Қаржы құралдарының әділ құны
саудасы әрбір есепті күні белсенді нарықтарда жүзеге асырылатын қаржылық құралдардың
әділ құны мәміле бойынша шығындарды шегермей, нарықтық баға кесімдері немесе дилерлердің
баға кесімі (ұзақ позицияларға арналған сатып алудың баға кесімі және қысқа позицияларға
арналған сатудың баға кесімі) негізінде анықталады.
саудасы белсенді нарықта жүзеге асырылмайтын қаржылық құралдар үшін әділ құны тиісті
бағалау әдістемелерін қолдану арқылы анықталады. Мұндай әдістемелер жақында өткізілген
коммерциялық негіздегі мәмілелердің бағасын пайдалануды, осыған ұқсас құралдардың ағымдағы
әділ құнын пайдалануды; дисконтталған ақша ағындарын талдау, не басқа да бағалау моделдерін
пайдалануды қамтуы мүмкін.
Ш
ОҒ
ы
РЛ
ан
Ды
Ры
ЛҒ
ан
Қа
РЖ
ы
Лы
Қ
ЕСЕПТІЛІК
57
Тауар-материалдық қорлар
Қайта өңдеу мақсатында пайдаланылатын шикі мұнайды қоспағанда, тауар-материалдық
қорлар екі шаманың ішіндегі ең азы бойынша есепке алында: өзіндік құны және ФиФО әдісі
бойынша сатудың таза құны. Қайта өңдеу мақсатында пайдаланылатын шикі мұнай орташа
есептелген құн әдісі бойынша есепке алынады. Құны қорларды межелі жеріне жеткізумен
байланысты әдеттегі қызмет барысында келтірілген барлық шығындарды және оларды ағымдағы
жай-күйіне келтіруді қамтиды.
Шикі мұнай және мұнай өнімдерінің құны оларды сатып алудың
өзіндік құны, өндірістің орташа көлемі негізіндегі тозуға, сарқылуға және амортизацияға жұмсалған
шығындардың тиісті бөлігін және үстеме шығыстарды қоса алғанда, мұнай өнімдерін қайта өңдеудің
өзіндік құны болып табылады. Мұнай және мұнай өнімдерін таза сату құны осындай сатумен
байланысты шығыстарды алып тастағандағы, болжамды сату бағасына негізделеді.
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
ақша қаражаттары және олардың баламалары кассадағы қолма-қол ақшаны, талап етілгенге
дейінгі салымдарда жатқан қаражаттарды, бастапқы өтеу мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа
мерзімді өтімділігі жоғары инвестицияларды қамтиды.
Резервтер
егер топтың өткен оғиға нәтижесінде туындаған ағымдағы міндеттемесі (заңды немесе
тәжірибеден шығатын) болса, осы міндеттемені өтеу үшін қажетті экономикалық пайдалардың
жылыстауы ықтимал болып табылады және осындай міндеттеме сомасын сенімді бағасы алынуы
мүмкін. егер топ резервтердің кейбір бөлігін немесе тегістей өтеуді, мысалы, сақтандыру шарты
бойынша, өтемақысын алуды болжамдаса, өтеу өтемақысын алу күмәнді болмайтын жағдайда ғана
жеке актив ретінде танылады. резервке жататын шығыс, өтеуді алып тастағанда, жиынтық залал
туралы есепте көрсетіледі. егер ақшалардың уақытша құн әсері айтарлықтай болса, резервтер
ақшалардың ағымдағы уақытша құн нарығын, сондай-ақ, мүмкіндігінше, міндеттемеге жататын
тәуекелдерді көрсететін салықтарды төлеуге дейінгі ставка бойынша болашақ ақша ағындарын
дисконттау арқылы айқындалады. дисконттауды қолданған кезде, резервтегі ұлғайту уақыт өте келе
қаржылық шығындар ретінде танылады.
Пайдаланудан шығару бойынша міндеттемелер
Пайдаланудан шығару бойынша шығындар есептік ақша ағындарын пайдалану арқылы
есептелген міндеттемелерді реттеуге жұмсалған күтілетін шығындардың дисконтталған құны
бойынша есепке алынады және аталған активтің бастапқы құнының бір бөлігі ретінде танылады.
ақша ағындары пайдаланудан шығару бойынша міндеттемелерге тән тәуекелдерді көрсететін
салық салғанға дейінгі ағымдағы ставка бойынша дисконтталады. дисконттау әсері туындайына
қарай шығыстар есебіне жатады және жиынтық залал туралы есепте қаржылық шығындар
ретінде мойындалады. Пайдаланудан шығару бойынша болжамды болашақ шығындар жыл сайын
қайта қаралады және, қажеттілігіне қарай, түзетіледі. күтілетін болашақ шығындардағы немесе
қолданылатын дисконттау ставкасындағы өзгерістер активтер құнына қосылады немесе шегеріледі.
Қоршаған ортаны ластау бойынша міндеттемелер
ағымдағы немесе болашақ табыстарға жататын қоршаған ортаны ластау бойынша шығыстар
шығыстар ретінде танылады немесе тиісінше капиталға айналдырылады. өткен оқиғалар
нәтижесінде туындаған ағымдағы жағдайға жататын, ағымдағы немесе болашақ түсімдерге ықпал
етпейтін шығыстар шығыс ретінде танылады.
топта қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау бойынша, сондай-ақ
экологиялық немесе операциялық лицензиялар нәтижесінде туындаған қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі кез келген міндеттемелері бойынша саясаты бар.
заңнамалық нормалар мен ережелерді
сақтау мақсатында, топ тиісті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес келетін мониторинг
механизмін әзірледі. Оның үстіне, инвестициялық жоспарлар қоршаған ортаны ластау жөніндегі
міндеттемелер бойынша қандай да бір белгілі болашақ экологиялық талаптарды көрсету мақсатында
түзетіледі. аталған шығыстар қоршаған ортаны қорғаудың тиісті саласын зерттеу негізінде
бағаланады.
экологиялық оңалту жөніндегі міндеттемелер бойынша шығыстар экологиялық сараптама
немесе жергілікті жерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар ықтимал болған кезде танылады,
сондай-ақ ілеспе шығыстар шынайы бағалануы мүмкін. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес аталған
резервтерді тану кезеңі – бекітілген жоспар бойынша міндеттемені тану немесе, жұмыс істемейтін
учаскелерді жою немесе жабу кезеңі, қайсысы бұрын орындалатындығына қарай сәйкес келеді.
жылдық есебі'
2012
58
«ҚазМұнайГ
аз» – қайта өңдеу және марк
етинг»
аҚ
Жалға алу
жалға алу мәміле болып табылатындығын, не олардың жалға алу белгілерінен тұратындығын
анықтау оның туындау күні жасалған мәміленің мазмұнын талдауға негізделген. бұл ретте келісімді
орындау белгілі бір активті пайдалануға қатысты екендігі және осы мәміле нәтижесінде активті
пайдалану құқығы берілетіндігі анықталады.
Операциялық жалға алу бойынша төлемдер жиынтық залалдар туралы шоғырландырылған
есептегі шығыс ретінде жалға алу мерзімі ішінде біркелкі танылады.
жалға алу шарты жалға алу объектісіне меншік құқығымен байланысты, жалға алушының
пайдасына барлық тәуекелдер мен пайдаларды іс жүзінде ауыстырған жағдайда қаржылық жалға
алу ретінде жіктеледі. барлық өзге жалға алу шарттары операциялық жалға алу ретінде жіктеледі.
топ қаржылық жалға алу объектілері болып табылатын және сатып алу күні әділ құны бойынша
танылған активтерге ие.
жалға берушінің тиісті міндеттемесі бухгалтерлік баланста қаржылық жалға алу бойынша
міндеттеме ретінде көрсетіледі. жалға алу бойынша жалпы міндеттеме сомасы мен сатып
алынған активтердің әділ құны арасындағы айырманы білдіретін қаржылық шығыстар, әрбір
есепті кезең ішіндегі міндеттемелер сомасының қалдығына жұмсалған шығыстарды үнемі тұрақты
түрде танылуын қамтамасыз ету үшін тиісті жалға алу кезеңі ішінде жиынтық залал туралы
шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
жалға алынған активтер активті пайдалы қолдану кезеңі ішінде амортизацияланады. алайда,
егер топқа жалға алу мерзімінің соңында активке меншік құқығы берілетіндігіне негізделген
сенімділік болмаған жағдайда, актив келесі кезеңдердің ішіндегі ең қысқа мерзімі ішінде
амортизацияланады: активті пайдалы қолданудың есепті мерзімі және жалға алу мерзімі.
Операциялық жалға алу бойынша төлемдер жиынтық залал туралы шоғырландырылған есепте
шығыс ретінде барлық жалға алу кезеңі ішінде біркелкі танылады.
Түсімді тану
егер топ экономикалық пайда алуы мүмкін және егер түсім сенімді бағалануы мүмкін болса,
түсім танылады. түсім жеңілдіктер мен өзге де салықтарды немесе сатудан алынатын баждарды
шегеріп тастағанда, алынған сыйақының әділ құны бойынша бағаланады. түсімді қаржылық
есептілікте тану үшін мынадай өлшемдер орындалуы тиіс:
Тауарлар сату
Шикі мұнайды, мұнай өнімдерін, газ және өзге де тауарларды сатудан түскен табыстар, тауар
жеткізілгенде және тәуекелдер мен меншік құқығы сатып алушыға берілген кезде танылады.
Қызметтер көрсету
тасымалдау бойынша, агенттік сыйақы бойынша қызметтер және өзге де қызметтер сияқты
ұсынылған қызметтерден алынған табыстар қызметтер көрсетілген кезде танылады. агенттік сыйақы,
бұл табыс алынған кезең болып табылғандықтан, шынайы активті сату жүзеге асырылған кезде
табыс ретінде танылады.
Сыйақы бойынша табыс
табыс пайыздар есептелуіне қарай (қаржылық құралды болжамды пайдалану мерзімі ішіндегі
күтілетін болашақ ақша ағындарын қаржылық активтің таза баланстық құнына келтіретін тиімді
пайыз ставкасы әдісі бойынша) танылады.
Дивидендтер
табыс топтың төлем алуға құқығы белгіленген кезде танылады.
Шығыстарды тану
Шығыстар туындаған кезеңде есепке алынады және есептеу әдісі негізінде өздері жататын
кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Табыс салығы
бір жыл ішіндегі табыс салығы ағымдағы табыс салығы мен кейінге қалдырылған салықты
қамтиды.
ағымдағы және алдағы кезеңдердегі салық активтері мен ағымдағы салық бойынша
міндеттемелер салық органдарынан өтеуге ұсынылған немесе салық органдарына төленуі тиіс сома
бойынша бағаланады. аталған соманы есептеу үшін қолданылатын салық ставкалары мен салық
заңнамасы – бұл есепті күні қабылданған немесе іс жүзінде қабылданған ставкалар және заңнама.
тікелей капиталда танылған баптарға жататын ағымдағы табыс салығы жиынтық залал
туралы шоғырландырылған есепте емес, капитал құрамында танылады. топ басшылығы салық
Ш
ОҒ
ы
РЛ
ан
Ды
Ры
ЛҒ
ан
Қа
РЖ
ы
Лы
Қ
ЕСЕПТІЛІК
59
декларацияларында көрсетілген көзқарастарды үнемі бағалап отырады, оларға қатысты тиісті салық
заңнамасы түрліше түсіндірілуі мүмкін және қажеттілігіне қарай резервтер құрады.
Кейінге қалдырылған салық
кейінге қалдырылған табыс салығы есепті күндегі активтер мен міндеттемелердің салықтық
базасы мен қаржылық есептілік мақсатындағы олардың баланстық құны арасындағы уақытша
айырмаларды анықтау арқылы міндеттемелер әдісі бойынша есептеледі.
кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша міндеттемелер, мына жағдайлардан басқа,
барлық салық салынатын уақытша айырмалар бойынша танылады:
- кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша міндеттеме гудвилді, активті немесе міндеттемені
бастапқы тану нәтижесінде, бизнесті біріктіру болып табылмайтын мәміле барысында
туындайды және операция жүргізу кезінде бухгалтерлік пайдаға, салық салынатын пайдаға
немесе залалға да ықпал етпейді; және
- еншілес компанияларға, қауымдасқан компанияларға салынған инвестициялармен, сондай-
ақ егер компания уақытша айырманы азайтуды уақыт бойынша бөлуді бақылай алса және
уақытша айырма көз жетерлік болашақта азайтылмайтындығы айтарлықтай мүмкін болса,
бірлескен қызметке қатысу үлестерімен байланысты салық салынатын уақытша айырмаларға
қатысты.
кейінге қалдырылған пайдаға салынатын табыс салығы бойынша активтер барлық шегерілетін
уақытша айырмалар, пайдаланылмаған салық жеңілдіктері мен пайдаланылмаған салық залалдары
бойынша, оған қарсы шегерілетін уақытша айырмалар, пайдаланылмаған салық жеңілдіктері мен
пайдаланылмаған салық залалдары мына жағдайларды қоспағанда, есепке алынуы мүмкін салық
салынатын пайда болатындығы айтарлықтай мүмкін болтындай дәрежеде танылады:
- шегерілетін уақытша айырмаға жататын кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша актив
бизнесті біріктіру салдарынан туындамаған, және операция жүргізу кезінде бухгалтерлік
пайдаға да, салық салынатын пайдаға немесе залалға да ықпал етпейтін активті немесе
міндеттемені бастапқы тану нәтижесінде туындайды; және
- еншілес компанияларға, қауымдасқан компанияларға салынған инвестициялармен, сондай-
ақ бірлескен қызметке қатысу үлестерімен байланысты шегерілетін уақытша айырмаларға
қатысты, кейінге қалдырылған салық активтері уақытша айырма көз жетерлік болашақта
азайтылмайтындығы және оған қарсы уақытша айырмалар қолданылуы мүмкін салық
салынатын пайда орын алатындығы айтарлықтай мүмкін болатын дәрежеде ғана танылады.
кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша активтердің баланстық құны әрбір есепті күнге
қайта қаралады және кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша активтердің барлығын немесе
олардың бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін жеткілікті салық салынатын пайдаға қол жеткізу
ықтималдығы төмен ретінде бағаланатын дәрежеде азайтылады. кейінге қалдырылған табыс салығы
бойынша танылмаған активтер әрбір есепті күнге қайта қаралады және болашақ салық салынатын
пайда кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша активтерді пайдалануға мүмкіндік беретіндігі
айтарлықтай мүмкін болатын дәрежеде танылады.
кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша активтер мен міндеттемелер, болжамданғандай,
актив өткізілетін, ал міндеттеме есепті күндегі жағдай бойынша қабылданған немесе іс жүзінде
қабылданған салық ставкалары (және салық заңнамасы) негізінде өтелетін есепті жылы
қолданылатын салық ставкалары бойынша бағаланады.
Пайда немесе залал құрамында танылған баптарға жататын кейінге қалдырылған пайдаға
салынатын салық та пайда немесе залал құрамында танылады. кейінге қалдырылған салықтар
баптары олардың негізінде жатқан операцияларға сәйкес не жиынтық табыс құрамында, не тікелей
капиталда танылады.
кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша активтер мен міндеттемелер, егер ағымдағы
салықтар мен міндеттемелерді есепке алудың бекітілген құқығы болса, бір-біріне қарама-қарсы
есепке алынады және кейінге қалдырылған салықтар бір ғана салық салынатын компанияға және
салық органына жатады.
Капитал
Жарғылық капитал
кәсіпорындарды біріктіру жағдайларын қоспағанда, тікелей жаңа акциялар шығарумен
байланысты үшінші тараптарға қызметтер көрсетуді төлеу шығындары аталған эмиссия нәтижесінде
алынған соманы азайту ретінде меншікті капитал құрамында көрсетіледі. алынған қаражаттардың
әділ құнының шығарылған акциялардың есептелген құнынан артық сомасы эмиссиялық табыс
ретінде көрсетіледі.
жылдық есебі'
2012
60
«ҚазМұнайГ
аз» – қайта өңдеу және марк
етинг»
аҚ
Бақыламайтын қатысу үлесі
бақыламайтын қатысу үлестері қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте компания
акционерлеріне тиесілі капиталдан бөлек меншікті капитал құрамында ұсынылған. еншілес
компанияның залалдары егер бұл теріс сальдоға әкеп соғатын жағдайда да бақыламайтын қатысу
үлесіне жатады.
Дивидендтер
дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және, егер олар есепті күнді қоса алғанда
соған дейін жарияланған жағдайда ғана есепті күндегі капитал сомасынан шегеріледі. дивидендтер
туралы ақпарат, егер олар есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ
шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығаруға бекіткен күнге дейін ұсынылса немесе
жарияланса, есептілікте ашып көрсетіледі.
Есепті күннен кейінгі оқиға
есепті жыл аяқталғанда орын алған, қаржылық жағдай туралы есепті дайындау күнінде болған
жағдайлар дәлелдерінен тұратын (оқиғаны түзететін) оқиғалар шоғырландырылған қаржылық
есептілікте көрсетіледі. есепті жыл аяқталғанда орын алған және түзетуші оқиғалар болып
табылмайтын оқиғалары егер олар маңызды болып табылса, есептілікке ескертпелерде ашып
көрсетіледі.
Шығарылған, бірақ күшіне енгізілмеген стандарттар
төменде шығарылған, бірақ топтың қаржылық есептілігі шығарылған күні әлі күшіне енбеген
стандарттар келтіріледі. тізімге, топтың пікірінше, болашақта қолданған жағдайда ақпараттың
ашылуына, қаржылық жағдайға немесе қызметтің қаржылық нәтижелеріне ықпал ететін
шығарылған стандарттар мен түсіндірмелер енгізілген. топ бұл стандарттарды олардың күшіне
енгізілген күнінен бастап қолдануды көздейді.
«Қаржылық есептілік: ақпарат ұсыну» – «Өзге де жиынтық табыс баптарын ұсыну»
1 ХБЕС-на түзету
1 Хбес-на түзетулер өзге де жиынтық табыс құрамында ұсынылатын баптар тобын өзгертеді.
болашақта белгілі бір кезеңдегі пайда немесе залал құрамына қайта жіктелуі мүмкін баптар
(мысалы, таза инвестицияларды хеджирлеуден түскен таза пайда, шетелдік бөлімшелер есептілігін
қайта есептеу кезіндегі бағамдық айырмалар, ақша ағындарын хеджирлеудің таза өзгеруі және
сату үшін қолда бар қаржылық активтер бойынша таза шығыстар немесе пайдалар) ешқашан
қайта жіктелмейтін баптардан (мысалы, белгіленген төлемдері бар жоспарлар бойынша актуарлық
табыстар мен шығыстар және жер мен ғимараттарды қайта бағалау) бөлек ұсынылуы тиіс.
түзету ұсынуға ғана ықпал етеді және топтың қаржылық жағдайын немесе қызметінің қаржылық
нәтижелерін қозғамайды. түзету 2012 жылғы 1 шілдеде немесе осы күннен кейін басталатын
жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді, және, демек, ол күшіне енгеннен кейін құрастырылатын
топтың алғашқы қаржылық есептілігінде қолданылатын болады.
«Қызметкерлерге сыйақы» (жаңа редакцияда) 19 ХБЕС-на түзету
ХҚес жөніндегі кеңес 19 ХҚес бірнеше түзетулерді жариялады. Олар іргелі өзгерістерден
бастап (мысалы, дәліз механизмін және жоспар активтерінің күтілетін табыстылығы ұғымын алып
тастау) қарапайым түсініктемелер мен тұжырымдамаларды өзгертуге дейін түрленіп отырады.
түзетулер 2013 жылғы 1 қаңтарда басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді.
«Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға салған инвестициялар» 28 ХБЕС
(2011 жылғы редакциясында)
жаңа стандарттарды жариялау нәтижесінде 11 ХҚес және 12 ХҚес, 28 Хбес «Қауымдасқан
компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға салған инвестициялар» 28 Хбес деген жаңа атауға ие
болды және тек қана қауымдасқан компанияларға салынған инвестицияларға қатысты емес, сондай-
ақ бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестицияларға да қатысты үлестік қатысу әдісін қолдануды
сипаттайды. жаңа редакциядағы стандарт 2013 жылғы 1 қаңтарда басталатын жылдық есепті
кезеңдер үшін күшіне енеді.
«Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өзара есепке алу» 32 ХБЕС-на түзету
аталған түзетулер шеңберінде «қазіргі кезде өзара есепке алуды жүзеге асырудың заң жүзінде
бекітілген құқығына ие» тіркесінің мәні түсіндіріледі. түзетулер сондай-ақ, олардың шеңберінде
бір мезгілдегі емес жалпы түсімдер механизмдері қолданылатын есептесу жүйелеріне (бірыңғай
клирингтік орталықтар жүйесі сияқты) қатысты 32 Хбес өзара есепке алу өлшемін қалай дұрыс
қолдану қажеттігін сипаттайды. аталған түзетулер топтың қаржылық жағдайына немесе қызметінің
Ш
ОҒ
ы
РЛ
ан
Ды
Ры
ЛҒ
ан
Қа
РЖ
ы
Лы
Қ
ЕСЕПТІЛІК
61
қаржылық нәтижелеріне ықпал етпейді деп болжамданады. түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтарда
немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты күшіне енеді.
«Мемлекет беретін қарыздар» 1 ХҚЕС-на түзету
аталған түзетулерге сәйкес ХҚес алғаш рет қолданып отырған компаниялар ХҚес өткен күні
оларда бар мемлекет ұсынған қарыздарға қатысты «Мемлекеттік жәрдем ақшаларды есепке
алу және мемлекеттік көмек туралы ақпарат ашу» 20 Хбес талаптарын перспективалы түрде
қолдануы тиіс. компаниялар, егер мұндай қарыздарды бастапқы есепке алу кезінде қажетті
ақпарат болса, мемлекет ұсынған қарыздарға қатысты 9 ХҚес (немесе 39 Хбес, қандай стандарт
қолданылатындығына қарай) және 20 Хбес ретроспективті қолдану туралы шешім қабылдай алады.
Осы ерекшеліктің арқасында, ХҚес алғаш рет қолданып отырған компаниялар оларға мемлекет
бұған дейін нарықтық ставкадан төмен ставка бойынша берген қарыздарды ретроспективті
бағалаудан босатылады. түзету 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық
есепті кезеңдерге қатысты күшіне енеді. түзету топтың қаржылық есептілігіне ықпал етпейді.
«Ақпарат ашу – қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өзара есепке алу»
7 ХҚЕС-на түзету
аталған түзетулерге сәйкес, компаниялар өзара есепке алуды жүзеге асыру құқықтары
және тиісті келісімдер (мысалы, қамтамасыз етуді ұсыну туралы келісі) туралы ақпаратты ашуы
тиіс. Мұндай талаптардың арқасында пайдаланушылар өзара есепке алу туралы келісімдердің
компанияның қаржылық жағдайына ықпалын бағалау үшін пайдалы ақпаратты иеленетін болады.
ақпаратты ашуға қатысты жаңа талаптар «Қаржылық құралдар: ақпарат ұсыну» 32 Хбес сәйкес өзара
есепке алынатын барлық танылған қаржылық құралдарға қолданылады.
ақпарат ашуға қатысты
талаптар олар 32 Хбес сәйкес өзара есепке алынуы тиіс екендігіне қарамастан заң жүзінде бекітілген
өзара есепке алу туралы бас келісімнің немесе соған ұқсас келісімнің нысаны болып табылатын
танылған қаржылық құралдарға да қолданылады. түзетулер топтың қаржылық жағдайына немесе
қызмет нәтижелеріне ықпал етпейді. түзетулер 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін
басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты күшіне енеді.
«Қаржылық құралдар: жіктеу және бағалау» 9 ХҚЕС
ХҚес жөніндегі кеңестің 39 Хбес ауыстыру бойынша жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері
бойынша шығарылған 9 ХҚес, олар 39 Хбес айқындалғандай, қаржылық активтер мен қаржылық
міндеттемелерді жіктеу және бағалауға қатысты қолданылады.
бастапқыда стандарт 2013 жылғы
1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты күшіне енеді деп
болжамданған, алайда 2011 жылғы желтоқсанда жарияланған «9 ХҚес міндетті қолдану күні және
ақпарат ашуға қойылатын өтпелі талаптар» 9 ХҚес-на түзетулерді шығару нәтижесінде міндетті
қолдану күні 2015 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. кейінгі кезеңдер барысында ХҚес жөніндегі
кеңес қаржылық активтерді хеджирлеу мен бағалаудың есепке алынуын қарастырады. 9 ХҚес
бірінші кезеңін қолдану топтың қаржылық активтерін жіктеуге және бағалауға ықпал етеді, алайда
қаржылық міндеттемелерді жіктеуге және бағалауға ықпал етпейді. аяқталған бейнесін ұсыну үшін
топ осы стандарттың олар жарияланғаннан кейінгі жобаның басқа кезеңдерімен үйлесімдікте
қаржылық есептіліктегі сомаларға ықпалын бағалайды.
«Шоғырландырылған қаржылық есептілік» 10 ХҚЕС, «Жеке қаржылық есептілік» 27 ХБЕС
10 ХҚес «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 27 Хбес шоғырландырылған
қаржылық есептіліктегі есепке алу қарастырылған бөлігін алмастырады. стандарт «Шоғырландыру
– арнайы мақсаттағы компаниялар» Пки-12 түсіндірмелерінде қарастырылған мәселелерді де
қозғайды. 10 ХҚес арнайы мақсаттағы компанияларды қоса алғанда, барлық компанияларға қатысты
қолданылатын бірыңғай бақылау моделін қарастырады. 10 ХҚес стандарытмен енгізілетін өзгерістер
басшылықтан компаниялардың қайсысы бақыланатындығын анықтау кезінде айтарлықтай көп
пайымдаулар көлемін талап етеді, демек, 27 Хбес талаптарды қолдануға қарағанда, аналық
компаниямен шоғырландырылуы тиіс. стандарт 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін
басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты қолданылады.
«Бірлескен қызмет туралы келісімдер» 11 ХҚЕС
11 ХҚес «Бірлескен қызметке қатысу» 31 Хбес және «Бірлесіп бақыланатын компаниялар –
қатысушылардың монетарлық емес салымдары» Пки-13 түсіндірмесін алмастырады.
11 ХҚес
тең шоғырландыру әдісімен бірлесіп бақыланатын компанияларды есепке алу мүмкіндігін жояды.
Оның орнына бірлескен кәсіпорындардың анықтамасын қанағаттандыратын бірлесіп бақыланатын
компаниялар үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады. стандарт 2013 жылғы 1 қаңтарда
немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты қолданылады.
жылдық есебі'
2012
62
«ҚазМұнайГ
аз» – қайта өңдеу және марк
етинг»
аҚ
«Басқа компанияларға қатысу үлестері туралы ақпаратты ашу» 12 ХҚЕС
12 ХҚес бұған дейін 27 Хбес шоғырландырылған қаржылық есептілік бөлігінде қарастырылған
ақпарат ашуға қойылатын барлық талаптарды, сондай-ақ бұған дейін 31 Хбес және 28 Хбес
қарастырылған ақпарат ашуға қойылатын барлық талаптарды қамтиды. ақпарат ашуға қойылатын
бұл талаптар компанияның еншілес компаниялардағы, бірлескен қызметтегі, қауымдасқан және
құрылымданған компаниялардағы қатысу үлестеріне жатады.
сондай-ақ ақпарат ашуға қойылатын
белгілі бір жаңа талаптар енгізілді. стандарт 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін
басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты қолданылады.
«Әділ құнын бағалау» 13 ХҚЕС
13 ХҚес бір стандартқа ХҚес сәйкес әділ құнын бағалауға қатысты барлық нұсқауларды
біріктіреді. 13 ХҚес компаниялар әділ құнды қолдануға міндетті болған кезде өзгерістер енгізбейді,
әділ құнын қолдану талап етілгенде немесе рұқсат берілгенде, ХҚес сәйкес әділ құнын бағалауға
қатысты нұсқаулар береді. Қазіргі кезде топ бұл стандартты қолданудың қаржылық жағдайға және
қаржылық қызмет нәтижелеріне ықпалын бағалайды. стандарт 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы
күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты қолданылады.
«Ашық тәсілмен өңделетін кен орнын пайдалану кезеңіндегі аршынды жұмыстарға
жұмсалатын шығындар» IFRIC 20 түсіндірмесі
бұл түсіндірме ашық тәсілмен өңделетін кен орнын пайдалану кезеңінде туындайтын шлакты
жыныстарды жоюға (аршынды жұмыстар) жұмсалатын шығындарға қатысты қолданылады.
түсіндірмеде аршынды жұмыстардан түскен пайдаларды есепке алу әдісі қарастырылады.
түсіндірме 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын есепті кезеңдерге қатысты
қолданылады. бұл түсіндірме топтың қаржылық есептілігіне ықпал етпейді.
«ХҚЕС жыл сайын жетілдіру» (2012 жылғы мамыр)
төменде атап көрсетілген жетілдірулер топтың қаржылық есептілігіне ықпал етпейді:
«Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын алғаш рет қолдану» 1 ХҚЕС
бұл жетілдіру бұрын ХҚес қолдануды тоқтатқан компания ХҚес сәйкес есептілік құрастыруды
шешті немесе міндетті екендігін, 1 ХҚес қайтадан қолдануға құқылы екендігін түсіндіреді. егер 1 ХҚес
қайтадан қолданылмаса, компания ХҚес қолдануды ешқашан тоқтатпағандай қаржылық есептілікті
ретроспективті түрде қайта есептеп шығуы тиіс.
«Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ХБЕС
бұл жетілдіру ерікті түрде ұсынылатын қосымша салыстырмалы ақпарат және, мейлінше аз
қажетті салыстырмалы ақпарат арасындағы айырмашылықты түсіндіреді. әдетте, мейлінше аз
қажетті салыстырмалы ақпарат алдыңғы есепті кезеңі ішіндегі ақпарат болып табылады.
«Негізгі қаражаттар» 16 ХБЕС
бұл жетілдіру негізгі қаражаттардың анықтамасын қанағаттандыратын негізгі қосалқы
бөлшектер мен қосалқы жабдықтар қорлар болып табылмайтындығын түсіндіреді.
«Қаржылық құралдар: ақпарат ұсыну» 32 ХБЕС
бұл жетілдіру акционерлердің пайдасына төлемдерге жататын пайдаға салынатын салық
«Пайдаға салынатын салық» 12 Хбес сәйкес есепке алынатындығын түсіндіреді.
«Аралық қаржылық есептілік» 34 ХБЕС
бұл жетілдіру аралық қаржылық есептілікте сегмент активтерінің жалпы сомалары туралы
ақпаратты ашуға қатысты талапты онда сегмент міндеттемелері туралы ақпараттың ашылуына
қатысты талаптармен сәйкестікке келтіреді.
Осы түсініктемеге сәйкес, аралық қаржылық есептілікте
ақпарат ашу да жылдық қаржылық есептіліктегі ақпарат ашуға сәйкес келуі тиіс.
бұл жетілдірулер 2013 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті
кезеңдерге қатысты күшіне енеді.
Ш
ОҒ
ы
РЛ
ан
Ды
Ры
ЛҒ
ан
Қа
РЖ
ы
Лы
Қ
ЕСЕПТІЛІК
63
4. Маңызды есеПтік бағалаулар Мен ПайыМдаулар
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ХҚес сәйкес дайындау басшылықтан есептілікте
көрсетілген активтерге, міндеттемелерге және шоғырландырылған қаржылық есептілік дайындалған
күндегі активтер мен міндеттемелерді ашуға, сондай-ақ есептілікте көрсетілген активтерге,
міндеттемелерге, табыстарға, шығыстарға және есепті кезең ішіндегі шартты активтер мен
міндеттемелерді ашуға ықпал ететін бағалаулар мен жорамалдарды қолдануды талап етеді. ең
маңызды жорамалдар төменде қарастырылған:
Достарыңызбен бөлісу: |