Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Г.Б.Мейірбекова
Халықаралық қатынастар және құқықтану
 факультетінің азаматттық құқық және азаматтық іс жүргізу 
            кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АУЫЗША СОТТЫҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ 
ДАМУЫ
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
Шешендік  –  ұлы  өнер.  Оны  игеру, 
оған  ие  болу  оңай  іс  емес.  Сондықтан 
да  шешендерге  артылар  жауапкершілік 
пен  қойылатын  талап  та  үлкен.  «Қазақ 
тілінің  түсіндірме  сөздігінде»  шешенге 
төмендегідей анықтама берілген:
1. Тілмар, тапқыр.
2.  Ресми  жиындарда  шығып  сөйлеуші 
(оратор)  [1.  55  б].  Шешендік  өнерді  «тіл 
өнері  мен  сөйлеу  мәдениетінің  шыңы» 
деп  бағалай  отырып,  ғалым  М.Балақаев: 
«Шешендік  –  дарындылық.  Ол  тілі  ғана 
емес,  ойы  да  жүйрік  кісілерге,  тілдік 
сезімі күшті адамдарға тән қасиет», – деп 
бағалайды [2. 34 б]. 
Егер  Рим  ораторларында  белгілі  бір 
ережені,  қағиданы    есте  ұстау  қабілеті 
болса, қазақ шешендерінде тіл мен ойдың 
тоғысқан  жүйріктігі,  табиғи  тапқырлық 
фәлсафасы,  табан  астынан  суырыпсалу, 
қысқалығы, нұсқаулығы басым келетіндей 
еді.  Дала  демосфендерінде  арнайы  ау-
дитория,  сенат  алаңы  болған  жоқ-ты. 
Көктөбенің басында күнде жиын демекші, 
қазақтың  кең  даласының  өзі  ұланғайыр 
ұлы аудиторияның өзі еді.
Жалпы, ауызша шешендік сөйлеу өнері – 
өмірдің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың 
айнасы іспетті нәрсе.
Қоғамда  болып  жатқан  неше  алуан 
өзгеріс,  жаңалық  атаулының  бәрі  осы 
шешендік сөйлеу өнерінен орын тебеді де, 
содан соң халық мұрасына айналады.
Қазақ халқының басынан өткен тарихи 
дәуірлер  ізі  әрдайым  тілімізде  сақталып, 
бізге жетіп отырған. Әсіресе, билердің ау-
ызша соттық шешендік сөздерінің көптеп 
табылуы  зерттеушілерді  осындай  ойға 
жетелейді.
Шешен  бір  уақытта  өзімен  өзі  не-
месе  бір  адаммен  сөйлесіп  тұрғандай 
сыр  аңғартады.  Бұл  әдіс  әр  шешеннің  өз 
тәсіліне, оралымына байланысты жай. Сөзі 
кезінде салмақтап, кезінде жеңілденіп ой-
ната білу, ойлата білу қас ісмердің қолынан 
келмек. Қазақ халқында шешендіктің ар-
найы мектебі, оқулығы, ұстаздары болған 
жоқ,  қазақ  шешендері  мен  билерінің 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

120
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
сөздері нағыз табиғи таланттан туған ту-
ынды  құбылыс  еді.  Сондай-ақ,  билердің 
шешендік  сөздері  жазбаша  түрде  айты-
лып, жазылып отырылған жоқ, оны қазақ 
халқы  көкірегінде  сақтап,  келер  ұрпаққа 
бере, тарата білді. 
Соттық  шешендік  сөйлеу  өнері  осы 
халықтың  тілімен,  шешендік  негізінде 
пайда  болды.  Өйткені,  қазақ  халқының 
тілі сұлу, қонымды да тілімді тіл. Осы тіл 
арқылы кестеленіп өрнектелген, өшпейтін, 
өлмейтін ғажайыптар туындап, асыл мұра 
сарқылмас  алтын  сандық  –  шешендік 
сөздер ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр...
Қазақ қоғамында би боламын деген адам 
жеке қасиеттерімен танылып қана қоймай, 
бірқатар сатылардан өтетінін С.З.Зиманов 
саралай  келе,  «Далада  әділеттің  ақ 
туын  желбіретер  биге  табиғат  берген 
қасиеттерден басқа шешендік, сөзуарлық, 
ақыл-парасат,  қызыл  тілде  ешкімге  дес 
бермеу  және  де  «Қасым  ханның  қасқа 
жолында»,  «Есім  ханның  ескі  жолында», 
«Әз Тәукенің «Жеті жарғысында» көрініс 
тапқан «Дала заңының» негізгі қағидалары 
мен нормаларын жатқа білуі, өзіне дейінгі 
атақты  билердің  үлгілі  сөзінен  нәр  алуы 
секілді  талаптар  қойылатынын  айтады» 
[3. 32 б]. 
Тегінде  «Жеті  жарғы»  заңы  Төле  би, 
Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әйтеке,  Әз  Тәуке 
ханнан ғана басталмаған сияқты, негізінде 
Майқы би заманынан бастау алып, «Қасым 
ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жо-
лымен» ұласып, бір хан, үш бидің тұсында 
іргеленіп,  шаңырағын  биік  көтергенге 
ұқсайды. Төле бидің, сол сияқты Қазыбек, 
Әйтеке билердің кемеңгер ойшылдығы мен 
сұңғыла  шешендігін  дәлелдейтін  мысал-
дарды  жинастырып,  кітап  етіп  шығарған 
әдебиетші  ғалымдар  көп.  Атақты  осы 
үш  бидің  ауызбіршілігі,  бірін-бірі  қадір 
тұтқан  асыл  достығы  тарихтан  тарихқа 
жетіп, олардың ұрпақтары бізге өнеге бо-
луда. Билер тарихында аттары қатар ата-
латын осы үшеуін өз дәуірінде елін, жерін 
шапқыншы  жаудан  бірлесіп  қорғаған 
қолбасшы билер ретінде, халықтың бірлігі 
мен  ынтымағын  сақтауда  өздері  ісімен 
де,  сөзімен  де  үлгі  бола  алған  көсем  би-
лер  ретінде,  адамгершілік,  парасаттылық 
келбетін  өзара  және  өзгелермен  болған 
сөз  сайыстарында  таныта  алған  ұлы  би-
лер  ретінде,  хандарға  ата-баба  намысын, 
дәстүр-салтын  сақтаған  заң  шығартуда 
бір ауыздан келісілген ақыл-кеңес берген 
көреген  билер  ретінде  дәріптеуге  бола-
ды. Қазақ халқының бұл үш биі ел басы-
на  күн  туған  қысылтаяң  кездерде,  билер 
кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той 
тұсында  да,  жер  дауы,  жесір  дауы,  құн 
дауы  көтерілген  жерлерде  де  бірге  бас 
қосып, бірге шешісіп келген. 
Өйткені «Қазақ шежіресі» атты кітапта 
Майқы  бидің  уақытындағы  заң  жобасы 
өлең түрінде беріліпті:
Барымта туралы
Біреудің малын алса барымталап,
Жұмысы тура болса барынша нақ.
Ыңғайымен тоқтам қып түзеткен жөн,
Жүйесі кім таласар табылса нақ.
Барымта алар бітім ала алмаған,
Келмес-ау деп ойланып залал маған.
Жалған болса себепсіз о да ұрлық,
Өз обалы өзіне арандаған.
Куәлік туралы
Халықта әрбір түрлі дау болады,
Шешпесе даудың арты жау болады.
Әр біреуі өз ісін тура, – дейді,
Таластан қалай адам сау қалады?!
Таразы сөзді өлшейтін шындық керек,
Кейбіреу дауға шебер нау болады.
Кезінде ушықтырмай шешпеген іс,
Үйіліп бара-бара тау болады.
Би керек осыларды шешетұғын,
Туралап әділ билік ететұғын.
Зұлымдыққа жол беріп кеңдік етсек,
Көзінің ноғаласы өсетұғын.
Зәр жұтқанын біле алмай, бал жұттым 
деп,
Құрсағын бара-бара тесе тұғын [4. 3 б].
Әділдік  туын  нық  ұстаған  билер,  өз 
амал-әрекеттерін 
халық 
мүддесімен 
ұштастыра  білді.  Осының  нәтижесінде 

121
C
M
Y
K
«сот  билігі  далалықтардың  мемлекеттік 
өмірінің символы іспеттес еді және ондағы 
мемлекеттік биліктің жалпы көрінісі, оның 
қолданылуының  және  іске  асуының  ең 
қолайлы да ұтымды, жедел де арзан, тіпті 
әмбебап десе болғандай нысаны (құралы) 
еді. Сондықтан да, қоғамдағы мемлекеттік 
органдардың барлығы дерлік өз алдарында 
тұрған  мақсат-міндеттерді  шешуге  және 
өз  қызметтерін  атқару  барысында  соны 
пайдалануға тырысатын немесе соған арқа 
сүйеп бағатын» [5. 99 б] еді.
Халық  қамын  ойлаған  хандармен 
билердің терезесі тең болған. «Қара халыққа 
хан ие, қара жерге халық ие, Хандығыңды 
бер де, жерді ал, хандығыңды қимасаң жер-
де нең бар!» деп билік шығарған билердің 
төрелігіне ханның өзі құлдық ұрған [6. 46 
б]. 
Бір  ауыз  сөзге  тоқтаған,  «Сөз  қадірін 
өз қадірім» деп түсінген  елдікті сақтаған, 
ерлікті тудырған Әз Жәнібек, Әз Тәукеден, 
Абылайдан жеткен билік жүйесі, сондай-
ақ,  қазақ  билерінің  сөз  сайысын  «Ердің 
құнын  екі  ауыз  сөзбен  бітіретін»  деп 
сипаттаған  поляк  А.Янушкевич,  даңқты 
дала Демосфендері мен Цицерондары деп 
таныған  қазақтың  атақты  билері  Төле, 
Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әйтекенің  атақ-
даңқтары  сол  кезде  шыққан,  олардан 
қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген 
емес. Олар бүгінгі ұрпақ, біздерге өңделе, 
жаңара  жетіп  отыр,  –  дейді  шешендікті 
зерттеген ғалым Б.Адамбаев.
Билер  ешқандай  атақ  дәрежесіз, 
байлықсыз,  бойларына  біткен  дарынды 
шешендік  сөйлеу  өнерлерімен  билік  айта 
отырып, қазақ даласына зыңдан, ешқандай 
түрме атауларын кіргізбеген.
Өздерінің  билік-кесім-шешімдерімен, 
екі  жақты  татуластырып,  бітімгершілік 
келісімге  келтіріп  отырған.  Олардың  бұл 
қасиеті ұрпақ тәрбиелеу қызметінде де ролі 
зор болған. Билердің осы қасиетінен үлгі-
өнеге алсақ, бүгінгі таңда парықсыздық өріс 
алып,  күннен-қүнге,  әсіресе  жастар  ара-
сында қылмыс пен бұзақылық етек жайып 
тұрған уақытта ауылдық жерлерде, аудан 
орталықтарында  көнекөз,  ауыл-аймаққа 
сөзі өтетін, беделді қарт ардагерлерімізден 
билер тобын ұйымдастырсақ жастарымыз-
да  жөн-жосығы  жоқ,  жаман  әрекеттерге 
бармас па еді. Жастық қателіктерінен ерте 
бастан колониялар мен бас бостандығынан 
айыру мекемелеріне түспес еді. Сондықтан, 
өткен  тарихымыздан  сабақ  алып, 
оны  ұрпақ  тәрбиесіне  жұмылдырсақ, 
болашақта  ұлағатты  да  парасатты  ұрпақ 
қана  емес,  өшіп  бара  жатқан,  қанымызда 
бар  шешендік  сөйлеу  өнерімізді  қалпына 
келтірер едік  деген  замандастарымыздың 
жанайқайына менде қосылар едім...
Бұл  тек  заңгерлердің  ғана  емес,  бүкіл 
жоғарыда  отырған  игі  жақсылардың  да 
бірінші  кезектегі  көтерер  мәселесі  болу 
керек.
Оның  үстіне  осы  кезге  дейін  бірде 
бір  жоғарғы  оқу  орындарында  сот,  ад-
вокат,  прокурорлардың    сот  отырысын-
да  шешендік  өнерін    дамытатын  пән  де 
тиісті  дәрежеде  өтілмейді.  Соттық  рито-
рика деген пән негізі теориялық пән емес, 
практикалық  пән  ретінде  өтуілі  керек. 
Негізі, заң факультеттерінің студенттеріне 
казіргі  кездегі  кредиттік  жүйе  зиянын 
тигізбесе, пайдасы жоқ. Өйткені мектептен 
бастап, жоғарғы оқу орындарындағы сынақ, 
емтихандардың  барлығы  тест  түрінде 
өтеді. Бұл олардың сөйлеу қабілетін ғана 
емес,  ойлау  қабілеттерін  де  жояды.  Бара-
бара бала жаттанды компьютер тәрізді бір 
ғана сөзді айта алады да, сөйлеуді ұмытады. 
Бұл  дегеніміз  өзіміздің  ата-бабаларымыз 
сияқты  болашақ  ұрпақтарға  қалдыратын 
шешендік  өнер  мен  тәлім-тәрбиелік  үлгі-
өнегеден артымызда ешнәрсе қалдыра ал-
маймыз деген сөз. Яғни, тарихта тек жазу-
шылар мен ақындардың ғана айтқандары 
мен аты қалады да, ал заңгерлердің  «тек 
қана  осындай  заңгерлер  болған»  де-
ген  аттары  ғана  қалатын  сияқты,  егер 
қалса... Сондықтан бүкіл оқу орындарын-
да  кіргізілген  кредиттік  жүйе  тек  қана 
техникалық, медициналық, экономикалық 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

122
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
мамандар  әзірлейтін  оқу  орындарына 
қажет болғанымен, заңгерлерге түк қажеті 
жоқ  жүйе.  Заңгерлерге  сөйлеу,  ойлау 
өнерлері ең басты керек  те қажет нәрсе.
Сондықтан,  ежелден  келе  жатқан  ата-
лы  дәстүріміз  –  шешендік  өнерді  қайта 
қалпына  келтіріп,  оны  жаңа  талап,  жаңа 
мақсат-мұратқа    сай  игілігімізге  айнал-
дырып,  ұрпақ  тәрбиелеу  ісіне,  болашақ 
мүддесіне  пайдалану  ләзім.  Шешендік 
дау  Б.Адамбаевтың  айтқанындай,  қазақ 
қауымының  материалдық  және  рухани 
даулы  мәселелерін,  қылмысты  істерді 
шешетін  ежелгі  әдет  заңы.  Мұндай  дау-
ларда ұту үшін жүйрік ой, жүйелі сөздің 
маңызы зор болған.
Халқымыздың  біртуар  ұлдарының 
бірі,  ұлы  ғалым  Шоқан  Уәлихановтың 
сөзімен  айтсақ:  «Халық  үшін  жоғарыдан 
бекітілген заңдарға қарағанда өзіне таныс, 
өзімен  бірге  жасасып,  соның  ықпалымен 
өсіп, тәрбиеленіп келе жатқан заң қашанда 
жақсы,  тиімді  болатындығына  ешбір 
күмән жоқ» [7. 152 б].
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі». – Алматы,1966. - 240 б.
2.Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы, 1965. - 187 б.
3.Зиманов С.З. Қазақтың Ата Заңдары және оның бастаулары.//Қазақтың Ата Заңдары, І-том, А., 
2005, - 35 б.
4.Дәуітұлы С. Төле би.//Жетісу, № 36, 03.09.1992. - 3 б.
5.Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы, 1997. 
- 240 б.
6.Адамбаев Б. Алтын сандық. – Алматы, 189. - 196 б.
7.Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, 1985. - 560 б.
Резюме
В статье  рассматривается роль  и значение ораторского исскуства речи будущих юристов Ка-
захстана в суде, в период   который долгое время развивался за счет наших предков Толе би, Казы-
бек би, Айтеке би.  
Summary
The article considers the role  and importance  of  aratory  art and speeches of Kazakhstan  next  lowyers 
in court, in the period  who a long   time developed  for account  ours Tole bi, Aiteke bi, Kazbek bi. 
Ү.Қ.Олжабаева –
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
БАЛАҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ҚАСИЕТ
Жылдағы оқу жылы мектеп оқушылары 
үшін  өте  жауапкершілігі  мол,  қиын  да 
қызықты  сәттермен  басталды.  Бастауыш 
мектептен кейінгі жоғары сынып оқушысы 
атанып, тек бір-ақ мұғалімнің қарамағында 
оқып  келген  оларға  15  пән  жүретін  бол-
са,  15  мұғалім  оқытып,  әр  пәннің  өзінің 
кабинеттеріне  барып  оқу  және  жоғарғы 
сынып  оқушыларымен  аралас  жүру  олар 
үшін  үлкен  жаңалық,  әрі  қызық  болды. 
Бұл кезеңде олардың мінез-құлқы, барлық 
жағдайы өзгеріске ұшырайды десек бола-

123
C
M
Y
K
ды.  Дәл  осы  кезеңде  ұстаздардың  үлкен 
көмегін қажет ететін оқушылар пайда бо-
лады.  Бұл  кезеңде  ұлттық  тәрбиеге  баса 
көңіл бөлу керек. 
«Балаға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие 
берілу  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім 
–  адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте 
оның барлық өміріне апат әкеледі» деп әл-
Фараби атамыз айтқандай, тәрбиесіз білім 
алу мүмкін емес. 
Қазақта «Адам ұрпағымен мың жасай-
ды»  деген  қасиетті  сөз  бар.  Бала  өмірдің 
жалғасы,  жанұяның  жемісі,  берер  гүлі, 
алтын  діңгегі.  Үйде  ата-ана,  мектепте 
ұстаз бала жүрегіне жол табатындай көзге 
көрінбейтін нәзік жіпті үзбей жандандыра 
байланыс жасау керек. 
Халқымыз «Ұстазға қарап, шәкірт өсер» 
деп ұстаз қауымына үлкен жүк артады. Ал, 
ұстаз үшін ең үлкен бақыт – өз еңбегінің 
жемісін жақсы жақтарынан көру болып та-
былады. 
Сондықтан,  ата-ана  да  баласына  білім 
беріп,  өмірге  дұрыс  нұсқау  беретін  ұстаз 
еңбегін бағалайды. 
Бүгінгі күннің негізгі мәслелерінің бірі 
балаға  ұлттық  негізде  тәрбие  беру.  Әр 
ата-ана өз баласына тәрбие бере отырып, 
өзінің  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін 
ұмытпау керек. Ұлы Абай атамыз айтқандай 
«Үш-ақ нәрсе адамның Қасиеті ол: ыстық 
қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек». 
Бала,  ата-ана,  мектеп  болып  бірлесіп 
жұмыс  атқарсақ,  үлкен  нәтижеге  қол 
жеткізеріміз анық. Осы істің терең тамыр-
лануына сіз бен біз себепшіміз. Әдептілік, 
кішіпейілділік,  сезімталдықты  жүрегіне 
ұялататын  жас  ұрпақ,  болашағымыздың 
ертеңі  алдымызда  отыр.  Сондықтан  ата-
аналарды  қатыстыра  отырып,  үлкендерді 
құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу және ата-
ана,  ұстаз,  бала  арасындағы  ынтымақты 
нығайту, туған жерге, елге, Отанға деген 
сүйіспеншіліктерін  арттыру  мақсатында 
«Туған  жерім  –  менің  Қазақстаным», 
«Ата-баба  дәстүрін  ұмытпайық»,  «Бала-
біздің  болашағымыз»,  «Салт-дәстүрді 
үйренейік»  т.б.  көптеген  тақырыптарды 
сынып  сағаттарын,  ата-ана  жиындарын 
өткізіп,  пікір  алысып,  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрыпты насихаттаудың маңызы зор. 
Халқымыздың  тағылымына  ден  қоя 
отырып, ұлттық дәстүрді дәріптеу, үйрету 
міндетіміз. Ынтымақ бар жерде тәрбие де 
бар, береке де болады.
Балаларымыздың  жарқын  болашағы 
үшін, оның мәнді болуына, ерінбей еңбек 
етіп,  шаршамай  ат  салысуымыз  керек. 
Көздеген  мақсатымызға  жету  ата-ана, 
ұстаз қауымының төл міндеті деп білемін. 
«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  демекші, 
бала  тәрбиесі  жөнінде,  әсіресе,  ұлттық 
тәрбиені нақты берсек, еңбегіміз зая бол-
мас.  
Ш.Т.Шангереева –
Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ
 
ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӨРІНІСІ
Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында 
қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі 
дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді 
жастар бойына қалыптастыру, оны ұтымды 
пайдалану  аса  маңызды  міндеттердің 
біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-
ақ,  ұлттық  мәдениеттің,  әдебиеттің, 
тілдің,  халықтық  педагогиканың  тағдыры 
мен  болашағы  да  мектептегі  жас  ұрпақ 
тәрбиесіне байланысты. 
Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буы-
ны  және  өзінше  бір  кішігірім  ұжым.  Көп 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

124
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
ұлтты  мемлекетіміздің  негізі  осы  шағын 
ұжымдардан  қаланады.  Осы  жағынан  кез 
келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп 
түсінеді. Тәрбиедегі басты бағыт делінген 
тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында:  “Әрбір 
адам  ең  алдымен,  өз  халқының  перзенті, 
өз  Отанының  азаматы  болу  керек  екенін, 
ұлттық  болашағы  тек  өзіне  байланысты 
болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осын-
дай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық  әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар 
арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ 
басып, өз халқының мәдени игілігін басқа 
халықтарға жақын да түсінікті ете алады. 
Сондықтан, әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің 
тағдыры мен талаптарын, объективті фак-
торлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты 
өмірге  даярлап,  оларды  жинақталған  бай 
тәжірибе  негізінде  тәрбиелей  отырып, 
өзінің  ата-аналарының  рухани  мұрасын 
игере түсуі керек” екені айтылған. Қазіргі 
кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың 
тұрақсыздығы,  тұрмыстағы  күйзеліс, 
ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, 
адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, 
білімге,  адал  еңбекке  деген  ынтасының 
азаюы,  отбасын  құруға  жауапкершілікпен 
белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен 
қатыгездіктің  бел  алуы  т.б.  мәселелері 
жастар  тәрбиесіне  жаңаша  қарауды  талап 
етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының 
әріден келе жатқан мәдениетін және білім, 
тәлім-тәрбие  беру  жүйесінің  негіздерімен 
жан-жақты  танысу  бүгінгі  күннің  басты 
бағдары, талабы десек  те болады. 
Көне  заманнан  келе  жатқан  таным-
түсінік,  әдеп-тағылымдарын  ұғыну,  білу 
және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – 
жастардың туған халқына деген құрметінің 
артып және өнегенің рухани түлей түсуіне 
ықпал  етеді.  Былайша  айтқанда,  елінің 
тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы 
көп  болмыс-білімін  ұғыну  халқына  деген 
сүйіспеншілігі  мен  патриоттық  сезімінің 
қарқынды  түрде  жетіле  түсуіне  әсерлі 
ықпал  етумен  қатар,  бұл  нәтижелі  сапаға 
айналады. 
Қазақта  “үйлену  оңай,  үй  болу  қиын” 
дегендей  үйленіп,  үй  болу  адам  өмірінің 
ұмытылмас  кезеңі.  Оның  да  өзіндік 
қызығы  мен  қиындығы  бар.  Қазақ  халқы 
қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, 
басқа  халықтар  сияқты  думаншыл, 
сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері 
қалыптасып  келе  жатқан  дәстүр  бойын-
ша,  қазақ  халқында  отау  тігудің  әр  түрлі, 
рет-ретімен  орындалатын  салт-дәстүрлері 
өте  көп.  Отау  тігу  дәстүріне  көрік  беріп, 
қызықты  әрі  мағыналы  ететін  –  салт-
дәстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру 
әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті.
Қазақ  табиғатында  отбасы  иелері 
балаларының 
алдында 
өздерінің 
тіршілік  әрекетінде  барлық  адамгершілік 
қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның 
басты себебі, “ұлдың ұяты әкеде, қыздың 
ұяты  шешеде”  деп  бағалағандықтан. 
Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен 
салтқа  бейімдеп,  шеше  көріп  тон  пішуге, 
әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осы-
лайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан 
күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ 
жастары  тәрбиені  мектеп  пен  медреседе 
оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден 
үлгі-өнеге алған. 
Қазақ  халқының  тарихы  дәстүрге  өте 
бай.  Отбасы  үшін  ежелден  тән  қасиетті 
балажандық,  балаларды  еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық 
кең  байланыс,  көршілермен  және  ұлты 
басқа  халықтармен  достық,  ізгілік 
қатынастар  осының  бәрі  қазақ  халқының 
тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ 
қыз-келіншектері  мен  ер  азаматтарының 
бойында  өзге  халық  өкілдерінің  бойынан 
көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай 
көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік 
пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, 
ата-ана  құқықтары  қыз  беріп,  қыз  алу, 
құда  түсіп,  құдалы  болу,  қазақ  некесінің 
ерекшеліктері,  қалың  мал  мәселесі,  бата 
бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, ми-
рас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері 
мен  соған  қатысты  қағида  ерекшеліктері 

125
C
M
Y
K
жайында мағлұматтардан қазақ халқының 
отбасына  ерекше  мән  бергенін,  шаңырақ 
шайқалып,  босаға  босамауына  назар 
салғанын көреміз. 
Жас  отаудың  пайдасына  асатын  әдет-
ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын 
ескертуден  туындап,  халқымыздың  ұлын 
үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы 
желісін  үзбей  жалғасып  келген.  Ата-
анамыз  екі  жасты  үйлендірмес  бұрын 
оларға  мынадай  шарт  қояды:  біріншіден, 
қалыңдықты  жеті  атадан  асырып  іздеу 
қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз бы-
лай  түсіндіреді:  “қандас  туыс  адамдар 
үйленсе  дұрыс  бала  туылмайды,  туыла 
қалғанның  өзінде  ғұмыры  қысқа  бола-
ды.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында 
әдепсіз,  жағымсыз  қылықтар  етек  алып, 
ынтымақ  бұзылады.  Осылайша  атақты 
қазақтар  қашанда  өзінің  баласына  басқа 
бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей 
адамдардың  қызын  айттыруға  тырысады. 
Айттыру,  құда  түсу  ежелден  келе  жатқан 
дәстүр екенін жоғарыда сипаттадық. Алай-
да  құда  болудың  бірнеше  жолдары  бар. 
Кейбір  өмірдің  ащысы  мен  тәттісін  бірге 
өткізген адамдар достықтары артып, туыс 
болғысы келсе бала өмірге келмей жатып 
құдаласуға  уәделеседі  де  “бел  құда”,  екі 
нәрестені  бесікте  жатқан  кезінен  айтты-
рып  “бесік  құда”  атанады.  Қазіргі  таңда 
көп  қолданылатын  құдалықтың  бір  түрі 
қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға 
тағып, құда түседі. Қайтадан қыз алысып, 
қыз  берісіп  құдалықты  жалғастыруды 
“сүйек  жаңғырту”  немесе  “сүйек  ша-
тыс”  деген.  Бір  кездері  құдалы  болған 
адамдар  құдалықтарын  ұзақ  жалғастыру 
үшін  қыз  берісіп,  қыз  алысады.  Бұрынғы 
замандағыдай  қазіргі  кезде  қызды  зорлап 
қосу  жоқ.  Бірақ,  ата-аналары  ақылдасып 
және  екі  жастың  келісімі  бойынша  жаса-
латын  салт.  Қалай  отау  құрғанда  да  жаңа 
түскен  келіннің  екі  жақты  жақындататын 
дәнекерлік рөлі аз емес. Келін болып түскен 
қыздың жаңа жұрттағы қадірі оның ақылы 
мен адамгершілігінде, шаруа икемділігінде, 
аналық қасиеттерінде және жарына деген 
мейір-махаббатында деуге болады. Әрине, 
бұл жастардың адамгершілік қасиеттеріне, 
алған  тәрбиесіне,  әдептілігіне  байланы-
сты. 
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына 
тән,  ана  сүтімен  сүйекке  сіңген  ізгі  әдет-
ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. 
Өз  ұлтының  өткені  мен  болашағына  бей-
жай  қарайтын  тәрбиеден  тысқары  қалған 
жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге 
құрмет  көрсету,  кішіге  ізет  білдіру,  әдеп 
сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы 
әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Кейінгі 
кезде  қазақ  әдетіне  жат,  өзін  өсіріп, 
тәрбиелеген ата-анасына қарсы сөйлеп, шет 
ел  жастарына  еліктеп  киім  кию,  шылым 
шегу "қалада оқып жатырмын" – деп, ата-
анасының  жиған-тергенінің  ырызғысын 
шашып, өздері оқу емес, жын ойнақ орта-
сында  жүрген  қыз-жігіттер  бізде  аз  емес. 
Басының  қайда  қалғанын  білмей,  баян-
сыз жар, бақытсыз ата-аналар болатындар 
осындайдан  шығады.  Казіргі  жастарды 
бұзатын теріс жолға түсіретін жәйттің бірі 
–  дүниеқұмарлық.  Жастарды  жоғарыда 
айтылған  салт-дәстүрге,  әдет-ғұрыптарға 
тәрбиелеуде. Тәрбие, ең алдымен отбасы-
нан, мектеп қабырғасында, содан соң ЖОО 
орында жүргізілу керек. Ұрпақ тәрбиесі қай 
заманда болса да күн тәртібінен түспеген. 
Оны жақсарту біз сияқты жас тәуелсіз мем-
лекет  үшін  тіпті  қажет.  Біздің  қоғамның 
шақ  иелері  мемлекетіміздің  нығайып,  аға 
буын бастаған істерді алға апарушылар со-
лар. Халық өнерін игеру – жастарды еңбек 
сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының 
тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, 
жақсы  әдет,  дәстүрлерін  жалғастыруға 
баулиды.  Ұлттық  тәжірибеміз  отбасы-
нан  басталып,  кейін  де  жалғасын  тау-
ып  жатса,  қазіргідей  қазақ  халқының 
қанында жоқ, ата-баба тәрбиесіне жат өзін 
жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп 
өсірген  асқар  тауы  әкесін  қарттар  үйіне 
өткізген,  нашақорлық  пен  маскүнемдікке 
салынғандардың шаңырағы ортаға түспес 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

126
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
еді. 
Атам 
заманнан 
жалғасып, 
ар-
ұжданымызға  ұялаған,  қанымызға  сіңген 
қастерлі  қазақ  салтын  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасатын  мұра  ретінде  кейінгі  ұрпаққа 
қалдыру  –  бәріміздің  де  борышымыз. 
Ұрпақ  тәрбиесіне  айрықша  мән  бер-
ген  ата-бабамыз  асыл  сөздің  кестесімен 
сәби  жүрегін  тербеп,  ой-санасын  игі 
адамгершілікке жетелейді. Сондықтан, кең 
байтақ  ата  жұрттан  ертеден  жас  буынға 
жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, 
шарапатты  болу  салтанатын  құрды. 
Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл 
адамзат  баласының  әу  бастан  өз  өміріне 
серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру 
сапарында  алға  ұстап  келе  жатқан  әдеп 
салттарының  ең  көкейкестісі.  Адамдар 
өздерінің  арасында  тату,  кішіпейіл,  өресі 
деңгейлес  қатынастардың  тату  болғаны 
жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. 
Дәстүрге  арқа  сүйемегеннің  көсегесі 
көгермейді  деген  атамыз.  Яғни,  отба-
сы  ауыл-аймақ,  көпшілік,  қоғам  болып 
адамдарды  тәрбиелеу  қазақ  халқының 
өмірінен  өзекті  орын  алған.  Салт-санасы, 
әдет-ғұрпы,  ойын-тойы  осы  мақсатты 
іске  асыруға  бейімделе  жүргізілген.  Ата-
бабаларымыздың, 
даналарымыздың, 
ақын-жырауларымыздың  ақыл-өсиеттері, 
ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және 
халықтың  ежелден  келе  жатқан  салт-
санасындағы,  әдет-ғұрпындағы  дәстүрлік 
тарих  тағылымдарын  өмірге  үйлесімді 
пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді 
жетілдірудің  тиімді  жолы  болуымен 
қатар,  олардың  бойына  инабаттылықты, 
мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, 
адамдық  қасиеттерді  дарытуға  игі 
ықпал  ететін  және  оның  өмірге  тез  сіңіп, 
болашақ  отбасының  тұрақтанып,  бала 
тәрбиесін жақсартып, адамдар арасындағы 
қарым-қатынас  жарасымын  көркейтіп, 
жауапкершілікті 
өркендетуге 
ықпал 
етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға 
тосқауыл  жасап,  дөрекіліктер  мен 
қатыгездіктен  тиылуға  және  әдептіліктің 
бойға  даруына  ынталандыратын  тиімді 
тәсіл.
Сондықтан  да,  жастарды  еліне,  зама-
нына  сай  тәрбиелеуде  кұш  жігерімізді 
аямағанымыз  дұрыс.  Ол  үшін  мектеп-
терге,  ЖОО-да  ұлттық  тәрбиемізді,  салт-
дәстүрімізді  үйрететін,  оқытатын  пәндер 
енгізіп,  жастарға  тәлім-тәрбие  беру  ке-
рек.  Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  күнде  жа-
старды  әдепті  де  саналы  етіп  тәрбиелеу 
үшін,  ең  алдымен,  тәрбие  ережелеріне 
сүйене  отырып,  ұлттық  дәстүрімізді, 
әдет-ғұрыптарымызды,  дінімізді,  ата-
бабаларымыздан қалған насихат мұраларын 
жастардың  санасына  сіңіре  білу  басты 
міндетіміз  болуы  қажет.  Тәрбиенің  көзі  – 
ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, 
біз  сол  насихаттың  жүргізушісіміз.  Бұған 
қоғам  алдындағы  үлкен  міндет  ретінде 
қараған жөн.
Резюме
В данной статье автор рассмотрел вопросы национального воспитания детей в казахской семье. 
Автор  намерен  более  широко  использовать  национальные  традиции  и  обычаи  в  воспитательном 
процессе. 
Summary
In given article author have considered questions of national education of children in the Kazakh family. 
Author intend to use more widely national traditions and customs in educational process.  

127
C
M
Y
K
  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес, 
тәрбие  беру  керек.  Тәрбиесіз  берілген 
білім  адамзаттың  қас  жауы,  ол  келе-
шекте  оның  өміріне  апат  әкеледі»  – 
деп,  ұлы  ғұлама  әл-Фараби  айтқандай, 
бала  тәрбиесі  орасан  маңызды  да  жау-
апты  іс.  Тәрбие  үдерісі  көбіне  өзінің 
мақсатты  сипатымен  ерекшеленеді. 
Ол  нақты  ықпалдар  бағыттарымен 
көрініп,  соңғы  мақсаттарының  саналы 
сезінуімен  анықталады,  сонымен  бірге 
өз ішіне көзделген мақсаттар мазмұнын 
және  оларға  қол  жеткізудің  құрал-
жабдықтарын  да  қамтиды.  Ал,  тәрбие 
мақсаттары қандай да қауым белгілеген 
идеялық және құндылықтық ұстанымдар 
негізінде анықталады.
Егемендікке  қол  жеткізген  Қазақстан 
Республикасының  соңғы  16  жыл  тари-
хи өмірінде болған түбегейлі өзгерістер 
қазақ 
санасында 
идеялық 
және 
құндылықты бағыт таңдауға байланысты 
едәуір  қиындықтар  туғызды.  Көпшілік 
адамдар  ұстанған  бұрынғы  мұраттар 
тартымдылығын  жоғалтты  да,  жаңа 
рухани  бағыт-бағдарлар  әлі  де  қалана 
қойған  жоқ.  Әлемдік  педагогикалық 
теория  мен  тәжірибеде  тәрбие  үдерісі 
қандай да пайым матауында қалып, билік 
мінбелеріндегілердің  көзқарастары  мен 
сенімдерінің  тәуелділілігінде  болмауы 
қажет екендігі жөніндегі пікір әлдеқашан-
ақ  қалыптасқан.  Тәрбие  қоғам  дамуын-
да  орасан  рөл  атқарады.  Ол  өз  бастау-
ын  тұрақты,  әрі  ауыстыруға  келмейтін 
идеялар мен құндылықтардан алуы тиіс. 
Сондықтан  да,  бүкіл  тәрбие  жүйесінің 
негізгі  сипатында  ғасырлар  бойы 
жинақталған  және  өмір  тәжірибесінің 
сынынан  сүрінбей  өтіп  келе  жатқан  гу-
манизм принциптері қабылдануы қажет.
Қазіргі  Егеменді  еліміздің  болашағы, 
өзін таныған, түсінігі мол, ұлтың сүйетін, 
қоғамдық  еңбегі  мен  кәсібі,  дағдысы, 
іскерлік  негіздері  қалыптасқан  рухани 
сау, табиғи мықты, жалпыадамдық және 
ұлттық  мінез-құлық  нормаларын  іске 
асыра алатын, рухани жағынан жетілген 
жан-жақты ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін 
қосатын  шәкірттер  дайындау  ұстаздар 
қауымы  мен  ата-аналардың  жалпы 
міндеті.
Әрбір  жанұяда  бала  саны  көп  бол-
са,  сол  ұрпақты  нашақорлықтан, 
маскүнемдіктен,  мейірімсіздіктен,  тас 
бауырлықтан, жатып ішер жалқаулықтан, 
теріс қылықтардан аулақ етіп тәрбиелеу 
әрбір  ата-ананың                  басты  міндеті 
екендігін естен шығармауымыз керек.
Бала  болашағын  ойлаған  әрбір  ата-
ана  тәрбие  мәселесінде  өз  тәжірибесін, 
білген-түйген, 
ұстаған 
қағидасын 
уақытпен  үйлестіре  түзетіп  өзгертіп, 
жаңартып отырған жөн. 
Біздің  қазіргі  ұрпағымыз  өзіміздің 
ұлттық  өнеріміз  бен  салт-дәстүрімізді, 
әдет-ғұрпымызды,  жалпы  айтқанда, 
асыл қазынамызды түсінбей жатыр.
Соның салдарынан имандылық, ізгілік, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет