Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТАҚЫРЫБЫ
“Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие.
Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол ке-
лешекте оның өмiрiне апат әкеледi” - деп Әл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттей-
тiн негiзгi категорияның бiрi- тәрбие.
Тәрбие адам тағдырын ойластырады, бол-
жайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң
көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен
жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қа-
тынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын
ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушы-
лардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр
сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң
бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға,
мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез
нормалары мен ережелерi.
Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен ізгі-
лендіру үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Тәрбие
жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала
адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгер-
шiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс.
Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күр-
деленген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнез-
құлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң
сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде
тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгер-
шiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау
сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын
және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiн-
де сезiнуiнен көрiнедi.
Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие
жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiм-
дiлiгiнiң негiзгi критерийi. Адамзат тарихында
адамгершiлiкке байланысты пайда болған кате-
горияларға мыналар жатады: жомарттық, батыр-
лық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiл-
дiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен
намыс, тағы басқалары. Оқушыларды адамгер-
шiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем
шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-сана-
сын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға,
дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шы-
ғармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iс-
әрекеттерi де үлкен әсер етедi.
Ең алдымен, тәрбиенiң дәстүрмен тығыз бай-
ланысты екенін тұңғыш қарастырған К.Д.Ушин-
ский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң ха-
лықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және пси-
хикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-
шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие
көзi - халықтық педагогика” деген тұжырымға
келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-
тырушы ағартушы Ы.Алтынсарин адамгершi-
лiктiң мынадай 7 қасиетін атап көрсетеді: 1.
Имандылық. 2. Жоғарғы әдiлдiк. 3. Адалдық, ақ-
көңiлдiлiк. 4. Сыпайылық, момындық. 5. Адал
ниетпен өсиет беру. 6. Жомарттық, қайырым-
дылық. 7. Дұрыс заңдылық [2,266]. Яғни, жас
ұрпақтың – ақыл-ойын, сезiмiн үйлесiмдiлiкте
ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып,
адамгершiлiк қағидаларды меңгерген адам бо-
лып өсуiне барлық ынтасымен кірісе отырып,
өзінің туындыларын сол бағытқа арнайды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дү-
ние жүзіндегі педагог-ғалымдардың ерте заман-
дардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша
көтерген мәселесінің бірі болып саналса, со-
лардың қатарында 19-ғасырдың екінші жарты-
сында қазақ даласынан оларға үн қосушы -
бірінші қазақ педагогы Ыбырай Алтысарин.
Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен,
әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педа-
гог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой,
Н.Ф.Бунаковтармен пікірлес болды.
Мектеп бағдарламасында Ы.Алтынсариннің
шығармашылығын меңгертуге бірнеше сағаттар
бөлінген. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған
бүлдіршін «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жат-
тап өссе, кейінгі сыныптарда ұлы ағартушының
тәрбиелік мәні өте жоғары әңгімелері мен ли-
рикаға тұнып тұрған өлеңдерін оқып-үйренеді.
Үйреніп қана қоймай, сол туындылардың аста-
рында жатқан адамгершілік асыл қасиеттерді
бойларына сіңіріп өседі. Әр шығармасында
Ы.Алтынсарин адамгершілікке сай келетін жақ-
сылық істердің не екенін ашып беруге тыры-
сады. Ол халық қамын ойлау, қоғам пайдасын өз
жеке басының пайдасынан жоғары қою адам-
гершіліктің ең жоғары өлшемі деп санайды.
"Кел, балалар, оқылық" өлеңінде ақын қазақ
ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайда-
ланып, білім мен надандықты, жақсылық пен
жамандықты қатар алып, салыстырады:
Істің болар қайыры
Надандықтың белгісі-
Бастасаңыз алдалап.
Еш ақылға жарымас...
Оқымаған жүреді
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011
327
Жөн білмеген адамға
Қараңғыны қармалап.
Қыдыр ата дарымас...
Сондықтан да халық мүддесін ойлау, ол
үшін жан аямай қызмет ету ағартушы шығар-
маларының негізгі өзегі болып табылады. Ол
өзінің «Қырғыз хрестоматиясының» кіріспесін-
де: «...біздің әрқайсымыздың міндетіміз – Ота-
нымыздың пайдасы үшін қолымыздан келгенше
өз үлесімізді қосу»,- деп жазады. Өз пайдасы
үшін халық мүддесіне үлкен зиян келтіріп
жүрген адамдарды аяусыз сынап отырған.
Өзінің 1880 жылы 14 ақпанда В.В.Катарин-
скийге жазған хатында бір уезд бастығының өз
пайдасын ойлап, мектепті өзінің бұрынғы ескі,
тар үйінде ұстап отырғанын айтады. «Осындай
жеке пайдасын ойлаушы адамдардың,- деп
көрсетеді ол,- ұлы қоғамдық іске зиянын тигізіп,
оны жаншып-таптап отырғанын біреуге айтудың
өзі ренішті». Ы.Алтынсарин өз өлеңдерінде де
ондай қасиеттерге соққы беріп отырады. Ол бір
өлеңінде былай дейді:
Азған елдің адамына,
Қашан тоба қылғанымша,
Айтсаң тілді алмағай
Үзіп жұлқып алайын деп,
Кетсе шарлап жылмағай...
Өлшеп берген өмірін,
...Бүгін тоба қылайын,
Зая қылса керек-ті.
Ертең тоба қылайын,
Бұдан ақынның өмірді зая өткізбеудің ама-
лын, адам бақытының неде екендігін шешуге
тырысқаны байқалады. Адам бақыты бұл өмірде
барға қанағат ету екенін де әңгімелерінен бай-
қатады. Тіпті бұл жерде Ы.Алтынсариннің ой-
лары ертеде өмір сүрген грек ойшылдарының
пікірлерімен үйлесіп жатқанын байқауға да бо-
лады. Мысалы, біздің заманымызға дейін V-IV
ғасырларда өмір сүрген грек философы Демо-
криттің «кімде-кім аз дүниеге қанағат тұтып,
шын көңілімен ішкі сезімін байсалды ұстаса – ол
бақытты; ал кімде-кім көп дүниеге қанағат
тұтпай, көңілсіз жүрсе – ол бақытсыз» және де
«егер сен көпті керек етпей, азға қанағат тұтсаң,
онда аздың өзі саған көптей көрінеді» т.б.
тұжырымдарын оқып отырып, Ы.Алтынсарин
сол ойларды ары қарай жалғастырғандай әсер
аласыз. Дәлірек айтқанда, Ы.Алтынсарин өзінің
«Қанағат» деп аталатын әңгімесінде: «...қанша
малы көп болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа
жеттім деп тоймайды, қанша малы аз да болса,
барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі
жайлы, тынышырақ болады; соның үшін байлық
қанағатта»,- деп көрсетеді. Осы ойын Ы.Алтын-
сарин өзінің жақын достарына жазған хаттарын-
да да қуаттайды. 1885 жылы 25 қазанда мұғалім
Мазохинға жазған хатында: «Менің ақылыммен
емес, араб философының ақылын басшылыққа
ала отырып, өмір сүріңіз. Біреу араб фило-
софынан «байлық пен бақыт неде» деп сұра-
ғанда, «қанағатта» деп жауап беріпті»,- деп жа-
зады. Осы айтылғандардың бүгінгі таңда өзек-
тілігі шексіз артып тұрғандай. Қазіргі таңда
адам баласына қажет болып отырған «қанағат»
деген ұғымға ой жүгірту үшін, бәлкім Ы.Ал-
тынсарин шығармаларын қайтадан оқып шы-
ғуды ұсыну керек шығар...
Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері
әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған "Өсиет
өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т.б. өлеңдерін
атауға болады. Мұндай өлеңдері биік адамгер-
шілік тұрғысынан ұрлықты, әділетсіздікті
сынап, ескілікті салттардың зияндығын көр-
сетіп, адал еңбектің, адамгершілік мінез- құлық-
тың артықшылықтарын бейнелейді.
Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие
беруде, олардың дүниетанушылық көзқарасын
кеңейтуде «Қазақ хрестоматиясы» тек сол кезең
үшін ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор
туынды. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде
еңбексүйгіштік, оқуға, өнерге ұмтылу, елін-же-
рін қадірлеу, талаптылық, қайрат пен ерік-жігер-
лілік, ізденімпаздық, кішіпейілдік, махаббат,
қайырымдылық, жалпылай айтқанда, адамгер-
шілік ұғымына тән тағы басқа жақсы мінез-құ-
лыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қатми-
ды. Мысалы: Хрестоматияға енгізілген өлең,
әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімде-
ріне лайықталып, педагогика ғылымының талап
ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына,
сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік
тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі,
саналы түрде таңдап алғандығын көреміз. Ке-
зіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин
екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды:
біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту - жалпы
халықты ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың
ой - санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жо-
лындағы тәрбиелік істері. «Қазақтардың білімге
қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп». Ол
кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр
түрлі қарады. Халықтың Ыбырай тәрізді адал
ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке
жетелеуге, оқу - ағарту ісін өркендетуге жұм-
сады. Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім
алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар
қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-
өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін
керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас
328 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011
соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол бай-
лық білім екендігін айта келіп білімге адамның
қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету
керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы
қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып,
кімнен безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ
жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгер-
шілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлік-
ке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды.
Адам бақытындағы еңбектің өте зор рөлін
Ы.Алтынсарин чехтың XVII ғасырдағы ұлы
философы Ян Коменскийдің сөзімен түсіндіре
келіп: «Кімде-кім өз адал еңбегімен өмір сүріп
отырмыз дей алатын болса, сол адам ғана нағыз
бақытты», - деп көрсетеді. Сол үшін де ол
мұғалімдерден игілікті іс істеуді және жоғары
адамгершілікті талап етіп отырады. «Мұға-
лімдерді,- деп жазады ол, - ешқандай пайдасыз
бос сөздері үшін емес, олардың оқушыларға
көрсеткен үлгілері мен еңбектерінің жемісі ар-
қылы бағалайды».
Ы.Алтынсарин өз өлеңдерінде, әңгімелерін-
де және хаттарында адамның жақсы мінезді,
құлықты, адамгершілігі жоғары болу үшін тәр-
биенің, әсіресе еңбек арқылы тәрбиелеудің
маңызын баса көрсетіп отырады. Мысалы, өзінің
«Бақша ағаштары» деп аталатын әңгімесінде
әкесі баласына қисық өскен ағашты көрсете
жүріп ақыл айтады. Келесі бір жерде ол өзінің
осы ойын толықтыра түсіп, дұрыс тәрбиенің
маңызын баса көрсетеді. «...әрбір іс,- деп жазады
ол, - бастан түзу бола келмесе, түбінде түзелуі
қиын болады...» [1,81]. Ы. Алтынсарин жас-
тарды еңбек сүйгіштікке баулыды, уақытты
босқа өткізуден және жалқаулыққа салынудан
сақтануға шақырды. Адамгершілікке тәрбиелеу
құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі екенін ай-
тады. Адамгершілік - адамның рухани байлығы,
болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін
руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық
тәрбие болып табылады. Міне, осы бағыттағы
еңбектерінің орны бір төбе.
Көркем әдебиеттің күрделі жанры болып
саналатын әңгіме жазуда оның түр мен мазмұн
бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жи-
нақы, тартымды, әсерлі жеткізуідегі шеберлігін
талай зерттеушілер дәлелдеп қойған. Өзінің
озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілі-
нің байлығын шебер пайдалана білді. Оның
шығармаларының бұндай қасиеттері олардың
жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін
көрсетеді. Ол туралы белгілі ғалым Қажым
Жұмалиев: "Ыбырай Алтынсарин қазақ әде-
биетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы
болды. Көркем әңгімелердің композициялық
құрлысынын шебер етіп құруда да оның өзінше
еңбегі бар", - деп жазды [2,62]. Ыбырай жазған
әңгімелер ең алдымен, уақиғалы, қысқа, қы-
зықты, тартымды. Мейлінше түсінікті, балалар-
дың ұғымына жеңіл, тілі жатық және оқу, өнер,
адамгершілікке жетектейтін тәлім-тәрбие бере-
тін қасиеттері жағынан алғанда мазмұнды. Кез
келген жастағы балалар қызыға отырып оқумен
қатар, өздері-ақ ой түйе алады. Оның қоғамдық
өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ
Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық»,
«Лұқпан хакім» т.б. шығармаларын атауға бо-
лады. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің
елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші ха-
лықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді
мақсат етеді. "Бай баласы мен жарлы баласы" -
Ыбырай шығармаларының биік шыңы леп
атауға болады. Бұл әңгімені оқып отырған мек-
теп жасындағы балаға еңбек етудің қажеттілігін
сезінуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыт-
тайды. Автордың Үсеннің іс-әрекетінен адам-
гершілік деп аталатын асыл қасиеттердің жиын-
тығын көрсетуді мақсат еткені анық сезіліп тұр.
Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың
адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай
талдап береді. Бұл әңгімені оқыған бала адам-
дарға жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-
қасiретiне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса бiлу,
оларға көмек көрсету; кешiрiмдi болу, ренiшке,
өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық
ойлап, кек алудан аулақ болу; рақымды, мейi-
рiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе
бiлу; көмек күткен адамға көмек беруге әзiр
тұру сияқты қаситеттерді бойына жинары анық.
Ыбырай Алтынсаринның тағы бір мағыналы
да мазмұнды шығармасы - "Қыпшақ Сейітқұл"
әңгімесі. Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге
жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады.
Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің
тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық
қазу,т.б), сөйтіп, оның айналасындағылардың
орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің,
еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Өзiнiң
қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақ-
тап, өзiне-өзi сенiмдi болу; адал болу; жауап-
кершiлiк таныту, ақиқатты көздеу, жалғандық
пен алдап-арбаудан аулақ болуға үндейді. Әңгі-
менің тәрбиелік жағы - осындай жаңашылдық
бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстар-
мен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты
көзделген. Әрі бұл әңгіме өмірде болған тарихи
оқиғаның негізінде жазылғандығын автордың
өзі де атап көрсетеді.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №4(134).2011
329
Ыбырай Алтынсариннің өз халқын оқу-бі-
лімге, өнерге шақыруы, надандыққа, зұлымдық-
қа қарсы шығуы, сол кездегі әлеуметтік өмірдегі
теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көр-
сетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеуі оның шығармашылығының халық-
тық жағы болып саналса, сонымен бірге қазақ-
тың қазіргі проза жанрының және балалар әде-
биетінің ең алғашқы негізін салушылардың бірі
болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Ал-
тынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды
түрде орын алып отыр. Жазушының адамгер-
шілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен
байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла сурет-
теліп отырады. Оның шығармаларынан жазушы-
ның биік адамгершілік қасиетін, азаматтық ұлы
тұлғасын көруге болады.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзі-
нің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті"
деген ғылыми–зерттеу еңбегінде педагог-жазу-
шыға: «ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып,
орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқы-
мысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтеріл-
ген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай
Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін
істеген еңбегі зор",- деп баға береді [2,71].
_____________
1. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.
- Алматы, 1943ж. – 266б., 81б.
2. Қажым Жұмалиев. «ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ
әдебиеті». – Алматы, 1967ж. – 62б., 71б.
К. Насихатқызы
ҚАЗАҚ КЕЛІНДЕРІНІҢ АТ ТЕРГЕУІ
Қазақ келіндерінің айтулы жосыны ат тер-
геу. Халқымыздың ғұрып әдеті бойныша келін
күйеуінің туыстарының атын ешқашан ата-
майды. Оларға өз қалауымен ерекшеліктеріне
қарай жанама ат қойады. Ат тергеуде келінің
көрегендігі, тапқырлығы мен ой ұшқырлығының
тәрбиелігінің алатын орны менмұндалап тұрады
әрине мұндағы тергеу сөздер ұнасымды, жа-
ғымды, үйлесімді болуы қажет. Мұның өзі
ұлттық әдет ғұрпымызда басқалармен қарым
қатынас жасағанда силастықтың, тәрбиеліктің
айырқша үлгісі.
Жас келін өз ауылындағы абысын-ажындары
арасында ауылдың ақсақалдарымен әжелеріне
айрандай ұйып, тату тәтті, ынтымақты берекелі
болып өнеге таратуы керек. Қазақта «ағайын
тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп»
дегеннің тәрбиелік маңызыаса зор. Келіннің
қолданатын тергеу сөздері туысқаншылық, сый-
ластық жолына және жас ерекшеліктеріне, ер-
әйел парқына қарай айтылыуы ұқсамайды.
Жасы үлкен немесе жасы кіші ер адамдарға ай-
тылатын рулас, аталас ағайындарға айтылатын.
Аналарға, қыздарға айтылатын тергеу сөздерде
бір-бірінен парықты болады.
Жасы үлкен ер адамдарды құрметтеу ретін-
де айтылатын тергеу сөздердіңде өзіндік ерек-
шеліктері болады ол негізінен келіннің салыт-
дәстүрді ұстана білу өнеріне және туыстық
қарым-қатынас байланысының алыс жақын-
дығы мен тікелей байланысты. Қарым-қатынас
барысында келін болып түскен босағадағы
қайын Ата, қайын Ене, қайын ағалар, қайындар,
қайын сіңілілерінің атын атау үлкен әдепсіздік
және ежелден қалыптасқан салыт дәстүрді құр-
меттемегендік болып болып саналған, сондық-
тан қазақ келіндерінің тергейтін, баламалап
қойатын аттарының тілдік қорыда барынша мол
болған. Мысалы: үлкен аталарын «бій ата,
жақсы ата» десе, әжелеін «әз апа, әже» деген.
Ал атасын «Ата» десе, оның Ағасын, інілерін «
үлкен Ата, кіші Ата, ортаншы Ата» деген, қайын
ағалырын «үлкен аға, кіші аға, ортаншы аға,
көке, ағаекем» қатарлы құрметты аттармен
атаған. Осылай әрқайсыларының жолына, жасы-
на, жеке басының ерекшеліктеріне қарай атаған,
қайын інілері болса оларды «кенжем, тентегім,
еркем» деп атаса, олардың ерекшеліктеріне
қарай «сал жігіт, молла жігіт, мырза жігіт,
сүлтан жігіт» деп тергеген. Ал қайын сіңілілерін
«сұлуым, шырайлым, әппағым, күнішым» деп
силаған.
Біз мұнан қазақ әйелдерінің қоғамдық ор-
тадағы, туыстық қарым қатынас барысындағы
орнын маңызын танып жетемыз. Қазақ келіндері
бір руға жататын, не бір атаның ұрпақтарынан
құралатын ауылдың қарттаының, рулас ағайын-
дарының есімдерін атауға болмайды. Халық
дәстүрі бойынша келіндер, ауылдағы қарыт
кісілермен қайын ағаларының атын атамау үшін
сол адамның атына жуық, басқа баламаларды
тауып қойған. Мысалы: қасқырбайды-бөрі Ата,
330 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4(134). 2011
қазыбайды-топ Ата деп атайды. Жалпы алғанда
рулас, аталас ағайындарда айтылатын тергеу
сөздердің тәрбиелік қуаты аса зор.
Келіндердің жасы үлкен ер адамдараға тіл
қату барысында қолданылатын тапқырлыққа
толы сөздеріде өте көп, атын атамайтын адам-
дардың аттары Сарыбай, сұлушаш, бүркітбай,
биеке болса, мұндайда келіндер сары дегенді
шикіл дейді, сұлуды-әдемі, бүркітті-қыран құс,
биені-сауар деп өзгертіп айтады. Кейде аттарын
атмайтын бөтен адамдардың атында өзгертіп
айтады, мысалы: мәмбетті-сәмбет, әліні-сәлі,
ақыметті-сақымет деп келіндер түскен ауылын,
шаырағын силауы текғана кісі есімдерін атаумен
ғана шектелмей, жердің, көлдің аттарында
атамау арқылы келіндерге жалпы Елмен жер аты
егіз ұғымды, қастерлеп, құрметтейтінінде атап
көрсетеді. Жоғарыда келіндердің қайын ағала-
рына, қайындарына қойған атауларын саралай
келе мынадай жәйтке көз жеткізуге болады. Жас
келіндердің тапқырлық танытып, екінші адам-
наң болмыс бітіміне лайық қойыуына, әр қай-
сыларының өзіндік ерекшелігіне, ажар бітіміне
қарай сөз сараптау үлгілері, өнері, қоғамдық
қызметі тағы басқа қасиеттері арқау болатын-
дығын аңғаруға болады. Жалпы алғанда келін-
нің өзі түскен ауыл-аймақтағы өзінен жасы
үлкендердің аттарын атамай силауы бекер емес,
оның түп негізі отбасын, ауыл-аймағын силау
арқылы дүйім ел-жұртты қастерлеп қасиет тұт-
қандығы болып табылады.
Қазақ келіндерінің тап бермеде тауып айыт-
қан тергеу сөздері, кісні қайран қалтырарлық,
тапқырлық, шешендік сөздері жәйлі бір неше
мысал келтірер болсақ, ертеде бір шаңырақтың
қасқырбай, қамысбай, қайрақбай, қойшыбай,
өзенбай, пышақбай деген ата бабалары бо-
лыпты, соны білетін бір қутікеш қойшы жігіт
сол үйдің жаңа түскен жас келінін сынамақшы
болып, бір күні үйге қарай ентіге жүгіріп жеткен
қойшы жас келінге «өзеннің әрғы жағында,
қамыстың бергі жағында, қойды қасқыр жеп
жатыр пышақты қайраққа қайрап әкелсін де»
депті. Мұны естіген келін атасы мен үйінде-
гілерге «сарқыраманың арғы жағында, сылдыра-
маның бергі жағында маңыраманы ұлыма жеп
жатыр, жаныманы білемеге білеп-білеп ала
жүрсін деді» депті. Бұнда жас келіннің тап
бермеде сөз тапқыш шешендігі аңғарылады.
Жоғарыда келтірілген жарасымды есімдер-
ден үлкендерге деген сый-құрмет, нәзік сыпайы-
лық, ықыласты ілтипәт, кішіге деген ізгілікті
ізет, қалытқысыз жақындық лебінің иісі аңқып
тұрады. Осындай жана таза, жарқын жеңгеге
ауыл адамдарының да, әсіресе қайын іні, қайын
сіңілілерінің де сый-құрметі ерекше болмақ,
оларда жеңгелерін құрметтеп, көбінесе өз аты-
мен атамай ақ жеңеше атандырып кете бере-
тіндеріде болады.
Қазақ әйелдері тіпті жұбайларының атында
тектеп атамай « отағасы, әкесі» немесе тұңғыш
баласының есіміне қосақтап атайды. Өмірдің
ашшы-тұшшысын бірге татып, өмір бойы отас-
қан шалдарын «сіз, біз» деп өткен шешелеріміз
өте ибалы еді. Қазақ әйелдері жұбайының құрбы
құрдастарын тіке атамайды, «құрдас, қылжақ-
бас» сиақты аттармен баламалайды. Жақын
туыстарымен аттас бөгіде адамдардың есімін
атаудан именіп «жақсы аға аттас, жуас аға аттас,
аты теріс кісі» деген тәрізді баламалармен
атаған, жеті атадан бергі ру аттарында тергеп
бламамен атаған, оған жуық келетін сөздердің
бәрін бұрмалап айытқан.
Қазақ келіндерінің жол-жосыны өте көп,
айта берсек жол-жосын, жоралардың барлығыда
келіндердің кейінгі ұрпақтарға болған адам-
гершілік, тәрбиелік қасиеті. Атам заманнан
жалғасып ар ұжданымызға ұйалаған, қанымызға
сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан ұрпаққа
жалғасатын мұра ретінде соңғыға қалдыру
бәріміздің борышымыз, әсіресе семиа тұтқасы –
ұрпаққа тәрбиеші, Анаға бұлжымас борыш.
______________
1. Қазақ халқы және оның салыт-санасы. ШҰАР ха-
лық баспасы.
2. Қазақ мадениетінің айдыны. ШҰАР жастар-өрендер
баспасы.
* * *
В статье рассказывается об обряде расспрашивания о
происхождении у казахских невест.
* * *
About questioning the origin of Kazakh daughter in law.
Достарыңызбен бөлісу: |