Ш.А.Валиханов –
филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
Қаламгер Ғабиден Мұстафин жазу
өнеріне қазақ әдебиетінің тұтас бір алып-
тар шоғырының арасында жүріп төселді.
Оның алғашқы туындыларынан бастап,
өмірінің ақырына шейінгі еңбегі тұтастай
халқының назарында болды.
Сонау балаң кезде С.Сейфуллин,
Т.Рысқұлов, С.Мұқанов сынды белгілі
тұлғалардың ағалық қолдау, қамқорлығын
сезініп, жазу жолына келген Ғабиден
Мұстафин шығармашылық ғұмырда та-
лай рет көркемдіктің тайталас теңізіне
түскені де белгілі. Ол жолдан алған
ғибрат, көңілге түйген тоқтам, ақтарылар
сырдың өзі – тарау-тарау мәселе.
Ғабиден Мұстафиннің 1970 жылы «Жа-
зушы» баспасынан араға он жеті жыл са-
лып барып қайта шыққан «Жиырма бес»
жинағына енген, бұрын жарияланбаған
шығармаларының бірі – «Жол үстіндегі
сыр» ғұмырбаяндық очерк-әңгімесі.
Қазақ көркем сөз өнерінің тарихын-
да айқын жолы қалған қаламгер осы
шығармасында өз өмірі, ата-ана, өскен
ортасы туралы қазақы, тартымды
әңгімешілікке салып отырып мәнді жай-
ларды қозғайды.
Әкесі Мұстафаның қадір-қасиетін жа-
зушы үлкен бір сезіммен төгілте баяндай-
ды. Мұстафаның бойына біткен көп мінез
жазушының өз басынан да көрінетін еді.
«Мұстафа мейлінше әділ, момын,
мінезі ауыр, қорқуды, сасуды білмейтін,
көп сөйлемейтін, бірақ кезі келіп қалғанда
өте тілді адам. Мектеп көрмесе де, дінге
берік, құйма құлақ кісі...» [1. 5 б].
Жазушы 1902 жылы туған. ХХ ғасыр
басы – қазақ даласына жаңа бір дүбір,
ояну дәуірі тақап қалған уақыт. Халық
отаршылдық саясаттың озбыр тұяғына
әбден, тыпыр ете алмастай болып іліккен
тұс. Әділетсіздік өктемдіктің ашуы буып,
ашына бастаған кез. Жазушы Ғабиден
Мұстафин өз шығармашылығына дала
110
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
өмірінің кезеңдік көрініс, нақтылы
қалпын ұдайы арқау етті. Ол өмірінде
өзі көзі көрген тарихи ағыстың шымыр-
лап, тереңінде жатқан шындықтарын
көтере жазуға, әсіресе, кейінгі кезеңдегі
шығармаларында елеулі бетбұрыс жа-
сады. Мына өмірбаяндық әңгімеде сол
үлкен дүниелерге ішкі дайындықтың ізі
анық көрінеді.
«Мен есімді білер-білмес кезімде
жерімізді переселенец алып, алпыс
үйлі Елібай Жауырдан көшеді. Спас
заводының шығыс жағында он жеті ки-
лометр «Көкталжарық» деген жерге
келіп орналасады (1907 жылдары). Ата
мекенінен айрылған елдің зары, жермен
қоштасқандары, келімсектермен тұрған
ел арасындағы ұрыс-жанжал, кісі өлімдері
менің көңіліме өлмейтін ғажап суреттер
қалдырып кетті. Қазір жазып жүрген
«Көз көрген» атты көлемді еңбегіме сол
оқиғалардың қайсы бірін пайдаландым»
[1. 6 б].
Қаламгер
осы
ғұмырбаяндық
әңгіме-очеркінде шығармашылық сыр
жазу өнерінің міндеті мен мерейі ту-
ралы ақтарылып сөйлейді. Өзінің
шығармашылық зертханасы, қаламгерлік
ұстанымы, шығарма және заман, шығарма
және адам мәселелерін жанын ақтарып от-
ырып ашылып айтады. Қазақ әдебиетінің
өткені мен бүгіні, келешегі туралы
тұтас бір көркемдік бағыт, бағдарларды
айқындай отырып, өзіне де, өзгеге де
міндет артып, жауапкершілік жүктеп сыр
төгеді.
Шығармашылық ғұмырдың тынымсыз
толғаныс, үздіксіз ізденісі, бейнетті еңбегі
ұлтының рухани тоғаюына бағышталған,
ел тарихын, халық тағдырын көркем
шежіреге көшірген Ғабиден Мұстафиндей
қаламгер нені айтса да, қалай айтса
да тауысып, түгендеп айтатынын осы
әңгіме-очеркінде тағы да мойындата-
ды. Оның өз шығармаларының қалай,
не себепті жазылғанын баяндауында
жазуға деген соншалықты құштарлық,
шығармашылық стихиясы айқын.
Туған халқының тұтас бір дәуіріндегі
тарихи
тағдырын
кезең-кезеңімен
көркемдік әлемге ұластырған сөз
ұстасы өзінің ешқашан тыншымаған,
толастамаған
қаламгерлік
мұрат
бағытындағы жазушылық еңбегін ұлтына
бағыштаған.
Ғабиден Мұстафиндей ұлтының жар-
ты ғасырлық тағдырын тұтас қамтып,
көркемдік өрісте көрсетіп кетуге
табандылықпен кірісіп, тапжылмай жа-
зып өткен дарын сирек.
Ғабиден Мұстафин әдебиетке өткен
ғасырдың
жиырмасыншы
жылда-
ры келді. Бұл уақыт ел ішінде саяси
науқаншылдық бірінен соң бірі үдей
түсіп, халық жаңа өмірді құру жолындағы
қажырлы еңбекпен шыңдала түскен; ұлт
тағдырында таңдау жол туып, кім қалай
жүрерін білмей адасқан, білеміз деп елді
соңына ерткен оқыған, көргенді азамат-
тар өзара арбасқан уақыт еді. Ғабиден
Мұстафин түрлі жікшілдікке түсе қоймаса,
ана сүтімен, ата тәрбиесімен дарыған
кісілік бөлекше қасиеттердің көп септігі
тиген. Өз өмірін, қалыптасқан ортасын,
жазуға әуестене бастаған шағын, кімнен
не үйреніп, қалай жазуға ден қойғанын,
өмірдің ұзақ жолында тек қаламгерлік
мұратына қарай жүргенін жазушы «Жол
үстіндегі сыр» эссесінде кең толғап, за-
ман, дәуір ақиқаты, қоғамдық сілкіністер
ауқымындағы қаламгер тағдыры, адам
концепциясы тұрғысында толғанады.
Ел ішін екі бөліп, алатайдай бүліндіре
келген «тапшылдық» сырттан ғана
таңылған саясат болмайтын, сол жиырма-
сыншы ғасырдың алғашқы ширегіндегі
әріден келе жатқан әлеуметтік теңсіздіктің
шиеленісе түскен шағында бітеу жарадай
жарылған тарихи құбылыс болатын.
Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ ке-
шуде» 1916 жыл оқиғасы тіптен аша, айыра
түскен, қысылтаяң күн туғанда құлқыны
111
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
білініп қалған үстемдіктің түпсіз терең
ордың екі жағында әлеуметтік екі жіктің
ымыраға келмес, бітіспес табиғатын
көреді. «Тап», – деп туған Сәбит Мұқанов
та тарихи негізді қоғамдық формацияның
ақиқат заңдылықтарына сүйенген.
Ғабиден Мұстафин өзінің ата-тегін,
әкесінің би болған, бай болған ағаларын,
Мұстафаның дін ұстанған, қажыға
барған иманды адам екендігін айтудан
жасқанбаған. Кішкенеден атастырған қыз
әкесі де алпауыт бай. Осы құбылыстар
далаға дүбірі жеткен жаңа бағыттың
жолымен жүрем деген, жүрегі жақсыға
ынтық жас Ғабиденнің де алдынан талай
мәрте шыққан.
Ғабиден Мұстафин жас күнде таңдаған
бағытымен жүрді. Ұлтының рухани тари-
хына өз жолын қалдырды. Бетінен тайған
жоқ. Қаламгерлік бақытын тапты.
Атастырып қойған қызын Әубәкір
бай қоңторғай тіршіліктегі Мұстафаның
ұлына бергісі келмей, сырғақтатып жүріп
алады да, 1919 жылы қызылдар келгенде
келісім беріп, Ғабиденге қайыната бо-
лып шыға келеді. Сол тұстағы жуандық,
барлық пен билік, кеудені басқан теңсіздік
Ғабиденнің жүрегіне қайтпаған кек бо-
лып қатқан.
«Әубәкір 1919 жылы, дәл қызылдар ке-
лер алдында қызын амалсыздан берді. Бір
жылдан кейін қызы өліп қалды. Менің
ішімдегі кек өлмеді, өрши берді. Ауылға
лау келсе, салық түссе, бай Әубәкір кедей-
лерге өзімен бірге тартқызды. Іштен тына
келіп, мен бір күні жарылдым. Бірақ, елде
тұрып айтысуға Әубәкір бой бермейтін
болған соң, 1925 жылы Қазақстанның
астанасы Қызылордаға біржолата кеттім.
Жеке бастың қамынан, ұсақ-түйектен
туған осы айтыс Қызылордаға келген соң
нағыз таптық жолға түсті.
Таптық жолға түскенмен, жауым жа-
пырыла қалған жоқ. Ауылда ол кезде бай-
шыл, рушыл, феодалшыл ықпал басым.
Халықтың қаптал көпшілігі сауатсыз.
Азғантай оқымыстылар ала: бірі Советті
қолдаса, бірі байды қолдайды. Жалшы,
кедейге езуші жауын қолмен көрсетіп
тұрсаң да жауласа қоймайды...» [1. 10 б].
Жазушы көп жыл өткен соң, сол жи-
ырмасыншы жылдардың саяси негізін,
уақыттың
шындығын
мейлінше
ақиқатпен,
болғанды
боямаламай,
болғанша айтуында уақыттың күрделі
шындығын, кей тұстың ұранды, ұр да
жық мінезін, соның барлығының түп-
төркінін, шығу негізін, қоғамдық-тарихи
ахуалдың аумалы-төкпелі табиғатын
көтере отырып ой қозғайды. Өзінің тап
күресінде кеңес жағында жүре тұра, та-
лай мәрте нақақтан күйгенін де кезеңнің
мінезінен туындата отырып ой түйеді.
«Қызылордаға келісімен коммунист
– Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтар
тобына қосылдым. Қазақтың ауылы
ғана емес, аз ғана оқымыстыларының,
жазушыларының арасы да быт-шыт екен.
Сейфуллин бастаған топ жазушылар
ұйымын құрды (РАП). Елеулі еңбегім
болмаса да, сол ұйымға мүше болып
едім. Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров,
Бейімбет Майлин сияқты ірі жазушы-
ларды, коммунист, басшылық қызметте
жүрген Ғаббас Тоғжанов сияқты сыншы-
ларды бұл ұйым сыртқа тепті. Олардың
өзі де енуге ентелей қойған жоқ. Сөйтіп,
ауылдағы тап тартысынан келе сала
орталықтағы әдебиет тартысына арала-
стым» [1. 11 б].
Жазушы ұзамай, ірі байлардың
кәмпескесі өтіп, ұжымдастыру шарасы
өрістеп, РАП жойылғанын айта келіп, өз
өмірінің нақтылы бір ұстаныммен өтіп
келе жатқанын айқындай түсетін бір
сырдың ұзын-ырғасын құлаққағыс ете
кетеді.
«Оңға, солға тартқан жазушылар бәрі
бір ұйымға бас қосты. Әдебиеттегі таптық
күрестер, тап жойылған соң енді топтық
күрестерге айналды. Мен бұл топтық
күрестерден аулақ тұрдым.
112
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Салт-сана, саясат майданына мен өз
қатарымнан кейіндеу келгем, әкем тәрізді
қақ-соқпен жұмысым болмай, момын бо-
лып өстім» [1. 11 б].
Жазушы өз заманындағы әсіре
белсенділік, асыра сілтеуді қолайсыз
көргенін айтады. Әкесінің діни тәрбиесі,
имандылық, ізгілік жолы, адамгершілік
өнегесі жазушыға алмағайып заман, ала-
сапыран уақыттарда айнытпас, адастыр-
мас темірқазық болған.
Өмірдің жайымен жүрген жандар-
ды да түртпектеп отырар қиын мінезі
де бар ғой. Жас Ғабиден де қиянатқа
қимайтындай қылықты, мінезді азамат
болып өскенімен, достан да, дос еместен
де сатқындық көріп, жан-дүниесін мұз
қарыған сәттер болды. Бірте-бірте өмір
даналығы есейтіп, ел ағасы жасқа жеткен
кезде жазушы жаны адамның келеңсіз
әрекеттеріне әлі де қынжылып, жаман
әдеттен әлі де бой тартып, жиырыла, ай-
ыптай айтады.
«Партия қатарына 1940 жылы ғана
енгем. Оған дейін «Хажының баласы»,
«Сейткемеловтің күйеуі» деп қудалаудан
көз ашқаным жоқ. Партияға енген соң да,
1953 жылға дейін «домалақ» арыздарға
жауап берумен келдім. Қызғанарлық
бағым, мансабым не кесірлі мінез-
қылығым жоқ. Маған неге өшігеді?! – деп
таңданатын едім, өшігетіндер жат адам-
дар деуші едім. Жат еместердің, тіпті
достарымның ішінен талай пейілі нашар-
лар табылды, кейде жақсы дегенім жа-
ман, жаман дегенім жақсы болып шықты,
табынған
адамдарымнан
тайыздық
байқалды... Соның бәрі дүниеге сын
көзімен қарауды, онша алысты көре ал-
масам да, аяқ астын көрсетерлік қолға
бір шырақ ұстауды үйретті. Адам әрқилы
күнелтеді, әрқилы із қалдырады артына.
Күнелтуде, із қалдыруда мен жазушы
еңбегінен артықты тілемедім, іздемедім»
[1. 12 б].
Жазушы осы толғанысында қаламгер
мұраты дейтін қастерлі ұғымды ғұмыр
бойы жоғары көтеріп келе жатқан жара-
тылыс табиғатын ағынан ақтарылып ай-
тады.
Осында, бұл шындық емес дегізер ойға
орын қалдырмайтын айғайлаған ақиқат
бар. Жазушы Ғабиден Мұстафин дәл осы-
лай толғанып, ой өрбітуге өзінің тұтас
шығармашылық ғұмыр өнегесі арқылы
қақылы. Халқының сөз өнері бесігінде
тербеген, ой маржанын төгіп, ірі, іргелі
әдебиетті қалыптастыруға тұтас ғұмырын
бағыштаған Ғабиден Мұстафин айтар сөз
тек осы мазмұнда айтылмақ.
Қазақтың маңдайына біткен сөз
дүлдүлінің бірі, сырбаз, таза жанды, та-
лапшыл жазушы халқының жүрегінде ке-
сек жаратылысымен, кеуделі тұлғасымен
қалды. Қолына қалам алып, сөз қуам де-
ген ұрпағын ұлағаты бөлек, қайталанбас
қаламгер өмірдің көбі кетіп, азы қалғандай
кезеңде де жазу өнері туралы қызу
құштарлық, ортаймаған құмарлықпен ой
төгеді.
«Жазушы еңбегі – қиын, жауапты,
ең ардақты еңбек. Ғылымда даңғыл жол
болмаса, көркем әдебиетте де даңғыл
жол жоқ. Мен біраз жасадым, біраз еңбек
еттім, қаламым әбден төселгендей болды.
Сонда да әрбір жаңа шығарма тұсында
бастықпаған тайдай бұлтақтай беремін,
шарық ұрып іздене беремін. Ойларымды,
жазғанымды сан рет өшіріп, сан елек-
тен өткізіп барып жарамды дегенімді
ғана қалдырамын. Сол жарамдымды
жазып отырғанда күлемін, қуанамын,
қайғырамын, жылаймын. Жазғаның өзіңе
осылай әсер етпесе, басқаға мүлде әсер
етпесе керек.
... Әгәр жазушының басына қарама-
қарсы осы екі қажет орнамаса, жазушы
шығарма үстінде өзін халық ойшысы,
мемлекет қайраткері деп, шығармасы
біткен соң бұлардың тек атқосшысымын
деп сезінбесе, ондай жазушыны нағыз
жазушы деу қиын» [1. 13 б].
113
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мұстафин Ғ. Жиырма бес. – Алматы: Жазушы, 1970. – 312 б.
Резюме
В статье рассматривается биография и писательская деятельность Габидена Мустафина на осно-
ве его творческих размышлений.
Summary
The article deals with the biography and literary activity of Gabiden Mustafin on the base of his
creative thinking.
Адамның ең асылы –
Қиянатсыз ақ бейіл.
Ең зиянкес, жасығы –
Тайғақ мінез, екі тіл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қаламгер тұтас ғұмырын жазу өнеріне
бұрды да, соның сүрлеу, соқпағынан
өтті. Дара, даңғыл жолын тапты. Қазақ
әдебиетінің белгілі бір дәуірдегі көркемдік
өлшемінде
Ғабиден
Мұстафиннің
шығармашылық өрісі кең, ұзақ.
114
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Г.П.Долженко –
КазНПУ имени Абая
ГЕРОИКО-ПАТРИОТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ СРЕДСТВАМИ
КРАЕВЕДЧЕСКОЙ РАБОТЫ
В новой истории нашей страны, в усло-
виях мирового финансового кризиса, ак-
туальной становится проблема патриоти-
ческого воспитания молодежи. В начале
90-х годов XX века советский патриотизм
и социалистическая гордость постепенно
утратили ведущую роль в обществе.
Наше общество нуждается в новых об-
щенациональных ориентирах и новых цен-
ностях, понимания новых подходов и кор-
рекции в постановке всей системы работы
по воспитанию патриотизма. Президент
Республики Казахстан Н.А.Назарбаев от-
метил: «Наше молодое государство вы-
растет и возмужает, наши дети и внуки
вырастут вместе с ним. Они будут па-
триотами своей мирной, процветающей,
быстрорастущей страны, известной и ува-
жаемой во всем мире». [1; 2]
С учетом современных условий раз-
работана Государственная программа па-
триотического воспитания граждан Ре-
спублики Казахстан сначала на 2006-2008
годы и потом на 2009-2011.
Нам предстоит самим наработать и вне-
дрить свой опыт воспитания казахстанско-
го патриотизма. Акценты патриотическо-
го воспитания в мире тоже расставляются
по-разному. США – пропаганда американ-
ского образа жизни, поощрение индиви-
дуализма и предпринимательства. В Ев-
ропе – это обучение правам человека. Она
выступает очагом идей коллективной за-
щиты и совместного выживания центром
Европейской науки и цивилизаци Если
возьмем страны исламского мира, во главу
патриотического воспитания становится
религиозная приверженность религиозно-
государственное просвещение, обрядный
фанатизм и соответствующий этому - об-
раз жизни.
Нам же нужно «Выработать у граж-
дан сознание принадлежности к единому
Отечеству, воспитывать у них чувства
патриотического долга, прививать им не-
примиримость к национализму, шовиниз-
му, сепаратизму. «Мы должны развивать у
всех граждан чувства патриотизма и люб-
ви к своей стране. Старая, некогда проч-
ная связь между народом и государством
ослабла, а новая – между личными и госу-
дарственными интересами – еще не сфор-
мирована, такая задача поставлена Прези-
дентом страны в Программе «Казахстан
– 2030». [1. 3 с]
Безусловно, в настоящее время пробле-
ма казахстанского патриотизма разраба-
тывается нашими обществоведами недо-
статочно. Слабо освещают эту проблему
и средства массовой информации. В виде
нововведения предлагается краеведче-
ская работа, как одна из форм героико-
патриотического воспитания. Известный
русский мыслитель XX в И.А.Ильин
утверждал: «Человек находит Родину не
просто инстинктом, но инстинктивно уко-
ренным духом и награждает её любовью»
[5.198 с]. А это означает, что вопрос о Ро-
дине разрешается в порядке самопознания
и добровольного избрания». Родина без
нас обойтись может, мы же без нее ничто
эту великую истину, на которую обращал
внимание В.А.Сухомлинский, должен по-
нимать и чувствовать каждый ребенок.
Любой школьник, интересующийся крае-
ведением, может выбрать себе занятие по
душе. Различают следующие направления
краеведческой работы: географическое,
художественное, историческое, литера-
турное, экологическое. Географическое
115
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ НАМЫС
краеведение изучает климатические осо-
бенности местности лесные и стенные
массивы, холмы, овраги, отдельные де-
ревья, курганы, фрагменты ландшафта
и морских акваторий, стенные курганы,
отдельные горы и барханы, почвы, жи-
вотный мир, ручьи и родники. Объектом
художественного краеведческого поиска
могут стать скульптуры, архитектура, ху-
дожественные ремесла, устное народное
творчество, музыкальный фольклор, резь-
ба по дереву, искусство танца. Для крае-
ведов историков является история города,
поселков, отдельных зданий, выдающихся
личностей, предприятий школ, социаль-
ных процессов и явлений, население.
Целью литературного краеведения яв-
ляется выявлению двух зависимостей
как тот или иной город (аул) формировал
личность того или иного патриота, героя
и выше сказанное подтверждают слова
В.Закруткина «Любовь к Родине. Неза-
бываемая любовь к месту, где ты впервые
увидел солнце и склоненную над тобой
голову матери, и услышал слова отца, и
повторил их, познавая красоту родно-
го языка! Чью душу не тревожила это
светлая чистая, неподкупная любовь Мы
предлагаем основные средства краевед-
ческой работы.
Средства краеведческой информации
Периодическая
печать газеты,
журналы, альманахи
Художественная
литература
Архивные
фонды
Фонды
музеев
планы карты
Материальные следы
культуры
произведения
скульптуры
Живописи
архитектуры
Материалы
статистики
Предельная достоверность
фактов
Синхронность отдельных
направлений поиска
Устные свидетельства
старожилов основные
принципы краеведческой
работы системный подход
Работа вызывает интерес к героико-
патриотическому воспитанию:
к изучению национальных и боевых
традиции
Условия использования средств краеведческой работы
Искусство
Природа края
116
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Например: Внеурочная краеведческая
работа по героико-патриотическому вос-
питанию проводимая в г. Кокчетаве, где
организованы поисковые экспедиции, ту-
ризм выполняет свою основную конститу-
ционную обязанность, выступая защитни-
ком право свобод граждан, а вместе с тем
является силой, реализующей предупре-
дительную, надзорную и принуждающую
функции власти, служащей интересам
граждан, результатом серьезной краевед-
ческой работы, которая используется в
героико-патриотическом воспитании по-
вышаем действенность системы контроля
над выполнением законодательных и нор-
мативных актов, программ, направленных
на усиление борьбы с преступностью УВД
города является инициатором и разработ-
чиком принимаемых в областном центре
комплексных программ по профилактике
правонарушений, обеспечивающий обще-
ственную и личную безопасность.
Поисковые экспедиции проводимые в
городах Казахстана. дают материалы. ко-
торые напоминают нам о подвигах героев
и их передают в городские, республикан-
ские в областные краеведческие музеи.
Отсюда вытекает важность краеведче-
ской работы с обучающейся молодежью,
как средство приобщения их к нацио-
нальной культуре, как средства героико-
патриотического воспитания. В дальней-
шем желательно работать по следующим
направлениям:
– выдающиеся ученые нашего края
– рождение и история нашего города
столицы нашей Родины, история
школы, факультета
– история отдельного предприятия
– население нашего города
– наши казахстанцы в Великой Оте-
чественной войне
– наш город в Великой Отечествен-
ной войне и т.д.
Вопрос об эффективности героико-
патриотического воспитания напрямую
связан с вопросом о его необходимо-
сти. Такие структуры общества, добро-
вольные спортивные общества, военно-
патриотические и отделы по молодежной
политике, общественные организации
и объединения, с точки зрения большей
части опрашиваемых, имеют огромный
спрос на данное направление воспита-
ния.
Значение познавательного интереса
обучающихся выходит далеко за рамки
учебного процесса.
Интерес является связующим звеном
обучения, умственного развития и вос-
питания личности. Благодаря интересу
школьников как к знаниям, так и к само-
му процессу их приобретения становятся
движущей силой развития интеллекта и
важным фактором воспитания всесторон-
не развитой личности.
Интерес является движущей силой раз-
вития личности в целом, превращения по-
Схема методической разработки
экскурсионных маршрутов
Тем
а
Цел
ь
Возрас
т
Время
(часы)
Вид
Атрибут
ы
Объек
т 1
Путева
я
Объек
т 2
Пешая, конная на
велосипед автобус
Карты схемы
фотографии муляжи
Общая
информация
Путевая
инфор.
117
C
M
Y
K
лучаемых знаний не просто в «усвоенную
информацию», а в глубоко личный духов-
ный багаж человека.
Интерес содействует формированию
волевых качеств личности, а также укре-
плению активной, творческой жизненной
позиции.
Психологическая наука накопила опре-
деленный опыт формирования у школь-
ников устойчивого познавательного инте-
реса, не учитывать которой в настоящее
время нельзя.
Что же такое интерес? Какова его пси-
хологическая и педагогическая природа?
История психологической и педагогиче-
ской мысли содержит разные подходы к
этому вопросу. Одни ученые связывают
интерес в основном с умственной деятель-
ностью, с осознанием, пониманием и ра-
ботой воображения, которое поддержива-
ет и усиливает интерес.
Сторонники данного направления ото-
ждествляют интерес к учебе чувством
удовольствия и радости, которое достав-
ляют человеку работа и творчество.
Интерес к изучению своего края и ра-
дость познания по их мнению необхо-
димы, чтобы обучающиеся чувствовали
себя счастливыми, что является важной
задачей и образования, и воспитания.
Исследователи,
придерживающиеся
другого направление, связывают интерес
с волевой стороной личности, считая, что
интерес является стимулом к действию, к
преодолению трудностей. Они утвержда-
ют, что не следует увлекать, а тем более
развлекать ученика, так как народная му-
дрость гласит «корень учения горек».
По их утверждению, учебный труд дол-
жен строиться не на интересе, а на чувстве
долга, ответственности, дисциплини-
рованности. Увлекательное обучение не
способствует развитию воли, а школьник
должен развивать волю и настойчивость.
Но учителя-практики знают: достаточно
ли сказать ученикам, какими они долж-
ны быть, как должны относиться к учебе,
чтоб именно такими и стали и так стали
делать.
Поэтому учителям рассчитывать на со-
знательное отношение школьников к учеб-
ным занятиям, сложному учебному труду
было бы опрометчивым.
Интерес к процессу обучения влияет
на все психические процессы и функции;
особенно велика связь интереса с внима-
нием, в первую очередь с непроизвольным
вниманием.
Кто интересуется предметом, внимание
бывает длительным и глубоким. Огромно
влияние интереса на память: интересное
запоминается легко, быстро и прочно; не-
интересное укладывается в памяти с боль-
шим трудом, легко забывается. Интерес
способствует значительному повышению
работоспособности.
Как показал эксперимент: при котором
возникает и развивается интерес и любовь
к учению, изучаемому предмету.
Следующие:
1.Вовлечение ученика в процесс само-
стоятельного поиска и «открытия» новых
знаний, решение задач проблемного ха-
рактера.
2.Учебный труд интересен тогда, когда
он разнообразен. Однообразные способы
действия быстро вызывают скуку.
3. Для появления интереса к изучае-
мому предмету необходимо понимание
нужности, важности, целесообразности
изучения данного предмета в целом и от-
дельных его разделов, тем.
4.Чем больше новый материал связан с
усвоенными ранее знаниями тем он инте-
реснее для обучающихся Связь изучаемо-
го с интересами уже
существовавшими ранее, тоже способ-
ствует возникновению интереса к новому
материалу
5. Обучение должно быть трудным, но
посильным. Легкий или слишком труд-
ный материал не вызывает интереса.
6. Чем чаще проверяется и оценивает-
ся работа школьников (в том числе ими
ҰЛТТЫҚ НАМЫС
118
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
самими, взаимопроверками, обучающими
устройствами, учителем), тем интереснее
им работать.
7. Яркость, эмоциональность учеб-
ного материала, взволнованность самого
учителя с огромной силой воздействуют
на учащихся, на их отношение к предме-
ту.
Краеведческий подход в методике об-
учения предполагает, с одной стороны,
усвоение учащимися в процессе изучения
родного языка жизненного опыта казах-
ского народа, его культуры, националь-
ных традиций, религии, с другой стороны,
формирование
нравственно-этических
ценностей и духовно-эстетическое воз-
действие на мысли, чувства, поведение,
поступки обучаемых. Такой подход пред-
усматривает соединение языка и культу-
ры в процессе формирования коммуни-
кативной и краеведческое компетенции
обучающихся, обогащение их словарного
запаса определённой лексикой, словами
с культурным компонентом, искусство-
ведческими терминами, развитие связной
речи, создание предпосылок общения в
социально-культурной сфере.
Реализация краеведческого подхода
предполагает использование базовых ком-
понентов краеведческой направленности,
которые в последние годы все чаще встре-
чаются в методике преподавания казахско-
го языка. Это например, такие термины и
понятия, как краеведческий фон урока,
краеведческий текст, искусствоведческий
текст и другие. Краеведческий компонент
в нашем понимании, сугубо националь-
ный специфический образ культуры наро-
да, воплощенный в слове.
При этом основой достигнутого нрав-
ственного духовного согласия стала мно-
говековая толерантность и открытая для
инновации культура казахского народа.
Она послужила тем консолидирующим
ядром вокруг которого наступает, но не
растворяется культурное многообразия
всех казахстанцев. Таким образом, в ста-
тье рассмотрено направление героико-
патриотического воспитания, краевед-
ческая работа, связь с работой музеев,
исторических мест, где все больше при из-
учении раскрывается национальная куль-
тура, национальный колорит казахского
народа.
ИСПОЛЬЗОВАННАЯ ЛИТЕРАТУРА:
1. Назарбаев Н.А. Стратегия развития Казахстана 2030. – Алматы, 2001.
2.Материалы научно-практической конференции «Основные приоритеты модернизации обще-
ства в свете послания Президента Республики Казахстана Н.Назарбаева народу Казахстана», «Че-
рез кризис к обновлению и развитию». 29 мая 2009 г.
3. Сеннок Д.С. «Духовно-патриотическое воспитание старшеклассников в процессе туристской
краеведческой работы». К.п.н. – М, 2002, с. 134.
4. Русаков Л.Ф. «Сельский музей как средство патриотического воспитания детей», к.п.н. – М,
2004, с. 1954.
5. Савинова Л.Ю. «Педагогические условия воспитания отношения к Родине», к.п.н. СПб 2003
г.с. 198.
6. Бисенбаева А.А. Патриотического воспитания казахском историческом эпосе. (Материалы
международной научной педагогический конференции). – Алматы, 2004.
7. Турызжанова Р.К. Проблемы формирования духовно-нравственной» системе образования,
азиатских стран (на примере Казахстана, Японии, Южной Корей) Казахстанская правда.
Резюме
Мақалада өлкетану, мұражай жұмысының қаһармандық-патриоттық тәрбие бағыттары
119
C
M
Y
K
қарастырылған. Осы жолда тарихи жерлерді танып білу арқылы қазақ халқының ұлттық мәдениеті
мен колориті толығымен ашылып көрсетілген.
Summary
In this paper we consider one of the directions of the heroic and patriotic upbringing of Local work
connection with the work of museums. Historic sites where the study revealed more and more the national
culture of the national color of the Kazakh people.
Достарыңызбен бөлісу: |