№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Қорытынды.  Топырақтың  адам  өмірі  үшін  пайдасы  өте  ерекше.  Топырақсыз 
адам  өмір  сүру  мүмкін  емес  және  де  оның  құнарлылығына  да  аса  берген  жөн. 
Топырақ құнарлы болса, өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың 
құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып, одан алынатын түсім де азаяды. 
Топырақтың  құрамында  тыңайтқыштың  үш  түрі  болады.  Органикалық, 
минералды  және  бактериялық  тыңайтқыштар.  Оларды  кез  келген  жерге 
пайдаланбай,  топырақта  қай  түрі  жетіспесе,  соны  пайдаланған  жөн.  Мұның  көп 
пайдасы  бар.  Топырақ  құнарлығы  деп  оның  табиғи  және  мәдени  өсімдіктердің 
қалыпты өсуі мен дамуын қамтамассыз ету қабілетін айтады. Әр табиғат зонасында 
топырақтың құнарлығы әр түрлі. 
Қара топырақ – ең құнарлы топырақ. Ол орман және орманды дала зонасында 
орналасқан.  Топырақтың  құрамы  сол  жердің  табиғатына,  яғни,  өсімдіктің,  жан-
жануарлар  дүниесіне,  күннің  түсуіне  тікелей  байланысты.  Топырақтың  құрамында 
қара шірік көп болса, ол құнарлы топырақ болып саналады. 
 
Әдебиеттер 
1 Дурасов А. М., Тазабеков Т. Т. Почвы Казахстана. 
2 Құспанов М. Топырақ, өсімдік, тыңайтқыш. 
3 Димо Н. А. Шөлейт облыстарда. 
4 Каинский Н. А. Топырақ, оның қасиеттері және тіршілік. 
5 Интернет материалдары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
106 
МЫРЗАХМЕТОВА Аида Нұрланқызы, 
«Мақтаарал» мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы, Атакент кенті, 
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КЕРІМБЕКОВА Маржан Тағайбековна, 
«Мақтаарал» мектеп-гимназиясы «Биология» пәнінің мұғалімі, Атакент кенті, 
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖЫЛДАМ ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАМАҚТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ 
 
Халықтың  денсаулығы  –  қоғамымыздың  заманауи  талаптарының  басты 
мәселесі  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  орын  алып  отырған  экономикалық 
дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. 
Сондықтан,  Қазақстан  халқының  денсаулық  жағдайын  көңіл  қынжыларлық 
жағдайда  деп  бағалауға  болады  және  соған  орай  медициналық  қызметкерлердің 
барлық  күш-жігерін,  халықтың  денсаулығын  сақтауға  жұмылдыру  қажет.  Оның 
ішінде,  кейінгі  қауым,  жас  ұрпақтың  денсаулығын  сақтап,  нығайту  –  қоғам  мен 
мемлекеттің  негізгі,  кейінге  қалдыруға  болмайтын  міндеттерінің  бірі  болып 
табылады. 
Көне заманғы қағидада бойнша: «Ас – адамның арқауы», - делінген. Өкінішке 
қарай,  біздің  замандастарымыз  өзін  дені  сау  және  сымбатты  сезіну  үшін  қалай 
тамақтану  керектігін  біле  бермейді.  Тамақтанудың  да  өзіндік  ережелері  бар  және 
оларды  ескермеуге  болмайды.  Өйткені  тамақтану  –  біздің  денсаулығымыздың 
құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. 
Өткен  ғасырдың  80-90  жж.  «Жүгіріп  жүріп  қоректену»  деп  аталатын  немесе 
«Фаст-фуд мәдениеті» бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, 
көбінесе балалар мен жасөспірімдерде «Фаст-фуд-қа» әдеттенуді туғызады. Олардың 
денсаулықтарына  үлкен  зиян  келтіретін  «гамбургерлер»,  «чипсілер»  және  «пицца» 
біздің  балаларымыздың  сүйікті  тағамдары  болып  саналады.  Артық  салмақ,  гастрит 
және жалпы әлсіздік – зиянды дағдылардың нәтижесі. 
Қазіргі  уақытта  «бигмак»,  «шаурма»,  «сэндвичтер»,  «чебуректер»,  «пицца», 
«чипсы»,  қуырылған  картоп  және  түрлі  газдалған  сусындар  көп.  Бірақ,  олардың 
сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың 
барлығы «фаст-фуд» (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай 
тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. 
«Фаст-фуд»  тағамдарын  біреулер  күнде  ішіп-жеп  жүрсе,  кейбіреулер  анда-
санда  ғана  пайдаланады.  Тамақты  үйде  асықпай  дайындауға  мүмкіндік 
болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. 
Соған  қарамастан,  кей  адамдар  еріншектігінің  салдарынан  дайын  асқа  жүгіретіні 
шындық.  Бұл  дұрыс  емес.  Әсіресе,  балаларды  кішкентай  кезінен  бастап  мұндай 
тамақтарға үйретпеген жөн. 
«Фаст-фуд»  сататын  дүкендер  әдемі  жарнамалары  арқылы  өнімдерін  төмен 
бағалармен  ұсынып,  жылдам  әзірленетінін  айтып,  тұтынушылардың  назарын 
өздеріне  аударады.  Мамандардың  айтуынша,  «фаст-фудпен»  тамақтануға  мүлдем 
болмайды.  Осындай  тағамдардың  құрамында  майлар  мен  консерванттар  көп 
болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. 
Ал  ол  несімен  қауіпті  десек,  «фаст-фуд»  тағамдарын  дайындау  барысында 
маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, 
транс  майлар  көп.  Кейбіреулер  «фаст-фудтың»  денсаулыққа  зиян  екенін  біле  тұра, 
одан бас тартпайды. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
107 
Ғалымдардың  пайымдауынша,  бұл  жағдай  адамды  психологиялық  және 
химиялық  тәуелділікке  әкеп  соқтырады.  Өйткені,  аталған  өнімдерді  жасаушылар 
оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды 
өзіне тартады екен. 
Тез  тамақтанудың  кесірінен  ас  қорыту  жолдары  қиындайды.  «Фаст-фудқа» 
үйір  жандардың  асқазан,  жүрек  аурулары,  қан  қысымы,  қант  диабеті  аурулары  күн 
өткен  сайын  үдей  түседі.  Әсіресе  өз  денсаулығына  көңіл  бөлмейтін  жастарға  обал. 
Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. 
Түрлі  елдердегі  медициналық  зерттеулердің  нәтижесі  «фаст-фуд»  өнімдерін 
күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі «гамбургер» 
немесе бір стакан «кока-кола» 1500 колорияға тең. 
Күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір 
ғана  «гамбургермен»  шектеліп  қоймайсыз  ғой.  Бұл  өнімдер  адамды  толық  тәбетін 
қанағаттандыра  алмайды,  ол  тек  аз  ғана  уақытқа  асқазанды  алдау  десе  болады. 
Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. 
Диетолог-дәрігерлер  семіздікке  апаратын  «қауіпті»  тағамдарды  атап  өтті. 
Бірінші  орында  тәтті  газды  сусындар  тұр.  Шөл  басу  үшін  емес,  қайта  шөлдетіп, 
қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен 
тыс  көп.  Үлкен-кіші  құмарланып  ішетін  бір  стакан  «коланың»  өзінде  5  шай  қасық 
қант бар, ал бір литр «колада» 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. 
Сол  сияқты  картоптан  жасалған  «чипсыларды»  бала  біткен  жақсы  көреді. 
Бұлар «пюреден» жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі 
дәмдеуіштер қосылып,  адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге, 
«сосискалар»,  пісірілген  шұжықтар,  «паштеттер»  еттен  жасалғандай  көрінгенімен, 
негізінен  жартысына  жуығы  майдан  жасалып,  түрлі  тәтті  дәмдеуіштермен 
бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-
жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. 
Иісі  мұрын  жаратын,  тез  дайындалған  тағаммен  жүрек  жалғап  алуға  үлкен-
кішінің бәрі құмар. Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. 
Тиімді  тамақтану  дегеніміз  –  құрамында  түрлі  қоректік  заттардың  толық  мөлшері 
бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. 
Жақында  американдық  ғалымдар  зерттеулер  жүргізіп,  өте  жоғары 
температурада  дайындалатын  тағамдардың  құрамынан  адамның  денсаулығына  өте 
зиянды  «акриламид»  деген  затты  тапқан.  «Шаурма»,  «донер-кебабтарға»  қоса 
«гамбургер»,  «хот-дог»,  «гриль»,  «поп-корн»,  «чипсы»,  картоптан  дасалған  «фри», 
қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы 
тағамдарды  ұзақ   күнделікті  пайдалану  салдарынан  асқазан  жарасы,  созылмалы 
гастрит,  өттің  толуы,  ұйқы  безінің  қабынуы,  жүрек-қан  тамыр  аурулары,  семіздік 
пайда  болатыны,  әсіресе  ас  қорыту  жолдарына  өте  зиян  екені  анықталған. 
Сондықтан  қалың  көпшілікке  көшеде  даярланатын  тағамдарды  өте  абайлап  жеген 
дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан...» деген халық сөзі бекер айтылмаған. 
Денсаулығымызды сақтай білейік замандастар! 
Қым-қуыт  тіршілікке  әбден  үйреніп  алған  қала  тұрғындары  үшін  тез 
дайындалатын  «пицца»  – таптырмас тағам. Алайда  «пицца» да ағзаға зиянды екен. 
Лондонда  «пиццаның»  199  түрін  сараптан  өткізген  дәрігерлер  осындай  шешімге 
келді.  Сөйтсе,  мейрамханаларда  ұсынылатын  «пиццалардағы»  тұз  екі  жарым  есеге 
көп боп шықты. 
«Пиццадағы»  қауіпті  майдың  үлесі  84  пайызды  құрайды  екен.  Бұл  қалыпты 
мөлшерден  әлдеқайда  көп.  Қауіпті  май  артық  салмақты  көбейтіп  қана  қоймайды, 
инсульт пен инфаркт сияқты жүрек дертіне де жол ашады деген пайымда дәрігерлер. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
108 
Ал  Лондон  университетінің  профессоры  Грэма  Макгрегордың  айтуынша, 
қазіргі таңда тамақ өндірісінде күнделікті тағамдарға тұз мөлшерден көп қосылады. 
Бұл  өз  кезегінде  тағамның  дәмдік  сапасын  арттыру  үшін  жасалатын  қадам. 
«Маргарита»  сынды  «пиццаның»  құрамында  тұздың  мөлшері  екі  есе  көп  көрінеді. 
Тұтынушылар  дүкендегі  һәм  мейрамханалардағы  «пиццаның»  дәмі  көңілден 
шықпайтынын айтып, дабыл қаққан. 
Лондондық  дәрігерлер  жылдам  дайындалатын  тағамдарды  қатаң  бақылау 
қажеттігін  алға  тартты.  Десек  те,  мейрамхана  басшылары  бұл  уәжге  өз 
қарсылықтарын білдірді.  «Пицца» сатып, пайдаға кенелген кәсіпкерлер тағамда тұз 
бен  майдың  мөлшерден  тыс  көп  болуы  –  оның  дәстүрлі  дауындалу  тізбегі  екенін 
айтады. 
Соңғы кездері жылдам дайындалатын тағам түрлері біздің елімізде де көбейіп 
барады. Қалаларымыздың әр бұрышында  «пицца»,  «донер» сияқты тағамдарды жиі 
ұшыратасыз.  Америкалықтардың  артық  салмақ  жинауына  осындай  тағамдар  әсер 
ететінін  ескерген  де  жөн  шығар.  Ал  «пиццаның»  түрлі  жүрек  ауруына  пайда 
болуына сеп боларын негізгі алсақ, онда лондондық дәрігерлерге бір сәт құлақ түріп, 
жылдам дайындалатын тағамдарға шектеу қойған дұрыс шығар. 
Гастроэнтолог  дәрігерлердің  есебінше  жыл  басынан  бері  асқазан,  ішек 
ауруларымен  120-дан  астам  адам  келіп  түскен.  Тез  тамақтанудың  кесірінен  ас 
қорыту жолдары қиындайды. «Фаст-фудқа» үйір жандардың асқазан жүрек аурулары 
қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. 
Соңғы  жылдары  мамандар  тарапынан  көп  талқыға  түсіп,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  жиі  көрініп  жүрген  басты  экологиялық  мәселелердің  бірі  – 
адамдардың  дұрыс  тамақтанбауы.  Жүріп  бара  жатып  жүрек  жалғайтын  жылдам 
дайындалатын тамақ түрлері бүгінде жетіп артылады. 
Алайда, сырт көзге аты да заты да жағымды «Фаст-фуд» деп айдарлатып айтып 
жүрген  «гамбургер»,  «хот-дог»,  бұқтырылған  шұжық,  тез  әзірленетін  лапша, 
«сэндвич», «пицца» және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз 
қауіп.  Бірақ  мұны  бәріміз  білеміз.  Біле  тұра  істейміз.  Бұл  үшін  кінәні 
«Макдональдс»,  «Бегемот»  сияқты  жеңіл  тамақтану  орталықтарынан  іздейміз  бе, 
әлде химиялық технологияның дамуынан көреміз бе?! 
Адамдардың  мұндай  тағамдарды  қолдануы  олардың  тамақ  әзірлеуге 
уақыттарының  жетіспеуімен  қатар,  оны  тез-тез  жеу  қажеттілігінен  туған.  Оның 
үстіне  арзан,  тез  дайындалатын,  әрі  түрлі  дәмдеуіштер  қосылған  дәмді  асты 
тұтынудан кім бас тартсын? 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  бүгінде  адамзатты  өлімге  әкеліп 
соқтыратын  факторлардың  60  пайызы  –  сапасы  нашар,  қауіпті  азық-түліктен 
дайындалған  тағамдар  деп  тұжырымдап  отыр.  Мұндай  тамақтарда  ағзаға  тікелей 
әсер  ететін  улы  заттар  болмаса  да,  олардың  құрамындағы  кейбір  зиянды  нәрселер, 
ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. 
Қазір  АҚШ-тың  кейбір  телеарналарында  дәрігерлер  ұйымының  сұранысымен 
антимакдональдік  жарнамалық  роликтер  көрсетіліп  жүр.  Себебі  ел  тұрғындарының 
61 пайызы артық салмақтан емес семіздіктен жапа шегеді. 
Канадалық  ғалымдар  «фаст-фудтың»  адам  психикасына  да  үлкен  әсері  бар 
екенін  анықтаған.  «Ps cho og c    Sc  nc »  журналының  мәліметіне  қарағанда  тез 
әзірленетін тағамдармен тамақтанатын адамдар  уақыт өте шыдамсыз болып келеді. 
Тез тамақтану – басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық 
тұсынан көрініс табады. 
Мұндай  астан  бас  тартудың  миллион  себептері  бар.  Төменде  солардың 
бірнешеуін ұсынамын. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
109 
Артық салмақ қосқыңыз келе ме?  Бір  орташа  «гамбургер»,  «фри»  картоптары 
және жарты литр кола – 1500 ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның 
бір  күнгі  кабылдайтын  мөлшері.  Ал  бір  күнде  сіз  осыларды  ғана  жеумен 
шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн 
бойы Нью-Йорк қаласының  «фаст-фуд» орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі 
салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның 
көңіл күйіне тікелей әсер етеді. 
Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, «фаст-фудқа» жоқ деңіз! 
Денсаулығыңызды  қатерге  тіккіңіз  келе  ме?  Әдетте  «фаст-фуд»  жегеннен  ең 
алдымен  ас  қорыту  нашарлайды.  Созылмалы  тұмау,  сіркесі  су  көтермейтін 
ашушаңдық,  аллергиялық  аурулар,  еркектік  қабілеттің  нашарлауы,  бедеулік, 
инфаркт,  инсульт,  қатерлі  ісік  тағы  басқа  түрлі  сырқаттардың  бәріне  тамақ 
құрамындағы зиянды нәрселер себепші. 
Көп  ақша  жұмсағыңыз  келе  ме?  Сіз  мұнымен  келіспеуіңіз  мүмкін,  себебі 
сүйікті  «Макдональдста»  500  теңгеге  тамақтануға  болады.  Ал  енді  бір  айда  жеңіл 
асқа  қанша  ақша  жарататыныңызды  есептеңіз.  Осыған  «фаст-фуд»  әсерінен  пайда 
болған  шаш  пен  теріңіздің  зақымдарын  жасыру  мақсатында  сән  салондарына 
жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. 
Ал  егер  мұндай  асты  әлі  де  қолдана  беремін  десеңіз,  онда  болашақта 
денсаулығыңызға  байланысты  медициналық  орталықтарға  кететін  ақша  мөлшерін 
тағы  қосыңыз.  Жаңа  сатып  алатын  киімдеріңіз  жайлы  тіпті  айтпаймын,  себебі 
бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. 
Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын дейсіз бе? Бүгінде тез даярланатын 
өнімдер  үлкен  адамдармен  қатар  мектеп  жасындағы  балалар  арасында  да  танымал. 
Әсіресе  «чипстер»,  кептірілген  нан  («сухарики»)  олардың  сүйікті  тағамдарына 
айналған. 
Шведтік  ғалымдардың  айтуынша,  бұл  тағамдар  акрималид  сияқты  қауіпті 
концорогендерге  бай.  Акриламид  –  адамның  жүйке  жүйесін  бұзатын,  генетикалық 
мутацияға  ұшырататын  ақ  немесе  тұссіз  суда  еритін  зат.  Ол  көмірсуға  бай 
тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1 келі «чипстың» құрамында 2000 микрограмм 
акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. 
Ал  газдалған  сусындарды  күнделікті  пайдалану  адам  ағзасында  кальцийдің 
азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. 
Олардың  бірі  –  остеопороз.  Бұрынырақ  бұл  аурумен  60  жастағы  карт  адамдар 
ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. 
Балаларыңыздың  шамадан  тыс  шыдамсыздығы  мен  жүйкелерінің  тез 
жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! 
Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған 
сүт,  айран,  құрт,  май  сияқты  өнімдерді  қолданып,  төл  сусынымыз  шұбат,  қымыз 
ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі. Мысалы, қойдың еті  – 
жылу  мен  әл-ауқатты,  асқа  тәбетті  арттырады,  жылқының  еті  –  іріңді  тоқтатып, 
бүйрек пен белді желден тазартса, сиырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде 
жақсы көмектесіп, асқазан, бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады екен. 
Бұл  қасиеттер  «гамбургер»  арасына  салынған  еттің  қызметтерінен  мүлдем 
бөлек.  Ал  сары  май,  жұлын  мен  іш  май  ішкі  ағзаны  жұмсартса,  сүр  май  ақылынан 
адасқан,  есінен  айрылған,  танған  адамдарға  көмектеседі.  Шыжғырылған  май  ойды 
өткірлейді,  жадты  кеңейтеді,  жылу  мен   күш-қуат  береді,  өмірді  ұзартады.  Табиғи 
таза тағамдардың арқасында біздің тектілігіміз артып отырды. 
Міне,  содан  кейін  біз  қуатты  ел  болдық.  Егер  ұлттық  тағамдарымызды 
өгейсітіп, шеттен келген зиянды асқа әуестенуімізді қоймасақ, күні ертең бақа-шаян, 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
110 
құрт-құмырсқаға  айналарымыз  хақ.  Бұл  –  теңіздің  тамшысындай  ғана  себептері. 
Өзгесін айтпасаң да белгілі. 
Заманауи  жедел  астың  зиянын  айтқанмен,  өз  тәжірибеңде  көрмей  оған  сене 
қою  қиын.  Ал  «фаст-фудты»  әлемде  миллиондаған  халық  қолданады:  әр  түрлі  ұлт 
өкілдері, әр жастағы адамдар, әлеуметтік сатысына қарай да түрлі адамдар. Барлығы 
да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. 
Ал  оның  орасан  зияны  жайлы  айтатын  ешкім  жоқ.  Тіпті  тұмаумен  ауырып, 
артритке  шалдығып,  үлкен  күйзеліске  ұшырап  жатса  да,  оны  өзі  тұтынған  аспен 
байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі  «ауру  – астан» немесе  «өз ауруыңды 
табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем 
қасіретіне  айналған  ЖИТС-тен  немесе  қоғамда  орын  алған  халықаралық  өзекті 
мәселелерден  кем  түспейді.  Мұның  себебі  адамды  ішінен  улайтын  «фаст-фуд» 
өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. 
Әрине,  бұл  –  өте  тиімді  бизнес  жол.  Өнімдерін  тегін  таратып,  халықты  өзіне 
тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп, ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді 
табыс  көзі.  Өзгені  ойламақ  түгілі,  өз  қара  басының  қамы  мен  қалтасының 
қалыңдығын  ойлаған  бизнесмендер  әлемнің  айықпас  дертке  шалдыққанын 
байқайтын қауқары да жоқ. 
Бұл,  әсіресе,  демографиялық  өсім  жағынан  кенжелеп  келе  жатқан  Қазақстан 
үшін  тағы  бір  кедергі  десе  артық  болмас.  Егемендігін  алып,  нық  баса  бастаған 
еліміздің  аяғынан  шалған  тағдырдың  тағы  бір  сыны.  Әйтпесе  бұрын-соңды  суға 
дейін талғап ішетін текті халқымыздың дүдәмәл азықпен қоректенбегені   бесенеден 
белгілі. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  жеңіл  әрі  тез  дайырланатын  тамақтардан  адам  азғасына 
келер ешқандай пайда жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
111 
ОЛЖАС Ахмедияр Русланұлы, 
«Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 «А» сынып оқушысы, 
Қаспан ауылы, Кербұлақ ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АБДИХАДИРОВА Рыскуль Қожабергенқызы, 
«Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Биология және химия» 
пәндерінің мұғалімі, Қаспан ауылы, Кербұлақ ауданы, 
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
  
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫНДАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ 
 
Пікір.  Зерттеу  жұмысында  орындаушы  оқушы  өз  бойындағы  дарындылықты 
жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген. 
Ахмедиярға бұл жұмысты таңдауға себеп – «Кока-коланың» зияны туралы көп 
әңгімелерді  естіп,  осы  тақырыпты  терең  білуге  шешім  қабылдады.  Ол  одан  әрі 
тереңдете  білгісі  келіп,  қандай  да  бір  деректер  тауып,  тәжірибелер  жасау  арқылы 
осындай нәтиже мен қорытындылар жасап отыр. 
Зерттеу  кезінде  Ахмедияр  жасы  кішкентай  болуы және  ақпараттар  іздеу 
кезінде қиындықтар болды. Соған қарамастан, Ахмедияр алдына қойған мақсатына 
жетті  деп  ойлаймын.  Ол  өз  пікірін  ашық  айтуға,  еркін  ойын  жеткізуге,  қойылған 
сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды. 
Болашақта  Ахмедияр  өзін-өзі  танытатындығына  мен  сеніммен  қараймын. 
Өйткені ол барлық сабақтарды қызығушылықпен, ынтасымен орындайды. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  энергетикалық  сусындардың  адам  ағзасына 
зиян  екенін  дәлелдеп,  достар  мен  құрбыларға  оны  сусын  ретінде  ішпеу  керектігін 
насихаттау, оны ғылыми ізденіс арқылы анықтау. 
Зерттеу жұмысының міндеттері: 
- «Кока-кола» сусынының құрамын анықтау; 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
112 
- «D    » сусынының құрамын анықтау; 
- Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсету
- Спорттық энергетикалық сусындарды пайдалануы; 
- Сусынды шаруашылыққа қалай пайдалануға болатынын зерттеу. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет