Б. Б. Мансұров
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ПАЙҒАМБАР ХАДИСТЕРІНІҢ
ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Халқымыздың ұзақ замандар бойы тырнақ-
тап жиып, шаң жуытпай сақтап, атадан балаға
мұра ретінде қалдырып келе жатқан асыл қазы-
насының бірі – мақал мен мәтел. Мақал мен
мәтел жай сөз емес, ол – сөз атасы, сөз көркі
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қысқа болса
да, нұсқа сөз. Ауызекі тілде болсын, жазу тілін-
де болсын дәл мақал-мәтелдей сөзге сараң, маз-
мұнға бай ешбір шығарма жоқ. Халқымыздың
асқан даналық, таң қаларлықтай шешендік қа-
сиеттерін өз бойына мақал мен мәтел жан-жақ-
ты жинап сақтаған. Сан ғасырлар бойы халық-
пен бірге өмір сүріп келе жатқан осынау қара-
пайым қазына сол халықтың бүкіл болмысын,
өмір жолын паш ететін елдің ескерткіші болу-
мен қастерлі.
Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу-
сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз
әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, солар
арқылы тұрмыс-тіршілігінің әр алуан жақтарын
суреттеген; қоғамдық өмірін, дүниеге көзқара-
сын, таптық күресін, арман-мүддесін, т.б. бей-
нелеп көрсеткен. Осы негізде туған және ауыз
әдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың ма-
қал-мәтелдерін айтамыз [1/78].
Мақал мен мәтел халыққа несімен қымбат?
Әрине, саф алтындай асылдығы, мірдің оғындай
өткірлігі, ықшамдығы, дау тудырмас даналығы,
өнеге үйреткіш тәлімділігі, қиып түсер қылыш-
тай уыттылығы мен тапқырлығы үшін қадірлі.
Мақал-мәтел бір дәуірдің ғана жемісі емес. Олар
халықтың өткенімен тығыз байланыста болады.
Мақал-мәтел ішкі мазмұны, мағынасы жағынан
әрбір дәуірдегі түрлі тарихи оқиғаларды, халық-
тың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тұрмыс-тір-
шілігін бейнелейді. Сондықтан да, мақал-мәтел-
дер ұлттық сипаттағы тақырып, мағына жағы-
нан бай келеді. Қазақ мақал-мәтелдері саны тұр-
ғысынан да, сапалығы тұрғысынан да аса жо-
ғары, өте көркем. Бір сөзбен айтқанда мақалдар
мен мәтелдер – ескірмейтін тарихи тағылым.
Мәдени, әдеби, имандылық, тәрбиелік маңызы
зор, өміршең поэтикалық жанр.
Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып,
өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешіргенде-
рін, алған тәжірибелерін мақалдар арқылы ай-
тып отырған. Бұл жағынан алғанда, көптеген ма-
қалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет
атқарады. Қай мақалды алсақ та, оның мазмұ-
нында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер
жатады, мақал соларға берілген даналық қоры-
тынды, тұжырымды түйін болып отырады.
Қазақ халқы өзіндік ділі, құндылықтары
терең, рухани мұрасы бай халық. Тарихқа үңілер
болсақ, Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырда
ене бастады. Яғни Орта Азияға Ислам өрке-
ниетімен бірге мәдениеті де кең тарала бастады.
Соның нәтижесінде қазақ халқының мәдениетін,
Вестник КазНУ. Серия филологическая, № 4(134). 2011 53
салт-санасы мен ғұрпын Ислам дәстүрлерінсіз
елестете алмаймыз. Ислам біздің рухани да-
муымыздың негізгі ұйытқысы болып келді. Бұ-
ған кешегі өткен ғұлама бабалар мұрасын айтуға
болады. Сонымен қатар Ислам біз үшін тек дін
ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі де-
сек те болғандай. Себебі, қазақ даласынан шық-
қан даналардың қай-қайсысын алсаңыз да олар-
дың Пайғамбар хадистері мен сүннеттеріне көп
көңіл бөліп, аса құрметпен қарағаны байқалады.
Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақ халқының
рухани өмірінде араб тілі мен Ислам мәдениеті-
нің үлкен ізі бар деуге болады. Оның ең бірінші
белгісі – тіліміздегі араб сөздері. Бір тілден екін-
ші тілге сөздің жалаң кіріп, сіңісіп кетуі оңай
құбылыс емес. Алғашында өз жерінде қолда-
нысқа түскен діни сөздер Араб жарты аралынан
өз өрісін кеңейте келе, түркі тілдеріне де ауыса
бастады. Яғни, тіліміздегі арабша сөздердің
қолданысы мұсылманшылықты қабылдауынан
бастау алады. Бұлай дейтініміз діни сөздерді,
әсіресе ислами терминдерді кім діннен толық
хабардар болса, сол кеңірек әрі көбірек қол-
данады.
Жалпы алғанда, араб элементтері, яғни кірме
сөздер тек тілде ғана емес, қазақ халқының
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, ғылымы мен
мәдениет саласынан да өзіндік орнын алды.
Мысалы, жаңа туған сәбиге азан шақырып ат
қою рәсімі, «Ассаламуғалейкум» деп бастала-
тын амандасу салты, діни мейрамдар, сонымен
қатар неке қию, жерлеу рәсімдері, қоштасу
салты мен көңіл айту салты т.б. айтуға болады.
Сондай-ақ оның қазақ фольклорына енгенін де
айта кеткен артық болмас. Мәселен, араб елінің
ертегісі «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн» т.б.
шығармалар шығыс сюжетіне құрылғанымен қа-
зақ әдебиетіне сіңісті болып, қазақ фольклоры-
ның дәстүрлерімен ұштасып, төл шығарма іс-
петтес болып кеткен [2/26]. Мұнымен қоса қазақ
мақал-мәтелдерінде кездесетін араб мақалдары
да (әмсал) қазақ халқының өмірінде, тұрмыс-
тіршілігінде, ұлттық мәдени сипаты мен ой-са-
насында кеңінен қамтылған [3/34]. Осы атал-
мыш жайттар себебінен Пайғамбар хадистерінен
туындаған қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер де
жеткілікті. Әрине, мұндай хадистер аударма не-
месе мағыналық вариант арқылы ауысым жа-
сайды.
Араб халқы да тілге шебер халықтың бірі.
Араб жазу әдебиетінің ең ірі құндылығы – Құ-
ран. Ал Құраннан кейінгі даналық иірімдер –
Пайғамбар хадистері. Хадис – Пайғамбар Мұ-
хаммедтің (с.а.у.) айтқан сөздері мен дін тұр-
ғысындағы насихаттарын және соған сай іске
асырған амал-әрекеттерін қамтиды. Хадис те
өзінің құрылым жүйесі, терең мағыналылығы,
бейнелілігі және т.б. жағынан өзіндік ерекше-
ліктерге ие.
Бүгінгі таңда хадистер шығыс елдерінде,
яғни араб жарты аралында, қала берді мұсылман
әлем жұртында ғылыми түрде зерттелгенімен,
тәуелсіз еліміз қазақ даласында ғылыми түрде
әлі толықтай тұжырым жасалған жоқ. Шын
мәнінде ғибраты мол бейнелі сөздерді зерделей
қарасақ, олардың ішінде мақал мен мәтелге тән
қасиетке ие Пайғамбар хадистерін көруге бо-
лады. Өйткені мақал-мәтелдер көбінесе адамды
инабаттылыққа, жақсы мінез-құлыққа, бауыр-
малдыққа т.б. игі қасиеттерге тәрбиелейтін бол-
са, Пайғамбар хадистері де білімге, инабатты-
лыққа, ар-ожданға, әділеттікке, сабырлылыққа
т.б. көркем сипаттарға баулиды. Сонымен қатар
мақал-мәтелдер мен араб тіліндегі хадистердің
құрылымы, ішкі мазмұны мен мағыналары бір-
біріне жақын келеді. Міне, осы тұрғыдан ал-
ғанда қазақ мақал-мәтелдері мен Пайғамбар ха-
дистерінің ұқсастықтарын аңғаруға болады.
Сондықтан тіліміздегі мақал-мәтелдер мен ха-
дистердің көтерер жүгі салмақты. Өйткені, ма-
қал-мәтелдер мен хадистер халық өмірінің әлеу-
меттік аспектілері, дүниетанымы, тұрмыс-тір-
шілігі, салт-дәстүрі, мәдени нормалары мен құ-
қығы, ырым-жырымдары мен діни көзқарастары
және айналасын қоршаған табиғатқа деген қа-
тынас аңғарылады.
Мысалы, ислам дінінде сәлемдесу әдепті-
ліктің ең үлкені деп үйретіледі. Сәлемдесу Ал-
лаһ тағаланың пенделерге үйреткен есендік сөзі.
«مكيلع مالسلا», «Әссәләму алейкум» сөзінің
мағынасы «Сіздерге Аллаһ тағаланың бейбіт-
шілігі болсын (Аллаһ сіздерді әр түрлі бәледен
сақтасын)» деген сөз [4/94]. Бір кісі Пайғамбарға
келіп: «Исламның ең жақсы сипаттары қайсы?»
- деп сұрағанда, ардақты Елші: « و ماعطلا معطت
فرعت مل نم و تفرع نم ىلع مالسلا أرقت»,
«Аштарға тамақ беру, танитын һәм таны-
майтындарға сәлем беру» - деп жауап берген
екен. Тағы бір хадисте: «Сіздер сүйсінетін, оны
істеген кезде қуанатын бір нәрсені айтайын
ба? «!مكنيب مالسلا اوشفا» , өз араларыңда сә-
лемді жайыңдар, яғни сәлемдесіңдер!» деп
уағыздаған [5/343].
Қазақ әдебінде де адами қасиеттердің бірі –
амандасу. Адам баласының рухани тарихында
қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Тыныш-
бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен
тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, арман-
даған қазақ халқында сәлемдесу әдебі ислам
діні негізінде қалыптасқан. Өйткені «сәлем
54
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
беру» мәдениеті қазақ мақалдарында да кезде-
седі: «Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем
береді», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бер-
гені» [6/23]. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі «сә-
лем» сөзі араб тілінен енген сөз екенін және осы
екі тілде де ортақ ұғымда қолданылатынын айта
кеткен жөн. Тағы бір хадисте: « نيملسم نم ام
نأ لبق امﻩل رفغ الا ناحفاصتيف نايقتلي
اقرتفي», «Екі мұсылман кездесіп, қол алысып
амандасатын болса, олардың күнәлары екеуі
айырылысудан бұрын кешіріледі» делінген
[7/729]. Мұны қазақ халқының «екі қолдап
амандасса күнә төгіледі» дейтін даналық сөзі-
нен табуға болады. Яғни қазақ тәрбиесіндегі
«өзінен үлкенге екі қолдап амандасу» және
«көшеде көргенде сәлемдесу» әдеті осы жоға-
рыдағы хадистер негізінде туындаған.
Пайғамбар хадисінде «ناميلا نم ءايحلا», «Ұят
– иман белгісі», «تئش ام عنصاف يحتست مل اذا»,
«Егер ұялмасаң (ұятың болмаса) білгеніңді
істе» - деп ұяттың маңыздылығын білдірген
[8/131]. Мұндағы мақсат ұят – адам баласының
мінез-құлқын өлшейтін ең әдемі нышан. Сон-
дықтан, қазақ халқы «иман жүзді» деп ізгі ілти-
патты, тура сөзді, мейірімді адамды айтады
[9/75]. Ал имансыздық дегенді «ұятсыздық»,
«ождансыздық» деп түсінеді. Дана халқымызда:
«Ұят кімде болса, иман сонда», «Адамның ұяты
бетінде, адамгершілігі ниетінде», «ұят –
иманда» деген мақалдар бар. Қазақ тіліндегі
«иман» сөзі мен ұғымы ислам діні арқылы, яғни
Құран-хадистер аясында келген. Араб тілінде
«ناميا» «иман» сөзі – «сену», «нану», «илану»
деген мағыналарды білдіреді. Жоғарыда келті-
рілген хадистегі және қазақ мақалындағы негізгі
айтылмақшы болған ой – ұят, ар ождан. Осы
тұрғыдан алғанда мазмұндық ұқсастық бар.
Аманат сөзі – өсиет, тапсырма, міндет мағы-
наларын қамтиды. Аманат деп – кісінің сақтауға
берген бағалы заттары. Ислам шариғаты бойын-
ша, аманат қатаң түрде ескертілетін міндеттің
бірі. Пайғамбар хадисінде: « كنمتئا نم ىلا ةنامألادأ
كناخ نم نخت ال و», «Саған сенім білдіргеннің
аманатын тапсыр. Біреу саған қиянат істеген
болса, сен оған қиянат істеме»; «Саған бір нәр-
сені амнат еткенде аманатын (өз күйінде) кері
қайтар» - деп аманатты орындауды бұйырады.
Демек, аманат негізінде сенім жатыр. Қазақ
халқы да аманатты орындауға үлкен мән беріп,
оны орындап болғанша өзіне қарыз санаған. Сол
себепті: «Біреу берсе аманат, оған қылма қия-
нат»; «Біреуден алған аманат, берсең жақсы –
саламат» деген мақал босқа айтылмаса керек
[10/43]. Аманат сөзі араб тілінде де, қазақ тілін-
де де бірдей ұғымды білдіреді.
Адам баласының ең тамаша қасиеттерінің
бірі – жомарттық. Ол адамға қызмет қылып,
жақсылық жасайтын пейілді жанға тән сипат.
Соған байланысты Пайғамбар хадисінде: « ديلا
ىلفسلا ديلا نم ريخ ايلعلا», «Берген қол алған
қолдан жақсы»; «Дорбаңның аузын байлама,
сенің ризығың да байланады»
- деп, жомарт
болуға шақырады. Ал халқымызда: «Сұрағаннан
берген артық», «Жомарт дос көбейтеді, сараң
мал көбейтеді», «Кең болсаң кем болмайсың»,
«Сұрағаннан берген артық» деген мақалдар өз
бастауын Пайғамбар хадистерінен алса керек.
Сонымен қатар, Пайғамбар хадисінде білім-
ге байланысты: «
شقنلأك راغصلا ىف ملعلا
ىلع
راجحلا», «Жас кезіңде алған білім, тасқа басқан
таңбадай» деп берілсе, қазақ мақалында да дәл
осы ісепеттес даналық сөз келтірілген. Мұнымен
қоса қазақ тіліндегі «ілім», «білім», «ғылым» тә-
різді сөздер араб тіліндегі «ملع», «илм» сөзінен
туындаған, сол арқылы енген.
Ислам діні үлкенге құрмет көрсету әдебін де
назардан тыс қалдырмаған. Салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрпы ислам негізінде қалыптасқан қазақ
халқы да бұл мәселеге үлкен мән берген. Мы-
салы, халқымыздың: «Үлкенге құрмет, кішіге
ізет» сөзі ардақты Пайғамбардың: « محري مل نم
انم سيلف انريبك قح فرعي و انريغص», «Кіші-
лерімізге мархамат етпеген (жаны ашымаған),
үлкендерімізге құрмет көрсетпеген бізден емес»
деген қасиетті сөзінен туындағандай [11/215].
Хадисте әрбір мұсылман үлкенге құрмет көр-
сетіп, кішіге ізет көрсетуді уағыздайды. Ал
бойында бұл қасиет табылмаған адам хадисте
«мұсылмандардан емес» деп айтылғандай мұ-
сылмандықтан қалыс қалғаны.
Қанағат – этикалық норманың басты белгісі
және негізі. Қанағатты әдетке айналдырған жан
өмірбақи игілік көреді. Пайғамбар хадисінде:
«Мұсылман болып жеткілікті табысы болған
және осыған қанағат еткен кісі қандай бақыт-
ты» деген. Қанағатшыл болуды бақытқа теңе-
ген. Тағы бір хадисте: « ﻩقزر ناك و ملسأ نم حلفأ دق
ﻩاتا امب ﻩللا ﻩعنق و افافك», «Кім мұсылман-
дықты ұстап, ризығы жеткілікті болып, Аллаһ
тағаланың берген барына қанағат етсе, тозақ
азабынан құтылғаны» - деп айтылған [12/159].
Бұл жөнінен біздің халқымыздың мыңдаған
жылдық өмір тәжірибесінен қорытылған дана-
лық тұжырымдары бар. «Қанағат қарын тойғы-
зады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады»,
«Қанағат қылсаң, қарның тоқ» [13/61] деген
мақалдарда шынайы шындық бар. Сонымен қа-
тар «қанағат» сөзі екі тілде де бірдей мағынада
қолданады.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, № 4(134). 2011 55
Сабыр – әдеп, инабат тұрғысынан қашанда
жоғары бағаланатыны сөзсіз. Өйткені, сабырлы
болу күтпеген жағдай алдында өзін ұстай білу
деген сөз. Пайғамбар хадистерінде сабырлы бо-
луға шақырған өсиеттер көп. Хадисте: « ربصلا
ميالا فصن
نا
», «Сабырлылық – имандылықтың
жартысы»; «ةنجلا حاتفم ربصلا», «Сабырлы-
лық – жәннаттың кілті» деп айтылған [14/84].
Қазақ халқында да: «Біреу жәбір етсе, сен са-
быр ет», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз
қалар ұятқа», «Сабыр түбі сары алтын» деген
мақал-мәтелдер жиі кездеседі [15/70]. Осындай
мақал-мәтелдер Пайғамбар хадистерінің негізін-
де туындағандай. Себебі, «сабыр» сөзі араб ті-
лінде де, қазақ тілінде де бірдей мағынада жұм-
салады.
Қазақ тіліндегі тәубе сөзі араб тіліндегі
«ةبوت» (тәубәтун) сөзінен туындаған. Тілдік ма-
ғынасы: өкіну, жөнге келу. Шарғи мағынасы:
күнә істегеніне өкіну, күнәдан қайту. Бұл
жайында Пайғамбар хадистерінде көптеп ай-
тылған: « نمك بنذلا نم بئاتلا و ﻩللا بيبح بئاتلا
ﻩل بنذ ال», «Тәубе етуші Аллаһ тағаланың ең
жақсы көретін пендесі. Күнә істегеніне тәубе
жасаған пенде, күнәсі жоқ пенде тәрізді». Тағы
бір хадисте: « نم سمشلا علطت نأ لبق بات نم
ﻩيلع ﻩللا بات اﻩبرغم», «Аллаһ тағала күн ба-
тыстан шықпай тұрып, тәубесіне келген пен-
денің тәубесін қабыл етеді» деген [16/93].
Демек, тәубе ең маңызды және дер кезінде
кешіктірмей істелетін әрекет. Тәубеге келуге
қатысты ел ішінде де көптеген тағылымды
әңгімелер сақталған. Бұл жайында халық мақал-
мәтелдері, түрлі нақыл сөздер аз емес. Сондық-
тан қазақ халқында: «Жас күніңде тәубе қылсаң,
қартайғанша көндігерсің. Қартайғанда тәубе қыл-
саң, көндіккенше көмілерсің» деп ақиқатын айтқан.
Тәуекел сөзі араб тілінің «لكوت» (тәуәккул)
сөзінен шыққан. Ол қандай да бір іс істемес
бұрын, көздеген мақсатқа жету үшін орын-
далады. Ислам шариғатында тәуекел етіп жұмыс
бастауға үгіт береді. Бұл жайында Құран-
хадистерде көптеп айтылған. Сол секілді біздің
халқымызда да жиі кездесетін жайттар бар. Мә-
селен, «Нартәуекел – ер ісі», «Тәуекел нар жы-
ғады», «Тәуекелдің кемесі суға батпас» [17/132]
деп айтылады. Яғни қазақ халқы бір істі бас-
тамас бұрын тәуекел етіп, нәтижесін Аллаһ
тағаладан сұраған. Ал бұған байланысты Пай-
ғамбар хадистерінде былай айтылған: « مكنأ ول
قزري امك مكقزرل ﻩلكوت قح ﻩللا ىلع متلكوت
ريطلا», «Егер сендер Аллаһ тағалаға шын көңіл-
мен тәуекел етсеңдер, құстарды ризықтандыр-
ғаны сияқты, сендерді де молынан ризық-
тандырады». Тағы бір хадисте: « ىلع لكوت نم
بعشتلا ﻩافك ﻩللا», «Мән тәуәккәлә ала Аллаһи
кәфәһу әт-тәшаъуб», «Кімде-кім Аллаһқа тәуе-
кел етсе, қалаған нәрсесі жеткілікті болады »
деген [18/4165].
«Көрші ақысы Тәңір ақысы» дейді қазақ
мақалдарында. Мұсылманшылықта да көршіге
ерекше зор маңыз беріп, күнделікті тіршілікте
басшылыққа алынып отырған. Көршілік мінде-
тін Құдай алдындағы парызға балаған. Хадисте:
«
خألا مويلا و ﻩللاب نمؤي ناك نم
ىلا نسحيلف ر
ﻩراج», «Кімде-кім Аллаһ тағалаға және ақырет
күніне иман келтірсе, көршісіне жақсылық істе-
сін»; «عئاج ﻩراج و عبشي يذلا نمؤملا سيل»,
«Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан кісі мумин
емес, яғни бізден емес» деп айтылған. Тағы бір
хадисте: «Үйден бұрын көрші тап, жолға шық-
пай тұрып жолдас тап». Осы хадисті нақылға
айналдырған халқымыз: «Сапарға шықпас бұ-
рын серігіңді сайла, үй салмас бұрын көршіңді
ойла» деген. Яғни ауыл аралас, қой қоралас
жатқан қазақ халқы да, көршіге аса ұқыптылық-
пен, құрметпен қараған. «Көршіңнің ала жібін
аттама», «Көрші ақысы – Тәңір ақысы», «Үй
сатып алма, көрші сатып ал», «Итің жақсы
болса – ырысың, көршің жақсы болса – тыны-
сың» дейтін тамаша мақал-мәтелдер бар. Міне,
осы тәрізді мақал-мәтелдер ұғымы ислам діні
негізінде қалыптасып, Пайғамбар хадистерінен
бастау алғандай.
Әділдік – адамның ең асыл қасиеті, адам-
гершіліктің жарқын бейнесі. «Тура биде туған
жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейтін халық ма-
қалында осы шындық дәл әрі өткір тұжырым-
далған. Халық ұғымында әділдік үшін күрес –
шынайы адамшылық өмір үшін күрес деп есеп-
телді. Мақал-мәтелдерде: «Әділдіктің белгісі
біле тұра бұрмаған, жақсы адамның белгісі
өткен істі қумаған» деп, жақынға тартпай,
дүниеге сатылмай, туралықты айту адамгер-
шілік өзегін құраған. Сондай-ақ, «Әділдік – ана
сүті», «Әділ істің арты игі» деген де мақалдар
бар. Ал бұған байланысты Пайғамбар хадис-
терінде: «Әділеттік – Аллаһтың жердегі тере-
зесі. Әділеттілік адамды сол терезеге (пейішке)
бастап апарады. Әділдіктен алыстаған адам
тозаққа түседі»; тағы да « ﻩللا دنع نيطسقملا نا
و مﻩيلﻩأ و مﻩمكح يف نولدعي نيذلا رون نمربانم ىلع
اولو ام», «Әділдік жасағандар Аллаһтың қаба-
тында нұрдан жасалған мінберлердің үстінде
болады» дейді. Осы тәрізді келтірілген мақал-
мәтелдер мен хадистер адам баласын әділдікке
шақыра отырып, айтпақшы болған ойларын бір-
дей насихаттайды, әділ болуға үгіттейді. Қазақ
халқының осындай парасаттылыққа үндеуі ха-
дистер негізінде туындаған болар.
56
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
Міне, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеуде, адами
құндылықтарды сипаттайтын нақыл сөздері,
осындай ғибраты мол бейнелі өсиеттері Пай-
ғамбар хадистерінде де кеңінен сөз етіледі. Араб
тілінің элементтері, мәдениеті мен діни ғұрып-
тары көптеген халықтар тілінде, мәдениеті мен
рухани өмірінде кеңінен көрініс тапқан. Қазақ
ауыз әдебиетінде араб тілінен ауысқан сөздер
мен діни негізде қалыптасқан қағидалар кез-
десіп жататыны рас. Араб халқы мен қазақ хал-
қының арасында мәдени-әдеби қарым-қаты-
настардың болғаны да тарихтан белгілі. Осы-
лардың нәтижесінде арабтың мәдениеті, ислам
дінінің енуі қазақ даласында кең өріс алды.
Демек, ислам мәдениетінің даналығы қазақ
халқының жүрегіне жол тартуы – екі халықтың
ежелден ниеттес, тілектес болғанын, мәдени қа-
рым-қатынасының тарих тамыры тереңде жат-
қанын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген Пайғам-
бар хадистерін қазақ халқының мақал-мәтел-
дерінде орын алуын, олардың тілдік мағына-
ларына қарай көрініс табуын біршама қарап
шықтық. Әсіресе, келтірілген хадистердің көбі
діни бағыттағы хадистер мен адамгершілік, ина-
баттылықты т.б. сипаттайтын мақал-мәтелдер
төңірегінде қарастырылды. Алайда, Пайғамбар
хадистерінің мағыналық-мазмұндық жағынан
кездесіп жататыны тағы бар. Олар араби сөз-
дердің әсерінен немесе діни насихаттардың
бағытында болмаса да, мағына ұқсастықтары
мен астарлап айтылған, жанама түрінде беріл-
ген, ой-пікірлердің жатқаны байқалады. Мы-
салы, халқымызда: «Басқа бәле тілден» деп
айтылса, хадисте: «ﻩناسل نم مدﺁ نبا اياطخ رثكأ»,
«Адам баласының көп қателесетіні – тілінің
кесірінен» - дейді. Хадисте: «ارم ناك نا و قحلا لق»,
«Шындықты ащы болса да айт» деген болса,
қазақта дәл осы сарында «Шындықты ащы
болса да айт» деген мақал бар. Қазақта: «Ба-
лалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп айтыл-
са, хадисте: «ﻩيف ةكرب ال ﻩيف نايبص ال تيب»,
«Бала болмаған үйде береке жоқ» деп, «баласыз
үй мазар тәрізді» деген ойды білдіріп тұр.
Мысалы, халық «Әркім сүйгенінің құлы» десе,
хадисте: «ﻩبحأ نم عم ءرملا», яғни «Кісі сүйгенімен
бірге» деп, осы іспеттес мағынада айтылған. Сол
сияқты мына нақыл да қазақ мақалы ретінде
кеңінен қолданыс тапқан: «Көп күлген бір жы-
лайды»,ал хадисте: « رانلا لخد كحضي وﻩ و بنذأ نم
يكبي وﻩ و», «Күліп тұрып күнә істеген, жылап
тұрып тозаққа кіреді»; « ناف كحضلا اورثكت ال
بلقلا تيمت كحضلا ةرثك
», «Шектен тыс
күлмеңдер. Себебі, көп күлу жүректі өлтіреді».
Мақалдың бірінде: «Ерлік білекте емес, жүрек-
те» хадисте де: « امنا ةعرصلاب ديدشلا سيل
بضغلا دنع ﻩسفن كلمي يذلا ديدشلا», «Күш –
білек күшімен емес, ақиқат күш ащу кезінде өз
нәпсісін ұстай білгені» делінген. Қазақта:
«Ағайын – ағайынның айнасы», хадисте: « نمؤملا
ﻩيخأ ةﺁرم», «Мұсылман – бауырының айнасы».
Қазақта: «Басың аман болсын десең, тіліңді
тый», хадисте: «!كناسل ظفحا», «Тіліңді сақта,
тый!»; қазақта: «Бөлінгенді бөрі жейді», ха-
дисте: «باذع ةقرفلا ىف و ةمحر ةعامجلا ىف »,
«Жамағатта рақымдылық (берекет) бар, бөлі-
нушілікте азап бар»; қазақта: «Ұят – ізгіліктің
ұясы», хадисте: «ريخب الا يتأي ال ءايحلا», «Ұялу
тек жақсылыққа алып келеді»; қазақта: «Адам-
ның мейірімі екі көзінде», хадисте: «Мейірімдік-
тен қол үзген бүкіл жақсылықтан қол үзген бо-
лады»; қазақта: « Асыққан – шайтанның ісі»,
хадисте: «ناطيشلا نم ةلجعلا...», «Асықпау –
Рахманнан (Аллаһтан), асығу – шайтаннан» де-
ген. Қазақта: «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген
өлмесін», хадисте: « دو لجرلا لصي نأ ربلا ربأ نا
ﻩيبأ», «Жақсылықтың ең абзалы – әкесінің дос-
тарымен қарым-қатынасын үзбегені»; қазақта:
«Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле», ха-
дисте: «Өзгеге өлім тілемеңдер және оны көк-
семеңдер»; қазақта: «Батамен (дұғамен) ел көге-
реді, жаңбырмен жер көгереді», «Алтын алма,
дұға ал, дұға алтын емес пе?» десе, хадисте:
«
لس ءاعدلا
و تاومسلا رون و نيدلا دامع و نمؤملا حا
ضرألا», «Дұға – мүминнің қаруы, діннің тірегі,
аспан мен жердің нұры» деген. Мұнда да «дұға»
сөзі екі тілде де сөздік тұрғыдан да, мағыналық
жағынан да бірдей ұғымда қолданылады. Мұны-
мен қоса дұға жасауда көптеген жақсылықтың
нышаны бар екендігі ақиқат. Пайғамбарымыз-
дың мына хадисі де ауыз әдебиетімізге еніп,
мақал болып кеткен. Хадисте: «Кеңес қылған ел
азбайды» [19/3]. Негізінде кеңес мәселесі Құран
Кәрімде де айтылған. Пайғамбарымыз кеңесті
әкімшілік істерінің өзегіне айналдырып, әскери
болсын, әлеуметтік болсын, барлық істерінде
сахабаларын жинап, кеңес өткізіп отырған. Ха-
дистерінде кеңестің пайдаларын баяндап отыр-
ған. Жоғарыдағы хадис осы мақсатта айтылған.
Қазақ халқы да бұл хадисті өмірінің өзегіне ай-
налдырып, бертін келе мақал ретінде айтылып,
тіпті қасына ұйқасын келтіріп былай деген:
«Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон
тозбас». Халық мақалының енді бірінде: «Еңбек
дос көбейтеді, ғайбат жау көбейтеді» десе,
хадисте Пайғамбарымыз маңайындағы сахаба-
ларынан ғайбаттың не екенін білесіңдер ме? -
деп сұраған екен. Сахабалар Жаратқан Аллаһ
және Пайғамбары біледі деп, Пайғамбардың
өзіне сілтеген кезде: «ﻩركي امب كاخأ كركذ», «Ғай-
бат – өз бауырыңды жек көретіндей еске алу»
Вестник КазНУ. Серия филологическая, № 4(134). 2011 57
және т.б. осы тәрізді мақал-мәтелдер мен хадис-
тердің мағыналық ұқсастықтары мен айтпақшы
ойларының бір бағытта насихаттайтынын көруге
болады. Сондай-ақ бұл мақал-мәтелдердің ха-
дистерден енгенін дәлелдейтін нақты мағлұ-
маттар болмағанымен, ондағы (қазақ мақал-
мәтелдеріндегі) кейбір аударылмай берілген
араб сөздері арқылы айқындауға болады.
Мұнымен қоса хадистердің ойынан туын-
даған мақал-мәтелдер де бар. Мұндағы мақал-
мәтелдерді хадистердегі ойлардан туындаған
деп айтуымыздың себебі – бұл мақал-мәтел-
дерде діни мотивтер қамтылған және шариғат
үкімдерімен үндесетін тұстары да байқалады.
Мысалы, Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Өті-
ріктен сақтан. Себебі өтірік пен иман бір жер-
де болмайды» десе, атам қазақ: «Өтірікшіде
иман жоқ» деп мақалға айналдырған. Хадисте:
«
نم ىلا ةمايقلا موي ﻩللا رظني ال
ارطب ﻩرازا رج
»,
«Тәкаппарлығынан киімінің етегін жерге сүй-
ретіп жүргендерге Аллаһ қиямет күні назарын
салмас», қазақ «Тәкаппарды Тәңір сүймес» деген
мақал айтқан. Пайғамбарымыз әлеуметтік өмір-
ді де назардан тыс қалдырмаған. Осындай ба-
ғыттарға қатысты хадистерінің бірінде: «Аллаһ
тағала үмбетімнен қате, жаңылыс және мәж-
бүрлікпен жасағандардың жазасын кешірген»
[20/2035] - деп, үш мәселеде жаза берілмейтінін
баяндаған. Осы хадистің пікіріне сүйенген хал-
қымыз: «Жаңылысқанға жаза жоқ» деп, келер
ұрпаққа мақал қалдырған. Ардақты Елші тағы
бір хадисінде былай дейді: « ،ماعط ىلا مكدحأ يعد اذا
بجيلف», «Егер біреулеріңіз тамаққа (қонаққа)
шақырылса барсын» [21/97-98]. « تأي مل نمف ...
ﻩلوسر و ﻩللا ىصع دقف ،ةوعدلا», «... Шақырылған
жерге бармаған адам Аллаһқа және Оның
Расуліне қарсы келген болады» [22/1]. Ал қазақ
халқында «Шақырған жерден қалма, шақырма-
ған жерге барма» деген мақал бар. Ал енді
жолдастық қарым-қатынасқа байланысты хадис-
тің бірінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Жақ-
сы мен жаман жолдас әтірші мен от жағу-
шыға ұқсайды. Әтіршінің қасында болсаң жақ-
сы иісті иіскейсің немесе жақсы иіс үстіңе жұ-
ғады, от жағушының жанына барсаң не көй-
легің жанады, я болмаса жаман иісті жұтып
қайтасың» [23/3,146]. Қазақ халқы бұл хадисті
мақалдатып, қысқа да нұсқа түрінде: «Жақсы-
мен жолдас болсаң нәсібі жұғар, жаманмен
жолдас болсаң кесірі жұғар» деген.
Мұсылманның ең маңызды қасиеттерінің
бірі – сөзінде тұру, алған қарызын уақытында
өтеу. Бұл жайында Пайғамбарымыз: «Сіздердің
ең қайырлыларыңыз қарызын төлеген адам»
[24/73] – деп, хадисінде баяндаса, мұсылман
қазақ халқымыз мұны өмірлік қағидаға айнал-
дырып: «Қарыз, қарызды беру – парыз» деген.
Ислам діні қоғамның мүшесі болып сана-
латын отбасының да бақытын ұмытқан емес.
Құран-хадистерде ата-ана ақысы, бала тәрбиесі,
отбасы мүшелері арасындағы туысқандық қа-
рым-қатынас, өзара сыйластық т.б. мәселелердің
бәрі жан-жақты қарастырылған. Соның бір
айғағы, отбасының негізгі мүшесі – ата-аналарға
қатысты айтылған насихаттар. Хадисте: «Кімде-
кім ғұмыр жасы ұзақ, ризығының мол және бе-
рекетті болуын қаласа ата-анасына жақсылық
жасасын, туған-туыстарының да қамын ой-
ласын» [25/156]. «Белі бүгілген қарттарың бол-
мағанда бәле-бәтерлер бастарыңа селдей ағып
келер еді» [26/227]. Осы хадистердің тағылымын
көкіректеріне құя білген халқымыз: «Қариясы
бар үйдің қазынасы бар» деп ой түйіндеген.
Пайғамбарымыз жеке тұлғаның қадір-қасиеттері
жайлы да сөз өрбіткен. Хадисте: « رظني ال ﻩللا نا
ىلا رظني نكل و ، مكروص ىلا ال و ، مكماسجأ ىلا
مكبولق», «Аллаһ сендердің түр-тұлғаларың мен
бет-әлпеттеріңе қарамайды, жүректеріңе қа-
райды» [27/9]. Осы хадиске байланысты қазақ
мақалында: «Тәні сұлу – сұлу емес, жаны сұлу –
сұлу».
Тағы бір хадисте: «... Аллаһтың әмір еткен-
дерін орындап, тыйым салғандарынан сақтан-
саң, Аллаһ та сені сақтайды. Аллаһтың заң-
дарына бағынсаң, Аллаһ әрдайым жаныңда бо-
лады» [28/59]. Бұл хадис те қазақ халқының
арасында кеңінен қолданылып: «Сақтансаң сақ-
таймын деген», «сақтанғанды Құдай да сақ-
тайды» деп өмірлік қағидаға айналған.
«Жүзі жақсыдан жақсылық күтіңдер» [29/
136] дейді Пайғамбарымыз. Мұндай адамды
«жылы жүзді» деп суреттеген халқымыз: «Түсі
игіден түңілме» деген мақал айтқан хадиске
сәйкестендіріп. Ал қонақ жайлы айтқан хадис-
терде де біршама ұқсастықтардың бар екенін
аңғаруға болады. Хадисте: « مايأ ةثالث ةفايضلا
...», «Қонақ – үш күн» [30/31]. Мақалда: «Үш
күнге дейін қонақ құт». Келесі хадисте: «Жақ-
сылық қонақ келген үйге пышақтың түйенің
өркешіне жетуінен бұрын жетеді»
[31/443].
Осы хадистің аясында халқымызда мынадай
мақал айтылған: «Қонақ несібесімен келеді»,
«Қонақпен еріп құт келеді». Пайғамбарымыз
тағы бір хадисінде: «ةعامجلا ىلع ﻩللا دي», «Ал-
лаһтың қолы (жәрдемі) жамағатпен (көпшілік-
пен) бірге» деген [32/412]. Осындай діни өсиетке
ден қойған халқымыз: «Көп қайда болса, Құдай
сонда» деп ауызбірлікке шақырған. Ардақты
Елші өз хадисінде: «Жолаушылық – азаптың бір
бөлшегі» дейді [33/19, 179]. Қазақ халқы да
58
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
жолаушылықты азапқа теңеп: «Жол азабы – көр
азабы» деп айтқан.
Міне, көріп отырғанымыздай жоғарыда кел-
тірілген мақал-мәтелдердің мәндері Пайғамбар
хадистерінің ойларымен үндесіп, әрқайсысынан
хадиспен ұқсас ойлар ұшқындайды. Сондықтан,
бұл мақал-мәтелдерді хадистердің өзегінен та-
мыр тартқан деп айта аламыз.
Сонымен қатар тағы да бір айта кететін мә-
селе дін жайындағы мақал-мәтелдер кешегі ке-
ңес дәуіріндегі саяси идеологияға байланысты
жинаққа енгізілмей келген болса, қазіргі кезде
біршама енгізіліп келеді. Соның нәтижесінде
соңғы жарық көрген қазақ халқының мақалдары
мен мәтелдерінің толық жинағында Аллаһ таға-
лаға, дінге қатысты Құран-хадистерде кезде-
сетін нақыл сөздердің біразы берілген. Мысалы,
«Аллаға жағам десең азанды бол, ағайынға
жағам десең қазанды бол», «Бей намаздан – кей
намаз жаман», «Көп қайда болса – Құдай
сонда» т.б.
Дегенмен, араб тілінің сөйлем құрылысының
нәтижесінде дәлме-дәл келетін кейбір қазақ
мақал-мәтелдері де бар. Мысалы, Пайғамбар
хадисінде: «Әр дерттің дауасы бар. Дерттің
дауасы табылып қолданылғанда Аллаһ тағала-
ның рұқсатымен (көмегімен) ауру адам жазы-
лады» деп айтылса, халқымыз осы хадистің бі-
рінші сөйлемін қысқа әрі нұсқа түрде «Әр дерт-
тің дауасы бар» деп мақалдатып айтқан. Қазақ-
тың: «Әрекет, әрекет түбі – берекет» деген
мақалындағы «әрекет», «берекет» сөздері араб
тілінен енген. Мұндағы «әрекет» сөзі бастауыш-
тың қызметін атқарса, «берекет» сөзі баян-
дауыштың қызметін атқарып, жалаң жай сөйлем
ретінде келген. Бұл хадисте де «әл-харакату бә-
рәкату» қазақ тіліндегідей синтаксистік жүйе-
мен келіп, мағынасы жағынан да сәйкес жұм-
салған.
Біз жоғарыда келтірген Пайғамбар хадистері
мен қазақ мақал-мәтелдерінің ортақ ұғымда жиі
кездесуін, хадистердің халықтық нақыл ретінде
өмір сүруін, біршама зерделеп шықтық. Құдай
қаласа бұл тақырып келешекте әлі де болса, өз
зерттеуін жалғастырады деген ойдамыз.
________________
1. Б.Әбілқасымов «ХІХ ғасырдың екінші жартысын-
дағы қазақ әдеби тілі». Алматы-1982 ж. 26 б.
2. А.Донбаева «Араб және қазақ мақал-мәтелдерінің
лексика-семантикалық
ерекшеліктері»
канд.диссерт.
Алматы-2003 ж.
3. С.Сейтбеков, С.Нысанбаев «Ислам әдебі» Шымкент-
2003 ж. 94 б.
4. Р.Мухаммад Ридуан «Риядус-салихин» һижри 671 ж.
343 б.
5. «Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері». Ал-
маты-2001 ж. 23 б.
6. С.Учан «Риядус-салихин» ІІ т. Станбул-1993 ж. 728-
729 б.
7. Мухаммед Е.Е. «Кензул ирфан 1001 хадис»
Станбул-1989 ж. 131 б.
8. Ж.Базарбаев, Ж.Нұсқабаев, Қ.Дәулетова, Ұ.Әбілдә-
ұлы «Инабат». Алматы «Рауан» 1995 ж.75-76-188 б.
9. Ө.Тұрманжанов «Қазақ мақал-мәтелдері». Алматы
«Ана тілі» 1993 ж. 43 б.
10. Али Өзек «Хадислерле ахлаки давранышлар».
Станбул-1987 ж. 215 б.
11. А.Махат, Ж.Сандыбаев «Сахих хадистер» І т.
Алматы-2003 ж. 159-194 б.
12. Ж.Малайсарин «Қазақ мақал-мәтелдері». Алматы-
2005 ж. 61 б.
13. М.әл-Ғазали «Ихяу улумуд-дин». Жамиату әл-
Әзһар-1996 ж. ІV том 84 б.
14. А.Нысанали «Қазақтың мақал-мәтелдері». Алматы-
2004 ж. 70 б.
15. Ө.Насухи «500 хадиси шериф». Фатих Станбул-
1984 ж. 93 б.
16. Ж.К.Салихұлы «Қазақтың 6000 мақалы мен мә-
телі». Алматы-1995 ж. 114-130-132 б.
17. Мухаммад Фуад Абдул Бақи «Сунән ибн Мәжа» ІІ
т. № 4165-4166 х.
18. Бұхари, Икраһ 3
19. Ибн Мәжа, Талақ, 2035
20. Муслим, Неке, 97-98
21. Әбу Дәуіт, Әтъима, 1
22. Бұхари, Зәбәих, 3; Муслим, Бирр, 146
23. Тирмизи, Буюғ, 73
24. Ахмед ибн Ханбал, әл-Мүснәд, ІІІ т., 156 б.
25. Мүжмауз-зәуәид, Х т., 227 б.
26. Ибн Мәжа, Зүһд, 9
27. Тирмизи, Қиямет, 59
28. М.Жан «Пейгамберимизден евренсел өгүтлер» 136 б.
29. Бұхари, Әдеп, 31
30. Хадис ансиклопедиси, XVII т., 443 б.
31. Хадис ансиклопедиси, V т., 412 б.
32. Бұхари, Умра, 19; Муслим, Имара, 179
* * *
В данной статье изучается влияние и место хадисов
пророка Мухаммеда, встречающихся в пословицах казах-
ского народа.
* * *
In this article the influence and role of the prophets
khadises which found in the proverbs of Kazak people are
investigated.
Достарыңызбен бөлісу: |