Орта мектеп


Қарым-қатынасты  жақсы  жасаушылар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата28.02.2017
өлшемі0,76 Mb.
#5084
1   2   3

 

Қарым-қатынасты  жақсы  жасаушылар.  Олар  түрлі  коммуникациялық  құралдарды  пайдалана 

отырып,  ой,  пікірлер  мен  хабарларды  қабылдап,  өз  ойларын  бірнеше  тілде  сенімді  және 

шығармашылықпен  жеткізе  алады. 

Олар  өз  жұмыстарының  жоғары  тиімділігіне  қол  жеткізеді 

және басқа адамдармен шын көңілімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.  

 

 



Ұстанымшыл 

Студенттер  тура,  әділ,  дұрыс    әрекет  етеді,  басқа  адамға,  топқа  немесе  қоғамға  құрмет 

көрсетеді, дөрекілік танытпайды,  өз әрекеті және олардың салдарына жауап береді. 

 

Ашық-жарқын мінезділер 

Студенттер өз елінің мәдениеті мен тарихын түсінеді және бағалайды. Олар сондай-ақ басқа 

халықтардың құндылықтары мен дәстүрлерін түсінуге және құрметтеуге дайын. Олар түрлі 

пікірлер  мен  көзқарастарды  іздестіру  және  бағалауға  үйренеді.  Қол  жеткізген  өмірлік 

тәжірибені негізге ала отырып өзінің жеке тұлғасын да өсіруді жүзеге асырады. 

 

Қамқор 

Басқа адамдардың сезімі мен мұқтаждығына сезімталдық көрсетеді. Олар көмек қажет еткендерге қол 

ұшын  беруге  дайындығын  көрсетеді,  айналасындағы  адамдардың  өмірі    мен  қоршаған  ортадағы 

тіршілікті жақсарту процесіне саналы түрде қатысады.

 

 

Шешім қабылдағыш 

Бейтаныс  жағдайда  қалған  студенттер  сенімді  түрде,  ешқандай  үрейге  берілместен,  шешім 

қабылдай отырып, жаңа рөлді сомдауға көшеді. Олар өз сенімін  батыл түрде  қорғай алады.  

 

Жан-жақты дамыған 

Студенттер  өзінің  және  басқа  адамдардың  жақсы  келешегі  үшін  өзінің  физикалық, 

эмоциялық және ақыл-ой жағынан дамуының маңыздылығын түсінеді.   

  

Сараптаушылар 

Студенттер өздерінің дұрыс нәтижелері мен қол жеткізген өмірлік тәжірибесін сараптайды.  

Олар  оқу  көрсеткіштерін  жақсарту  және  одан  ары  қарай  жетілдіруі  үшін  өздерінің 

мүмкіндіктері мен кемшіліктерін бағалауға және түсінуге қабілетті.  



2006 жылғы  «IB Студентінің Келбеті» брошюрасы. 

 

Орта мектептің құрылымы 

 

Орта мектеп 3 бағыт бойынша жұмыс істейді:  

 

MYP (



Орта мектеп бағдарламасы) – 6-10 сын. (ETS & RTS)

 

6-9 



сын. (KTS) 

 



DP (Дипломдық бағдарлама) – 11-12 сын. (ETS) 

 



Қазақстандық бағдарлама – 11 сын. (RTS) 

Әр параллельді немесе басқа да бағытты 3 сынып таныстырады (бір ETS және 2 RTS және 

KTS). 

Әр сыныпта 20-дан аспайтын адам болады, ерекше жағдайға байланысты студент саны 



22-

ге жетуі мүмкін. 



Орта мектептегі  мектеп күні кестесі   

8.00 – 8.30 

Түзету сабақтары (мұғалімнің ұсынуы бойынша) 

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



8:30 – 8:40  



Сынып сағаты, 10 мин 

8:40 – 9:20 

1сабақ 

9:25 – 10:05 



2 сабақ 

10:05 – 10:30  

Таңертеңгі ас, 25 мин 

10:30 – 11:10 

3 сабақ 

11:15 – 11:55 

4 сабақ 

12:00 – 12:40 

5 сабақ 

12:45 – 13:25 

6 сабақ 

13:25 – 14:10 

Түскі ас, 45 мин 

14:10 – 14:55 

7 сабақ 

15:00 – 15:45 

8 сабақ 

15:45 – 16:00 



Түстен кейінгі ас, 15 мин 

16:00-16:55 



Сыныптан тыс әрекет (Сс, Бс, Жм) 

Студенттер  дүйсенбі  және  сәрсенбі  күндері  түстен  кейінгі  астан  кейін  қосымша  сабақтары 

болмайтын болса үйлеріне қайтады.  

 

 



Сабаққа қатысу  

Сабаққа  үнемі  қатысатын  студенттердің  жақсы  нәтижелерге  жетері  сөзсіз.  Оқу  жылын 

аяқтаған  кезде  студент  мүмкіндігіне  қарай  сабақты  жібермеуі  тиіс  және  оқу  жылы  бойы 

студенттің  сабаққа  қатысуы  80%-ды  құрауы  тиіс.  Отбасылық  каникулдарыңыз  бен 

кездесулеріңізді  алдын  ала  жоспарлап  қойыңыздар,  бұл  сіздің  балаңыздың  оқу  кестесіне 

өзгеріс жасамауға мүмкіндік береді.  

 

Студенттер мектепке 8:25-тен кеш қалмай келуі тиіс, бірінші сабақ 8:30-да басталады. Егер 



балаға түзету сабақтарына қатысу ұсынылған болса, онда оқушы мектепке сағ. 8.00-ге келуі 

тиіс,  баланы  сағат  8.00-ден  ерте  алып  келмеулеріңізді  өтініп  сұранамыз,

 

себебі  сол  кезге 



дейін  олардың  жүріс-тұрысын  қадағалай  алмаймыз.  Студенттер  мектепте  15:45-ке  дейін 

болады, осы уақыт аралығында тек арнайы рұқсат қағазы бар студенттер ғана мектептен кете 

алады.  Ата-аналар  студенттерді  16.00-де,  немесе  баланың  клубтар  немесе  секциялардағы 

сабақтары болса 17.00-ден кеш қалдырмай мектептен алып кетуі қажет.  Ата-аналар оқу күні 

аяқталған  соң  студенттерді  үйге  қайтуын  көлікпен  қамтамасыз  етулері  және  балаларды 

көрсетілген уақытта алып қайту жағдайын қарастыруы қажет.  

(

бұл жерде  үйде өтетін сабақтар мен спорттық жарыстар ғана ерекшелікке ие, олар жайлы 



дене тәрбиесі кафедрасы алдын ала хабарлайтын болады).  

 

Мұқияттылық 

 

Сабаққа  ұдайы  кешігу  баланың  және  басқа  да  студенттердің  сабақ  үлгеріміне  теріс  әсерін 



тигізеді,  сабақ  үлгерімін  төмендетеді.  Мұғалімдер  күнделікті  8:30-да  студенттердің  сабаққа 

қатысу  есебін  жүргізеді  және  осы  мақсатқа  арналған  журналға  тізімді  жазады.    Егер 

студенттер  сабаққа  жиі  кешігетін  болса,  онда  бұл  жағдай  тәртіп  бұзушылық  ретінде 


Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

10 


қарастырылып,  Мектептің  тәртіп  саясатына  сәйкес  студент  жазасын  алады.    Кешігу  саны 

үлгерім бойынша мектептің есебінде көрсетілетін болады.  



Егер сіздің күндізгі уақытта баланы үйге әкетуіңіз керек болса, онда бұл жөнінде сынып 

жетекшісін  алдын  ала  хабардар  етіңіз  (студентті  алып  кету  үшін    сыныпқа  сізді  ертіп 



баратын адамсыз өзіңізге жеке баруға болмайды). Студентке мектеп хатшысының берген 

рұқсат  қағазын  күзет  қызметкеріне  көрсету  арқылы  студенттің  мектеп  аумағынан  шығуы  

жүзеге  асырылады.  Студенттерге  әкімшіліктің  рұқсатынсыз  мектеп  аумағынан  шығуына 

тыйым салынады.  



 

Сабаққа қатыспау  

Ата-аналар баласының қандай да бір себеппен сабаққа келмейтіні туралы мектеп хатшысын 

хабардар етуі тиіс. Егер ата-аналар мектепті алдын ала хабардар етпесе, онда мектептің өзі 

үйіңізге  хабарласады.  Ауырғанына  байланысты  сабаққа  қатыспау  себебі  медициналық 

анықтаманың  болуымен  расталуы  керек.  Жиі  сабаққа  қатыспау  және  ұдайы  бағдарлама 

талаптарын  орындамау  студентке  қосымша  тапсырмалар  берілуіне  немесе  студентті  екінші 

жылға  қалдыру  қаупіне  алып  келуі  мүмкін.  Студенттің  сабаққа  қатыспауы  тәбілде  немесе 

сәйкес хаттарда көрсетіледі.   



 

Көлікті қою 

 

Сіз мектепке келген кезде көлігіңізді негізгі  мектептің көлік тұрағына қалдырыңыз, өйткені 

көліктердің тұрағы үшін берілген орын саны шектеулі. Балаларды көліктен түсірген соң көлік 

жүргізушілері  бірден  әл  Фараби  даңғылына  шығуы  тиіс.  Осы  тәртіпті  сақтау  көшедегі 

таңертеңгілік көлік қозғалысына кедергі келтірмейді.  

 

       



Мектепке қабылдау саясаты 

 

Мектепке Қабылдау Саясаты бекітілген  «Студенттерді мектепке қабылдау тәртібі бойынша 



басшылықта»  сипатталған.  Студенттерді  орналастыру  олардың  1-ші  қарашадағы  толық 

жасын ескере отырып жүргізіледі.  



 

Сынып  

 

 

 

Баланың 1-ші  қарашадағы толық жасы: 

 



сын. – 11 жас 

10 


сын. – 15 жас 

сын. – 12 жас 



11 

сын. – 16 жас 

сын. – 13 жас 



12 

сын. – 17 жас 

сын. – 14 жас 



 

 

Мектепке  Қабылдау  Саясаты  мектепке  түскісі  келетін  студенттердің  барлығына  бірдей 



мүмкіндік береді. Мектеп оқу бағдарламасына сәйкес келетін студенттерді қабылдайды.   

Оқуға қабылдау мыналардың негізінде жүргізіледі:  

 

Түсу тестілеуінің нәтижелері, 



 

Келген мектептерінен үлгерім тәбілі мен мінездеме  



 

Студентпен жүргізілетін әңгімелесулер,  



 

Көрсетілген сыныптағы  бос орын (сыныптағы студенттер саны  20-мен шектелген). 



 

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

11 


Оқуға қабылдануға басымдылық жағдайы  

 

Егер бос орын болатын болса және түсу тестілеуінен жақсы өтетін болса, онда басымдылық 

төмендегідердің пайдасына шешіледі  

 



«Нұрсұлтан Назарбаев білім беру Қоры»ҚҚ қызметкерлерінің балалары; 

 



Білім  беру  Қорының  басқа  мектептерінің  студенттері  (бұл  жағдайда    студенттер  тек 

қана ағылшын тілі бойынша тестілеуден өтеді);  

 

«Білім беру Қоры» филиалдары қызметкерлерінің балалары үшін; 



 

Халықаралық  «Мирас» мектебінде оқып жатқан студенттердің іні-қарындастары мен 



әпке-ағалары. 

 

Басымдылықпен қабылдау туралы шешімді мектеп директоры қабылдайды.  



 

Кейбір сыныптарға оқушыларды қабылдау келесі жағдайларға байланысты шектелген:  

 

9-



шы  сынып  бітірген  студенттердің  ішіндегі    орыс  тілінде  жүргізілетін  бағдарлама 

(RTS


)  бойынша  оқығысы  келетін  студенттер  9-шы  сынып  бойынша  мемлекеттік 

емтиханды табысты тапсырулары тиіс  ;  

 

11 



сынып студенттері орыс тілінде жүргізілетін бағдарлама бойынша сыныпқа (RTS) 

тек оқу жылының басында, 5-ші қыркүйектен кеш қалмастан қабылдана алады;  

 

Дипломдық бағдарламаға түсетін IB 11 сынып студенттері тек оқу жылының басында, 



1-

ші қазаннан кеш қалмастан қабылдануы тиіс; 

 

Дипломдық  бағдарламаның  12-ші    сыныбына    студенттер  тек  Дипломдық 



бағдарламаны  табысты  аяқтаған  және  де  мектеп  ұсынған  пәндерге  олардың  оқыған 

пәндері сәйкес келген жағдайда қабылданады.   

 

MYP  


бағдарламасы  бойынша  сабақ  жүргізілген  мектептен  келген  студенттерден  басқалар, 

яғни  9-шы сыныпқа 1-ші қазаннан кейін қабылданған студенттер MYP Сертификатын алуға 

үміткер  бола  алмайды.  MYP  бағдарламасы  бойынша  сабақ  жүргізілген  мектептен  келген 

студенттер бағдарламаны бітіргеннен кейін  MYP Сертификатын алуға үміттене алады.  



 

Түсу тестілеуі 

 

Студенттер оқуға қабылданады: 



 

 



Ағылшын  тілі  және  математика  бойынша  тестілеу  нәтижелері  негізінде    (ағылшын 

тілінде оқу үшін - ETS), 

 

Орыс  тілі/қазақ  тілі,  ағылшын  тілі  және  математика  бойынша  тестілеу  нәтижелері 



негізінде (орыс немесе қазақ тілінде оқу үшін – RTS, KTS) 

 

Оқуға түсу үшін орыс және ағылшын тілінен 60 % жинақтау керек. Математика бойынша кем 



дегенде 50 % жинау керек. Бұлардан төменірек ұпай (35-49%) жинақтаған  студенттер үшін 

қайталап  болатын  әңгімелесулер  қарастырылған.  Бұл  жағдайда  студент  сынақ  мерзімімен 

оқуға қабылданады.  11-ші сыныпта басталатын Дипломдық бағдарламаға қабылдануы үшін 

ағылшын тілі (немесе орыс тілін, егер де ол оның ана тілі болса)  және математикадан  түсу 

тестілеуін  жақсы  тапсыруы,  студент  11-ші  және  12-ші  сыныптарда  оқып  үйренгісі  келетін 

басқа  пәндер  бойынша  да  жеткілікті  білімі  болуы  тиіс.    Тестілеу  нәтижесі  күмәнді  болған 

жағдайда    немесе  басқа  мектепте  оқыған  пәні  бойынша    түсініксіз  тұстары  болатын  болса, 


Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

12 


онда  студент  IB  бағдарламасы  бойынша  оқып  үйренгісі  келетін  пәндер  бойынша  түсу 

тестілеуінен өтуге тиіс болады.   

   

Бейімдеу кезеңі 

 

Танысу  кезеңі  4  аптаға  созылады.  Осы  мерзім  барысында  мұғалімдер  студенттерге  Негізгі 



мектепте бейімделуге көмектеседі.   

 

Сынақ мерзімі 

 

Сынақ мерзімі түсу тестілеуінің нәтижесіне қарай үш аптаға дейін орнықтырылады.  Сынақ 



мерзімі аяқталған соң педагогикалық кеңес сынақ мерзімін   аяқтау немесе тағы да  екі айға 

созу, немесе студентті мектепке қабылдаудан бас тарту  туралы шешімін қабылдайды. Орта 

мектептің  директорының  орынбасары  мектеп  директорымен  бірлесе  отырып  студентті 

мектепке қабылдау туралы ең соңғы шешімін қабылдайды.   

 

5-

сыныптан  6-сыныпқа көшу 

сынып  - PYP  бағдарламасы бойынша соңғы оқу жылы. 6 сынып - МУР-да бірінші жыл оқу 



жылы. Ағылшын тілді сыныпқа (ETS)  қабылдау ағылшын тілі бойынша тестілеу негізінде 

жүзеге асырылады  Бұл сыныпқа қабылдау кезіндегі басымдылыққа шетелдік студенттер ие 

болады.  

 

Орыс/қазақ тілді бағдарламадан ағылшын тілінде оқитын бағдарламаға  ауысу (ETS) 

 

Оқу процесі кезінде студенттердің бағдарламаны ауыстыруға мүмкіндіктері болады. Ауысу 



әрекеті  ауысуға  өтініш  беру,  ағылшын  тілінен  емтиханды  жақсы    тапсыру,  орта  мектеп 

директорымен  ағылшын  тілінде  жүргізілетін  әңгімелесуден  кейін  жүзеге  асырылады.    Ары 

қарай    студент  сынақ  мерзімінде  3  ай  болады,  осы  уақыт  аралығында  ол  қанағаттанарлық 

нәтиже көрсетіп, барлық пәндерді түсінуі бойынша жақсы деңгейді көрсетуі тиіс. 

 

Ағылшын тілінде оқыту  (ETS) 

 

Біздің тілдік саясатымыздың бір бөлігі  студенттер ағылшын тіліндегі бағдарлама бойынша 



оқи отырып, мектепте болған барлық уақытта, яғни күні бойы, оның ішінде мектеп үзілісінде 

де ағылшын тілінде тілдік қарым-қатынас жасайды.  

 

Қазақ тілі (ETS - RTS) 

 

Қазақстан  Республикасында  әрекет  ететін  Заңға  сәйкес  Қазақстанның  барлық  азаматтары 



қазақ тілін оқып үйренулері тиіс. Бұл - міндетті ереже.  

 

Қазақ тілінде оқыту (KTS) 



 

2009 


жылдың  қыркүйегінен  бастап  орта  мектепте  қазақ  тіліндегі  бағдарлама  бойынша 

оқытатын  сыныптар ашылды. Қазақ тілі бағдарламасы бойынша оқыту (KTS) қазақ тілінде 

жүргізіледі.  Бұл  бағдарламаның  мақсаты    -  ауызекі  тілді  дамыту,  жазбаша  тілді  білу  –  б.а. 

сөйлеу, тыңдау, оқу және жазуға басты көңіл бөлінеді.  

 


Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

13 


Сыныптан тыс әрекет 

 

Студенттер сыныптан тыс әрекетпен күнделікті сабақтан соң,  16-00-ден кейін  айналысуына 

болады. Студенттің қалауына қарай келесі үйірмелер мен шаралар ұсынылады:  арт, спорт, 

шыңға өрмелеу, ақпараттық технологиялар, шахмат, би, драма, және  шет тілдері. Ата-аналар 

мен студенттер үйірмелер, клубтар мен спорт секциялары туралы сәйкес ақпараттарды алады, 

сабақтар қыркүйек айының соңынан басталады. 

 

Ассамблеялар 

Мектеп  ассамблеялары  әр  дүйсенбі/жұма  сайын  сынып  сағаты  уақытында  өткізіледі.  8.30-

басталады, ұзақтығы 10 минут. Ерекше жағдайларда ассамблеялар  акт залында өткізіледі.   

 

Мерекелер, шаралар, семинарлар 

 

Мектепте Алғашқы қоңырауға, Соңғы қоңырауға, Наурызға, Жаңа жылға арналған түрлі іс-



шаралар  дәстүрлі  түрде  өткізіледі.  Негізгі    мектептегі  айрықша  мерекелер:  ҚР  Тәуелсіздігі 

Күніне арналған Халықаралық Фестиваль,  Жеке Жоба көрмесі және Дипломдық бағдарлама 

аясында ұйымдастырылатын көрме.  

Биыл  MYP  бағдарламасы  бойынша  ата-аналарға  арналған  түрлі  мерекелер,  шаралар, 

семинарлар өткізу жоспарланып отыр.  

 

Ата-аналарға арналған ақпарат 

 

Ата-аналарға арналған семинарлар 

Мектеп  ата-аналарға  арналған    семинарларды  ұдайы  өткізеді,  мұнда  ата-аналар  мектеп 

бағдарламалары  туралы  ақпараттар  алады.  Семинарда  MYP  бағдарламасының  мазмұны, 

сабақ беру әдісі мен бағалау әдістері талқыланады. Бұл семинарлар ата-аналар үшін танымды 

және  тартымды  болады  деп    сенеміз.  Студенттердің  үлгерімі  туралы  мәселе  бұл 

семинарларда талқыланбайды.   

 

Мұғалімдер мен ата-аналар конференциялары 

 

Жылына  екі  мәрте,  әр  семестрде  Мұғалімдер  мен  Ата-аналардың  қатысуымен 



конференциялар өткізіледі.  Конференцияларда студенттердің үлгерімі туралы мәселені пән 

мұғалімдерімен  де,  сынып  жетекшісімен  де  талқылауға  мүмкіндік  береді  және  

конференцияларға қатысушылардың барынша тығыз байланысты болуына ықпал етеді. 

Конференциялар студенттердің үлгерімі туралы есепті ата-аналардың қолдарына берген соң 

өткізіледі.   

 

Мұғалімдер мен ата-аналар жиналысы  

 

Біз  ата-аналармен,  сондай-ақ  мұғалімдермен  тығыз  ынтымақтастықта  жұмыс  істейміз.  Егер 



баланың оқу үлгеріміне қатысты қандай да бір мәселені шешу қажет болса, ата-ана мектеп 

әкімшілігіне келіп, мұғаліммен кездесу ұйымдастыруы үшін хабарласуына болады. Осындай 

іс-шара түрін алдын ала жоспарлау қажет, кездесуді өткізуге нақты уақыт белгіленуі тиіс, бұл 

уақыт мұғалімге де, ата-анаға да қолайлы уақыт болуы керек. Дұрысы, сабақ кестесін бұзбай, 

жиналыс уақытын сабақ күнінен кейін белгілеу  керек. Екі жаққа да қолайлы болу үшін офис-

менеджер арқылы кездесуді ұйымдастыруға болады. 



Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

14 


 

Электрондық пошта 

 

Ата-аналар  сынып  жетекшісі  немесе    пән  мұғалімдерімен  электрондық  пошта  арқылы 



байланысуына  болады  (мұғалімдердің  электрондық  пошталары  көрсетілген  кесте  осы 

нұсқаулықтың соңында берілген).  

 

Мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығы (PTA) 

 

«Мирас»  мектебінде  мектеп  және  мұғалімдердің  қауымдастығы  табысты  түрде  жұмыс 



істейді. Оның құрамына ата-аналар/қамқоршылар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі кіреді. 

Бұл  қауымдастықтың  мақсаты  –  студенттердің  зияткерлік  сана-сезімін,  жауапкершілік 

сезімін,  басқа  адамдарға  жақсы  қарым-қатынас  жасау,  оқу  бағдарламасын  қолдау, 

академиялық  та,  әлеуметтік  те  білім  сапасын  жақсарту,  мектептің  мұғалімдер  мен  ата-

аналары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту, ата-аналарды мектеп шараларына 

тарту, ата-аналарды Мектептің Мүддесі мен Философиясымен таныстыру, «Қызмет ету және 

Қоғам» бағдарламасы аясында қаржы құралдарын жинау акцияларын өткізу.   

 

Кейбір сұрақтар мен мәселелер туындаған кезде кіммен сөйлесу керек  

 

Біз  қарым-қатынас  жасаудың  барынша  тиімді  тәсілі  болатын  жүйені  әзірледік.  Егер  сіздің 



қандай  да  бір  сұрағыңыз  туындаған  болса,  ең  алдымен  мұғаліммен  сөйлесіп  алыңыз,  тек 

содан кейін ғана осы мәселе бойынша мектеп директорының орынбасарымен сөйлесесіз. Егер 

сізге берілген жауап сізді қанағаттандырмаса, онда Мектеп Директорымен сөйлесе аласыз.  

1.

 



Егер  сіздің  балаңызбен  немесе  оның  оқуына  байланысты  проблемалар  туындаған 

болса,  онда  сынып  жетекшісімен  немесе  пән  мүғалімімен  сөйлесіңіз.  Мектеп 

хатшысымен  телефон  шалып  хабарласып,  мұғаліммен  кездесуді  тағайындау  туралы 

өтініш білдіріңіз.  

2.

 

Егер  баланың  эмоционалдық  немесе  жалпы  көңіл-күйіне  байланысты  проблемалар 



туындаған болса, онда негізгі мектеп психологымен сөйлесе аласыз. Бұл жағдайда да 

мектеп  хатшысымен  телефон  шалып  хабарласып,  психологпен  кездесуді  тағайындау 

туралы өтініш білдіріңіз. 

3.

 



Егер  алдыңғы  екі  пункт  те  проблеманы  шешуге  көмектесе  алмаса,  онда  сіз  орта  

мектеп директорының орынбасарымен сөйлесе аласыз. Мектеп хатшысымен телефон 

шалып хабарласып, кездесу тағайындау туралы өтініш білдіріңіз.  

4.

 



Егер  сіздің  сұрағыңыз  бұрынғыша  шешілмесе  немесе  ол  тек  Мектеп  Директорының 

құзыретінде  болатын  болса,  онда  мектеп  хатшысымен  кездесу  өткізетін  уақытты 

белгілеу туралы сөйлесесіз.  

 

Кофе іше отырып өтетін таңертеңгі әңгімелесулер  

 

  

Негізгі  мектеп  әкімшілігі  барлық  ата-аналар  мен  мұғалімдерді,  егер  олардың  бос 



уақыттары болса,  кофе іше отырып өтетін таңертеңгі әңгімелесулерге шақырады. Осындай 

шараларды өткізу дәстүрге арналған және оның өткізілетін күні – әр аптаның бейсенбі күні. 

Өзіңізді  қызықтыратын  сұрақты  талқылауға,  оқу  процесіне  қатысты  өз  ұсынысыңызды 

білдіруіңізге мүмкіндігіңіз бар. Кофе іше отырып өтетін таңертеңгі әңгімелесулер кезінде сіз 

әкімшілік мүшелерімен жеке жолығуыңызға да, сөйлесуіңізге болады.  

 

Жарияланымдар/ақпараттық басылымдар 



Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 

15 


 

Мектеп  қауымдастықтың  барлық  мүшелерін  түрлі  арналардың  көмегі  арқылы 

ақпараттандырып отырады, атап айтқанда: 

 

 



Newsletter (

ақпараттық бюллетень) 

 

 «



Мирас Таймс» газеті 

 



Студенттердің фотосуреттері берілген жыл кітабы (Year Book) 

 



Ата-аналарға хат 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет