Мазмұны
Кіріспе 4
1 Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні 6
1.1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде 8
1.2 Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны 9
1.3 Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары 11
2 Мектептегі тәрбие жүйесі 14
2.1 Мектептің тәрбие жүйесі тұжырымдамасының жобасы 16
2.2 Мектептің тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттері басқару нысаны ретінде 20 Қорытынды 26 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27 Қосымша А 28
Қосымша В 29
Кіріспе
Мемлекет пен қоғам дамыту үшін жастар мен балалардың мінез-құлқын бағынышсыз тұрмысқа дайындау. Қазақстан Республикасы заңының мемлекеттік нұсқауына байланысты білім мен тәрбиені қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауы, Білім туралы Заңға байланысты тәрбиеге мақсат пен міндетті нақты түрде анықтау, тәрбие кеңістігінде жеке тұлғаның өзін билеу мақсатында моделін құру, оның дамуына жағдай жасау, білім беру мекемелерінде педагогикалық ұжым мен жанұяның өзара әрекеті.
Қазіргі таңда тәрбиеге ғылыми негізде жаңа концепциялық қатынас жасап және оны құру үшін стратегиялық бағдарланған, Қазақстан Республикасы халықаралық келісімі мен бейбітшілікті сақтау және ұйымдастыру қабілеті, гуманитарлық-құлықтылық қоғам құруы, әлеуметтік- экономикалық жүктеген міндетін іске асыруға көмектесуі, жоғары дамыған әлемдік дүниетанымдық мәдениеті және шығармашылық ой-өрісі дамыған жеке тұлға құру керек. Тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін: мектепті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруды, өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік ағза ретінде бейнелейді.
Тәрбие жүйесі педагогикалық ақиқаттық жартылай бөлігі болып көрсетіледі және педагогикалық жүйеге қатысты. Тәрбие жүйесінің теориялық модельі, концептуальды (айқындамалы) пайда болуына қатысты жинақылық түсінігі бар. Бірақ тәрбие жүйесі әлеуметтік табиғи объектісі бар белгілі бір мекемедегі мұғалімдер мен оқушылар құрамы болғандықтан психологиялық мінездемесі бар. Сондықтан да тәрбие жүйесі - бұл педагогикалық күрделі жүйе, әрі әлеуметтік психологиялық мінездемені керек етеді [1]. Тәрбие жүйесінің тапсырмасы барлық тәрбиелік қозғалысты біртұтас педагогикалық процесінде интегралдау, нақты әлеуметтік-педагогикалық талапты жүзеге асыру мақсатында қамтамасыз ету және тәрбие тапсырмасы. Тәрбие жүйесінің осылармен басты байланыстағы міндеті: интегралдау (келісілмеген тәрбиелік ықпалға қосылуға әкелу), басқару немесе реттеу (тәрбиелік процессті жөнге салу, оларды басқару), жетілдіру (тәрбие жүйесінің қозғалысын қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі қолайлығын көрсету, біртіндеп дамуын толық жетілдіру) болып табылады. Т әрбие жүйесі белгілермен қатар жалпы басқа да әлеуметтік жүйелерде басқарады. Ол өзіне тән мақсаттылық, тұтастық, құрылымдық, қозғалыстық, ортадағы әрекеттестік және жүйенің өте жоғары және өте төменгі тәртібімен әрекет етеді. Тәрбие жүйесі өткен шақ, осы шақ, келер шаққа ие. Тәрбие жүйесінің өзгеше нышаны педагогикалық жүйенің көрсетілуі сияқты ол да мақсат сапасымен, өзіндік объективтік және субъективтік қызметтерін дамудағы жеке адаммен, жұмыс істеу тәсілінің сапасы – педагогикалық іс-әрекетпен байланысады (қосылады) [2].
Тәрбие жұмысының нақты білім беру мекемесі иерархиялық тәрбие жүйесінде өзіндік орын алады: мемлекеттік тән, жергілікті, аймақтық және белгілі тәрбие жұмысының мекемесі. Оның ерекше белгілері, яғни тәрбие жағдайына нақты әсерін тигізетін: оқушылар бөлімі, дәстүрлі, ортаның ерекшелігі, педагогикалқ ұжымның мүмкіндігі, басшының шығысқа қызығушылығы [3].
Достарыңызбен бөлісу: |