біртін-біртін жақындап, тақала түсетін тәрізді. «Тоқта! Қайда
кимелеп барасың?». — Мен Қаратайды желкеден бүріп ұстаймын да, бар
күшіммен жұлқып, лақтырамын кӛшеге қарай. Ӛлген
мысық тәрізденіп,
кӛшенің май шаңына барып ол топ ете түседі.
Бұл да менің ойымда болып жатқан құбылыс.
Қаратай әрең дегенде «қош, сау бол» айтысып, мотоцикліне отырып,
зырғыта жӛнелді. Мамам оның соңынан біраз үнсіз қарап тұрды да, үйге кіріп
кетті.
Әр нәрсенің шегі бар, мен қашанғы жата берейін.
Тәуекел деп, үйге
кірмекші болдым. Қораның арт жағынан жерге түсіп, үстімнің шӛбін қағып,
бойымды тәртіпке келтіріп алдым. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма
тығылады.
Есікті аша бергенімде тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап
қалғандай болды. Сол кездегі келбетім кӛлденең кӛзге тірі әруақ тәрізді
қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін. Ауыз үйден әжем ұшырасып:
- Сен қайда қаңғып жүрсің?
Шешең келді, — деп тӛр үйді нұсқады.
Сонан соң құлағыма сыбырлап:— Байқа, шешең саған ашулы, — деді.
Тӛр үйге кірдім. Мамам киімшең күйі, ӛз тӛсегінде бір уыс болып, әрі
қарап, бүк түсіп жатыр.
- Мама.
Мамам жауап қатпады. Мен жақындай түсіп, оның уысында кӛзіне
басып алған қол орамалы бар екенін кӛрдім. Жүрегімді біреу ұстарамен тіліп
жібергендей болды.
- Мама, сен жылап жатырмысың?
Мамам басын жайлап кӛтерді де, маған қарай бұрылды. Жасқа
шыланған қоңыр кӛздері біртүрлі бӛтен, суық.
- Иә, жылап
жатырмын, — деді ол. Дауысы қарлығып, бітіп шықты. —
Қайтейін жыламай. Құдай бағын ашпаған мен сорға жылаудан ӛзге не
бұйырған. Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып ӛлетін болдым ғой. Осы сен
не боп барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шӛп шықпағыр
боп барасың ғой. Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-жұрттан. Қу жалғыз-ау,
айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Ӛлтірдің ғой мына сорлы анаңды.
Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Қайтем?.. Неге тыныш
жүрмейсің? Осы саған не жетпейді?
- Маматай, қойшы. Ендігәрі...
Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді: