2015 жыл, сәрсенбі


„  ұстаз  -  ең қастерлі  мамандық. қиыншылығынан гөрі   қызыққа  кенелтетін



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,58 Mb.
#5565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

„

 ұстаз  -  ең қастерлі  мамандық. қиыншылығынан гөрі   қызыққа  кенелтетін,  



бақытқа бөлейтін сәттері  басым.  Саналы өмірінің 40  жылын бала  тәрбиелеу 

ісіне арнаған    мұғалім  дәмен жақсылықова 75  жасқа толды.  Оның   35  

жылында  Тараз қаласындағы №37  орта мектепте  еңбек етті. енді міне  сол 

күндердің  барлығы сағыныш. Ойласа, жүрегі елжірейді. иә, қр Білім және 

ғылым министрлігінің  ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері дәмен 

Сұлтанбекқызының  жүрегінен төгілетін сыр көп. мерейтойымен құттықтап, 

арнайы іздеп  барғанымызда, қарт ұстаздың  көңілінен  қуаныш, жанарынан  

мақтаныш сезімін  байқадық.  

БАқыТТы АНА

Есет ДОСАЛЫ

Мейрамбектің ұстазы

Әр  ұстаздың    атын    дарынды,  талантты 

шәкірттері    шығарады  десек,    бұл    жағынан 

алғанда да Дәмен мұғалімнің абыройы  асқақ. 

Бұл кісі кімдерге  сабақ  бермеді  десеңізші! 

Әйгілі әнші, мемлекеттік  «Дарын» сыйлығының 

лауреаты    Мейрамбек  Беспаев  бастауыш  сы-

ныпта төрт жыл бойы Дәмен апайынан дәріс 

алды. Мейрамбек  осы күнге дейін ұстаз еңбегін 

ұмытпай, Дәмен Сұлтанбекқызына үнемі аман-

дасып,  құрметін  көрсетіп  тұрады  екен.  Апай 

елдің  мақтанышына  айналған  шәкірттерін 

есіне алып, көңілі марқайып жүреді. Мәселен, 

Н.Айтбаев  пен  М.Айқынбек  –полковник-

тер,  М.Әбиірбеков  пен  Т.Өсербаев  –заңгер, 

О.Сұлтанбеков –Ұлттық қауіпсіздік комитеті об-

лысымыз бойынша департаментінің қызметкері, 

М.Әбиірбеков, ағайынды Алтынай  мен Гаухар  

Молдабаевалар – кәсіпкер, Г.Тастанбекова облыс 

әкімі аппаратында  есепші  қызметін  атқарады. 

Р.Шайзадаев  жастар саясатында жүр.  Бұл тізімді 

одан әрі  жалғастыра беруге  болады. 

Дәмен  Жақсылықова  Тараз  мемлекеттік  

педагогикалық  институтты (бұрынғы Жамбыл 

педагогикалық институты)  «физика-математика» 

мамандығы  бойынша бітірді. Бастауыш сынып 

оқушыларына дәріс   өткізуге мүмкіндік  беретін 

арнайы курсты қосымша,  жақсы үлгеріммен  

тәмамдады. Алдымен  бес жыл бойы  Жамбыл 

ауданының    мектептерінде  еңбек  еткен  ол,  

кейіннен 35   жыл бойы Тараз қаласындағы №37 

орта мектепте қызмет жасады. 3-4  жыл ғана 

математика пәнінен  сабақ  бергені  болмаса, 

негізінен    бастауыш  сыныптың    балаларын 

оқытты . Еңбегі  еленбей қалған  жоқ. Әр жылдары 

қалалық оқу  бөлімі, облыстық білім басқармасы  

басшыларының Құрмет грамоталарымен марапат-

талып жүрді. Кейінгі  толқын мұғалімдер  Дәмен 

Сұлтанбекқызын өздеріне ақылшы  санады, ұстаз 

тұтты.  Білгенін,  өмірлік    тәжірибесін  кейінгі 

толқын  ұстаздармен бөлісуге, жас мұғалімдерді 

жалықпай тәрбиелеуге  бұл кісі де өте құштар 

еді. Көңіліндегіні жасырып,  біліп тұрғанын іркіп 

қалған кезі жоқ. Керісінше,  жас мұғалімдердің 

жетістігіне өзі табысқа жеткендей  қуана білді. 

Әрине,  бұл көп  адамдарда кездесе бермейтін,  

көп ұстаздарға  бұйыра  бермейтін  үлкен ізгі 

қасиет екені  даусыз.   Дәмен   ұстаз мектепте 65  

жасына дейін бастауыш сыныпқа сабақ берді. Бұл 

әрине қалалық білім беру  бөлімі басшысының 

өтініші  болатын.  Озат,  жұмыс  тәсілі  ерекше, 

жаңашыл,  талапшыл    ұстаз  әрқашан  үлкен 

сұранысқа ие екені осыны көрсетсе керек-ті.

Қызым-қызығым,  ұлым-бұзығым...

  Дәмен  Сұлтанбекқызы  бір  әулеттің 

ақылшысына айналған, 11  ұл-қыз  тәрбиелеп 

өсірген  ардақты  ана.  Мектептегі    маңызды, 

таусылмайтын  жұмысымен бірге  отбасының 

жауапкершілігін қатар алып  жүрді. Мойыған 

жоқ,    шыдады.  Ұл-қыздарына    жақсы  өнеге, 

ұлағатты тәрбие берді. Өмірлік  серігі Сауқымбек 

Жақсылықов  парасатты,  пайымды,    сабырлы 

кісі болған екен. Алматыда жоғары оқу орнын 

тәмамдап, мал дәрігері  мамандығын алған соң, 

облысымызға оралып,  Жуалы ауданында аз жыл 

еңбек етті. Кейіннен облыстық мал дәрігерлік-

санитарлық  бөлімнің  басшысы  қызметінен  

зейнетке шығады. Сауқымбек  аға  өмірлік  серігі  

Дәмен  апай екеуі ұл-қыздарынан барлық өнеге, 

тәлім, тағылымдарын аяған жоқ. Екеуі бірін-бірі 

өте ерекше  құрметтеді. Әсіресе,  Сауқымбек  

аға  жұбайын өте қадірлеп,  ардақтаған кісі екен. 

Бұл отбасының  перзенттері де жаман болған 

жоқ.  Бүгінгі  таңда  үлкен  қызы Ораз –бас эко-

номист, Оралы – мал  дәрігері, Бақыты  - облыс  

әкімдігі  жанындағы  балалардың  құқықтарын 

қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, Құралайы  

мен Эльмирасы ана жолын жалғап,  ұстаз болды. 

Эльмирасы – Н.Тілендиев атындағы облыстық 

мектеп-интернатының   директоры. Гүлмирасы 

мен Қуанышы - мейірбике, Қымбат, Гүлбейне, 

Үміттер де  жоғары  білім алып, мамандықтары  

бойынша еңбек етуде. Нұрсұлтаны  - тіс дәрігері. 

Апайдың  немерелері   де оқуда озат, қоғамдық  

істе белсенді. Немересі Әбдікерім - су добынан  үш 

дүркін Қазақстан чемпионы, су добынан  Қазақстан  

жастар құрамасының мүшесі. Бексұлтан - су до-

бынан облыс чемпионы. Жақсылық  пен Ұлғай  

- балет  әртістері. 

Кейіпкеріміз  Дәмен  Сұлтанбекқызының 

өмірлік жары Сауқымбек Жақсылықов 2009  жылы 

69  жасында бақилық  болыпты. Ол кісі  өмірінің  

соңында имандылыққа бет бұрып, оразасы мен 

намазын қаза етпепті. Сауқымбек  ата мен Дәмен 

апа  елге үнемі жақсылық ойлап,  кім-кімге де шын  

жүректерімен  тілеулес болып жүретін кісілер екен. 

Сондай ізгі тілектестіктерінен болар, жүректерінің 

ақтығынан   болар, бұл отбасы көпке үлгі болып 

отыр. Дәмен Сұлтанбекқызы Жақсылықова бұл 

күнде  облысқа белгілі ардагер ұстаз, Таразға таны-

мал ардақты ана атанып   отыр.  Дәмен Сұлтанқызы 

жақында 75   жасқа толды. Апай үшін   бұл ерекше  

мерейлі қуаныш. Бұл қуаныш - барша тараздық  

ұстаздарға ортақ қуаныш. 

Ардақты  Дәмен  апайдың шуақты  жүзінен  

сабыр, парасат, өнегелі  өміріне деген шүкіршілік  

сезіледі.  Жанында  бірер  сағат  отырғанымда 

ұстаздық  үлкен  жүрегін  танығандай болдым. 

Әр сөзі  өнеге, тағылым, тәрбие екен. Дәмен 

ұстаз  11  перзентінен  17 немере, 2  шөбере 

сүйіп  отыр. Расында, Дәмен ұстаздың  ұлағаты 

өлшеусіз.  Қырық жылда алдынан 300-400 оқушы  

өтті.  Осынша  шәкіртке тағылым берді. Пер-

зенттерге, немерелерге  берген  тәлімі, тәрбиесі 

өз алдына  бір төбе. Ұрпағы әжелерін алақанға 

салып, еркелетіп, мәпелеп отыр. Біз де  «Жүз 

жасаңыз,  Жаратқанның  жақсылықтарын көре 

беріңіз, апай!»  -деп қоштастық. Апай ақ  батасын 

берді. Бір сәт өмірі өнегелі, әр қадамы ұлағатты 

адамдар  жайлы  ойға беріліп,  тебіреніп, толқып 

бара жаттым.    



игі істің басында

Құрылысшы Москаудың мәдениеттен  хабары бар болып 

шықты, домбыра тартып, ән айтатын да өнері бар екен. Жұмысқа 

бірден білек сыбана кірісіп, мәдениет бөлімі мен қызметкерлерінің 

рөлін биікке көтергеніне бәріміз де куәміз. Екі жылдың ішінде 

15-20 жыл бойы кезекте тұрып, пәтер ала алмай  жүрген мәдениет 

қызметкерлеріне 36 пәтер әперіп, жас мамандарға «Джамбулсель-

строй» тресіне қарасты жатақхананың 1- қабатынан 22 бөлме 

алып  бергенінің  өзі  не  тұрады!  ҚазССР  мәдениет  министрі 

М.Ахметованың  қабылдауында  болып,  мәдениет  бөліміне  3 

бірдей автоклуб, музыкалық аппаратура, «Шабыт» және «Мирас» 

кооперативінен домбыра, шертер, сыбызғы, тастұяқ, дауылпаз, 

қобыз, асатаяқ дейсіз бе, көптеген аспаптар әкеліп, қаладағы әр 

жерде еңбек етіп жүрген талантты жастарды жинап, жұмысқа 

қабылдап, 6 айдың ішінде мәдени салаға «Әулиеата өрендері» 

атты фольклорлық ансамблін ұйымдастырып, 2 жылдың ішінде 

«Халықтық атаққа» ие болуы оңай шаруа емес қой. 

Сол кездері мәдениет бөліміне Жамбыл былғары аяқ киім 

бірлестігінде еңбек етіп жүрген Д.Өміралиевті, Р.Манасовты, 

автоклуб меңгерушісі Есенбек Сатбаевты жұмысқа қабылдап, 

ансамбльдің жұмысына күйшілер Әсет пен Раяны, ерлі-зайыпты 

Серімбетовтерді, қобызшы Разияны тартып, ансамбльдің концертін 

қазақ телевидениясында 1 сағат бойы көрсетілуінің өзі не тұрады! 

Бұл мәдениет бөлімінің жанынан құрылған ансамбль еді. Кейіннен 

осы ансамбльдің негізінде «Әулиеата арулары» атты ансамбль 

 

„

Біздің қалада москауды білмейтіндер кемде-кем шығар. 70 - жылдың басында 



облыстық комсомол комитетіне қызметке келіп, талай ірі қызметтердің үдесінен 

шыққан азамат ол. Тіпті, уақытында қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушілігіне 

5 адаммен бірге байқауға түсіп, жеңіп алғанда, «құрылысшы  мәдениет 

қызметкері  болып оңдырар деймісің»,-деп сөз еткенімізді несіне жасырайық.

ұйымдастырылып, Жамбыл облысының барлық аудандарында, 

Алматы, Талдықорған , Шымкент облыстары мен Қырғызстанда, 

ең соңы Алматыдағы «Қазақконцертінің» залында екі күн бойы 

концерт беріп, оны Қазақ телевидениясынан көрсетіп, сол кездегі 

Алматыда тұратын жамбылдықтардың ризашылығына бөленді. 

Кезінде облыс партия комитетінің хатшысы болған Ғайникен 

Айдарханқызы ансамбль мүшелері мен Москауға ризашылығын 

білдіріп, рахметін айтқан болатын.

1989 жылдың басында қалалық мәдениет бөлімі шақырып 

жатыр деген соң келсем, көп адам жиналып қалыпты. Ақын 

Ж.Сәтібеков, профессорлар К.Рысбаев, Қ.Тасболатов, журналистер 

Б.Мәуленов, Р.Өзбеков, облыстық филармониядан Т.Молдақынов, 

облыстық мәдениет басқармасынан Қ.Нұрманов, Қазақ драма 

театрының бас режиссері Ә.Құлданов, әртіс Ж.Әйтпембетов тағы 

басқалары бар. Москау келіп бәрімізбен амандасып, әңгімесін 

бастады.

-Келгендеріңізге  рахмет,  шақырған  себебім,  сіздерден 

ақыл-кеңес сұрайын деп едім. Өткен жылы Қазақстан Компар-

тиясы орталық комитетінің «Наурыз мерекесі туралы» Қаулысы 

шыққанын білесіздер. Биыл қалада Наурыз мейрамын өткізсек де-

ген жоспарымыз бар. Шындығы керек, ол не мереке, қандай мереке 

екенінен хабарымыз жоқ. Көкіш аға мен Қапаш ағайды шақырған 

себебім, осы мереке туралы білгендеріңізді айтып берсеңіздер. 

Не істейміз, қалай өткіземіз, осыған көмектессеңіздер?- деді ол. 

К.Рысбаев пен Қ.Тасболатовтар Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп 

берген соң, келісіп сценариін жазатын топ құрдық. Бір аптадан 

соң жиналып, дайындыған сценариімен таныстырдық. Келіскен 

соң мерекені өткізу үшін режиссер етіп Ә.Құлдановты  бекіттік. 

Екі ай бойы дайындық жүрді. Жасұзақ Қорқыт атаның рөлін, 

мен Қожанасырдың рөлін алдық, басқаларға да рөлдер бекітіліп 

берілді. Наурыз айының 10-нан бастап күнде стадионда жинала-

мыз. Москау Қордай ауданынан екі күйме, Талас ауданы Ойық 

совхозы мен Амангелді колхозынан 50-60 ат, он түйе, қаладағы 

сығандардан алты ат арба алғызды. Барлық қазақ ертегілері мен 

жыраулардағы кейіпкерлерге киім тігілді. Сонымен дайындық 

бітіп, 22 наурыз күні мереке орталық стадионда өтетін болды. 

Стадионның айналасына 7-8 жерден қазан қойылып, наурыз көже 

дайындалып, келгендерге тегін таратылды. 22 күні таңертең қазақ 

радиосынан Р.Рымбаеваның орындауында «Наурыз тойы келген-

де» әнін тыңдап,  Алматыдан ұшақпен соның лентасын алғызып, 

мереке осы әннің орындалуымен басталды. Театрландырылған 

көрініс 4 сағатқа созылып, оған үш мыңнан аса адам қатысты. 

Халық стадионға сыймай, даладағы радиодан естіп тұрды. Бұл 

ұлыстың ұлы күніне арналған алғашқы мереке еді. Москаудың 

ұйымдастыруымен өткен мерекені халық өте жақсы қарсы алды. 

Москаудың ұйымдастыруымен, қала басшылығының қолдауымен 

1989  жылы  бірінші  рет  Қала  күні  мерекесі  өтті.  Қаладағы       

Сармолдаев атындағы балалар үйінде тәрбиеленушілер үшін 

әр  аптаның  жексенбі  күні  тегін  қызмет  көрсетуді  дәстүрге 

айналдырған да Москау еді. Жамбыл қаласында бірінші рет 

Алматыдан кейін қыз сыны «Тараз аруы» байқауын өткізді. Осы 

мәдениет  бөлімін  басқарып  жүргенде  Москау  республикада 

бірінші  болып  Алматы  қаласынан  әншілер  Б.Төлегенованы, 

Н.Нүсіпжановты, композиторлар И.Жақановты, М.Маңғытаевты, 

ақын С.Асановты, жазушы-драматург О.Бодықовты шақырып, 

Ш.Қалдаяқовтың 60 жылдығына арналған кешті екі күн бойы 

драма театрда өткізіп, Шәкеңе қала басшысы темір тұлпардың 

кілтін табыс еткенде Москауға ризашылығын білдіріп, көзіне 

жас алғанына бәріміз де куә едік. Ақын -сазгер Аяз Бетбаевтың 

50 жылдығын дүрілдетіп өткізді. 

Жамбыл қаласында республикада бірінші болып қазақ ұлттық 

орталығын ашып, түрлі салт-дәстүрлерді өткізгені жеке бір әңгіме.

Ұлттық орталық қала халқының сүйікті демалыс орталығына 

айналды. Қала берді Тараз қаласында Алматыдан кейін бірінші 

ашылған «Мемлекеттік тілді оқыту орталығына» жетекшілік 

еткенін елдің бәрі біледі.

Ұзын сөздің қысқасы, Тараз қаласының мәдениетіне аянбай 

еңбек етіп, көптеген игі істерді ұйымдастырған азаматтың өз 

орны бар. Халық үшін қызмет етіп жүрген Москау Ноқрабеков 

шын мәнінде «Қаланың Құрметті азаматы» деген атаққа лайықты. 

.Есілбек БИМұРЗАЕВ,



ҚР Мәдениет қайраткері, М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ-дың Құрметті профессоры.

11

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша  2015 Жыл  //

алуан

біз өз жақындарымыздан буындары жиі ау-



ыратынын естиміз.Оны көбінесе ауа-райының 

өзгеруімен,  денедегі  ауыртпалықпен,  аяқ 

киімнің ыңғайсыздығымен байланыстырады 

және осының барлығы шындыққа ұласады.

алайда  буындар  ауыруының  бірден  бір 

себебі  -  деформацияланушы  артроз,  бұл 

аурулардың ең көп тараған түрі.

Деформацияланушы артроздың негізінде 

зат алмасуының бұзылуы салдарынан буын 

шеміршегінің  мерзімінен  бұрын  қартаюы 

және  бұзылуы  жатады.  зат  алмасуының 

бұзылуының  себебі  болып  буынның  ұзақ 

мерзімді  микрожарақаттануы  (кәсіби 

жарақаттар),  қан  айналымының  бұзылуы, 

тұқым қуалайтын бейімділік, иммунологиялық 

және эндокринологиялық факторлар табыла-

ды деген болжал бар. 

буын  үшін  байланыстырғыш  болып 

табылатын  шеміршектің  бұзылуы  мен 

жоғалуы буындық беткі қабаттардың некроз 

учаскесімен (буын) бірге нығыздалуына және 

деформациялануына, буын сүйектерінің ай-

наласында жайылуына, буын капсуласының 

тыртиюына әкеп соғады. Осының барлығы 

буындардың  тұрақты  деформациялану-

ына  әкеп  соғады,  бірақ  әдетте  буынның 

атқарымын  бұзбайды.  Жартылай  бұзылған 

шеміршектік бөлігі буынды беткі қабатқа тиген 

кезде ауру сезіледі. Осы ауруға көбінесе 40-60 

жастан асқан әйелдер шалдығады. 

Терапевтикалық  бөлімге  62  жастағы 

емделуші  әйел  «тізе  буыны  және  жамбас 

буынының  деформацияланушы  артрозы, 

асқынған. 2-сатыдағы гипертоникалық ауру» 

диагнозымен  түсті.  Емделуші  әйел  қиын 

қозғалды, буындары ісіп кеткен, сықырлағаны 

естілді, қозғалған кезде, әсіресе баспалдақпен 

төмен  түскен  кезде  қатты  ауырды.  Кешке 

қарай  ауруы  төзгісіз  үдей  түсті.  ауруды 

сездірмейтін  препараттар  мен  сүртпе  май-

лар  көмектеспеді,  сонымен  қатар  ұйқысыз 

түндердің кесірінен қан қысымы да ауытқи 

берді. 

Дәрі-дәрмек терапиясы мен төсек тәртібі 



тағайындалды.  Физиотерапевттік  ем  пала-

тада  ғана  жүргізілді.  менің  алдыма  қойған 

тапсырмам: шеміршек ұлпасының бұзылуын 

тоқтату, қабынуды азайту және шеміршектің 

зат  алмасуын  жақсарту.  бұл  үшін  мен 

жиілігі  төмен  жылжымалы  магниттік  өріс 

қолданылатын емдеу рәсімін тағайындадым, 

ол ауруды басуға әсер етеді, ісінуді кетіреді, 

буын жанындағы ұлпалардағы зат алмасу-

ды  жақсартады,  буынның  атқарымдарына 

оңтайлы әсер етеді және аурудың үдеуінің 

алдын алуға мүмкіндік береді. 

Емделуші әйел бас-аяғы 20 рет магниттік 

терапиямен емдеу рәсімін қабылдады. 6-шы 

емдеу рәсімінен бастап ол жүрген кезде және 

түн  мезгілінде  аурулардың  азайғандығын, 

қозғалу  мүмкіндігі  пайда  болғанын  атап 

өтті. 9-ші емдеу рәсімінен бастап емделуші 

(оның  өтініші  бойынша)  емдеу  рәсімін 

физиотерапиялық кабинетте қабылдады және 

онда өзі жүріп баратын болды. Екі аптадан 

кейін  емделушіміз  ауруханадан  шығаруды 

өтінді  және  13-ші  емдеу  рәсімінен  бастап 

магниттік терапияны амбулаториялық түрде 



 Буындар ауырған кезде...

Өзіңізге және Өзіңіздің жақындарыңызға 

ұзақ жылдарға денсаулық сыйлаңыз! 

Көрме-сатылымда физиоаппараттарды 

тиімді бағамен сатып алыңыз! 

Тараз қаласында

Көрме – сатылым 16 - нан 20-шы қараша аралығында   

мына мекен –жай бойынша өтеді: 

 

4-ші мкр-н.  «салтанат»,  «жасулан и К» дәріханасы

Көрме-сатылымдағы зауыт өкілдерінің телефоны: 8-705-763-22-63



Тегін ақпараттық жЕдЕл жЕлІ:  8-8000-80-40-40

 Біздің сайтымыз: www.elamed.kz

алмаг-01 - аурулармен күресудегі сенімді көмекші!

Қолдану бойынша көрсетімдері:

арТриТ, 

арТрОз


ОСТЕОхОнДрОз

вариКОз, 

ТрОмбОз, 

ТрОмбОФлЕбиТ

нЕвриТ

I-II ДӘрЕЖЕДЕгі гипЕрТОния, 



ЖүрЕКТің ишЕмиялыҚ аурулары

СыныҚТар, ЖараҚаТТар 

және көптеген басқалары

қарсы КӨрсЕТІмдЕрІ Бар. маманмЕн КЕңЕсІңІЗ. 

Пайдаланбас бұрын қолдану бойынша нұсқаулықпен танысыңыз.

қабылдады. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін 

ол өзін жақсы сезінетінін атап өтті. бірақ жеткен 

нәтижемізді нығайту қажет еді. бірінші емдеу 

курсы  аяқталғаннан  кейін  2  ай  өткен  соң 

емделушімізге магниттік терапияның қайталау 

курсы тағайындалды, бұл емдеу рәсімін ол үй 

жағдайында және зор ынтамен өтті. 

Содан бері 4 ай өтті.  бұл әйелдің буында-

ры ауырмайды, гимнастикамен айналысады 

(жатқан және отырған күйде, жаттығуларды 

емдік дене шынықтыру дәрігері іріктеп алды), 

дене  салмағы  5  кг-ға  азайды,  бұл  да  оның 

буындарына оңтайлы әсер етеді. ауру бетінің 

қайтуына қолдау көрсету үшін оған жылына екі 

рет магниттік терапияның профилактикалық 

курстарынан өтуге кеңес берілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады.  

РК-МТ-7 №001382 әрекет ету мерзімі 21.08.2020 ж. дейін.

ӘлдиХАН  қАлдыБАеВ

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, аса талантты 

жазушы  Әлдихан Қалдыбаев 77 жасқа қараған шағында ұзаққа 

созылған аурудан көз жұмды. 

Ол  1939  жылы  3  қазанда  Жамбыл  облысының  Шу 

ауданындағы  Кербұлақ  ұжымшарында  туған.  1963  жылы 

Қазақ мемлекеттік университетінің «Филология» факультетін 

бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының 

Арал  ауданындағы  Бөген  орта  мектебінде  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болып  бастаған.  1965  жылдан 

Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату 

жөніндегі комитетте редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде 

әдеби  қызметкер,  Жамбыл  облыстық  партия  комитетінің 

нұсқаушысы болып қызметтер атқарды. 1976 –1995 жылдары 

облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының 

орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы 

болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, 

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық 

ұйымдарының төрағасы болған. 

Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  «Қос  тентек» 

(1964), «Су тасушы Әшірбек» (1969), «Байнаш солдат» (1969), 

«Шаншар атай» (1970), «Мишка — менің досым» (1973), «Өзен 

жағасында» (1975), «Солдат болу оңай ма?» (1975), «Менің 

ағам — солдат» (1980), «Көк дөңгелек» (1985), «Автобус аял-

дамасы» (1990) кітаптарының авторы. Сонымен қатар, қаламы 

қарымды қаламгердің 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы 

шығармалары, 2002 жылы «Мен — апамның баласымын» атты 

романы, 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары, 

2008 — 2009 жылдары төрт томдық шығармалары, 2009 жылы 

«Көңіл көмбесі» атты кітабы жарық көрген. Жазушының 

бірқатар  туындылары  орыс,  беларусь,  армян,  түрікмен, 

татар тілдеріне аударылған. «Шаншар атай» деп аталатын 

комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында 

койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің 

Бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды. 

«Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының 

алтын қорына енген. «Сәлім-Сәлима» атты драмасы еліміздің 

көптеген театрларында қойылған. 2009 жылы Түркістан сазды-

драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедиясы 

табыспен өткен.

Қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің ұжымы Тараз қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбол 

Қалдыбаевқа ағасы Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, Жамбыл облысының 

Құрметті азаматы, белгілі балалар жазушысы ӘЛДИХАН ҚАЛДЫБАЕВТЫң 

қазасына ортақтасып, отбасы, туыстарына көңіл айтады.

Өзінің  саналы  ғұмырында  оқырмандарына  адал 

қызмет еткен  Әлдихан Қалдыбаев «Құрмет» орденінің 

иегері,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген 

мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Білім 

беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті аза-

маты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты 

болды.


Көрнекті қаламгердің жарқын бейнесі жадымызда 

ұзақ сақталады. 



Тараз қаласының әкімдігі қалалық мәслихат, 

қалалық ардагерлер кеңесі.

Тіл мәртебесі – ел мерейі

 

„

қр Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 



«қазақстан – 2050» стратегиясы – 

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты» атты жолдауында: «Тілге деген 

көзқарас, шындап келгенде, елге деген 

көзқарас екені даусыз. қазақ тілі жаппай 

қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде, 

мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, 

елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын 

боламыз»-деген болатын.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік - егіз ұғым. 

Тілсіз тәуелсіздік, егемендіксіз тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің 

қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі 

тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт бол-

ды. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік 

тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру 

мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар 

ұйымдастырылуда.

Қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. 

Тіл-адамның  барлық  саналы  өмірінің  құралы:  өнер-білімді, 

мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы 

үйренеді. Тіл, оның ішінде біздің ана тіліміз еліміздегі халықтардың 

барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның 

мәдениетін жоғары сатыға көтеру - әрбіріміздің борышымыз. Тіл 

байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына 

қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің 

азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің 

тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына, 

оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік 

тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі 

үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін 

кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты 

қадамдар жасалуда.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер 

болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі– 

ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем 

таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет