Болжамы. Егер біз «Кока-коланың» адам ағзасына зиян екенін дәлелдер
арқылы көрсете білсек, сөрелерден алып тастала ма?
Зерттеу жүйесі: ақпарат көздерін жинақтау, шығу тарихын және сусынның
құрамын білу, тәжірибе жасау, қорытынды шығару.
Зерттеу нысаны: энергетикалық сусындар.
Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу,
салыстыру, тәжірбие жасау, ой қорыту.
Зерттеу жаңалығы. «Кока-кола» сусынына кесек ет салсақ, біраз уақыттан
кейін бүрісіп, кішірейіп кетеді. Кез келген датты тазартып, айнадай жалтыратып
қоятын қасиеті бар. Тырнаққа жаққан лакты кетіреді. Зерттеу нәтижесінде достарым
мен құрбыларым бұл сусынды ішпейтін болды.
Кіріспе. Заманауи тамақ өндірісі жыл сайын жаңа азықтарды шығарып келеді.
ХХІ ғасыр адамына дүкен сөрелері жер жүзінің түкпір-түкпірінен табиғи суларды,
жерінде өспейтін тропикалық жемістер шырынын, қыстың көзі қырауда көкөніс пен
жемістердің түр-түрін ұсынады.
Бірақ соңғы кездері халық денсаулығына алаңдаушылық тудыртып жүрген
химиялық қоспасы көп тағамдар көбейіп кетті. Солардың қатарында
«энергетикалық» деген сипатқа ие сусындар бар.
Энергетикалық сусындар адам ағзасына өте қауіпті. Оны күнделікті
пайдалануға болмайды. Егер адам оны жиі қолданса, оның жүйке жүйесінің
қызметіне нұқсан келтіреді. Тіпті оны сырамен бірге ішсе, адамды бірден мас
қылады. Бұл сусындар бастапқыда спортпен шұғылданатын адамдарға белгілі бір
күш-жігер қажет болғанда қолдануға ұсынылған болатын. Алайда, қазір мұны
жастар да, мектеп оқушылары да жиі пайдаланып отыр.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
113
Бір өкініштісі, бұл сусындардың адам денсаулығына кері әсері бар екеніне
нақты дәлелдер келтіріп шырылдаған дәрігер мамандардың жанайқайы да, осы
мәселе жөніндегі халық қалаулыларының депутаттық сауалы да сөз жүзінде қалып
отыр. Осы тұста: «Адам денсаулығына зиянды сусындардың сатылуына тыйым
салынбауының сыры неде?» - деген сауалдың туындауы заңды. Бұл сыр әлі күнге
құпия күйінде қалып отыр.
Қалай десек те, энергетикалық сусындардың адам денсаулығына зияны шаш
етектен.
«Кока-кола» – сергітетін алькогольсіз сусын ретінде көптеген елдерде кеңінен
тараған. «Th Coc -Co Co p n » компаниясының өнімі, 2006-2010 жылдар
арасындағы әлемдегі ең үздік сусын болып саналады.
Бірақ осы уақытта бұның бәрін теріске шығарып жатырмыз. Өйткені бұл зат
организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге
айналатын метил спиртін бөледі.
Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. «Кока-коланы» сатуға
тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл
сусынның құрамында қанттың көп екені анықталған.
Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімнің
отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға тыйым салынып жатыр екен.
Мен де өз пікірімді, үлесімді қосып, ойыммен бөліскім келеді. Мен де өз
зерттеуім және тәжірибем арқылы, осы сусынның пайдасы мен зиянын
анықтаймын да, пікірімді жазып, нәтиже шығарамын деген ойдамын.
Әдебиеттерге шолу. «Кока-кола» сусыны және энергетикалық сусынның
шығу тарихы. Англиядағы Джорджия штатының тұрғыны, фармацевт Джон Стит
Пембертон 1886 жылы «Кока-кола» атты шырын жасап шығарады. Ал, оның атауын
ойлап тапқан Пембертонның есепшісі Фрэнк Робинсон болады.
Ойдағыдай шыққан сусынға тәнті болып құмартқан халық құрамына кіретін
заттарды білу үшін Джон Ститтің артынан айлап, керек десеңіз, жылдап жүгірген.
Құрамына кіретін заттарға коки ағашының жапырағы мен тропикалық жеміс қосып
отыратыны жөнінде қатты сыр сақтағанын кейіннен ғалымдардың зерттеу нәтижесі
«Кока-коланы» жүйке ауруына шалдыққанға көмегі бар деп анықтайды. Себебі, коки
ағашының ішінде ағылшын ғалымы Альберт Ниман кокаин бар екенін дәлелдейді.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
114
Жүйке ауруына қарсы дәрі ретінде саналып, тіпті, Англиядағы Джекоба
дәріханасында сатыла бастайды.
Бір қызығы, ол кездері кокаиннің зияны жайында ешкім білмеген және оны
емін-еркін қолданған. Осылайша сусынға сусындап, ағылшындықтар қызыққа
батқан көрінеді. Тек, 1892 жылы Пембертон денсаулығы сыр берген соң атақты
кәсіпкер Аса Григгске өз өнімін сатады. Дәл осы жылы «Кока-кола» сусынына арнап
бай кәсіпкер «Th Coc Co Co p n » атты үлкен компания ашады.
1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста
сатылатын болды.
«Кока-кола» – Ресейде. 1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары
алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.
«Кока-кола» 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты
болады.
«Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы
кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант,
кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмір қышқылы
қосылады деп көрсетілген.
Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын
кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «Кока-
коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен-күнге дәлелденіп отыр.
Әлемдегі спорт қозғалысын қолдаушы. 1960 жылы Токио қаласында өткен
олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың
көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.
1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының
эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылды.
1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі.
2010 жылы футболдан әлем чемпионатына Претория қаласында әлем бойынша
250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырылды.
Сусынның құрамы. Мұндай сусындар тек химиялық қоспалардан
дайындалады: кофеин, карантин, таурин аминқышқылы, глюкоза, матеин, мелатонин
және кей сусындарға гуарана тропикалық жемісін қосады.
Сусынның компонеттері: қант, көміртек диоксиді (Е 290), бояғыштар: қант
коллері (150), кармазин (азорубин) (Е 122), ортофосфор қышқылы (Е 338), кофеин,
табиғи хош иістендіргіштер. Тағам құндылығы: энергетикалық құндылығы – 42
ккал, ақуыздар, майлар жоқ, көмірсулар – 10 мг, натрий – 11,0 мг, калий – 1,0 мг,
кальций – 4,0 мг, магний – 1,0 мг, фосфор – шамамен 17 мг.
Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі. Кейбір түрлерінің жемістері
медицинада, ликер және «Кока-кола» сусынын жасауда қолданылады.
Зерттеу материалдарымен әдістері. Қызықты айғақтар. 2011 жылы
«Национал географик» телеарнасы «Кока-кола» сусынының зауытын, оның жұмыс
істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.
1989 жылы «Кока-кола» Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын
енгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып табылады.
Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап
тауып, оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан. Бұл өсімдік көпшілікке
«кокаин» деген атпен таныс. Сол уақытта кока жапырағына тыйым салынбаған екен.
Уақыт өте келе шәрбат саудаға шығарылады. Есірткіден басқа оның құрамында
спирт те болған, бірақ көпшіліктің өтініші бойынша спирт құрамынан алынып
тасталып, оның орнына оңтүстік африкалық «кола» жаңғағының дәмі қосылды.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
115
Бірақ сусын тым тәтті болып кетті, оған су қосуға тура келді. Ал оның сыртындағы
жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты.
1886 жылы «Кока-Кола» газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі
бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң, ғалым шәрбат формуласын Аза
Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып жіберді.
Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75 центі ғана
болған ол идеяны жандандырып, «Coc -Co Co p n » компаниясының негізін
қалайды.
Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған «Кока-
коланы» әлем бойынша бір минуттың ішінде 8000 адам тұтынады делінген. Оның
әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат жердің астында сақтаулы.
Денсаулыққа әсері. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар
аударайық. Оның құрамында қанттың көп болуынан қант диабетіне шалдығушылар
саны да соңғы жылдары қылаң беріп келеді. Сондай-ақ, «Кока-коланы» ішектің
созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға
тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін
тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.
Ал, ер адамдар үшін тіптен қауіптірек, яғни, бедеулікке апаратын бірден-бір
қауіпті жол болып тұр. Оның үстіне жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан
қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін
отырғызып тастайтын да қасиеті бар көрінеді.
Осыдан 5 жыл бұрын Орал қаласының ғалымдары «Кока-коланы» мынадай
сынақтан өткізген болатын. Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік
бойына қалдырып кеткен профессорлар тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді.
Дәрігерлердің пайымдауы бойынша «Кока-кола» әсіресе балалардың бас сүйегіне,
ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.
Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций,
темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып, есесіне құрамындағы есірткі зат
өміріңізді екі есеге қысқартады.
«Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын
карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады екен.
Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып, аққан ауруына әкелетін
жасанды бояғыштары бар.
Сусындар жайындағы пікірлер. Төрегелді Шарманов, академик:
«Энергетикалық сусынға деген көзқарасым аса күдікті. Оның ағзаға пайдасы бар
деген пікірмен келіспеймін. Себебі, адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп,
жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин,
таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның
энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады.
Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе
тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша
қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетикалық» болғанымен, заты оған сай емес.
Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады.
Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға» алады».
Лаура
Байқонысова,
Ұлттық
салауатты
тағамтану
орталығы
департаментінің ғылыми қызметкері: «Газдалған сусындар адам денсаулығы
үшін өте зиян. Қазір барлық балалар мен жасөспірімдер бұл сусындардың
тәттілігіне, дәміне сүйсініп ішеді. Бірақ бұл сусындардың қауіпті екенін біле
бермейді. Ол – асқазан-ішек жолдарының ауруларын (гастрит, панкриатит, ойық
жара), қатерлі ісікті тудырады. Сондай-ақ мидың қабылдағыш қасиетін төмендетеді.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
116
Кальцийдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, сүйектердің бітуіне, жетілуіне кері әсер
етеді. Кальцийдің жетіспеуінен остеопороз ауруы белең алып, сүйек сынғыш келеді.
Газдалған сусындардың құрамында қанттың мөлшері көп, ол 2-ші типті қант
диабетіне, семіздік ауруына шалдықтыратыны да белгілі. Ал, энергетикалық
сусындардың ингредиенттері адамның жүйке жүйесін ынталандыру үшін көптен
бері пайдаланылып келеді. Ол ингредиенттер, мәселен, кофеин, гуарана сынды
өсімдік заттар өздерінің сергіткіш қасиеттерімен танымал. Сондай-ақ сусын
құрамындағы аминоқышқылдар адамның жүйке жүйесіне, ал кофеин, гуарана және
женьшень қоспасы жүрек жұмысына кері әсер етеді. Таурин жүрек жұмысының
қызметін ынталандырады. Мұндай компоненттердің қосындысы жүрек пен жүйке
жүйесінің жұмысына өте қатты ықпал ететін көрінеді. Олар тахикардия, жүйке
жүйесінің, депрессия сынды жанама әсерлерді де тудырады.
Барлық энергетикалық сусындар көмірқышқыл газымен қамтамасыз етілген.
Көмірқышқыл газы адам ағзасындағы ас қорыту жүйесіне, асқазанға зиян.
Энергетикалық сусындарды артық пайдалану артериалды қан қысымының немесе
қандағы қант деңгейінің артуына алып келеді.
Энергетикалық сусындарды аяғы ауыр әйелдерге, балаларға, жасөспірімдерге,
жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын адамдарға мүлдем пайдалануға
болмайды».
Энергетикалық, газдалған сусындардың орнына төмендегі ұсынылған
сусындарын пайдалану жөн деп есептеймін және рейтингті ұсынғым келеді.
Р/с
Сусындардың атауы
Пайдалану
пайызы
1
Ыстық шай
17,4%
2
Су
14,3%
3
Газдалған сусындар
12,6
4
Салқын шай
11,6
5
Квас
9,9
6
Сыра
8,2
7
Компот және морс
7,7
8
Қымыз, шұбат
7,2
9
Табиғи шырындар
6,6
10
Лимонад
4
11
Өзге сусындар (айран, сүт, саңырауқұлақ шайы,
қолдан жасалған көже, шалап)
0,7
Денсаулық сақтау саласында адам ағзасына зиянды кез келген нәрсеге тыйым
салынады. Сол секілді елімізде соңғы бірнеше жылдың ішінде қарасы көбейген
алкогольсіз энергетикалық сусындарға да рұқсат етілмейді. Себебі медицина
мамандары мұндай сусындардың зияндылығын айтып, дабыл қағуда.
Пайдалы жақтары. Ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның
химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз
айларында жәндік, шыбын шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жеріңізге
«Кока-коланы» құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз.
«Кока-кола» тотты жақсы кетіреді, үйдегі қолданыстан шығып қалған металл
заттарды бірнеше сағат сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз, сол зат тазарып
шағады.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
117
Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезені немесе автокөліктің
саймандарын жуу кезінде жақсы нәтиже алуға болады.
«Кока-кола» сусынын тамақ дайындауға да қолдануға болады.
Ол тек қана дақты кетірмейді, иісті де жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен
бірге араластырып, киімдерді жусаңыз, нәтижесі жақсы болады.
Осындай айғақтардан кейін мен де өз тәжірибелерімді істеп, өз ойымды,
пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде көрсетіп, олармен бөлісіп отырдым.
Менің тәжірибелерім. Ғылыми жұмыспен айналысқаннан бері бірнеше
тәжірибелер жасап көрдім. Осы тәжірибелер нәтижесі туралы айтып кеткім келеді.
Тәжірибе негізінде «Кока-кола» сусынының:
- бояумен жазылған бояуды кетіргені;
- тырнақтағы лактың кетіргені;
- сүтті ірітіп кеткені;
- шәугімдегі қақтын кетуі;
- малдың қарының тазалауы анықталды.
«Кока-коланы» сусын ретінде тұтынбау керек. Осындай дәлелді
айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар деп ойладым, оған
менің тәжірбиелерім дәлел бола алады.
«Кока-коланың» зардаптарын еліміздің тұрғындарының 80 пайызы көруде.
Себебі, сусынның құрамында қан айналымын баяулататын және аққан ауруына
әкелетін жасанды бояғыштар жетерлік.
Сусынды ішсек – денсаулыққа өте зиянды екенін білдік. Елімізде Денсаулық
сақтау министірлігі жалпы газдалған сусынды мөлшерден көп ішсе, кері әсері де
артығымен болады деп ескертіп келеді. Оның көзге көрінетін дәлелі – оны көп
ішетін балалар толып, семіріп кетеді. Өйткені газдалған сусындарға балалардың бәрі
де құмар, күнде мектептен шыққан соң жолшыбай дүкенге кіріп, бір-бір газдалған
сусын алады.
Бірде-бір бала айран не лимонад немесе сүт алып ішпейді. Менің ойым – егер
кем дегенде он бала өзіміздің сүт өнімдерін күнделікті алса, басқалары да 2-3 күннен
кейін ала бастар еді деп ойлаймын.
«Кока-кола», «Пепси» сусындарын мектеп асханаларында сатуға тыйым
салынуда, өйткені менің мектебімде мұндай өнім сатылмайды.
Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені әбден
анықталған. Адамның сүйектері әлсіреп, сусамыр дертіне шалдықтыратыны да
белгілі болған.
Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау керек дер едім. Осы
«Кока-коланың» сырын ұғып, біраз мағлұмат алдым. Оның адам денсаулығына
әкелетін әсерін де білдік.
Бірақ бұл сусын барлық дүкендердің сөрелерінде толып тұрады. Оны көрген
біздер, әрине, алып ішкіміз келіп тұрады. Өйткені, сөредегі заттарды үлкендер
сатады ғой...
Әдебиеттер
1 Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Дайк Пресс, 1999.
2 Қызықты айғақтар. – 2011.
3 Ғаламтордағы ақпараттар.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
118
РЫСБЕКОВ Алим,
АМАНГЕЛЬДИНОВ Алишер,
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің
3 «Б» сынып оқушысы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚОЗЫБЕКОВА Анар Жарылкаповна,
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
БАЛ АРАСЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ
Аңдатпа. «Бал арасының адам денсаулығына пайдасы» атты тақырыбында
жазылған ғылыми жобасында бал арасы жайлы, оның түрлері, қоректенуі, көбеюі,
бал арасын сату, бал арасынан түсетін кіріс, бал арасының ауыруы, бал арасының
азайып бара жатқандығы, бал арасының уы ем екендігі, бал жинау, балдың түрлері,
балдың құрамы мен қуаты, балдың емдік қасиеті жайында айтылған. Ғылыми жоба
бірнеше тараудан тұрады.
Бұл жұмыста алға қойған мақсат – бал арасының жалпы табиғатқа, адам
баласына пайдасы мен зиянын таныту.
Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге,
байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Табиғат жәндіктерінің бірі бал арасына қызығушылығын білдіріп, олардың
қоршаған орта мен адам өміріндегі маңызын зерттеп отырған оқушының келешекте
Отанын сүйетін, білімді де білікті, табиғатты аялай білетін, жауапкершілігі жоғары
азамат болатындығына сенімдімін.
Кіріспе. Ара, үй арасы, бал арасы – жарғақ қанаттылар отрядының өкілі.
Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып
тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және
ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады.
Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл
маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ге жетеді.
Тәулігіне 2-3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде
ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы,
жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек
Аралар ғана шығады.
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3-5 жыл, кейде 10 жылға дейін
өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан
ақпанның 2-жартысынан бастайды.
Еркек Ара денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен
ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін
қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг
болады. Жұмысшы Аралар – көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар
жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың
тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды.
Жұмысшы Аралар 7-8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі
мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды.
Бал арасының бір аналығының қарамағында неше жүзге жуық ара тіршілік
етіп, бір ғана отбасын құрайды екен. Бәрі жиналып, бір аналыққа бағынады.
Аналықтың нұсқауын бұлжытпай орындайды. Аналық жәй араға қарағанда ұзақ өмір
сүреді. Қартайып, отбасын басқаруға шамасы келмеген жағдайда, ол араларды
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
119
бірлікте ұстайтын, олардың арасында үлкен мәртебеге ие жас аналықты өзі таңдап
орнына қояды. Біраз уақыт оған өзінің іс-тәжірибесін үйретеді. Отбасын басқарып
алып кететін жағдайда өз тағын түгелдей жас аналыққа тапсырады.
Бал арасының аналығы отбасы мүшелерінің ыңғайына қарап жұмыс береді. Ең
алдымен үйшігін, аналығын күзететін қарауылдарын орын-орындарына қояды.
Аналыққа кіргенше қарауылдарын екі-екіден үш есікке қояды. Әрқайсысының өз
міндеттері бар. Гүл шырынын жинауға кеткен аралар шырын әкелді ме, жоқ па, бұл
жағын мұқият қадағалайтын аралар өз алдына бір төбе. Егер біреуі жалқауланып,
шырын әкелмесе, қарауылдары басын кесіп тастайды. Осындай мықты қадағалау
болғанменен, кейде шырынсыз өтіп кететіндері аз да болса кездеседі. Ондай
жалқаулар аналықтағы шырынды тартып жеп, тез өсіп, үлкейіп кетеді.
Омарташы бал шелекті ашып, осындай арамтамақтарды дер кезінде
залалсыздандырып отырады. Қарауылдарын орындарына қойған соң барлаушылары
мен ауа-райын зерттеушілерді таңертеңнен ұяшығынан ұшырады. Олар алдымен
жақын арада күн жылы бола ма, қандай өзгерістер сезілетінін, ал барлаушылары
шамамен он шақырымдай жерлерге ұшып барып, қай жерде шырын көп, оған қалай
баруға болады, осының бәрін жақсылап тексеріп, жұмыстары аяқталған соң,
аналыққа белгі береді. Аналық осылардың тексерісінен кейін бал шырынын
жинайтын араларды бір мезгілде ұшырады. Олар шамамен он шақырымнан аса
жерлерді аралап, мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып бал жинайды.
Осындай алыстарға ұшып барса да, күн жүйесіне қарап, шыққан ұясын дәл
табады. Ауа-райы күрт өзгеріп, жауын-шашын бола қалса, жақын арадағы кез келген
бал арасының ұясына кіріп, күн ашылғанша сауғалайды. Келген қонаққа мұндағы
аралар күн ашылғанша ұясына отыруға рұқсат етеді. Күн ашылған соң қайтадан
ұясынан шығарып жібереді. Мұндай тәсіл аралар арасында жиі ұшырасады. Күн
ашықта келген араны бірден өлтіреді.
Аралардың арасында жауынгерлері де бар, олар өз шекараларын, ұясын
сыртқы-ішкі жауларынан да жақсы қорғайды. Бір қызығы, бал жиналған бөлмелерге
өзінің иесі – аналықтан басқаның кіруге рұқсаты жоқ. Аналық балды жасап,
әрқайсысының жаздайғы табысына қарай бөліп береді. Әрбір уақыт, күн мен айлар
есептеулі. Ала жаздай ерінбей жақсы еңбек еткен аралар қысы-жазы тоқ болады.
Ерте көктемнен жалқауланған аралар жақсы тұратын, ауқатты араларды көре
алмай, кейде оларға шабуылға шығып, соғыс ашады. Кім күшті, жеңіс соныкі.
Жеңілген жақ қолға түскенмен, кеудеден жаны шыққанша шайқасады. Осындай
ақылсыз мақұлықтарға Алла Тағала ерекше сезімталдық, күш-жігер, бірі үшін бәрі
жұмыла жүк көтеру, отанын қорғау, жас араларды жетілгенше бағып-баптау,
олардың жатар орнын ауыздарымен тазалап, ықтиятты ұстау, дер кезінде
тамақтандыру сияқты жұмыстарды атқаруды тамаша көрегендікпен берген. Тағы бір
айта кететін жағдай – жаздың ыстығында өзінің жұмыртқаларымен ара бейнесіне
айналып келе жатқан ұрпақтарын ыстықтан қорғау үшін қанаттарын сабалап,
желдету, суық кезде бөлмелерін жылылап, тегі болмаса, қанаттарымен қалқалап,
жылу жібереді.
Иә, гүлден-гүлге қонып жүретін кішкентай ғана араның табиғи таза
ресурстарды сақтап қана қоймай, оны көбейтуде көп рөл атқарады.
Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз
жәндік – осы ара. Олар жиналған әртүрлі өнімдерді зиянды заттардан тазартады.
Араларды жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсартуға да қолданады.
Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіре алатын да қасиетке ие. Қалай дейсіз
ғой. Аралар барлық өсімдіктерді аралап жүріп, олардың тозаңдану процесін
жақсартады. Аралар ұшқан жерде шөп бітік әрі тығыз шығады. Әртүрлі дала
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
– M n čn h ss dov n j – World of scientific research
___________________________________________________________________
120
өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналады. Ол
көктемге дейін топырақ құрамына сіңіп, құнарлылығын арттырады. Мұндай жерде
шөптің, бау-бақшаның, егіннің де бітік шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |