№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Бал арасының түрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал 
жинау  мен  гүлденген  дақылдардың  өнімділігін  арттыру  үшін  ең  көп  тараған 
ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс. 
Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. 
Қазақстанда  Іле  Алатауының  етегінде  Араның  антофора  деген  түрі  дара 
тіршілік етеді. 
Ортаресейлік  аралар.  Ірі  болады,  салмағы  110  мг  жетеді.  Тұмсығы  қысқа  – 
6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. 
Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. 
Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері ортаресейліктен кіші, бірақ 
кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, 
тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. 
Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 
6,7  мм  дейін.  Бұл  аралар  да  бейбітсүйгіш,  тыныш.  Қысқа  төзімділігі  орташа. 
Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. 
Бал  арасының  үш  тобы.  Ара  –  ара  патшасы,  еркек  ара,  жұмысшы  ара  деп 
үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және 
жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш 
жай,  екі  күрделі  көзі  болады.  Аузы  үлкен,  бал  жинауға  қолайлы,  кеуде  жағы  үш 
буынды,  орта  буыны  үлкен  келеді.  Екі  жұп  жарғақ  қанаты  бар.  Үш  жұп  аяғының 
тозаң  жинайтын  себеті  болады.  Қарын  жағы  дөңгеленген  конус  тәрізді,  сауыр 
жағында  қара  сары  түсті  1-4-ке  дейін  келген  қара  белдеулер  бар.  Құйрығында 
үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. 
Бауыр  жағында  төрт  түп  балауыз  пластинкасының  ішіндегі  балауыз  безі 
балауыз бөліп шығарады. 
Қоректенуі. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі – гүл шырыны (гүлдің арнайы 
мүшелерінен  бөлінетін  тәтті  сұйықтық).  Аралар  өздері  жемін  тауып,  қысқы  азық 
қорларын  өздері  әзірлейді.  Олар  жемді  өңдейді,  өсімдік  шырынын  балға,  ал  гүл 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
121 
тозаңдарын  балтозаңға,  яғни  ұзақ  мерзімге  сақтауға  болатын  және  ара  ағзасымен 
жақсы игерілетін өнімге айналдырады. 
Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы 
қосылған  суға  араласқан  құрғақ  қант)  азықтандыру  қажет.  Олар  қорек  ретінде 
өлекселерді, мал етін немесе олардың жемдерін пайдаланбайды. 
 
Көбейту.  Бал  аралардың  көбеюі  екі  түрлі  жолмен  болады:  шағылысу  және 
аралардың  үйірлену  жолымен  (бұл  ара  отбасыларын  жеке  жайғастыру  жолымен 
аналық отбасын аралардың жартысынан бөлу – роя болып табылады). 
Аналық – бір өзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін  3-4 күн 
өткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне 
2-3  мыңға  дейін  жұмыртқа  салады.  Аналығы  30  күн  бойы  шағылысу  қабілетін 
сақтайды. 
Үйірлесуге  дайындалу  барысында  аралардың  отбасы  кәріздер  құрылысын 
тоқтатады,  бірден  шырын  мен  тозаң  жинауды  төмендетеді.  Аналықтың  алмасуы 
отбасының  үйірлесуі  үшін  ынталандыру  бола  алады.  Бұл  жаздың  ортасында,  бал 
өсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін. 
Үйірлесу  2-ден  6  аптаға  дейін  жалғасады.  Жаңадан  жарып  шыққан  араның 
жұмсақ  хитинді  сүйегі  болады,  денесін  жүн  жауып  тұрады,  сондықтан  түрі  ұлпаға 
ұқсайды. Алғашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен – аналық сүтімен 
тамақтанады.  Үш  тәулік  өткеннен  кейін  асыраушы  аралар  жұмыс  істейтін  және 
жалқау  аралардың  личинкаларын  көмірқышқыл  жемімен  –  бал  мен  балтозаңның 
араласқан  түрімен  қоректендіреді.  Нәтижесінде  үш  тәуліктің  ішінде  (3  күннен  5 
күндік  жасқа  дейін)  аналық  личинканың  таза  салмағы  26  есеге  дейін  өседі 
(жұмысшы аранікі – 6 есе, жалқаудікі – 3 есе). 
Неден  бастау  керек?  Омарта  орналастыратын  жерді  таңдаудан  (ара  ұясымен 
бірге  бірнеше  омарталар)  және  қажетті  құрал-жабдық  алудан  бастау  керек. 
Омартаны  ұйымдастыру  үшін  құрғақ  жерде  орналасқан,  желден  жақсы  қорғалған 
шағын  жер  учаскесі  қажет.  Сонымен  қатар  оның  маңында  орман,  бақша,  балды 
өсімдіктер өсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да 
үлкен  мәнге  ие,  оның  сапасы  күшті,  жұмысқа  қабілетті  аралардың  тобын  құруға 
және омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
122 
Құрылғылар мен технологиялар. Ең алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине, 
тәжірибесі мол омарташылардың өздерінің ағаш өңдейтін құралдары бар және олар 
омартаны өздері жонып жасай алады. 
Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді. 
Омартаның  бұрын  қолданылғанын  әрі  онша  тозбағанын  алу  керек.  Бұл  олардың 
кемшіліксіз  болатынын  білдіреді  және  сізге  де  оны  түзету  үшін  қолыңызға  балға 
алудың қажеті  болмайды. Бірақ  бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі өте 
қолайлы  болып  табылады.  Ондай  омарталарды  1 500-2  000  теңгеге  сатып  алуға 
болады. 
Бірақ бір ғана ара отбасын асырау – «бұл бизнес емес». Күзде өнімді сату үшін 
ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да 
көп  болса  болады,  бірақ  тәжірибе  болмағандықтан  сіз  үлкен  омартаға  қарау 
барысында  проблемаларға  ұрынуыңыз  мүмкін).  Сондықтан  да  5  омарта  сатып 
алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады. 
Құрал-жабдықтар.  Сізге  бетжақ  перде,  мұржа  және  ең  керегі  омарташы 
қашауын  алу  керек,  онсыз  омартаға  жақындай  алмайсыз.  Сонымен  қатар,  ашық 
түсті,  түксіз  киім  керек,  араларды  ұйпау  үшін  щетка  (қаздың  қанаты)  және 
қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек. 
Сату. Балдан басқа жанама өнімдерді  сатумен де айналысуға болады: аналық 
сүтті,  балауызды,  тозаңды.  Дегенмен,  омарта  шаруашылығының  негізгі  табыс  көзі 
(шамамен 80%) – бал сату. 
Сіз  балды  өз  туыстарыңызға,  достарыңызға  сата  аласыз,  базарға,  дүкенге 
өткізуге де болады және т.б. 
Енді  кірістер  туралы.  Бүгінгі  күні  балдың  литрі  1 000-1  200  теңге  (өңіріне 
сәйкес) тұрады. Орта есеппен алғанда бір ара отбасынан шамамен бір маусымда 30 
кг  сатуға  арналған  бал  алуға  болады,  бұны  қарапайым  есепке  салу  үшін  литрге 
айналдырайық, шамамен – 20 л. Сонымен, 20 л х 1 000 теңге х 5 отбасы = 100 000 
теңге. 
Балдан басқа балауызды, ара желімін, гүл тозаңын, ара уын сатуға болады, яғни 
кірістер бұдан да жоғары болуы мүмкін. 
Бал  арасының  ұясы.  Аралар  тобы  бал  жинау  үшін  әуелі  ұясын  сайлайды. 
Ғалымдардың  айтуынша,  мұндай  қара  жұмыспен  тек  қана  жұмысшы  аралар 
айналысатын көрінеді. Ал бал жинаумен айналысатындары – басқалар. 
Зер  салып  қарасаңыз,  бал  құйылатын  ұя  жасушаларының  алты  бұрышты 
екендігін  және  әрбір  қабырғасы  мен  бұрыштарының  өлшемі  бір-бірімен  керемет 
үйлесімділікпен дәл келетінін байқайсыз. Бейне бір түзу, сызық бойына сызғышпен 
өлшей  отырып,  әдейі  орналастырғандай  дәлдікпен  жасалған.  Осы  жерде:  «Ол  неге 
үш,  төрт  не  болмаса  жеті,  сегіз  бұрыш  емес,  дәл  алты  бұрыш?»  -  деген  сауал 
туындауы мүмкін. 
Ғалымдардың  дәлелдеуінше,  тегіс  кеңістікте  ұя  тор  жасушаларын  бір-бірімен 
үйлесімді  жалғастықпен,  арасында  қуыс  қалдырмастан  әрі  дөңгелете  орналастыру 
ісінде алты бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» өнері мүмкін 
емес. 
Қолыңызға  қалам  алып,  өзіңіз  де  жайлап  сызып  қарасаңыз,  алты  бұрыштың 
әрбір  қабырғасының  келесі  алты  бұрыштық  кескіндемеге  жалғасуға  өз-өзінен 
сұранып  тұрғанын  байқайсыз.  Яғни  алғашқы  алты  бұрыш  пен  келесі  алты  бұрыш 
арасында ине шаншар жер қалмайды екен. 
Бұлар шеттерінен керемет құрылыс инженері.  Алты бұрышты, бір миллиметр 
қателеспей,  түп-түзу  етіп  пішіп,  бал  ұяшықтарын  жасайды.  Аралар  не  үшін  алты 
бұрышты  ұяшық  жасайды,  бұған  жұмсалатын  құрылыс  материалдары  да  өте  аз  әрі 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
123 
үнемді, жылы, бал сақтау сыйымдылығы да көлемді. Алты бұрышты біркелкі алтыға 
бөліп, ортасында кездесетін алаңдарын да бірдей етіп өрнектеп, тоқып шығады екен. 
Бұл балауыз қабырғалар – мүлдем ауа өткізбейтін қасиетке ие. Атап айтқанда, 
аралар  ондай  болашақ  ұрпақтары  жайғасқан  торлардың  бетін  гүлдің  тозаңы 
араласқан  балауызбен  жабатын  көрінеді.  Сонда  ғана  личинка-құрттарға  ауа  барып 
тұрады екен. Олай болмаған жағдайда, яғни ұрығын жая алмаған аралар жер бетінен 
баяғыда-ақ жойылып кеткен болар еді. 
Бал  толық  әзір  болғанша,  аянбай  еңбек  еткен  ара  ең  соңында  балға  толы 
ұяларын  өз  ағзасынан  бөлінетін  балауызбен  бекітіп  тастайтын  көрінеді.  Тек 
ұрықтары  орналастырылған  торлардың  «есігін»  ғана  өзі  тасып  әкелген  гүл 
тозаңдары  (орысша  –  «пыльце»)  мен  әлгі  балауызды  араластыра  отырып  бекітеді 
екен. Аталған тозаңдардың ауа өткізгіштік қасиеті – жоғары. 
Жұмысшы аралардың алдыңғы аяқтарында тарақ іспетті  «сыпырғыштар» бар. 
Оныменен әуелі гүл тозаңын тазалап, содан кейін таза тозаңды жинап, артқы аяқта 
орналасқан  «қоржынға»  салатын  көрінеді.  Ара  өз  ұясына  қарай  ұшқан  кезде  әлгі 
тозаңдар шашылып қалмас үшін, ол «қоржындарды» артқы аяқтың жоғарғы, сыртқы 
жақтарына,  шұңқыр  ретінде  орналастырған  екен.  Аралардың  ұрықтану  үдерісі  де 
таза ауада, ұшу кезінде жүзеге асатын көрінеді. Кәрі араларға қарағанда, жас аралар 
еңбекке  ықтиятты,  ұқыпты.  Олар  бөлетін  бал  да  –  әрі  тәтті,  әрі  пайдалы.  Күннің 
жылысында таң атқаннан күн батқанға дейін тынбастан еңбек ететін аралар қауымы 
суық  түскеннен  кейін,  жаз  бойы  жинаған  балдарын  қорек  етіп,  жылы  көктемнің 
келуін күтеді. 
 
Аралар  да  ауырады.  Омарталардың  ветеринарлық-санитарлық  жағдайын 
тұрақты  ұстап  тұру  үшін  көшпелі  дүңгіршектер  гигиеналық  және  дезинфекциялау 
(сутегі  тотығы,  т.б.)  заттарымен,  арнайы  дезинфекциялау  орнымен,  омарташылар 
жуынатын  бөлме  және  қолданылған  суға  арналған  жабық  шұңқырлармен 
жабдықталуы тиіс. Стационарлық омарталарда бал салатын бос ыдыстар сақтайтын 
және  омарташы  құралдарын  дезинфекциялайтын  арнайы  ғимарат  болуы  шарт. 
Өйткені  қолданылатын  барлық  құрал-жабдықтарға  дезинфекция  жүргізіліп  отыруы 
керек. Дезинфекциядан өткізілген заттар арнайы бөлмеде сақталады. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
124 
Омартада  таза  және  ас  тұзының  0,01  пайыздық  ерітіндісі  қосылған  араларды 
суғаратын  ыдыстар  болады.  Жарамсыз  болған  кәрездер  балауызға  тұщытылады. 
Осындай кешенді ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар атқарылуы тиіс. Омартадағы 
ара ұяларынан алынған бал мен балауыз тек «аурудан таза» деген аудандық, қалалық 
ветеринарлық  инспектордың  анықтамасынан  кейін  сатуға  шығарылады.  Ал 
кондитерлік  өндірісте  техникалық  жоғары  температурадан  өңделгеннен  кейін  ғана 
қолданылады.  Қысқы  уақытқа  дүңгіршектер  азық  қорымен  толықтырып,  тұқым-
құрттардың негізгі бөлігі шығарылғаннан кейін ұяларды жинайды. 
Бал  арасы  тұқым-құрттардан  босаған  кәрездерді  ұядан  өздері  шығарып 
тастайды.  Салқын  түскеннен  кейін  ара  үйшіктері  тағы  да  тексеріліп,  олардың 
орналасуы  реттеледі.  Бал  арасының  жаппай  ауырып,  эпидемияға  ұшырамасы  үшін 
осындай алдын алу шараларын жүргізіп отыру керек. 
Омарташылардың  барлығы  жаппай  жайылымға  шыққан  кезде  бал  аралары 
ауруларының алдын алу, емдеу, бал араларының зиянкестерімен күресу жұмыстарын 
жүргізу керек. 
Бал аралары азайып барады. «Жер шарындағы соңғы ара өлгеннен соң төрт 
жылдан  кейін  адамзат  та  ажал  құшады».  Бұл  –  әйгілі  Альберт  Эйнштейннің 
тұжырымдамасы. 
Ия, соңғы жылдары аралардың азаюы әдеттегісінен 10-15 пайыз жоғары екенін 
айтып, әлемдегі ғалымдар да дабыл қағып жатыр. 
Қазір  елуге  жетер-жетпес  шаруашылық  қалыпты.  Бал  арасын  өсірумен 
айналысатындар жыл өткен сайын осылайша күрт азайып барады. Енді бір санаулы 
жылда  он  шаруашылық  қала  ма,  қалмай  ма,  ол  жағы  белгісіз.  Енді  бұл 
шаруашылыққа  мемлекеттік  деңгейде  қолдау  көрсетіп,  көңіл  бөлмесе,  қолға  ұстап 
отырған баға жетпес байлықтан айрылып қалуымыз оп-оңай. 
Мамандардың түсіндіруінше, бірінші себеп – омарташылардың дені көрші елге 
көшіп  кетуінен  болса,  екінші  себеп  –  біздің  өңірімізде  ара  балы  азықтанатын 
өсімдіктердің қатары сиреп кеткен. 
Бұрын  құрамында  балы  көп  өсімдіктер  арнайы  себілетін.  Мұндай  өсімдіктер 
тек бал арасының азығы ғана болмайды, аралар ұшып-қонып, тозаңдандырғанда ол 
өсімдіктердің  өнімділігі  артады.  Топырақтың  құнарын  байытады.  Ондай  алқапты 
сосын кез келген бағыттағы шаруашылық мақсатқа пайдалануға болар еді. 
Бүгінде  керісінше,  алқаптарға  улы  химикаттар  көп  себіледі.  Азғантай  егінді 
зиянкестерден  қорғау  үшін  тонналап  улы  химикат  себеді.  Бұдан  табиғат  өлшеусіз 
зиян  шегіп  жатыр.  Басқасын  айтпағанда,  бал  өндірісі  төмендеді.  Аралар  бір-бірлеп 
емес, отбасы болып қырылып жатыр. 
Мұндай жағдай әлемде де байқалып отыр. Мәселен, Батыс Еуропаның бірқатар 
елдерінде аралар түгелге жуық жойылып кеткен. Осындай жағдайларды ескеріп, біз 
енді  кешіктірмей,  аралардың  жойылып  кетпеуі  үшін  қажетті  шараларды  қолға 
алуымыз керек. 
Бал  арасының  уы  –  ем.  Адамдарды  өздерін  ара  уымен  әр  түрлі  аурулардан 
емдеуді  қолға  алу  тарихы  бізді  есте  жоқ  ескі  замандарға  жетелеп  алып  барады. 
Мәселен, Мысырда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда апитерапия (ара уымен емделуді 
медицинада  осылай  атайды,  араның  уын  «апитоксин»  дейді)  ежелгі  дәуірлерде 
белгілі болған. 
Бізге әдебиеттерден мәлім, Ұлы Карл мен Иван Грозный өздерін араға талатып, 
подагра деген аурудан айыққан. Халықтық медицинада ара уымен емделу барынша 
қарапайым  тәсілдермен  жасалған.  Ал,  омарташылар  арасында  ревматизммен  және 
подаграмен ауыратындар мүлдем дерлік кездеспейді екен. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
125 
Бал  арасы  уымен  емделудің  бірінші  насихаттайтындар  да  осы  омарташылар 
болған.  Ресейде  XIX  ғасырдан  бастап  ара  уымен  емделу  ісі  дәрігерлердің  назарын 
аударған.  1864  жылы  Петербургтегі  орман  академиясының  профессоры  М.И. 
Любарский  ревматизм,  подагра,  бастың  сақинасы  секілді  көптеген  сырқаттарды 
жазудағы ара уының рөлі туралы мақала жазған. 
1988  жылы  австриялық  дәрігер  Филипп  Терч  арамен  шақтырғаннан  кейін 
неврология, ревматизм сынды бірқатар кеселдерді жазып шығудағы оң нәтижелерді 
жариялады.  Ал  ара  уының  химиялық  және  фармакологиялық  жағынан  алғаш  рет 
зерттеуді Прага университетінің профессоры Лапгер 1897 жылы қолға алды. Ол 1915 
жылы бірінші рет ара уының перепаратын жасап шығарды. Ресейде бұл бастаманы 
дәрігер  Л.В.  Любарский  жалғастырса,  кеңес  заманында  М.Б.  Кроль  одан  әрі 
дамытты. 
Адам  аяғы  сынып,  дұрыс  бітпегеннің  әсерінен  аяқ  сүйегі  қысқарып,  ракка 
айналғанда бірінші күні бір арадан бастап күніне көбейтіп отырып, он бірінші күні 
он  арадан  қайтадан  азайтып,  бір  араға  дейін  апарып,  бір  ай  дем  алып,  қайта 
жалғастыру керек екен, сонда қатерлі ісік ауруынан да жазылады екен. 
Бірақ, араның уы емдік мақсатта талай ғасырдан бері қолданып келе жатқанына 
қарамастан,  ғылыми  медицинада  ол  әлі  күнге  дейін  өзінің  лайықты  орнын  алып 
отырған жоқ. Белгілі бір жағдайда бұл ара уын жұрттың бәрі бірдей көтере бермеуі 
де  мүмкін.  Тіпті  ірі  аналық  аралар  шақса,  оның  уы  адамды  өлтіріп  жіберетін  де 
жағдайлары ұшырасады. 
Бал  арасынан  не  алынады?  Ара  ұясынан  емдік,  тағамдық  қасиеті  бар  бал 
алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және 
ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. 
Ара  балы.  Жұмысшы  бал  арасының  гүлді  өсімдіктердің  шырынынан  өңдеп 
шығаратын  өнімі  –  қоймалжың,  тәтті  сұйықты  бал  деп  атайды.  Ара  балы,  бал  – 
жоғары  калориялы  диеталық  тағам.  Жұмысшы  бал  арасының  гүлді  өсімдіктердің 
шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті  сұйық. 
Аралардың  ішінде  бал  жинауға  тек  ерекше  балауыз  бездері  бар,  «жұмысшы» 
аралар  ғана  қатысады.  Ара  өзінің  «бал  сауытына»  (артқы  екі  аяғында  болатын 
арнайы  қуыс)  өз  салмағының  жартысындай  шірне  (нектар)  жинай  алады.  Олар 
жинаған  шірнесін  ұядағы  жас  араға  қалдырып,  қайтадан  ұшып  кетеді.  Жас  аралар 
шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. 
Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. 
Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал 
ұзақ сақталады. Араның бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне 
және  оның  омартаға  қашықтығына,  шірненің  бөліну  дәрежесіне  байланысты.  Бір 
маусымда ара ұясы 100-200 кг бал жинайды. 
Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан 
оны  үш  кезеңге  бөлуге  болады.  Көктемгі  жинау  –  өсімдіктің  алғашқы  гүлдеу 
кезеңінде  басталады.  Ерте  көктемде,  тал,  үйеңкі,  алма,  алмұрт  ағаштары  гүлдеген 
кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5-6 кг) бал жинайды. Көктемде жиналған 
балдың сапасы өте жоғары болады. 
Жазғы  жинау  2-3  аптаға  созылады.  Бұл  кезде  бал  (күніне  6-7  кг),  негізінен, 
жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында 
гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. 
Ең  көп  бал  –  қарақұмықтан  жиналады.  Қарақұмық  бір  айдан  артық  гүлдеп 
тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50-60 кг-
ға дейін бал жинай алады. Күзде аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3-4 
кг) жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
126 
 
Балдың құрамы мен қуаты. Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған 
өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және 
балдың түрлеріне тығыз байланысты. 
Бал  –  қуаты  жоғары  тамақтық  азық.  Оның  1  кг-ы  3250  кал.  қуат  береді.  Гүл 
балының  құрамында  12-13  пайыз  су,  0,4  пайыз  белок,  0,3  пайыз  күл,  көмір  сутегі, 
глюкоза,  жүзім  қанты,  сахороза,  мальтоза,  т.б.  бар.  Және  де  В3,  В5,  А,  С,  Н,  Е,  К 
дәрумендері,  минералды  тұздар,  ферменттер,  сондай-ақ,  химиялық  элементтер 
(калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. 
Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. 
Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, 
қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. 
Оның  1  келісі  3150  кал.  қуат  береді.  Ара  балы  адам  ағзасын  дәрумендермен, 
белокпен,  ферменттермен,  тағы  да  басқа  тіршілікке  қажетті  заттармен  байытып, 
қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа 
дейінгі температурада сақтайды. 
Емдік  қасиеті  ерте  кезден-ақ  белгілі  болған  бал  суық  тигенде,  жүрек,  бауыр, 
өкпе,  асқазан,  ішек,  жүйке  ауруы,  қан  қысымының  көтерілуі  сияқты  дерттерге  аса 
шипалы. Кейбір кездерде асқынып кеткен тері ауруларына да жағуға болады. 
Жүрек ауырғанда белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та 
ішеді.  Қатарынан  бір-екі  ай  үзбей  ішкен  ауру  адамның  жағдайы  әжептәуір 
жақсарады. Кеудесі қысылып, демікпесі ұстаған адамға да пайдалы. Сонымен қатар, 
балықтың  майына  қосылған  бал  асқынған  жарақатты  оңай  жазады.  Аузы  уылған 
адам бал жесе, тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды 
күніне  екі  рет  жағып  отыру  керек.  Жараға  жағатын  дәріні  60  грамм  балға  бір  шәй 
қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды. 
Білікті  дәрігерлердің  пікірінше,  балды  дәрумен  ретінде  еңбектеген  баладан 
еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс. Себебі, бал – шипалы тағам. Құрамында 
адам  ағзасына  өте  қажетті  жетпістен  астам  зат  бар.  Бал  адамның  есте  сақтау 
қабілетін  арттырып  қана  қоймай,  жоғары  қан  қысымын  түсіреді,  күш-қуатты 
толықтырады,  әсіресе  іш  құрылысына,  жүрек  ауруына  пайдалы.  Балдан  жасалған 
сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. 
Жинау мен өңдеу. Жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу 
әдістері  бойынша  сауып  алады.  Дәрілікке  жасалатын  балды  отқа  жылытып, 
сұйылған  сүзгіден  өткізіп  әзірлейді.  Бал  ақ  және  сарғылт  түсті  болады.  Жаз,  күз 
мезгілдері  тұнық  өсімдік  майы  тектес  сұйықтау  болып,  қыс  мезгілінде  қоюланып, 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
127 
шекер  өңдес  іріткі  кристаллға  айналады.  Балы  –  тәтті,  дәмді,  усыз  болады.  Ара 
балының  бөлінуі  негізінен,  ара  балы  бір  шырынды  және  көп  шырынды  болып 
бөлінеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет