Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата02.03.2017
өлшемі13,56 Mb.
#5112
1   2   3   4   5   6

Қазақ киносы

Ана махаббаты

Елімізге белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевтың 

«Анаға  апарар  жол»  атты  кинокартинасының 

тұсаукесері биылғы жылдың 1 наурызында Аста-

на қаласында өткен еді. Алғашқы көрсетілімге 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев та қатысқан болатын. Ки-

ноэпопея жуырда Қостанай қаласындағы киноте-

атрларда да көрсетіле бастады. А.Байтұрсынов 

атындағы ҚМУ-дың студенттері және олардың 

ата-аналарына  «Қазақстан»  кинотеатры 

жеңілдетілген бағамен билет сатып, көрерменге 

қуаныш сыйлады.

Отандық фильмнің желісі ана мен перзенттің 

арасындағы ыстық мейірімді дәріптейді. Басты 

кейіпкер  Ілияс  (Әділ  Ахметов)  пен  анасының 

(Алтынай  Нөгербек)  арасындағы  ұлы  сезім 

олардың  басына  туған  барлық  қиын  күндерді 

артқа тастап, қайта қауышуына себепші болады. 

Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейін аралықты 

қамтиды.  Мұнда  халықтың  басынан  өткен  қиын-

қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылда-

ры)  басты  кейіпкерлердің  тұрмыс-тіршілігі  арқылы 

беріледі. Басты рольді сомдаған Ілияс нәубет жылда-

ры отбасынан қол үзіп, жастайынан интернатта өседі. 

Одан кейінгі қиындық, Ұлы Отан соғысын да бастан 

кешеді.  От  пен  оқтың  ортасында  жүріп  тұтқындар 

лагеріне түседі. Тағдыр оны әр соқпаққа лақтырса 

да,  анасымен  қауышуды  бір  сәтке  ойынан 

шығармайды. 

Кинокартинада соғыстан кейінгі халықтың 

тұрмыс-тіршілігі,  ел  ішіндегі  күрделі  кезең, 

ұжымдастыру науқаны, одан кейінгі әртүрлі 

қиындықтар  баяндалады.  Бұл  фильмдегі 

негізгі рольдерде ойнаған артистер Әділ Ах-

метов пен Алтынай Нөгербек көрермендерге 

етене  таныс.  Декес  те,  бұл  жолы  актерлер 

жаңа қырынан танылған сияқты. 

Ілиястың анасына, туған жеріне және Ота-

нына деген шексіз махаббаты, сағынышы ба-

рынша айқын сипатталады. Қазақ халқының 

тағдыры шынайы суреттеледі. Бұл картина 

елін,  жерін  сүйетін  жастардың  бойында 

патриоттық  сезімді  қалыптастыратынына 

сенемін. Себебі, баласын зарыға күткен ананы 

бейнесі, қазақ халқының бастан кешкен қиын 

тағдыры жүректі елжіретіп, ой салады. Мына жарық 

дүниеде  ананың  перзентіне  деген  махаббатынан 

ыстық ештеңе жоқ шығар. Бізді алға жетелейтін де, 

мқңайған сәтте күш беріп, жігерлендіретін де ана 

махаббаты емес пе! 

1  наурызда  өткен  кинокартинаның  алғашқы 

таныстырылымында  мемлекет  басшысы 

Н.Ә.Назарбаев: «Бұл – негізінен, бала мен ананың 

мәңгілік  сүйіспеншілігіне,  перзенттік  махаббаттың 

құдіретіне  арналған  кинокартина.  XX  ғасырдағы 

тарихи кезеңдер мен кейіпкерлердің жарты ғасырға 

жуық уақытын қамтитын мұндай тарихи драмалар, 

әсіресе, кейінгі жас ұрпақ үшін еліміздің өткен тари-

хын танып-білуіне өте-мөте қажет» деген болатын. 

Анаға апарар жолдың» бас продюсері ¬– Әлия 

Назарбаева. Ал, сценарийді бұдан бұрын да Сата-

евпен бірге бірнеше картинада жұмыс істеген Тимур 

Жақсылықов жазған. Туындыны әуенмен әрлеген – 

композитор Ринат Ғайсин.

Тарихи  драманың  түсірілім  жұмыстары 

Қазақстанда,  Беларусьте  және  Әзірбайжанда 

жүргізілді.

Сымбат БАЙДІЛДИНА,

ҚМУ-дың аграрлық-биологиялық 

факультетінің 2-курс студенті. 

29


C

M

Y



K

Алаштану

Ғылым, білім саласына қызмет еткен тұлғалардың 

ерен еңбегін бағалаудың  ең биік нүктесі ретінде, 

әдетте,  «төрт  түліктің  төресі»  атанған  түйенің 

қадыр-қасиетіне қатысты «қара нар», «нар тұлға» 

сынды тіркестерді жиі қолданамыз. Біз ақ қағазға 

сия түсіріп, ала түске айналатын жазба арасынан 

орын  табар  ойымыздың 

тамызық-тақырыбына  ел 

басына  күн  туған  заманда 

ерлер  мінетін  арғымақты, 

тұлпарды  қадірлейтін 

қазақтың бағасы–«қазанат» 

атауын  беруді  жөн  санап 

отырмыз.  Оның  бірнеше 

себебі бар. 

Б і р і нш і д ен,   қ а з а н а т 

арғымақтың бойынан қазақ 

қадірлейтін «шоқтығы биік, 

мініске  берік,  шабысқа 

жүйрік,  шымыр,  кең  ты-

нысты»  сынды  қасиеттер 

символикалық  тұрғыдан 

мақала кейіпкерінің ғылым-

білім саласындағы атқарып 

жүрген  қажырлы,  табанды 

еңбегі  мен  тәңірден  түскен 

талантының  бағасындай 

көрінеді бізге. 

Екіншіден,  бұл  тіркесте 

мерейлік рәсімге байланы-

сты  туындайтын  рәміздік 

сипат бар. «Ер жасы - елу» 

дегендей,  нағыз  ердің 

мінетіні  –  қазанат.  Бүгінгі 

біздің танымыздағы қазанат 

– еңбегі жанған, ел таныған 

тұлғаның тұғырлы бағасы. 

А л   ен д і   ү ш і нш і с і   – 

көңілдегі  көрікті  ойды 

кеңістікке  (сыртқа)  шығаратын  ақпарат-сөздің 

сыртқы  формасы  мен  ішкі  мағыналық  мәйегін 

біріктіретін  айшықты  тіркес.  Мұндай  тіркестер 

қазақтың  ертегілік,  эпостық  мұраларында  жиі 

кездеседі: «Тарлан атты Ер Тарғын», «Қара қасқа 

атты Қамбар», «Керқұла атты Кендебай», т.б. Бірақ 

біздер бейнелі түрде «қазанат атқа отырғызған» 

кейіпкеріміз  -  жауынгерлік  замандағы  елді  жау-

дан  қорғаған  эпикалық  батырлардың  жиынтық 

бейнесі емес, бейбіт өмірде ұзақ жылдар отарлық 

кеңістікте өмір кешкен ұлттың рухын қайта түлеуіне, 

оның өрлеп, өркендеуіне өрнекті үлес қосып жүрген 

ғалым-ұстаз, азамат тұлғаның ғылыми саладағы 

қызметінің бағасы. 

Қазаққа  Алашты  қайта  оралту,  кеңінен  та-

ныту,  насихаттау  арқылы  өзі  де  елге  танылған 

тұлға  -  филология  ғылымдарының  докторы,  ҚР 

Ұлттық  Ғылым  Академиясының  корресподент-

мүшесі Диқан Қамзабекұлы. Ол - азаттықтың ақ 

таңы  арқылы  ортаға  оралған  Алаштану  сынды 

ғылыми  құбылыстың  қалыптасуына  ә  дегеннен-

ақ тікелей қатысып, ширек ғасырдан бері өзіндік 

ізденіс,  табандылық,  қажырлық  көрсете  қызмет 

етіп  келе  жатқан  ғалым.  Тәуелсіздік  арқасында 

әу  баста  қоғамдық  таным-санамызға  баяғы  тың 

көтеру ісіндей болып орныққан Алаштану ол кезде 

жастардың арасында, бүгінгі күнгідей іздеушісі мол 

емес, жоқшыға зәру еді. Сол тұстағы жас буынның 

бауында  жоқшының  қатары 

аз  болғанымен,  тәуелсіздік 

рухымен  қанаттанған,  тала-

бы  мол  бір  топ  жас  өркен 

буын  болды.  Сол  буынның 

бел  ортасын  Бауыржан 

Омар,  Амантай  Шәріп, 

Сұлтанхан  Аққұлы  сынды 

талантты  жас  зерттеушілер 

құрады. Олардың тәуелсіздік 

о р н а ғ а н н а н   к е й і н г і 

құндылықтар  өзгерген, 

экономикалық қиыншылықтар 

орын алған «тұманды» жыл-

дар керуенінде жастық жалын 

отына  орана  жүзіп  жазған 

еңбектері,  зерттеушілік 

ізденістері,  бүгінгі  таңда 

өз  жалғасын  тауып,  қазақ 

әдебиеттану  ғылымының 

с а л м а қ т ы ,   с ә у л е т т і 

сарайының  төрінен  орын 

алып отыр.

Ә л қ и с с а ,   А л а ш 

қ о з ғ а л ы с ы н ы ң   т ұ т а с 

бірнеше  буыны  қалдырған 

қ ы м б а т   қ а з ы н а ғ а   ж а с 

буын  өкілі  Қамзабекұлы 

Диқан  кен  іздеген  кеншідей 

«қазып»  кірді,  егін  баптаған 

диқаншыдай бейнетіне «төзіп, 

көнді».  Соның  нәтижесінде 

Алаштанудың  әдебиет,  ру-

ханият саласында ұзақ жылдар төккен еңбек пен 

тердің мәуелі жемісіндей болған сүбелі еңбектер 

жарияланды.  Ғалым  сиясынан  шыққан  сырлы, 

құнарлы ойлар, тың танымдар қазақ руханиятының 

кеңістігіндегі өз орнын тапты. 

Алаштануға  араласқан  уақытта  Диқан 

Қамзабекұлы қылшылдаған жігіттік шақта еді. Жас 

жігітті ғылыми ізденіске баулыған, жол көрсеткен 

көрнекті  ғалым,  ұлағатты  ұстаз  Серік  Қирабаев 

шәкіртінің  жалындаған  жастығын  ескереді  ме 

екен,  әйтеуір,  Алаш  зиялыларының  ішінде  бар-

жоғы отыз үш жас өмір сүріп, аз ғұмырдың ішінде 

артына  мол  шығармашылық  мұра,  елге  қызмет 

көрсетудің үлгілі өнегесін қалдырып кеткен Смағұл 

Садуақасовтың  шығармашылығын  зерделеу 

тақырыбын ұсынады. 

Еңбекқор  жас  жігіт  бас-аяғы  үш-төрт  жылдың 

ішінде Алматы, Мәскеу, Қазан, Ташкент архивтерінің 

шаңын  қағып  жүріп  кеңестік  саясат  сахнасында 

«оңшыл-уклонист».  «ұлтшыл»  деп  қараланып, 

оның идеялары мен жақтастарына «садуакасовщи-

на» деп үрке қарап, ақырында 1933 жылы Мәскеу 

     


 ҚАЗАНАТТЫ  ДИҚАН  ҚАМЗАБЕКҰЛЫ

30


C

M

Y



K

Диқан Қамзабекұлының зерттеуінше, қазақтың 

азаттығы үшін күрескен С. Садуақасов Мәскеуде 

1933  жылы  16  желтоқсанда  көз  жұмады. 

Қазақстанның азаттығы 1991 жылы 16 желтоқсанда 

жарияланады. Кездейсоқтық па, әлде бір құдірет 

пе? Ғалымның пайымынша, құдірет. Ал құдіреттің 

басты ұғымы - Алланың жазымы. Алланың жазымы 

– ақиқат. Ендеше, түптеп келгенде, Тәуелсіздіктің 

оралуы  -  ақиқаттың,  әділеттің  орнауы.  Дәкең 

мұрындық  болып,  шырақ  алып  жолға  түскен 

жоқшысы болуы арқасында елге оралған Алаштың 

Сұмағұлының өртенген күлінің елге оралуы да – 

әділеттілік, тәуелсіздік жемісі. Әсілі, жұмыр басты 

пендеге қайсібір әділдікті орнату үшін үлкен қажыр-

қайрат, еңбек, төзімділік, қайраткерлік қажет. Бұл 

- Қазантты Қамзабекұлының қанына сіңген қасиет.  

Алаш  зиялыларының  мұрасынан  сусындаған 

Дәкең  басқа  жолға  бұрылмады...  Алаш 

тақырыбындағы  зерттеуін  одан  әрі  жалғастыра 

берді. 1996 жылы «Сұмағұл Садуақасұлы» атты 

кітабын,  1997  жылы  «Руханият»  атты  ғылыми 

зерттеулер  жинағын  шығарады.  Сол  ізденістер 

2002 жылы Алаш зиялыларының әдебиет, рухани 

саласындағы  орны мен маңызын концептуалдық 

тұжырым мен бағдар сығымдалған «Әдеби тарихи 

процесс:  ағымдар,  концепциялар»  атты  ғылыми 

зерттеуіне сара жол салды. Аталмыш тақырыптағы 

докторлық  диссертацияны  Қазақстан  Республи-

касы  Ғылым  академиясы  қабырғасында  қорғап, 

филология ғылымының докторы атанды.

Іле-шала  докторлық  диссертация  негізінде 

«Алаш  және  әдебиет»  атты  монографиясын 

баспадан  жариялайды.  Монография  Алаш 

зиялыларының әдеби мұрасын танудағы маңызы 

сүбелі еңбек болып табылып, әдебиеттану ғылымы 

ортасында  ағартушылық  әдебиеттің  кезеңдері, 

басты  арналары,  жаңашылдығы  мен  дәстүр 

жалғастығы,  қазақ  топырағындағы  жәдитшілдік 

сынды күрделі мәселелер кешенді түрде зерттел-

ген еңбек ретінде бағаланды. Монографияда ХІХ 

ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Орта 

Азия мен Шығысқа түгел дерлік тараған жәдидшілік 

ағымды  Алаш  зиялыларының  әдеби  мұрасымен 

тығыз  байланыстыра  қарастырады.  Ресей 

империясының құрамындағы  түркі халықтарының 

қозғалысы  болып  есептелетін  жәдитшілдік  ре-

формасы  ең  алдымен  білім  беру,  яғни  ағарту 

саласында  жаңашылдық  орнатуды  көздеді.  Ис-

маил Гаспыралы бастаған жәдидшілікті Алаштың 

Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды 

оқығандары  қазақ  топырағында  жаңғырта  білді, 

оған  өзіндік  өрнек  қосты,  қазақ  әдебиетіндегі 

ағартушылық кезеңді сол тұстың тарихи-қоғамдық 

құбылыстарымен  сабақтастыра  отырып  тал-

дап,  тынысы  мол,  пайымы  терең  танымдар 

қалыптастыра білді.

Қ а з а н   ж ә не   Қ ы р ы м   т а т а р л а р ы н ы ң 

оқығандарының  көзқарастарынан  бастау  ала-

тын  жәдитшілдік («жәдит» араб сөзі, жаңа деген 

мағына  береді)  профессор  Д.Қамзабекұлының 

айқындауынша,  ХІХ  ғасырдың  соңында  қазақ 

қазақ ағартушылығына негіз болып қаланады. Бұл 

құбылыс  Алаш  деп  ұрандаған  қазақ  жұртының 

рухани  кеңістігінде  екі  асудан  өткен.  Бірінші  асу- 

1890-1911 жылдар, екінші асу – 1911-1920 жылдар. 

Сол асулар Алаш қозғалысының орнығуына жол 

ашты. Бұл, түптеп келгенде, алаштықтардың «Түркі 

халқы түгел бол» деген ұстанымының астарына 

жәдишілдіктен туындаған пайым орын алған еді. 

Қазақ  әдебиетіндегі  Алаш  ағартушылығы 

мәселесін ғалым үнемі үзбей зерттеп келеді. Тыным-

сыз ізденістің берекелі қайырымының көрінісіндей 

танылатын «Ағартушылық және әдебиет» (2003), 

«Пайым» (2004), «Алаштың рухани туғыры» (2008), 

«Смағұл Садуақасов» (2009), «Түркістан алқасы» 

(2011),  «Жәдитшілдік  және  Алаш:  түсіндірме 

сөздік» (2012) сынды кітаптарды жыл үстіне жыл 

қосып  жарияланып,  Алаш  қайраткерлері  туралы 

3 деректі фильмге («Қазақтың Қошкесі», «Бата», 

«Көздің  қарашығындай»)  сценариий  жазып, 

көрерменге жол тартты.

Ғылымның  бейнеті  ауыр,  жолы  ұзақ,  арнасы 

құмырсқаның илеуіндей қалың қатпар қабаттарға 

толы.  Оны  жалғыз  жүріп  екшелеу  жеке  тұлғаға 

әсте  ауыр.    Ауыр  жүкті  жұмыла  көтерсе  жеңіл. 

Осы қағидаға сүйенген Дихан Қамзабекұлы 2006 

жылы  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті  жанынан  2006  жылы  Алаштану 

мәселесімен  жан-жақты  түбегейлі,  жүйелі  түрде 

айналысатын  «Алаш»  мәдениет  рухани  даму 

институтының  негізін  қалайды.  Бүгінгі  таңда 

ғалым  «Алаш»  интитутының  құрамына  өзі 

тартқан  бір  топ  әріптестерімен  және  Еуразия 

ұлттық  университетінің  магистрант,  доктор-

нат  шәкірттерімен  бірлесе  отырып  Алаштану 

мәселесін  кешенді  зерттеуге  тынбай,  талмай 

елеулі үлес қосып келеді. Айтап айтқанда, көрнекті 

дінін  қайраткері  Сәдуақас  Ғылманидың  1931-

1934  жылдар  аралығында  жазылған  поэзиялық 

қолжазба  мұрасы,  Қошке  Кемеңгерұлы  мен 

Смағұл Сәдуақасұлының үш томдығы, Хайретдин 

Болғанбайдың бір томдығы сынды еңбектер Алаш 

институтының  тарапынан  құрастырылып,  жари-

яланды.  Сонымен  қатар    институт  «Алаш  және 

жәдитшілдік», «Еуразиялық мәдениет сөздігі», «Та-

рих: түсіндірме сөздігі» және Алашты арқау еткен 

ағылшын, неміс, француз аудиториясына арналған 

оқулық сипатындағы еңбектер дайындау, ғылыми 

конференциялар  ұйымдастыру  сынды  келелі 

істерді ұйымдастыруға мұрындық болып жүр. 

Міне,  мұның  бәрі  Алаш  рухынан  нәр  алған 

ғалымының  ерен  еңбектерінің  бір  парасы, 

қазанат  қаламгердің  қарымы.  «Халыққа  қызмет 

ету  білімнен  емес,  мінезден»  деген  Әлихан 

Бөкейханның  қанатты  сөзін  басты  ұстынға 

алған  Диқан  Қамзабекұлы  сындарлы  істер  мен 

«сырғалы» ойға, пайымға сабырлы мінез, жігерлі 

ұстаным  арқылы  көрік  беріп,  Алаштану  сынды 

таудай істің іргесін қаузап жүр. Бұл істе шабысы 

бөлек, табысы ерекше қазанат тұлпарды «ертеген» 

азаматтың қазақ руханиятын зерттеудегі толайым 

табыстары, алар асуы әлі биік деп санаймыз.

Алмасбек ӘБСАДЫҚ,

 филология ғылымдарының

 докторы, А.Байтұрсынұлы 

атындағы Қостанай мемлекеттік 

униВерситетінің 

профессоры

31


C

M

Y



K

Поэзия

Мұқият  ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ 



1984  жылы    2  маусымда  ҚХР  Іле    Қазақ  

автономиялық  облысы  Текес  ауданында 

дүниеге  келген.  2005    жылы    Атамекенге  

оралған. Ы.Алтынсарин  атындағы  АрқМПИ 

тәмамдаған.  Қалалық,  облыстық  жыр 

бәйгелерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.  

Арқалық қаласындағы  облыстық  «Дала  

өлкесі  тарихы»  мұражайының    ғылыми 

қызметкері болып еңбек етті. Бүгінде Еура-

зия ұлттық университетінің магистранты.

Таяуда  Астанада  Ұлттық  академиялық 

кітапханада ақын Мұқият Қойшыбайұлының 

тұңғыш  жыр  жинағының  тұсаукесері 

өтті. Шараға Мемлекеттік сыйлық иегері 

Несіпбек  Айтұлы,  Қайырбек  Кемеңгер, 

Омар  Жәлел,  Ақеділ  Тойшанұлы,  Ұларбек 

Нұрғалымұлы,  Еркеғали  Бейсенов,  Қанат 

Едірісов, Нұртуған Тұрсынғазыұлы сияқты 

азаматтар  қатысып,  өз  ой-пікірлерін 

білдіріп, ақынға ақ жол тіледі. Жерлес ақынға 

біз де сәт сапар тілейміз!

         АРБА СҮЙРЕГЕН АНА

Белін бекем,  намысын түйген арға,

Қарапайым құлым деп сүйген Алла.

Ың – жыңы көп базарда күні бойы,

Ақ самайлы ана жүр сүйреп арба.

Ойлы – шұңқыр жолдарға епті аяғы,

Айғыз – айғыз қалың із бет бояуы.

Арлы – берлі қасынан өткендерге,

«Шәй іше ғой қарағым!» - деп қояды.

Көзінде мұң болғанмен жаны сергек,

Әр тиыннан осылай табысы өнбек.

Жамау жанын жазатын көрінеді,

Шәйін ішкен адамның алғысы емдеп.

 

                       Бұл базарға байланып басыбайлы,

                       Үйдегі жаман шалды асырайды.

                       Күміс теңге толғанда  уысына,

                       Жүзінен үміт оты шашырайды.

                        Арба сүйреп өтеді тегіс күні,

                        Сірә құдай өлтірмес кебістіні.

                        Өз – өзіне риза,  табысына,

                        Байқалмайды өмірге кейістігі.

                        Өміріннің еңбекпен иі  қанып,

                        Базар жаққа тартады жиі бағыт.

                        Қара құлып базарға салынарда,

                      Қайтады ана заттарын жиып алып.

                       Ұлан – қайыр басында тұрып өңір,

                     Болып жүрміз қоғамның құлы не бір.

                      Анасына дариға – ай, арба жеккен,

                     Бүгінгі ұрпақ сүріп жүр қызық өмір.

         НАМЫС ЖЫРЫ

Ұлтыма болсаң жау, дұшпан,

Тарихын өткен елемей.

Тиегі сүйек  адырнадан ұшқан,

Қадалам  саған  жебедей.

Алсаңда киіп кіреуке,

 Ажалың менен бәрібір.

Баулыған мені бұл өлке,

Сомдалғам  солай тәні мір.

Ожданым жасын, найзағай,

Жауларым қалған именіп.

Намысым өткір найзадай,

Кетерсің байқа түйреліп.

Бабасы қаған, Білгі бек,

Тау - тасқа жазған сан дастан.

Тастаймын байқа тілгілеп.

 Ашыуыма тиме Алдаспан.

Кім екенін ұқсаң тегімнің,

Ералар өткен мыңдаған.

Табанға тисе тебінгім,

Тебіреніп салар дүр далам.

Садақа болған еліне,

Ерлері адал,  ділі кең.

Тартпасаң бізде тегіңе,

Жұмыртқасың шіріген.

Болғанмен саны аз – ақ, тым,

Дәстүрін, салтын, жолды ұққан.

Жаны бар әрбір қазақтың,

Майдангер болатыны сондықтан.

32


C

M

Y



K

Поэзия

             

 ҚУЫРШАҚ


Жүйкемді, жүрегімді сан кемірген,

Көңіл кейде осынау қалды өмірден.

Жақын досым толғанда төрт айға ұлым,

Бір қуыршақ силады хан көңілмен.

Өзіне сай болғанмен баға, құны,

Қайдан ұқсын япыр – ай, бала мұны.

Тетігіне қол тисе тым ақ көңіл,

Тек жасанды демесең бар айыбы.

 

Сезе білсең өмірдің мол сабағы,

Иыр – қиыр тоқиды тор сананы.

Мына бейбақ қуыршақ қарап тұрсаң,

Есті адамға өте ауыр ой салады.

Асырсам деп айрықша  айбын елден,

Адамдығын,  иманын қайғы жеңген.

Күнделікті өмірде көп көретін,

Аумайды иә, құдай –ай,  қай біреуден.

Басы, дені,   тұрғанда ай, күн  аман,

Сарқыт күтіп сабылған бай мұрадан.

Бастығының алдында зыр жүгірген,

Тура соның өзі ғой айнымаған.

Тым қызыққа толы рас мына мекен,

Билігі бар  құдайға құда көкем.

Табиғаттың заңы да түсініксіз,

Мұндайда тым ұқсастық болады екен.

Беу өмір,  ай, күнім, төре түндер,

Маған түзу жолымның белетін бер!

Онсызда көбеймесе азаймай жұр,

               АДАСҚАН АЙ...

Бұл қоғамға тимесе де пайдам нық,

Ал мойныма артылады алуан жүк.

Көптен бері әдетіме айналды,

Тар балконнан тұратыным айды аңдып.

Қашан көрсем ай байқұсым адасып,

Барады ауып қара бұлтпен таласып.

Жарық ете алмай өтіп жатыр түндері,

Табиғаттың көргенде емес жаны ашып.

Басып өткен жолдарында мұңды із бар,

Ай байқұсты сабалайды түнгі ызғар.

Шымшылайды оқта – текте жарық етсе,

Жан – жағынан бақталасы жұлдыздар.

Жұлдыздармен салғыласу қай теңі,

Ай байқұсым мейірімге бай тегі.

Ойлап көрсем жолы ауыр  жалғыз ай,

Қара бұлтқа жасырынбай қайтеді.

Ай қадырын білмедік пе, білдік пе?

Ал өз басым өмір сүрем бірлікте.

Жалғыз айды жұлдыздарға талатқан,

Кейде ішің жылымайды тірлікке.

      

 ҚАДІРЛЕЙ БІЛ ДОСЫҢДЫ



Тулатып асау көңілді,

Маздата түсер отыңды.

Сүйемін десең өмірді,

Қадірлей білші досыңды.

 Достарды жаңа таныдым,

Құшағын ашып сырласқан.

Тірлікте қысқа тәңірім,

Айыра көрме шын достан.

Еншісін күтіп  ай, жылдың,

Айта алмай жүрдік тұшымды ой.

Қанша ма достан айрылдым,

Жан сырын әттең  түсінбей.

Өмірді үнсіз торыдым,

Құлатып  күнді   кезеңнен.

Жоғалтқан достың орынын,

Толтыра алмай келем мен.

Көтерер көңіл - қошыңды,

Досыңмен қымбат әр бақыт.

Қадірле досым, досыңды,

Қадірлеп алар бар да уақыт.

 ТУҒАН ЖЕРДЕН АТТАНЫП КЕТТІК 

                           СОЛАЙ...

           Досым  кеше көшке  біз еріп...

           Етек – жеңімізді түрініп.

           Бетімізді елге түзедік,

           Жетектеп алдан ұлы үміт. 

           Туған жер қалды гүл қырат,

           Тербеліп желмен қия алмай,

           Ақ бұлақ қалды сыңғырлап,

            Өксігін іштен тия алмай.

Сыр бүгіп көлдер,  өзендер,

Көргендей бейне өлке жұт.

Түлкідей аш кезеңдер,

Ішінен жатты өртеніп.

            Шөлімді басқан қарт бастау,

            Буырқанып жатты бұлқынып.

            Жонында жортқан ақ бас тау,

            Ұзатып салды сілкініп.

Үш құштай қалды Қаражон,

Қиып – ақ, кеттік досым ай.

Алайда байтақ даламен,

Қауыштым  шүкір ә, құдай.

            Ақ сағым тартқан кешіне,

            Сыңсыған орман, тал, қайың.

            Туған жер түссе есіме,

            Жынданып кете жаздаймын.

Шегера бөліп араны,

Кірпікке солай зар ілген.

Тәуелсіз мына даланы,

Алай да сүйем жаныммен.

33


C

M

Y



K



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет