сақтап қалатыны сөзсіз.
Абзал ТЛЕУБАЕВ,
Тараз қаласы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімінің
басшысы
5
// «Жамбыл - Тараз» // №46 (1281), 11 Қараша 2015 Жыл //
таным
15 қараша – Валюта күні. Төл теңгеміздің шығу тарихы да тым ертеде жатыр. ал көне
шаһар Тараздағы алғашқы монеталар 1002 жылдары шыға бастаған.
ТАрАздың ТеңГе САрАйы
Бүгінгі күндері Тараздың
тіршілігіне зер салсаңыз, күннен-
күнге түрленіп, әртүрлі ғимараттар
бой көтеріп, ауқымы кеңейіп бара
жатқанын аңғарасыз. Елдігімізді
айқындайтын Қазақ хандығының
550 жылдық мерекесі жоғары
деңгейде өткеніне халық куә.
«Болар істің басына, жақсы келер
қасына» дегендей, көптеген игі
істерді жұрт болып жұмылып,
атсалысқан жайсаң жандарға
Тараз тұрғындары дән риза.
Жамбыл облысының құрылған
уақытынан бастап қазірге дейін
басқарып келген басшылары ту-
ралы мәліметтерден көзі қарақты
кісілер хабардар болуы мүмкін.
Ал біз бүгінгі мақалада осы та-
рихи қаламыздың аймағында осы-
дан мың жыл (1000) бұрын кімдер
билік жүргізді, олардың басқарған
уақыты мен есімі жазылған моне-
талар туралы ғылыми деректерге
назар аудармақпыз.
В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам,
Т.Н.Сенигова, Г.И.Пацевич
сияқты белгілі ғалымдардың
Қазақ хандығы тұсындағы ХV
ғасырда Ежелгі Тараз туралы
жинақтаған зерттеулері мен
ғылыми жаңалықтарын халыққа
жариялап жеткізу - осы сала-
да жүрген біздердің қызметтік
міндетіміз. Көне жазба дерек-
тер Тараз қаласы маңында ме-
кендеген сақ-үйсін кезеңінен
бастап қыпшақ-қазақ кезеңіне
дейінгі ежелгі тұрғындардың
мәдени тарихын, халықтың
этникалық, саяси дамуының
жүйелілігін көрсетеді. Кеңес
үкіметі тұсындағы М.Е.Массон,
А.Н.Бернштам, қазақ ғалымы
Ә.X.Марғұлан, К.А.Акишев,
К.М.Байпаков, тағы басқа
авторлардың Талас аңғары мен
Жетісудың ежелгі аумақтары ту-
ралы бірқатар еңбектері бар.
Б ат ы с Т ү р і к м е м л е ке т і
құрамына қосылу кезінде Тараз
тек Талас өңірінде ғана емес, бүкіл
Жетісуда да ірі экономикалық
орталықтардың бірі ретінде та-
нымал болған. Бұған дәлел -
Түркеш қағанының атауы бар
көптеген тиындардың табылуы.
Сондай-ақ қалада парсы және
араб тілінде сөйлеген әртүрлі
елдерден келген көпестердің
сауда-саттық жасағаны тура-
лы деректер де ке зде с еді.
Қарахандар билігі кезінде де
Тараз бұрынғыша еш өзгеріссіз
ірі сауда мен саяси орталығы
болып қала берді. М.Е.Массон,
О.И.Смирнов, А.Н.Бернштам,
М . А . Буб н о в , А . К . М а р ко в ,
М.Н.Федоров, О.Прицак зерт-
теген деректердегі монеталар
Тараздағы теңге сарайында 1002–
1173 жылдар аралығында жоғарғы
және бағынышты билеушілердің
атынан шығарылып келгендігін
айғақтайды. Мысалы, мұнда 1004-
1005 жылдары Мұхаммад ибн
Алидың бауыры Илек Насрдың
атынан монеталар шығарылған.
Сосын 1006-1007 жылдары Та-
раз қаласы оның басқа інісі Наср
Ахмад ибн Алидың билігіне
өтеді, 1008-1009 жылдары
Наср қайтыс болғаннан кейін
Таразда қайтадан Мұхаммед
ибн Алидың атынан монеталар
шығарылған. Бұл уақыттарда
олардың үлкен ағасы Туған-хан
Жетісудың билеушісі болатын.
Ахмад Мұхаммадтың қазасынан
кейін билік лауазымын Арслан-
хан қабылдап, ол 1024-1025 жыл-
дары мемлекетті басқарды, бұған
Тараздан табылған соның атынан
шығарылған монеталар куә бола
алады. 1013-1025 жылдары Тараз,
Бұқара, Шаш, Самарқандтың
бағынышты билеушісі болған
оның кіші інісі Мансур ибн
Алидың атынан шыққан моне-
талар да бар. 1026-1027 жыл-
дары Жетісудағы Туған-ханнан
Қазба жұмыстарынан табылған тиындар.
Түркістанның билеушісі Қадыр-
хан Юсуф ығысып шығады.
Қадыр-хан қайтыс болғаннан
кейін (1032 ж.) Түркістан мен
Жетісуды оның үлкен ұлы Арслан-
ханның лауазымын қабылдаған
Сүлеймен болатын. Екінші ұлы
Яған-тегін Мұхаммед Боғра-
ханның лауазымын қабылдап,
Талас пен Испиджабта билік
жүргізді, одан кейін Шашта билік
орнатты. 1039-1053 жылдары
Таразда оның атынан монеталар
соғылып шығарылған. Содан
кейінгі кезеңде Яған-тегін билік
басына келген уақытта Тараз
қаласы үлкен сауда орталығына
айналды, ал билеушінің өзі болса,
Қараханид мемлекетінің билігін
қолға алуға ұмтылды. 1056 жылы
басталған соғыста үлкен ағасы
Арслан-ханмен бірге 15 айдан аса
уақыт Тараз қаласын Қараханид
мемлекетінің астанасы ретінде
ұстап тұрды. Көмбеден шыққан
теңгелер Яған-тегін өмірінің
соңғы жылдары Таразда 1030-
1075 жж. Халифа әл - Қаймның
атынан монета шығарғандығын
көрсетеді. Яған-тегін қайтыс
болғаннан кейін Жетісу жері
оның баласы Ибрагимнің иелігіне
өтіп, кейіннен 1059-1075 жыл-
дары Тоғрұл Қара-хан Юсуф
билігіне көшті. Тараз қаласына
1074-1075 жылдары Тамғач-
хакан Хасан ион Сүлеймен билік
басына келіп өз атынан теңге
басып шығарған және 1069-1070
жылдары «Құтадғу біліг» атты
поэма соған арналып жазылған
болатын. 1076-1077 жылдары
Тоғрұл өмірден өткеннен соң,
қалада оның баласы Қара-тегіннің
атынан теңге шығарыла бастады,
одан кейін 1094 жылға дейін 20
жыл бойы Халиф әл-Қаймның
орнына келген Халиф әл-Муктади
Боғра-ханның атынан монеталар
шығып отырды. Мұхаммед Боғра-
ханның немересі Омар Қадыр-
хан Джибраил Самарқанд пен
Бұқараны жаулап алғаннан кейін
Тараз қаласында 1102 жылға дейін
билікте отырды. Б.В.Луниныйдың
жариялаған нумизматикалық
деректеріне қарасаңыз, Та-
раз қаласында теңге шығару
үрдісі 1173 жылға дейін үздіксіз
жалғасып келгендігін дәлелдейді.
1269 жылы Талас өзенінің
жағасында өткен Шағатайлардың
құрылтайында Талас облысын
басқаруды Қайдудың билігіне беру
туралы шешім ұйғарылды. Тараз-
да Қайдудың қолшоқпарлары
Бұқа-Темірдің (1272-1291 жж.)
және Дуваханның (1291-1306
жж) монеталарының болуы –
30 жылдан аса уақыт қаланың
өз алдына тәуелсіз дербес ел
б ол ы п қ а л ы п т а с қ а н д ы ғ ы н
көрсетеді. 1301 жылы Қайду
қайтыс болғаннан кейін Тараз
қаласы оның баласы Чапардың
қарамағына өтті. Ал 1305 жылы
төменгі Талас жерінің билігі
Қайдудың үлкен ұлы Шахтың
билігінде болып, ол бұл аймаққа
сол кездің өзінде-ақ өзінің «Ал-
тын Орда» ордасын орнала-
стырып үлгерген болатын. Екі
ағайындылар арасындағы жиі
болған қақтығыстардың кесірінен
Талас жазығындағы қалалар
қайтадан күйреп, тонала бастады.
1307 жылы шағатайлық ханзада-
лар бұрынғы Қайду мемлекетін
талқандап қиратты. «Алтын Ор-
даны» жермен-жексен етіп ыдыра-
тып жіберді. 1310-1318 жылдары
Есен-Бұға таққа отырған кезде
Қайду мемлекетінің көп жерлері
Шағатайлардың жері болды.
Тараз қаласында 1311-1312
жылдары қатты металдан (аэ-
нопиграфический) жасалған
т е ң г е л е р д і ң ш ы ғ а р ы л у ы
сол кезеңдерде осы өлкенің
т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң а р а с ы н -
да өзара алауыздық тартыстар
болғандығын көрсетеді. Осындай
тартыстардың кесірінен керек
десеңіз Есен-Бұғаның ордасының
өзі тас-талқан болған. Ары
қарайғы деректерде 1316 жылы
Есен-Бұға Тараз қаласына дейін
келгендігі айтылады. 1318 жылы
Есен-Бұға өмірден өткеннен
кейін, билік оның баласы Кебектің
қолына өтіп, қалада соның аты-
нан теңге (монета) шығарылды.
1326 жылы Кебектің өлімінен
кейін, Тараз қаласын оның інісі
Тармашырын басқарды. 1326-
1334 жылдар аралығында соның
атынан теңге басып шығарылып
отырылған.
Әл-Омаридің (1348 жылы
қайтыс болған) Мауераннахр
мен Алмалыққа дейінгі бағытты
сипаттаған кезінде Тараз қаласын
Түркістан облысының аумағында
негізі қаланған Янги деп көрсетеді,
бұл екі қала бір-бірінен 1 фар-
сах ара қашықтықта орналасқан
деп жазады. 1434 жылы Жетісу
билігі шағат ай ұлысының
мұрагер ұрпағы Есен-Бұғаның
қарамағына өтеді. Соның кезінде
Шу-Талас өзенінің солтүстік-
шығысында Керей мен Жәнібектің
басшылығымен 200 000–ға
жуық қазақтар қоныстанған бо-
латын. Мұхаммед Хайдар XVI
ғасырдың 20-шы жылдары Талас
жазығындағы қалалар туралы
былай деп жазады: «Янгы – бұл
Моғолстандағы белгілі мекен,
Мауераннахрда Янгыдан келген
көптеген кісілер бар, олардың
барлығын Янгылын деп атай-
ды. Янгы деп аталатын алқап
белдеуінде көптеген қалалардың,
мұнаралар мен медреселердің
орындары бар, солардың ішіндегі
өзге қалалардан бөлек Янгы
қаласы жақсы сақталып қалған.
Янгы деп отырған қаламыз – Тараз
қаласының «моңғолша» атауы бо-
луы әбден мүмкін» – деп жазады.
Бертін келе 1512 жылы
Талас пен Сайрам жерінде
қазақтың Қасым ханы билік
құрды. Мұхаммед Хайдардың
мәліметінше, қазақ халқының
саны сол кездері миллионға (1
000 000) жуық, ал Қасым хан-
да 300 000-ға дейін жауынгер
болған. 1537 жылы Убайдаллах-
Шейбанид қазақтар туралы
«қаптаған үлкен жауынгерлер то-
бымен Сайрам өзенінің жағасына
жылжып келеді» деп сипаттаған.
Ал 1755 жылы Жетісуда өзінің
бұрынғы жерлеріне қазақтар қайта
келіп қоныстанып, жер игеру мен
суландыру жүйесі арқылы іске аса-
тын жұмыстарын жалғастырды.
1815-1858 жылдары Талас
жазығының барлық жері Қоқан
хандығының билігіне өте баста-
ды. Кейінірек Тараздың маңында
монументалды архитектуралық
құрылыстар салынып, төбесінде
күмбезі бар шығыс түріндегі
моншалар, күрделі суландыру
жүйесі жолға қойыла бастады.
Мысалы, 1856 жылы Исламды
насихаттаушылар XII ғасырда
салынған Қарахан кесенесі туралы
аңыздарды пайдалана отырып, ке-
ремет ескерткіштің орнына ішінде
баспалдағы және екі мұнарасы,
күмбезі бар жаңа кесене тұрғызды.
Бұл жаңа кесене «Әулие-ата» де-
ген ежелгі атауын сақтап қалды,
кейіннен қала осы атаумен атал-
ды. 1864 жылғы 4 маусымдағы
Патша Үкіметінің әскерлері жа-
улап алғаннан кейін Әулие-ата
қаласы Сырдария облысының
уездік қаласы ретінде бірікті.
1938 жылы қазақтың ұлы ақыны
Жамбылдың атымен Джамбул
аталды. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда
ҚР Президенті Жарлығымен
ежелгі аты қайтарылып, Тараз
аталды. Осы келтірілген тарихи
деректер мен ғылыми дәйектер
Тараздың терең тарихын танытып,
мазмұндылығын анықтауға өлшем
бола алады.
Нұрхат СЕРІКБАЕВ,
Жамбыл облысы
әкімдігінің мәдениет,
мұрағаттар және
құжаттама басқармасының
«Тарихи-мәдени
ескерткіштерді қорғау және
қалпына келтіру дирекция-
сы» КММ директорының
орынбасары
болашаҚ
6
// «Жамбыл - Тараз» // №46 (1281), 11 Қараша 2015 Жыл //
жАСТАр өз ОрТАСыНдА БелСеНді
Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында студенттердің қоғамдық өмірде белсенділігін шыңдауда
жастар ісі жөніндегі комитеттердің атқарып отырған жұмысы айтарлықтай. Студенттер мерекесі қарсаңында
осы комитеттердің төрағаларының лебізін тыңдаған едік.
Адина АЙНАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Жастар
ісі жөніндегі комитет төрайымы:
- Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі
міндеті студенттердің құқығын қорғау, олардың
шығармашылық немесе басқа да бағыттарда да-
муына мүмкіндік беру болып табылады. Қазіргі
таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет
төрайымы ретінде университеттің «Оқуға жеңілдік
тағайындау» комиссиясының және «Жатақханаға
орналастыру» секілді комиссиялардың мүшесі
бола отырып, университетімізде білім алатын
барлық студенттерге барынша қолдау көрсетуге
тырысамыз. Осы жылдың өзінде әлеуметтік
жағдайына байланысты тоғыз жүзден аса студент оқуға 20% бен 100% аралығында
жеңілдік алды, алты жүзден аса студент комиссияның қатаң іріктеуінен кейін
жатақханаға орналастырылды. Университет студенттерінің бос уақытын тиімді пай-
далану мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитеті қарамағында ойы мен мақсатын
бір арнаға тоғыстырған 12 жастар ұйымы мен 7 студенттік деканат қызмет атқарады.
Университетімізде білім алатын студенттердің 21%-ы түрлі жастар ұйымдары
мен клубтардың мүшелігінде болып табылады. 2014-2015 оқу жылында Жастар
ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен университетте қала, облыс және ре-
спублика көлеміндегі 200-ге жуық түрлі форматта іс-шаралар өткізілді. Аталмыш
іс-шараларға 30 000-ға жуық студент қатысты, ол дегенің университеттің жалпы
күндізгі бөлімде білім алатын студенттерді 100% қамтып, әрқайсысының кем
дегенде түрлі форматтағы шараларға 5 реттен қатысқанын білдіреді. Жастардың
қызығушылығын қорғау мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы және
университетіміздің екі белсенді студенті ғылыми кеңес мүшелігіне кіреді. Жастар
ұйымдарының жұмысын жүзеге асыру барысында жоспарланған халықаралық,
республикалық, облыстық, қалалық және университет көлеміндегі барлық игі баста-
малар университет ректорының және Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен
жүзеге асырылуда. Осы жылдың өзінде университеттің белсенді студенттерінің
бастамасымен 2 республикалық, 5 облыстық көлемді шаралар жүзеге асты.
Халықаралық студенттер күні қарсаңында студенттерге шын жүректен мерейлі ме-
рекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт,
ашық аспан, талмас қанат, қажымас қайрат, оқуларыңызда жетістік тілегім келеді.
дайындаған Шынболат сЕйдуалиЕВ.
Құрбанәлі ШАХАБАЕВ,
ТарМУ-дың студенті:
1) Жалпы, әлеуметтік желіге
тәуелділік әсіресе жастар ара-
сында өзекті мәселеге айнал-
ды. Жастардың әлеуметтік
желідегі белсенділігі кітап
оқуға деген белсенділігін жой-
ып бара жатқаны жасырын
емес. Себебі, қазір барлық
ақпаратты ғаламтордан ала
салуға болады. Оның үстіне
әлеуметтік желі арқылы
хат-хабар алмасу өте оңай.
Жастардың әлеуметтік желіге
деген құлшынысы сол үшін де
артып отырған шығар. Ал мен
өз жеке басыма келетін болсам,
мен әлеуметтік желілерге 24 сағат бойы байланып отырамын,
онсыз өмір жоқ маған деп айта алмаймын. Иә, әлеуметтік
желілерге тұрақты түрде кіремін. Бірақ тәуелді емеспін.
2) Жеке көзқарасыма келетін болсақ, әлеуметтік желі бұл
қазіргі технология дамыған, өркениетті қоғамның талабы.
Әлеуметтік желіге кірген, әрине дұрыс. Бірақ оған тәуелді
болып, одан басқа өмірді ойламай, тек соған байланып қалуды
жөн деп санамаймын. Одан арылудың жолын мен дәл қазіргі
техниканың атомдық жылдамдықпен дамыған заманында
көрмей отырмын.
Әлеуметтік желіге әлеумет неге әуес?
Бүгінгі таңда өміріміз күн санап әлемді бір иірімге тоғыстырған интернетке тәуелді болып бара жатыр-ау.
Берік ҮСКЕМБАЕВ,
ТарМПИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы:
- ХХІ ғасыр жастары ел қызығарлық ұрпақты қалыптастырып, қазіргі заманауи тех-
нологияларды ұштастыра отырып, еліміздің болашағын көркейтетін келешек ұрпақтар
екендігі мәлім. Бүгінгі күні ТарМПИ-де тәрбие үрдісін тиімді қамтуда барлық жағдай
жасалынып, оқу орнымыздың қоғамдық-саяси және мәдени-кешенді жұмыстарын
ұйымдастыратын көптеген құрылымдық бөлімшелер іс-шаралар жүргізуде. ТарМПИ-де
оқу-тәрбие үрдістерінде және сабақтан тыс уақытта студент жастардың әртүрлі салаларда
жан-жақты дамуы мен белсенділігін арттыру үшін Жастар ісі жөніндегі комитет, «Жас
Отан» Жастар қанаты, «Раян Нұр» көңілді тапқырлар клубы сынды жастар ұйымдары
құрылған. Жыл сайын институттің мәдени-қоғамдық өміріне белсене атсалысқан және
қоғамдық жұмыстарға қатысатын студенттерге емтихан сессиясына қосымша рейтингтік
балл беріледі. 2014-2015 жылдары институтта азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты
бойынша жалпы 225 түрлі іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, материалдық көмек ретінде институт студенттеріне оқу төлем-
ақысынан жеңілдіктер берілді. 2014–2015 оқу жылы бойынша, 135 көп балалы отбасы
студенттеріне, 43 спортшыларға, 15 белсенді студенттерге 50 пайызға дейін жеңілдіктер берілген. Ал 51 жетім, 2 мүгедек
студент 100 пайыздық жеңілдік бойынша білім алуда. 7 студентке жатақханада тегін тұру мүмкіндігі берілген.
Назгүл АБИТАЕВА,
ТИГУ-дің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы:
- Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - бәсекеге қабілетті
білікті мамандар дайындау. Жастардың орталығына айналған Тараз инновациялық-
гуманитарлық университетінде 5000-ға жуық студент білім алуда. Олардың қатарында ҚР
Президентінің стипендия иегерлері, университеттің профессорлары мен Қазақстанның
халық жазушысы, қоғам қайраткері Ш.Мұртаза атындағы стипендия иегерлері, түрлі
әлемдік, халықаралық, республикалық спорт додаларының жеңімпаздары, ғылым мен
өнер саласындағы өткен конкурстардың лауреаттары мен дипломанттарының бар
екендігін мақтанышпен айтамын. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы ретінде университет әкімшілігімен студент
жастарға әлеуметтік жеңілдік қарастырып, студенттерге мейлінше қолдау көрсетуге
тырысамыз. Жазғы маусымда жұмыс істеуге ниет білдірген студенттерді жұмыспен
қамтамасыз етіп, бос уақытын тиімді пайдаланғысы келген жастарды қоғамдық
жұмыстарға, шығармашылық үйірмелерге тартамыз. Университетімізде өзін-өзі басқару
құрылымы, яғни Студенттік ректорат және жастар ұйымдары жұмыс жасайды.
Жасың түгілі, жасамысыңның қолына құрсау салып,
дендеп бара жатқан әлеуметтік желінің түрі де көбейіп
келеді. Ақпарат, ғылым, үкімет, жұртты қарқ қылатын
нарық та ғаламторға телміріп отыр. Ал енді осыдан кейін
адамдар арасындағы қарым-қатынасты да ғаламтор
шешпейді деп көріңіз. Рас, көпшілік қауым алдымен онда ескі
достарымызды табамыз деп ниеттеніп, өздерінің арнайы
«беттерін» ашып, соңынан құмарға бой алдырып қоятыны
жасырын емес, айдай ақиқат. Керек десеңіз, таныс табамыз
деп жүріп, өзіміз жайлы бар мәліметті жайып саламыз.
Әлеуметтік желіге үйірсек болғанымыз соншалықты,
қолымыздан ұялы телефонымыз түспейтіндей болып алды.
Тіпті, оны адамның 13-ші ағзасына теңеп жүрміз. Қайда
барсаң да, ұялы телефонға үңілген адамдар. Бұл дерт пе,
әлде әдет пе?! Қазіргі қоғамның көрінісі осы.
Ресми деректерге көз жүгіртер болсақ, қазірдің өзінде
әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, ин-
тернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желілерде
«әңгімелеседі» екен. Статистика бойынша әлемнің кез
келген бұрышында төрттен бір отбасының ойрандалуы осы
әлеуметтік желінің салдарына саяды дейді.
Ендеше әлеуметтік желінің тұрақты қолданушылары,
білімнің көкжиегін кеңейтіп жүрген студент жастар не
дейді екен? Сұрастырып көрген едік.
Достарыңызбен бөлісу: