Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата02.03.2017
өлшемі13,56 Mb.
#5112
1   2   3   4   5   6

Серпін - 2050

         Мақсаты айқын Мадина

2014  жылдан  бастап  Қазақстанда  «Серпін-2050»  «Мәңгілік  ел  жастары  -  индустрияға»  мемлекеттік 

бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаның мақсаты – еңбек ресурстарының артықшылығы бар еліміздің 

оңтүстік өңірінің  жастарын, кадрлар жетіспей отырған аймақтарда – шығыс, батыс және солтүстік Қазақстанда 

оқытып, жұмысқа орналастыру. 2015 жылы «Серпін-2050» бағдарламасымен  жобаны іске асыруға қатысатын 

университетіміздің  техникалық,  технологиялық,  ауылшаруашылығы  және  ветеринарлық  мамандықтары 

қамтылды. 2015 жылы университетімізге «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450, ал 2016 жылы 

570 мемлекеттік оқу гранты бөлінген. Дәл осы грант иегерлерінің бірі - Асан Мәдина.

Мәдина - университетіміздің өнерлі, белсенді 1-курс студентерінің бірі. Ол Оңтүстіктің мақталы мекені - 

Жетісай қаласы Мақтаралы ауданынан білім қуып Қостанай қаласындағы Ахаң атындағы қара шаңыраққа 

оқуға  түскен.  Ол  1999  жылы    наурыздың  26-шы  жұлдызында  дүниеге  келген.  Ақпараттық  технологиялар 

факультетінің студенті. Мамандығы «Есептеу техникасы және бағдарламалармен қамтамасыз ету», болашақ 

бағдарламашы. Сондай – ақ, Мадина өз тобындағы талантты студенттердің қатарынан. Ол музыкаға өте жақын. 

Домбыра, гитара, сазсырнай және күйсандықта да (пианино) ойнайды. Музыкаға деген махаббаты 11 жасынан,  

яғни, 6 сынып оқып жүрген кезінен ояна бастаған. Ата-анасынан дарыған бұл өнер оны асқақ армандарына 

жетелейді. Жас таланттың айтуынша оның жанұясындағы ата-анасы, туған ағалары да бірнеше музыкалық 

аспаптарды игерген.«Музыкалық білімім жоқ, бәрін өзім үйрендім, болашақта домбырамен үлкен сахналарда 

өнер көрсетсем деген арманым бар», - дейді Мәдина.

    Сонымен  қатар,  өнерлі  студент  қазір  университет  қабырғасындағы  «Өнер  студиясының»    домбыра 

үйірмесінде өнерін шыңдаса,оқу орнындағы  «Ахмет ұрпақтары» зияткерлік пікірсайыс клубында да өзінің ой 

ұшқырлығы мен белсенділігін танытып жүр. Осылай бос уақытын тиімді пайдалану үшін қызығушылығын одан 

әрі дамыту үшін барлық жағдай жасалғандықтан Мадинаға оқу орны ұнайды екен. Болашақта білікті маман 

иесі болатын студенттің мақсаты айқын.

 Гүлім САҒЫДАТ, 

ГӘФ журналистика мамандығының 2-курс студенті.

 Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш  

А х м е т 

Б а й т ұ р с ы н о в 

атындағы Қостанай 

м е м л е к е т т і к 

университетінде 

ұлағатты  ұстаздар 

күніне  арналған, 

м е р е к е л і к   к е ш 

ө т т і .       К е ш т і 

ұйымдастырғандар 

«Өнер  студиясы» 

ұжымы.  Концерттік 

бағдарлама  уни-

верситет  ректо-

ры  Х.Валиевтің 

ұ с т а з д а р д ы 

құттықтау  сөзімен 

басталды.Құттықтау  сөз  кезегі  университеттің 

Оқу  және  тәрбие  жөніндегі  проректоры  Алмас 

Ахметұлы  Әбсадықов  пен  Ғылым  және  сыртқы 

байланыс жөніндегі проректор Жеңіс Бақытбакұлы 

Жарлығасовқа да берілді.  «Өнер студиясының» та-

лантты жастары жиналған қауымды сыңғыр дауы-

сты әндері, мың бұралған билерімен таңқалдырды.

Бірқатар оқытушылары Қостанай облысы әкімінің, 

қала  әкімінің  сондай-ақ  Қалалық  мәслихатының 

мақтау қағаздарымен, Ректор мадақтамасы және 

алғыс  хаттарымен  марапатталды.  Мерекелік 

концерттік бағдарлама аяқталысымен өнерлі сту-

денттер мен ұстаздар қауымы ортақ фотосуретке 

түсіп, жайдарлы көңіл-күймен тарасты.



«Өнер  студиясының»  меңгерушісі  Әсия 

Әйіпқызы  Берке-

нова:

Әрине,  бағаны 

к ө р е р м е н д е р 

береді.  Ал,  мен 

ұйымдастырушы 

р е т і н д е 

а л ғ а   қ о й ғ а н 

мақсатымызды 

о р ы н д а д ы қ 

д е г е н   о й д а -

мын.  Ұстаздар 

күніне  арналған 

мерекелік  кештің 

тақырыбы  ашыл-

ды.  Балдәурен 

баладан  бастап 

барлық  жандардың  өмірдегі  ұстаздарына  бо-

рышты  екендерін,  әрі  қарай  дамып,  алға  басуы 

оқытушылар еңбегінің арқасы екендігін дәлелдеген 

сияқтымыз.  Ұстаздар  қауымын  мерекелерімен 

шын жүректен құттықтай отырып, ұстаздық бақыт 

тілеймін!  Абай  атамыз  «ақылдыдан  шыққан  сөз 

білімдіге болсын кез» демекші, ұстаздан шыққан 

білімнің  нәрі  талаптылардың  егінінде  егілсін 

деймін.

 Тұмарым БАБАСАНОВА,



  журналистика мамандығының

 2-курс студенті.

24


C

M

Y



K

ҚМУ: азаматтық бірлік және  патриоттық аймақ

А х м е т   Б а й т ұ р с ы н ұ л ы 

атындағы Қостанай мемлекеттік 

университетінің  мәжіліс  за-

лында  өткен  Тілдер  күніне 

арналған шараға елімізге таны-

мал ақын- жазушылар, универ-

ситет  оқытушылары  Ақылбек 

Шаяхмет  және  Нағашыбай 

Мұқатов  шақырылды.  Кезде-

суге  ақпараттық  технология-

лар  факультетінің  ақпараттық 

ж ү йе ле р   м а м а н ды ғ ы н ы ң 

студенттері қатысқан болатын. 

І с  

ш а р а д а 



оқытушыларымызбен  ашық 

тілдесулер болып, ана тіліміздің 

болашағы  туралы  жан-жақты 

сөз қозғалып, қонақтар жастарға 

ана  тілдің  қасиетін  өсиет  етіп 

ғана қоймай, өздерінің басынан 

өткен  қызықты  оқиғаларымен 

бөлісті. Студенттеріміз Жансүгір 

Ерлан,  Таңербергенова  Ме-

руерт,  Түзелов  Бейбарыс, 

Қалгаппар Қуаныш  ақындардың өлеңдерін оқыды. Ақындар студент жастардың қойған сауалдарына жауап 

қайтарды. Кездесуде азаматтық ұстаным және қазақстандық патриотизм туралы да жан-жақты әңгіме болды.

Кеш  Жақсыбай  Ерсұлтанның  орындауында  Секен  Тұрысбековтың  «Көңіл  толқыны»  атты  күйімен 

тәмәмдалды, Кездесудің жоғары деңгейде өтуіне деканның тәрбие жөніндегі  орынбасары Камешова Сәуле 

Серікқызы ұйтқы болды.  

            Қызықты  кездесу

25


C

M

Y



K

 Қазақ даласына себілген білім ұрығы

Ақылбек Шаяхмет,

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ 

профессоры, жазушы

Ұлы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин  туралы 

зерттеулер  де,  ғылыми  еңбектер  де  аз  емес.  

Алайда, ағартушының шығармашылығы мен өмірін 

түгел  зерттеп  болдық  деп  айтуға  ерте.  Кезінде 

Мұхамеджан  Серәлин  Ыбырай  Алтынсаринның 

қазақ  даласына  сепкен  білім  ұрығы  ол  қайтыс 

болғаннан  кейін  лайықты  жалғасын  тауып, 

өңбей  жатыр  деп  қынжылды.  «1914  жылдың  17 

шілдесінде        алтын  басты  Ы.  Алтынсаринның 

қайтыс  болғанына  25  жыл  толды.  Оның  қазақ 

халқына жасаған қызметі орасан зор. Ал оны еске 

алған  қазақтар  болды  ма  екен?  Жоқ!  Шамасы, 

мәдениетті  халықтар  қатарына  қосылу  бізге  әлі 

алыс болуы керек», – деп жазды. 

Мұхтар  Әуезов  Ыбырай  Алтынсарин  тура-

лы  сөз  қозғаған  мақаласында  қазақтың  Абай, 

Шоқан, Ыбырайдай үш алыбына да қазақ дала-

сынан алғашқы шыққан елшілер деген баға беріп, 

халыққа  сіңірген  қызметі  жағынан  Ыбырайдың 

қайраткерлігі аса бағалы екенін тап басып, атап 

көрсетеді.  «Ыбырай  жанағы  екеуінің  де  ісін  өз 

өміріне  түйістіріп,  қоса  білді.  Сүйтіп,  ол  екеуі  де 

істемеген тың тарихтық ұзақ өрісі бар, зор келешегі 

бар істердің үлгісін өз қолынан орнатты», – деп, 

ағартушы мұрасын толық тануға, одан үлгі алуға 

шақырады.

  «Сол  халық  Абайды,  Шоқанды,  Ыбырай-

ды  берді.  Тәтімбет,  Құрманғазы,  Дәулеткерей, 

Қазанғаптар  қаншама?  Қазақта  жүзге  салым 

хан  болды.  Солардың  ешқайсысы  да  осы  қазақ 

оқысыншы, өссінші, іргелі ел болсыншы дегенді өте 

аз ойлапты. Солардың қай-қайсысынан да Ыбы-

рай  Алтынсарин  ілгері  тұр  ғой.  Жалпы,  Ыбырай 

істің адамы. Сол өлкеде Шоқан туды. Сол өлкеде 

Мұхамеджан Серәлин, Бейімбет туды. Спандияр 

мен Бекет те іргелі азаматтар еді», – деген  Ілияс 

Омаровтың сөзі де оның Мұхтар Әуезов ойымен 

сабақтастығын көрсетеді.

Ыбырай Алтынсарин да, оның мектебінен оқып 

шығып,  ісін  жалғастырған  Алаш  ардақтылары 

Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Елдес 

Омарұлы сынды ұлы ұстаздар да «заманың түлкі 

болса, тазы боп шал» дегендей, заман тауқіметіне 

қарсы күресте ағартушылық жолды қалағаны рас. 

Өйткені, қазақ халқының болашағы үшін күрестің 

сара жолы осы болатын.

Ыбырай  Алтынсарин  өзінің  Николай  Иль-

минскийге  жазған  хаттарының  бірінде:  «Мұнда 

халық ағарту ісі жаңа ғана басталып келеді. Жаңа 

салынған үйдің жақсы болуы, оның ірге тасының 

беріктігіне  және  мықтылығына  байланысты  ғой. 

Ал  біздің  ісімізде  де  қазақ  мектептерінің  бүкіл 

болашағы,  көбінесе,  қазіргі  басталған  іске  бай-

ланысты,  сондықтан  мен  ең  жақсы  мұғалімді 

дүниедегінің  бәрінен  де  қымбат  бағалаймын. 

Ізгілердің  ізгісі,  бізді  тастамаңыз,  мүмкіндігі 

болғанша, бізді қабілетті және асыл адамдармен 

қамтамасыз  етіп  түрыңыз...  Халық  мектептері 

үшін  ең  керектісі  мұғалім.  Оларға  ең  жақсы 

педагогикалық оқу құралдары да, ең мейірбанды 

үкімет жарлықтары да, өте мұқият инспекторлық 

бақылау да тең келе алмайды», –  деп жазуы тегін 

емес.


Ыбырайды  орысшыл  еді  деген  пікірге  келетін 

болсақ, ол туралы Торғай облысы мектептерінің 

инспекторы болған А Балғынбаев: «Өзіне келген 

орыс қонақтарды-мұғалімдерді және басқаларды 

ол өзінің кабинетінде және еуропаша жабдықталған 

асханасында  қабылдайтын  еді.  Өздері  болса 

үй  ішінде,  қазақтың  әдеті  бойынша  кілем  төсеп, 

жерде  отырып  тамақ  ішетін.  Үйде  жүргенде  ол 

қазақ киімін-бешпент, шапан, тақия немесе жиегіне 

құндыз ұсталған бөрік киетін», –  деп сипаттаған.

Совет  дәуірі  идеологтары  ұлы  ағартушының 

«Мұсылманшылдық тұтқасын» жазып, шәкірттерге 

Ислам  қағидаларын    ұғындырғысы  келгені  тура-

лы  жұмған    ауыздарын  ашпаған,  кейінірек  қана 

кейбіреулері  оны  кертартпа  пікірі  болған  деп 

бағалаған.

Бауыржан  Омарұлы «Зар заман поэзиясы» атты 

монографиясында 1959 ж. қазақ әдебиетінің негізгі 

проблемаларына  арналған  ғылыми-теориялық 

конференцияда  ғалым  Бек  Сүлейменовтың  ел 

құлағын елең еткізген тың дерек айтқанын жаза-

ды.  Ол:  «Ыбырай  Алтынсариннің  әдеби  ағымға 

көзқарасын «Горе киргиз» деген қолжазбасы толық 

танытады.  Бұл  оның  Түркістан  қазақтарының, 

Түркістан  өлкесі  ақындарының  «зар  заман»  ту-

ралы  шығармаларына  жасаған  қорытындысы 

еді.  Ы.  Алтынсаринның  бұл  берген  бағасын  өте 

орынды деп білемін. Мұнда ол «зар заман» әдеби 

ағымын  патша  үкіметінің  отаршылдық  саясаты, 

жұт қоян жылдары деп аталатын ашаршылық пен 

жалаңаштық кезең туғызды дейді. Бұл жерде Ы. 

Алтынсаринның  «зар  заман»  ағымының  тууына 

патша  үкіметінің  отаршылдық  саясаты  себеп 

болды дегені дұрыс. Ы. Алтынсарин зар заман ту-

ралы жазбаған адам жоқ деп, оларды өз текстінде 

келтіреді», –  дейді. 

«Горе киргиз» яғни «Қазақтар қасіреті» орталық 

мұрағаттың  құжаттар  қорынан  табылып  отыр. 

Ұлы  ағартушы  сол  тұста  вице-губернатор  В. 

Ильинге оның аудармасын қоса жолдайды және 

сол  жырлардың  тууына  себеп  болған  тарихи-

әлеуметтік оқиғаларға талдау жасайды.Бұл талда-

уларда баса көрсетілген, беті ашылған кемшіліктер 

– отаршылардың үстемдігі, олардың қазақ жерін 

тартып алуы, осыдан кейін қазақ даласында қоян 

жұтының болуы, сайлау жүйесіндегі жөнсіздіктер, 

қазақ даласына дендеп кіре бастаған алаяқтық пен 

парақорлық, 1882 ж. уақытша ереженің қарама-

қайшылығы,  қазақ  тұрмысымен  үйлеспеуі.  Ұлы 

ағартушы  парамен  сайланған  болыс  әуелі  мал-

мүлкін шығын қылады да, кейін болыс болып 

26

 Ы.Алтынсаринның туғанына 175 жыл



C

M

Y



K

алғаннан  кейін  соның  орнын  толтыруға  барлық 

күшін салады деп түсіндіреді.  

Осы  орайда  Қазақстанның  халық  ағарту  комис-

сары  болған  Смағұл  Сәдуақасовтың  1926  жылы 

Ташкент қаласында педагогикалық жоғарғы оқу орны 

ашылғанда жасаған баяндамасына назар аударма-

са  болмайды.  Бұл  баяндамасында  С.Сәдуақасов 

қазақ-орыс  мектептерінде  негізінен  православие 

дінін  қабылдаған  қазақ  жастарын  дайындау  белең 

алғанын,  қазақ  балалары  оған  өз  еріктерімен 

бармағанын,  сондықтан  да  қазақтар  өз  арасында 

жеребе тастағанын, немесе кедейлердің балаларын 

осындай  оқуға  жіберу  үшін  сатып  алып  отырғанын 

айтқан.«Орыс империализмі капитализмнің нығайған 

топырағында ғана туған жоқ, жалпы алғанда, ол отар 

халықтардың қан-сөлін сығып алу есебінен өсті және 

дамыды. Сондықтан да орыс отаршылдығы Батыс өз 

отарларына бер-

ген  көзге  қораш 

экономикалық 

« п а й д а н ы ң » 

өзін  бізге  бере 

а л м а д ы . О л 

тұста  патшалық 

Ресейдің  үкіметі 

нені  армандап 

еді?  Оның  арма-

ны, өкінішке орай, 

қ а з а қ   х а л қ ы н 

о р ы с т а н ды р у , 

олардың арасын-

да  православие 

дінін  тарату  бо-

латын.  Жоғары 

м а м а н д а н ғ а н  

о

р

ы



с 

миссионерлерінің  

ірі ұйымдарының 

осы  бағыттағы  

а т қ а р ғ а н 

ж ұ м ы с ы н   к і м 

б і л м е й д і ? 

Миссионерлердің  мұндай  жұмысы  ең  алдымен  ақ 

патшаның  жомарт  қолымен  марапатталып,  ұлт 

есебінде қазақ халқын біржолата жоюға бағытталды. 

Мұндай зұлымдық мақсатты көз алдымызға келтірудің 

өзі  қиын»  деген  сөздерге  айырықша  назар  аудару 

керек.

Орыс миссионерлері орыс тілін қазақ баласының 



көзін  ашу  үшін  емес,  ол  өзінің  ана  тілін  мүлдем 

ұмытуы, мұсылман дінінен бас тартуы үшін үйреткенін 

аңғару қиын емес. Ыбырай Алтынсарин «Горе кир-

гиз», яғни «Қазақ қасіретінде» осы жайды тап басқан, 

зар заман ақындары шығармашылығын талдай оты-

рып,  өз  тілі  мен  дәстүрінен  айырудың  зардаптары 

туралы  ой  қорытқан.  Сондықтан  да  ол  өзі  туралы 

айтылған пікірлерге тосқауыл қойғысы келіп:

«Аласы ағайынның алаңдатты

Көре алмай көп ішінен жамандатты. 

Шоқынды, қрест  тақты, кәпір болды деп

Келгенін ауызына айтып бақты», – деп қамығады. 

Алтынсарин  заман  ау-жайын  дәл  таныған,  та-

мыршыдай дертін де білген, сол қапаста ауа жетпей 

тұншыққан  жандай  өмір  сүрген,  халық  тағдырына 

алаңдаған, келешекті болжай білген қайраткер. Орыс 

тілінде сөйлесе де қазақ үйінде отырғанын ешқашан 

естен шығармаған ұлы тұлғаны кезінде өз заманда-

стары да ұға алмаған. Оны дұрыс түсіну және жете 

түсіндіру бүгінгі ұрпақтың парызы.

Ұлы ағартушының ата-тегіне келсек, белгілі ғалым 

Әнуар  Дербісәлин  «Ыбырай  Алтынсарин»  деп 

аталған еңбегінде: «Ыбырайдың арғы аталары қазақ 

шежіресі бойынша Қыпшақтың Алтыбас деген арысы-

нан тарайды. Балқожаға байланысты сақталған орыс 

тіліндегі деректерде Ұзын қыпшақ руы деген атаулар 

да кездеседі. Бірақ мұның қайсысында да қате жоқ. 

Ұзын – Алтыбастан арғы буын. Мұның жалпы кестесі 

мынадай: Қыпшақтан Бұлтың, Ұзын, Торы, Көлдеңен, 

Қарабалық. Ұзыннан Алтыбас, Алтыс. Алтыбастан 

Қараман, Қармас. Қараманнан Тіней. Тінейден Жан-

болды, Құндыз. Құндыздан Көбек. Көбектен Әжіғұл. 

Ә ж і ғ ұ л д а н 

Жанақ,  Шабын-

тай.  Жанақтан 

Т ә с т е м і р . 

Т ә с т е м і р д е н 

Ж а ң б ы р ш ы . 

Жаңбыршыдан 

Қ а н қ о ж а , 

Б а л қ о ж а . 

Б а л қ о ж а д а н 

А л т ы н с а р ы , 

Қошан.  Алтын-

сарыдан  Ыбы-

рай,  Қошаннан 

Оспан, Омар туа-

ды т.б.» (Алматы: 

«Арда» баспасы, 

2005  ж.10  бет),– 

д е п   ж а з а д ы . 

Ғалым  Балқожа 

шамамен    ХҮІІІ 

ғасырдың 80 жыл-

дарында  туған, 

1859  жылдың 

көктемінде, жасы 

жетпістен  асқанда  қайтыс  болған  дейді.  Балқожа 

өлерінде  Тобылдың  оң  жақ  бетіндегі  қыстауының 

қасына, сол арадағы шағын төбешікке жерлеуді өсиет 

етеді. 

Ә.Дербісәлиннің  жазғанына  қарағанда,  Ыбы-



рай  шілде (1859) айының алғашқы күндеріне дейін 

атасының  бейітін  салып  бітірген.  Автор  «Ыбырай-

ды  Ақтам  аталатын  Балқожа  әулетінің  зиратына 

қазақтың ескі дәстүрі бойынша құрметтеп жерлейді. 

Бұл  жер  кейін  Ыбырайдың  атымен  Инспектор  көлі 

аталады» – деп атап көрсетеді. Сондықтан да қазіргі 

ұрпақтың ең басты парызының бірі осы зиратқа жер-

ленген Ыбырайдың атасы Балқожа бидің және әкесі 

Алтынсарының  басын  қарайту,  құлпытас  орнату.

Абайдың «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым, 

тап шыным!» деген өлеңінде айтылғандай, жапандағы 

жалғыз  мола  не  жол  тосқан  қарақшыныкі,  не  зікір 

салған бақсыныкі ғана болады. Бұл жер қыпшақтар 

бейіті. Өкінішке орай, кешегі тың игеру жылдарында 

осы  бейіттің  үстімен  шынжыр  табанды  тракторлар 

жүрген, оларға тіркелген соқалар зират орнын жым-

жылас қылып, тегістеп жіберген.

27


C

M

Y



K

Өнерлі өрге жүзер

Адамды  асқақ  сезімге  бөлеп,  жан  дүниесін 

нұрландырып рухани байлығына айналып отырған 

құдірет – өнер. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым 

жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған. 

Әсем  ән  айтып,  мың  бұрала  би  билеп  немесе 

нақышына  келтіріп  күй  тарту  кез-келген  жанның 

қолынан  келе  бермейді.  Еліміздің    ертеңгі    иелері  

саналатын  жас  өрендеріміз  отансүйгіш,  белсенді, 

білімді, бәсекеге  қабілетті  болса, мемлекетіміздің  де  

келешегі  кемел деген сөз. Біздің Ахмет Байтұрсынов 

атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде та-

лантты жастардың қатары жыл санап өспесе, кеміген 

емес. Өнер мен білімді қатар алып жүрген жастардың 

бірі  –  Ғалым  Жанайдар  Сайлауұлы.  Қазіргі  таңда 

Ахаң  атындағы  қара  шаңырақтағы  экономикалық 

факультеттің 2-курс студенті. 





Университет  қабырғасында  қандай 

сайыстарда бақ сынадыңыз?

Журналистика мамандығынан экономикалық 



факультетке  ауысып  барғаннан  соң,  ең  алғаш 

«Қысқы  балға»  қатысқан  болатынмын.  Факультет 

атынан  бірнеше  студент  өнер  көрсеттік.  Сол  кезде 

«Ең ғажайып факультет» деген атақты алған бола-

тынбыз. Алдыңғы жылы, барлықтарыңыз білетіндей 

«ҚМУ MAN - 2016» сайысына қатысып бас жүлдені 

иелендім. 



Сайыстарға  қатысып  жүрген  кезде, 

қолдау көрсетіп, жаныңыздан 

әрдайым табылатын жан-

дар бар ма?

  Бәлкім  мен  қалада 



жүргендіктен  болар,  ең 

бірінші ата-анам десем өтірік 

айтқаным  болады.  Әрдайым 

қолдау  көрсетіп,  мен  қандай 

сайыстарға қатыссам да жа-

нымнан  табылатын  Ерғанат, 

Бекзат,  Әмір  деген  үш  жан 

жолдасым бар. Қандай жағдай 

болмасын  үшеуі  маған  қол 

ұшын  созып,  жәрдемдесіп 

отырады.



Б ү г і н г і   к ү н і 

«Шаңырақ»  театрын  құрып  жатқаныңызды 

біреу  білсе,  біреу  білмес.  Сол  туралы  айтып 

берсеңіз.

Ең  алғаш  театрды  ашу  туралы  ұсынысты 



экономикалық  факультеттің  деканының  тәрбие 

жөніндегі орынбасары Әсел Дүйсенғалиқызы  айтты. 

Университетіміздің талантты жастарын сахнаға тар-

тып, өздерінің өнерлерін ары қарай жетілдірсе екен 

деген оймен осы театрды ұйымдастырдық. 



Театрда  қойылатын  қойылымдардың 

сценаристі кім?

Ақылбек  Шаяхметке  көп-көп  рахмет.  Сол 



кісі  бізге  бастау  алып,  қолдау  көрсетіп,  сценариін 

беріп  жатқан  жайы  бар.  Келесіде  сценариін  өзіміз 

жазуға  тырысамыз.  Ал  қазіргі  уақытта  біздің 

театрдың  қоржынында  төрт  қойылым  бар.  Біреуі 

ата-анаға  байланысты  болса,  екіншісі  жастарға 

байланысты. Оған қоса Ақылбек ағамыздың берген 

екі  сценариі  бар.  Енді  оны 

қалыптастырып, іске асырсақ 

биылдыққа театрымыздың жо-

басын қорғауға бізге емін-еркін 

жетеді. Болашақта таетрымыз 

өркендеп  жатса,  сценарий 

табу  қиындық  тудырмайды 

деп сенемін.





С т у д ен т   ж а н-

жақты  болу  үшін  қандай 

болуы керек деп ойлайсыз?

- Мен өзімді жалқаумын деп 

айта  аламын.  Бірақ  студент 

жан-жақты  болу  үшін  аға-

апаларымыз оны қызықтырып, өнерге тарта білуі ке-

рек деп ойлаймын. Мысалы, қарапайым мультфильм 

балаға шамалы қызық болса, ол оны соңына дейін 

көреді. Сол сияқты баланы қызықтыра білсе, ол бала 

одан сайын жігерленіп, бір сайыстан екінші сайысқа 

қатысқысы келіп отырады. Сайыстарға қатысқанда 

жаңа ортамен танысасың, тәжірибе жинайсың. Ал сол 

қатысушылардың арасын жалғап тұрған өнер. Одан 

аттап ешкім кете алмайды.



Берген  сұхбатыңызға  көп  рахмет! 

Алдағы  уақытта  еңбегіңіз  жемісті  болып, 

жұлдызыңыз биікте жарқырай берсін.

Жамал ШАУКЕН

              ГӘФ журналистика 

мамандығының 2-курс студенті.

Экономикалық  факультеттің  деканының 

орынбасары Әсел Дүйсенғалиқызы:

Біздің Жанайдар талантты да талапты 



жастардың бірі. Негізінен жұлдызы 2016 

жылы 


көктемде  өткен  «КГУ  MAN  2016»  сайысынд

а 

жанды.  Сол  сайыста  көрсеткен  қазақ  баласы



-

на  тән  өнері,  жігері,  әрбір  қазақтың  бой

ында 

болуы  тиіс  деп  ойлаймын.  Оқуы  мен  тәрбиесі



 

жағынан келсек те өзін әрдайым жақсы жағынан 

көрсетеді. Жанайдарды мақтан тұтамыз. Біздің 

экономикалық  факультеттің  абыройын  би

ікте 

ұстап келе жатқан студенттердің бірі деп 



айта 

аламын.


28

ҚМУ: студенттер шығармашылығы

C

M

Y



K



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет