№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата03.03.2017
өлшемі2,83 Mb.
#5435
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Бір  шырынды  бал.  Тек  өсімдіктің  бір  түрінен  ғана  жиналған  шырын.  Оны 
өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. 
Көп шырынды бал. Өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай 
балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) 
әр түрлі атайды. 
Табиғи балдың түрлері. Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал 
араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. 
Сатушылар  оны  табиғи  балға  араластырып  сатады.  Бұл  орайда,  табиғи, 
жасанды  балды  ажыратуға  ешқандай  анализ  көмектеспейді.  Жасанды  балдың 
құрамында  қант,  қант  крахмалы,  ұн,  желім,  гипс  болады.  Оның  кейбірін  үй 
жағдайында  анықтауға  мүмкіндік  бар.  Ол  үшін  бір  стақан  қайнаған  су  аласыз  да, 
оған балды араластырасыз (Бір стақан суға – жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның 
төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың 
құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы. 
Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді 
солардың бастыларын атап айтсақ. 
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ  немесе ашық  – 
янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ 
балы ішек ауруларына пайдалы. 
Шайқурай  (кипрей)  балы  мөлдір  жасыл  сары  түсті  сұйық  бал.  Балдың  бұл 
түрі әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады. 
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға 
қарсы  қасиеті  бар.  Жөке  балының  тамақ  ауруларына  пайдасы  мол.  Сондай-ақ, 
тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. 
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе 
алтын  түсті  балды  шабындықтағы  түрлі  гүлдерден  алады.  Бұл  бал  арқылы  тыныс 
алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. 
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл 
түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. 
Қарақұмық  (гречишный)  балы  қою  қызыл  немесе  қоңыр  түсті  болады. 
Жоғары  сортқа  жататын  бұл  балдың  ерекше  иісі  бар.  Қарақұмық  балы  темірге, 
магний,  мысқа  бай  болғандықтан,  түрлі  қан  ауруларын  емдеуге  пайдаланылады. 
Жүйке  жүйесіне  де  қарақұмық  балы  бірден-бір  ем.  Сондай-ақ,  тері  ауруларын  да 
балдың осы түрімен емдеуге болады. 
Араның  зияны.  Айналаңызда  ара  ұшып  жүрсе,  оған  мән  беріп,  оны  қағып, 
өлтіруге  ұмтылмаңыз.  Себебі,  ара  себепсіз  адам  баласын  шақпайды.  Тек  адам 
тарапынан қарсы әрекеттер көрсе ғана, ол өзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел 
буады. 
Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің 
еш қажеті жоқ. 
Ара  шаққан  кезде  дереу  жақын  арадағы  медициналық  пунктке  бару  керек 
немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн. 
Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты 
сыртқа шығаруға ықпал етеді. 
Ара  шаққан  жерді  сығуға,  қасуға,  тырнауға  болмайды.  Кері  жағдайда,  ағзаға 
инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
128 
Ара  шаққан  жерді  мүсәтір  спиртімен  немесе  йод  не  көк  дәрі  қосылған  сумен 
шайып  жіберу  керек.  Қол  астында  бұл  заттар  болмаса,  ара  шаққан  жерді 
ақжелкеннің жапырағымен ысқылап жіберуге болады. 
Ара  шаққан  жерге  ылғалды  сүлгі  немесе  салқын  суға  толы  жылытқы  басу 
керек. 
Шаққан жердің ісігін басу үшін мұз немесе салқын су басқан абзал. 
Ара шаққан жанды көлеңке астында жатқызып немесе орындыққа отырғызып, 
көп мөлшерде салқын су беру керек. Салқын су болмаса, қант қосылған қайнатылған 
су мен бал қосылған шәй беруге де болады. 
Ара  шаққан  жанның  денесі  қызарып,  бөртіп  жатса,  оған  кордиамин 
сұйықтығының 20-25 тамшысын беру керек. 
 
Балдың шипасы. Енді осы шипалы балдың ауруларды емдейтін қасиеттеріне 
тоқтала кетейік. 
Балдың  емдік  қасиеттері  ерте  кезден  халыққа  кең  тараған.  Ерте  заманда  ата-
бабамызда  балды  дәрілікке  пайдаланған.  Әсіресе  жүрек,  бауыр,  асқазан,  бүйрек, 
ішек,  бүйен  ішек,  қан  тамырлары  мен  жүйке  жүйелердің  қолқа,  қан  қысымының 
көтеріліп кетуі, созылмалы қызыл өңештердің дерттеріне өте пайдалы. 
Балдың минералды, дәруменді құрамдарын жойып жібермей дайындай да білу 
қажет.  Омарташылардың  көбі  араны  қантпен  тамақтандырып,  бал  алады.  Алайда, 
тауға  немесе  жазықтағы  гүл  өсімдіктері  жиі  өсетін  жерге  апарып,  бал  шелекті 
қолайлы  жерге  қойып,  өз  еркімен  гүл  шырынын  алып  келген  араның  балы  ауруға 
керемет ем. 
Кейде  бал  сататындар  қанттан  болған  бал  мен  гүлден  болған  балды 
араластырып  сатады.  Жасанды  мен  табиғиды  араластырып  жіберсе,  табиғи  балдан 
айырмашылығы  жоқ  болып  шығады.  Түрі  де,  түсі  де,  дәмі  де  бірдей.  Жасанды 
балдың  құрамында  қант  өте  көп  болғандықтан,  қант  храмалы,  үн,  желім,  гипс  көп 
мөлшер де болады. Мұның жасанды бал екенін анықтау үшін жарты стақан суға бір 
қасық  балды  салып,  ерігенше  жақсылап  араластыра,  беру  керек,  егер  түбінде 
тұнбасы қалса, онда жоғарыда айтылған храмалы бар деген сөз. Бұл – жасанды бал. 
Гүлдің  қанша  түрі  болса,  балдың  да  түстері  гүл  шырынына  байланысты  өзгеріп 
тұрады. 
Арадан алынатын балдың негізі үш түрі бар. Ең пайдалысы – көктемгісі, оның 
пайдалы  болатын  себебі:  ерте  көктемде  алғаш  рет  бәйшешек,  еңлікгүл,  сирен 
ағаштары гүлдеген шағы. Оның ішінде әсіресе пайдалысы – бәйшешек шырыны. Бұл 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
129 
асқазан, ішек, бір сөзбен айтқанда, адам ағзасының ішкі құрылысының ауруына мың 
да бір ем. Одан шыққан балдың түсі сарғыштау, хош иісті, мұрынды жарып тұрады. 
Мұның құрамында глюкоза өте көп мөлшерде болады, сонысымен де өте пайдалы. 
Екінші  түрі  –  жаздық,  бұл  көбінесе  шайқурайдың  шырыны.  Әсіресе  әлсіздік 
пен  жараны  тез  жазады.  Оның  түсі  қоңырлау  болады.  Ең  соңғысы  –  күздік,  мұның 
түсі ақшылға айнала бастайды. Өйткені шөптер мен ағаштардың жапырақтары түсіп, 
бойындағы шырыны қатайып, ағаштардан да күш-қуат кете бастаған шақ. 
Ара балының химиялық құрамы өскен өсімдікке, топырақтың құнарлылығына, 
тағы да табиғаттың, қысты айтпағанда, төрт мезгіліндегі ауа-райына да байланысты. 
Негізі зиянды дәрі пайдаланғанша, пайдалы балмен емделген дұрыс. 
Бал  арасының  ұясы  мен  балын  емдік  қасиетте  қолдану.  Ара  балының 
басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынадай: 
Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-
4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады. 
Тері қышымасына: ара ұясын (өңделген) спиртке 7 күн шылап, 8 күннен бастап 
қышымаға бірнеше рет жағады. 
Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп, 6 грамын суға қайнатып, самасын 
тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді. 
Ыстық,  суықтан  тіс  қақсағанда:  өңделген  ара  ұясын,  суға  бұқтырып,  суымен 
ауызды  шайқайды.  Өңделген  ара  ұясынан  кішкене  мөлшерде  алып,  қақсаған  тіске 
басады. 
Ара  ұясынан  бір  дана, қырықаяқтан  2  дана,  ашутастан  тиісті  мөлшерде  алып, 
талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір 
майына араластырып, тез арада жараға жағады. 
Балалар  кіндігі  сыртқа  шығып  кеткенде  ара  ұясын  өртеп,  күлін  кіндікке 
таңады. 
Дизентерияға:  ара  ұясын  кептіріп  ұнтақтаған  соң  0,3  гр-нан  күніне  2-3  рет 
ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат 
және ұшқыш майы бар. 
Үйреншікті  іш  қатуға  балдан  60  гр.  қара  күнжұт  дәнінен  15  гр.  Балды 
жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп, күніне 2 рет ішеді. 
Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 
9  гр.  мандарин  қабығынан  6  гр.-ды  суға  лайықты  мөлшерде  жоғарыдағы  дәрілерді 
қосып, қайнатып, самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді. 
Улы  жәндіктер  шаққанда,  шиқан,  сыздауық  шыққанда,  балдан,  ұзын 
сарымсақтан  тиісті  мөлшерде  алып,  жаншып,  балға  араластырып,  жараға  таңса, 
жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады. 
Ауызға  ауыздық,  қотыр  шыққанда,  қас  бояу  жапырағы,  бал  екеуін  қосып 
жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып, сорады. Сонымен бірге қотырға жағады. 
Отқа,  қайнаған  суға  күйген  жеңіл  күйікке,  жараның  бетін  физиологиялық 
тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады. 
Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, 
тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады. 
Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда 
жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ 
ауруларын жазады. 
Құтырған  ит  қапқанда,  улы  жәндіктер  шаққанда,  апиыннан  уланғанда,  зірәні 
қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады. 
Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға 
қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді. 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
130 
Мәйітті  бір  мезгіл  сақтауға  тура  келсе  бүтін  денесін  балменен  тегіс  сылап 
қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды. Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 
гр-нан  аспауы  керек.  Балдың  құрамында  глюкоза,  фруктоза,  сахароза,  өсімдік 
желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар 
және А, Д, Е витаминдері бар. 
Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең 
тиімдісі  –  бал  жеу.  Жатар  алдында  1  шай  қасық  балды  1  стақан  жылы  суға 
араластырып  ішсе,  жүйкеге  жайлы  әсер  етіп,  тез  ұйықтауға  көмектеседі.  Моншада 
емен  жапырақтарымен  шабыну  да  жақсы  ұйықтауға  септігін  тигізеді.  Таза  ауада 
көбірек  жүру,  күнделікті  бір  уақытта  дағдылану  да  өз  кезегінде  ұйқының 
тұрақтылығына ықпал етеді. 
Суық  тигенде,  тұмауратқан  кезде  балды  ыстық  сүтке,  немесе  лимонның 
шырынына  қосып,  науқастан  әбден  айық-қанша  ішкен  дұрыс.  Ол  үшін  бір  стақан 
ыстық  сүтке  бір  шай  қасық  қосып  ішеді.  Ал,  сүт  жақпайтын  адам  бүтін  бір 
лимонның  шырынына  100  гр.  бал  қосып,  әбден  езілгенше  араластырып,  сұйылған 
соң  пайдалануына  болады.  Оны  ішкенде  екі-үш  күндей  жылы  үйде  жатқаны  жөн. 
Өйткені,  бал  адамды  терлетеді,  ал  терлеген  кезде  тез  суық  тиеді.  Оңдайда  адам 
жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын 
қосып  ішкен  дұрыс.  Немесе,  бір  литр  суға  ұнтақталған  500  гр.  пиязды,  400  грамм 
қантты  және  50  грамм  балды  қосып,  әлсіз  отқа  үш  сағаттай  қайнатып,  суыған  соң 
шыны  шөлмекке  құйып,  аузын  мықтап  бекітіп  қояды.  Оны  суық  тиіп,  қатты 
жөтелген  адам  күніне  ас  қасықпен  төрт-алты  рет  ішуі  керек.  Онымен  қызарып 
ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай-ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас 
қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады. 
Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте 
азайып  кеткен  адамдардың  да  балды  ем  ретінде  пайдаланғаны  жөн.  Әсіресе, 
асқазанында  жарасы  бар  науқас  тамақтың  алдында  бір  жарым,  екі  сағат  бұ-рын, 
немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы 
мен  асқазанның  қыжылдауы  басылады,  әрі  бал  қанның  құрамындағы  гемоглобинді 
(қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер 
алдында  ғана  жесе,  ол  ас  қорытатын  шырынның  көбірек  бөлінуіне  әсер  етеді.  Ал, 
қышқылы  көп  адамдар  тамақтан  1,5-2  сағат  бұрын  пайдаланса,  асқазан  қышқылын 
азайтады. 
Жөтелді  басу  үшін  пи-яздың  сөліне  бал,  сары  май,  не  қойдың  майын  қосып 
ішкен  дұрыс.  Сондай-ақ,  1  литр  суға  ұнтақталған  500  грамм  пияз,  400  грамм  қант 
және  50  грамм  балды  қосып,  баяу  жанған  отта  үш  сағаттай  қайнатып,  суыған  соң, 
шыны ыдысқа құйып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген 
адам ас қасықпен кү-ніне бес-алты рет ішуі керек. 
Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. 
Оны  белгілі  бір  мөлшерде  ақ  ірімшікке  (творог),  сәбізге,  лимон  шырынына  қосып 
жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш-
төрт  сағаттан  соң  дайын  болған  шырынды  өт  жолы  ауыратын  ересек  адамға  ас 
қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы 
мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды. 
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, 
оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық 
емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып 
өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді. 
Балықтың  майына  қосылған  бал  асқынған  жарақатты  оңай  жазады.  Аузы 
уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
131 
балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір 
шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды. 
Балды  үккіштен  өткізілген  сәбізден  қосып,  банкіге  салып,  біраз  уақыт  қойса, 
әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, 
әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. 
Бал  қосылған  сәбіздің  құрамында  каротин  деп  аталатын  дәруменді  зат  жақсы 
сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға 
өте пайдалы. 
Өкпе  ауруына  шалдыққан  кісі  күніне  100-150  грамм  бал  жеп  отыруы  керек. 
Оны  қойдың  іш  майына  ерітіп,  ішуге  болады.  Сондай-ақ,  6  грамм  жолжелкен 
жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне 
ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы. 
Бал  жүрек  ауруы  бар  адамға  да  таптырмайтын  ем.  Оны  белгілі  бір  мөлшерде 
анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру 
адамның жағдайы әжептәуір жақсарады. 
Кеудесі  жиі  қысылып,  жүрек  соғуы  нашарлаған  адамға  да  бал  жақсы 
көмектеседі. 
Қатарынан  бір-екі  ай  үзбей  күніне  50-140  грамға  дейін  бал  жеген  адамның 
жағдайы ежептәуір жақсарады. 
Бал  мен  шоколадтың  салмақ  тастауға  да  өзіндік  пайдасы  бар.  Қоңыр 
шоколадтың  какаосының  құрамында  майды  ыдырататын  элементтер  болса,  бал 
жағып  жасалған  массаждың  қан  айналымын  жақсартатын  қасиеті  бар.  Әр  ағзаның 
қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді. 
Дегенмен,  дәрігерлер  балмен  емделуді  бастамас  бұрын  кеңес  алғанды  дұрыс 
көреді. 
Бал  арасының  тіршілігін  бақылау  адамды  табиғатты  жақсырақ  білуге, 
байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды. 
Қорытынды. Сонымен, бал арасы бізге керек пе? Біз олар туралы не білдік? 
Бал арасының және балдың пайдасы: 
- Табиғаттағы өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады; 
- Бал арасының уы да – ем; 
- Бал арасының ұясы да – ем; 
- Бал арасынан аналық сүт, балауыз, ара желімі (прополис), перга алынады. Бұл 
заттар медицинада, авиацияда кеңінен қолданылады; 
- Бал арасынан алынатын бал 70 түрлі ауруға ем болады екен. 
Демек,  кішкентай  ғана  бұл  тіршілік  иесінің  де  табиғат  пен  адам  өмірінде  де 
өзіндік орны бар екен. Тіпті Қазақстанда осы бал арасына арналып үлкен ескерткіш 
орнатылған,  бұл  бал  арасының  медициналық  зерттеулердегі  адам  тағдыры  үшін 
жасалған сынақтарға алғыстың белгісі. 
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», - деп С. 
Торайғыров  айтқандай,  табиғат  –  біздің  ортақ  үйіміз,  олай  болса,  жер  бетіндегі 
барлық тіршілік иесінің өзіндік орны бар. 
 
Әдебиеттер 
1 Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. 
2 Қазақ энциклопедиясы, 2 том. 
3 Интернет желісі. 
4 Бал арасы жайлы білесіз бе? Оқулық. 
5 Бұл не? Ол кім? 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
132 
Резюме 
В работе на тему «Польза пчел для здоровья человека» рассказывается о пчеле, 
ее видах, питании, как их разводить, продажа пчел, доход от этих продаж, болезни 
пчел,  о  причинах  уменьшения  количества  пчел.  Ученик  дает  информацию  о 
пчелином яде, как собирать мед, видах и составе меда, его питательных и лечебных 
свойствах. 
Цель  данной  работы  –  рассказать  о  полезных  и  вредных  свойствах  пчел  для 
природы  и  человека.  Наблюдение  за  жизнедеятельностью  пчел  помогает  лучше 
узнать  о  природе,  стать  наблюдательным  и  трудолюбивым.  Мы  верим  в  то,  что 
ученик  интересующийся  пчелами  и  исследующий  их  важность  для  природы  и 
человека,  станет  умным  и  образованным  человеком,  который  сможет  беречь 
природу в будущем. 
 
Summary 
The  research  work  «Good  of  bees  for  people's  health»  tells  about  a  bee,  its  types, 
food,  sale  of  bees,  deseases  of  bees,  reasons  because  of  which  number  of  bees  becomes 
low.  The  pupil  gives  information  about  poison  of  bees,  how  to  collect  honey,  types  of 
honey, its structure and nourishment, medical properties of honey. 
The  work  consists  of  several  parts.  The  aim  of  the  work  is  to  tell  about  good  and 
harm sides of bees for the nature and people. We hope that the pupil, who is interested in 
bees  and  researches  the  importance  of  bees  for  environment  and  people,  will  become  a 
clever, educated person. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
133 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
АБДУЛЛАЕВА Сара, 
Б. Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: РАЙМКУЛОВА Жанат Таңатарқызы,  
Б. Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектебі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі, 
педагогика ғылымдарының магистрі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ТҰЯҚБАЕВ Ғабит, 
филология ғылымдарының кандидаты, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
СЫР СҮЛЕЙЛЕРІ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОР МЕН ТЫҢДАУШЫ 
МӘСЕЛЕСІ 
 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттері.  Мақсаты  –  Сыр  сүлейлері 
шығармаларындағы автор мен тыңдаушы мәселесін көркем шығарма мәтіні аясында 
ашу болып табылады. 
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді алдымызға қойдық: 
-  Автор  мен  тыңдаушы  ұғымдарының  поэтикалық  категория  екендігін 
дәлелдеу; 
-  Автор  мен  тыңдаушы  ұғымдарына  эстетикалық,  философиялық,  тұрғыдан 
анықтама беру; 
-  Көркем  шығарма  арқылы  көрінетін  автор  бейнесі  мен  тыңдаушы  бейнесінің 
Сыр сүлейлері шығармаларындағы көрінісін зерделеу; 
-  Сыр  сүлейлері  шығармаларындағы  мәтіннің  автор  мен  тыңдаушы 
қатынасындағы орнын, маңызын анықтау; 

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015       ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
134 
-  Жыраулар  поэзиясында  импровизациялы  түрде  туындаған  мәтіннің 
поэтикасын, авторлардың тыңдаушымен көркем сұхбаттастық жасау жолдарындағы 
көркемдік қүралдарды зерттеу; 
-  Зерттелініп  отырған  кезеңдердегі  әдебиеттің  қоғамдық  санадағы  орын  алған 
өзгерістерді  тарихи-функционалдық  тұрғыда  түсіндіре  отырып,  оның  әлеумет 
психологиясына, сөз өнеріне ықпалын, әсерін талдау. 
Тақырыптың  өзектілігі.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  Сыр  бойы  ақын-
жыраулары  шығармашылығы  тақырыптық,  жанрлық,  көркемдік  т.б.  тұрғыдан 
біршама зерттелді. 
Сүлейлер  шығармашылығындағы  «автор»  мен  «тыңдаушы»  проблемасы 
бұрын-соңды  зерттеу  нысанына  айналған  жоқ.  «Сыр  сүлейлері  шығармаларындағы 
«автор»  мен  «тыңдаушы»  мәселесі»  тақырыбындағы  жұмыстың  өзектілігі  де 
осындай ауқымды мәселені көтеруімен сипатталды. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: 
- Автор мен тыңдаушы мәселесінің методологиясы айқындалды
- Автор тыңдаушы мәселесі поэтикалық категория ретінде зерделенді; 
- Сыр сүлейлері шығармаларындағы автор бейнесі ашылды; 
- Сыр сүлейлері шығармаларындағы тыңдаушы бейнесі анықталды; 
-  Сыр  сүлейлері  шығармашылығы  уақыт  пен  кеңістік  тұрғысынан 
қарастырылды; 
-  Сыр  бойы  ақын-жыраулары  шығармашылығы  автор  –  мәтін  –  тыңдаушы, 
автор 
мен 
мәтін, 
мәтін 
мен 
тыңдаушы 
тұрғысынан 
зерттелді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет