2015 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,58 Mb.
#5565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №46 (1281)   11 қараша  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 6-7 бет.

Тараздың теңге 

сарайы

 

„



15 қараша –Валюта 

күні. Тарихқа көз салып 

қарайтын болсақ, төл 

теңгеміздің  шығу 

тарихы тым ертеде 

жатыр. Оған дәлел, 

көне шаһарымыз Тараз 

қаласында алғашқы 

монеталар 1002 

жылдары шыға бастаған.           



Бассейн 

жағасындағы 

«базар»

 

„



Спорт залдарының 

бұқараға қолжетімді 

әрі қызмет көрсету 

сапасының жоғары 

болуы маңызды. Әйтсе 

де, ондағы кейбір 

қызметтер спортпен 

шұғылданғысы келетін 

тұрғындардың көңілінен 

шықпайды. Басты себеп- 

бас-басына би болған... 

 

5-бет.

 

9-бет.

АлБырТ шАқ

 

„



Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір 

ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де 

әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігімен өмір көктемінде мәңгілік өрнектеледі. Сәні 

мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні 

мереке. Әр адамның өмірінде айрықша орын алатын студенттік кезең  үйден жырақта 

жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт десек, артық айтқандық емес.                                    



944  жаңа жұмыс орындары құрылды

2015 жылдың 1 қарашасына  Тараз қаласында

 

„

Астана қаласында «қалаларды 



дамытудың төмен көміртекті жүйеге ауысу 

жолдары: Орта Азия және қазақстанның 

ғаламдық мүмкіндіктері» тақырыбында 

халықаралық конференция өтіп, аталмыш 

шараға Тараз қаласының әкімі Нұржан 

Календеров қатысып қайтты.

Қала-Қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281),  11 Қараша 2015 Жыл  //



Елорда төріндегі келісім. 

  

ӘлемдіК 



ТӘжіриБедеН 

АлАрымыз БАр

Ағалар аты ардақталды

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Сейілхан Аққозиевке арналған арнайы 

тақтаның  лентасын  қию  рәсіміне  облыс 

әкімінің  бірінші  орынбасары  Бекболат 

Орынбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы Тілеуқабыл Төребеков және Жам-

был облысының Құрметті азаматы, ардагер 

журналист Баттал Жаңабаев ие болды.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбаса-

ры Бекболат Орынбеков Сейілхан Аққозиевтің 

өмірі, атқарған қызметіне тоқталып, аймақтың 

өркендеуіне қосқан еселі еңбегін атап өтті.

- Халқының дана перзенттерін құрметтеу, 

есімін есте сақтау шараларын ұйымдастыру- 

бәріміздің парызымыз. Осы мақсатта бүгін 

ағамыздың есімімен көше атауы берілуде. 

Қадірменді  көпшілік,  ердің  есімі  ұмыт 

қалмайды. Сейілхан ағамыз өмірде болма-

са да, артында қалған елі, ұрпақтары бар. 

Ағамыздың атындағы көше Тараз қаласының 

көрікті көшелерінің біріне айналады деп 

сенемін,- деді Бекболат Серікбекұлы. 

Мұнан  кейін  сөз  алған  Жамбыл 

облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері 

Баттал  Жаңабаев  замандасы  Сейілхан 

Аққозиев туралы сыр шертіп, адамгершілігі 

туралы әңгіме өрбітті. 

-  Сейілханның  жұмыста  іскерлікке, 

адамгершілікке деген бай мұраты бар еді. Ол 

үй жағдайында да, жолдастарының арасында 

да өзінің кішіпейілдігімен танылған азамат бо-

латын. Ол, шын мәнісінде, қай жағынан алып 

қарасаңыз да, жақсылығы байқалып тұратын. 

Тіпті, еңбек пен өзінің жеке басындағы жақсы 

қасиеттерін бүкіл облыс білетін. Ол туралы 

көп жазылды да, айтылды әрі айтыла бермек. 

Мәселен, менің «Жақсы адамдар шуағы» 

атты  мемуарымның  басты  кейіпкерінің 

бірі Сейілхан болды,-деген Баттал ақсақал 

Сейілхан Аққозиевтің атына көше бергені 

үшін жиналған көпшіліктің атынан облыс 

және қала басшылығына алғысын жеткізді.

Жастардың  атынан  жас  ақын  Айбек        

Кадралиев Сейілхан Аққозиевке арнау өлеңін 

оқыды. Салтанатты шарадан соң «Бақ сарайы» 

мейрамханасында Сейілхан Аққозиевті еске 

алу асы берілді.   

 

„

қаланың орталық көшелерінің біріне қоғам қайраткері 



Сейілхан Аққозиевтің есімі берілді.

Ерман ӘБДИЕВ

Жиында  қалалардың  төменгі  көміртекті  жүйеге  ауы-

су жолдарының ғаламдық және жергілікті мүмкіндіктері 

талқыланды.  Бұл  тақырыпта  ҚР  Парламент  Мәжілісінің 

депутаты  Виктор  Киянский,  ҚР  Ұлттық  даму  және  ин-

вестиция  министрінің  бірінші  вице-министрі  Альберт 

Рау, АҚШ ГЕФ хатшылығының өкілі Янг Минг, ПРООН 

ұйымының  Қазақстандағы  тұрақты  өкілінің  орынбасары 

Алтангерел  Мунхтуя  өз  ойларын  ортаға  салды.  Жалпы, 

бүгінгі  күні  шағын  қалаларды  дамытуда  аталған  мәселе 

әлем бойынша күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ халықаралық 

конференцияда «Төмен көміртекті қалалар. Қазақстанның 

мүмкіндігі», «Шағын қалаларды дамытуда төмен көміртекті 

жүйені қаржыландыру», «Қалаларды және оның аумағын 

дамытуда үздік ортаазиялық тәжірибелер» тақырыптарында 

Қазақстан, АҚШ, Хорватия, Германия, Армения, Болгария 

мемлекеттерінің мамандары «жасыл энергия» көздері тура-

лы және өзге де тақырыптарда хабарламалар жасады. Айта 

кетерлігі, әлемдік тәжірибеге сүйенген көпшілік Шығыс 

Еуропа  мемлекеттеріндегі  тұрғын-үй  шаруашылығы, 

қалаларды жылумен қамтудың үздік жүйелері, қоғамдық 

көліктердің инновациялық қызмет түрлері, үй жағдайында 

энергоресурстарды  ақылды  үнемдеу  сынды  мәселелер 

бойынша  тың  ақпараттар  ала  алды.  Аталған  конферен-

цияда  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Қазақстанды  дамыту 

бағдарламасы аясында ПРООН ұйымының Қазақстандағы 

тұрақты  өкілінің  орынбасары  Алтангерел  Мунхтуя  мен 

Тараз  қаласының  әкімі  Нұржан  Календеров  екі  жақты 

меморандумға  қол  қойды.  Конференцияға  қатысушылар 

Астана қаласы аумағында төменгі көміртекті жүйеге ауы-

су мәселелері бойынша пилоттық шараларды қолға алған 

кәсіпорындарды аралап, танысты.   



Оң шешім қабылданды

Бала денсаулығы - басты назарда

 

„

Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының 



кезектен тыс ХLV сессиясының күн тәртібінде қаралған 

мәселелер қатарында жер учаскелерін мемлекет мұқтажына 

қайтару жобасы қызу талқыланды.

 

„

жамбыл облыстық балалар ауруханасында латвия елінің 



білікті травматолог-ортопед дәрігері, профессор Санюкас 

Кестукис жергілікті дәрігерлерге шеберлік -сыныбын  

өткізіп,    церебральді сал ауруына  (дЦП) шалдыққан бес 

бірдей балаға ота жасады. 

Арсен БАЙЗАҚ

Сессия жұмысына Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасары Әлім Жусанбаев, Тараз 

қалалық  мәслихатының  хатшысы  Балабек  Нарбаев  қатысты.  Сессияны  депутат  Айша 

Ниязбекова жүргізіп отырды. Күн тәртібіне Тараз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 

желтоқсандағы №37-3 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы және «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу тура-

лы» шарттың жобасына келісу туралы, Тараз қалалық мәслихатының кезекті ХLVІ сессия 

төрағасын сайлау туралы мәселелер шығарылды. Күн тәртібіне шығарылған «2015-2017 

жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарла-

маны Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының 

орынбасары Талғат Мұқанов жасады. Ал «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу 

туралы» шарттың жобасына келісу туралы хабарламаны Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастар 

бөлімі  басшысының  орынбасары  Арнұр  Тоқтабаев  жасады.  Депутаттар  күн  тәртібіне 

шығарылған бұл мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, Тараз қалалық мәслихатының 

кезектен тыс ХLVІ сессиясының төрағалығына №8 сайлау учаскесінен сайланған депутат                                        

Самат Мырзалиев сайланды.



Индира БАЙҚОНЫС

Ақ желеңді абзал жандардың білікті маманмен бетпе-бет жүздесіп,  өзара тәжірибе ал-

масуларына «Жұлдызай» қайырымдылық қорының мұрындық болғанын атап өткен ләзім. 

 Аталмыш қордың жетекшісі Роза Қарақбекованың айтуынша, бұл қор 10 жылдан бері 

тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. 

-  Біз  2013  жылдан  бастап,  ДЦП    дертіне  душар  болған  балалар  мен  мүгедектерге 

медициналық көмек көрсетіп келеміз.  Осындай  игілікті іс-шараны ұйымдастырып, кішкентай 

емделушілерді дерттерінен айықтырып, оларға жарқын болашақ сыйлағымыз келеді. Ең 

бастысы, біздің мамандар профессордан мол сабақ алады деп ойлаймын,-дейді ол.

 Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері  Марат Рабандияров мұндай шеберлік-

сыныптары елімізде, облысымызда жиі өткізілуі өте маңызды екенін алға тартты. Себебі, 

республикада  44 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала болса, оның 10 мыңы ДЦП-мен  ау-

ырады. «Елдегі жағдай күрделі. Біз шетелдік мамандарды тегіннен-тегін шақырған жоқпыз. 

Өзіміздің дәрігерлердің  білімдерін жетілдіріп, хирургиялық тәжірибелерін шыңдаса дейміз»-

деп, өз ойымен бөлісті ол. 

Көз көргендер естелігі.  

  Суретті түсірген автор.


Қала-Қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша 2015 Жыл  //



 

 

      Салым 

 

 

      сертификаттары 

 

              берілді

ізгілікті істер жалғасы

Сапқа тұр, сарбаз!

 

„

«Нұр Отан» партиясының  «Бақытты 



балалық» партиялық жобасы аясында 

«Болашаққа қаржы саламыз!» акциясы  

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалында жалғасын тапты.  

 

„

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің 



жанындағы әлеуметтік-тұрмыстық 

мәселесі бойынша тұрақты комиссия 

төрайымы Тамара Гнатенконың  

ұйымдастыруымен  қайырымдылық 

акциясы өтті. 

 

„

қр Тұңғыш Президенті саябағында 



әскер қатарына алынушыларды 

әскерге шығарып салу рәсімі өтті.      

Арсен БАЙЗАҚ

Шарада сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалы төрағасының орынбасары Б.Пернебекова: «Бүгінгі акция  

«Бақытты балалық» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде 

екінші дәрежедегі банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолы-

мен балалардың жоғары білім алуына ықпал ету мақсатында 

ұйымдастырылып отыр. Осындай акция ұйымдастыра отырып, 

біз балалар үшін білім беру жинақтау салымдарын ашу бойын-

ша бастаманы қолдап отырған Тараз қалалық мәслихатындағы 

депутаттық фракция мүшелеріне үлкен алғысымызды білдіреміз»,- 

деді. Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша 

ақшалай салым иегерлері – Тараз қалалық мәслихатының де-

путаттары А.Ниязбекова, Ш.Иманбекова, Р.Кан, Қ.Болысбаев, 

Т.Мананов,  С.Мырзалиев,  М.Мырзахметов,  К.Абдуллаев, 

Ш.Усенбаев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тоғыз балаға 

алғашқы қаржысы аударылған сертификаттарды табыс етті. Ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылары 

атынан Н.Даулетчина акцияны ұйымдастырып отырған «Нұр 

Отан» партиясының қалалық филиалына және осы бастаманы 

қолдап, демеушілік көрсетіп отырған қалалық мәслихат депутат-

тарына алғыстарын жеткізді.

Бұл шараға негізінен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері 

атсалысып, бұрын пайдаланылған  (артық-ауыс)  жарамды киімдер 

жинақталды. 300-ден аса жиналған киімдердің ішінде ұлдарға және 

қыздарға арналған пальто, костюм, көйлек, жемпір, аяқ киім, т.б. 

бұйымдар болды. Сөйтіп, Ардагерлер үйінде ұйымдастырылған 

акцияға тұрмыстық жағдайы төмен 40 отбасы мүшелері қатысып, 

өздері    қалаған    заттарын  таңдап  алуға  мүмкіндік  берілді. 

Қойылған киім – кешектердің барлығы  таратылғаннан кейін, оған 

қатысушылар осы іс- шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын 

жеткізді. Мұндай Қайырымдылық акциясы қалалық ардагерлер 

кеңесі тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.



Алдаберді  МАҚАШЕВ,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің 

баспасөз хатшысы.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

      Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен 

облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент ұйымдастырған 

«Мен Отанды қорғауға дайынмын!» атты патриоттық акция-

да басқарма басшысы Еркебұлан Құралбаев Отан алдындағы 

азаматтық борышын өтеуге  аттанған сарбаздарды жігерлендірді.

- Бүгінгі шара Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы 

күштерінің құрылғанына 23 жыл толуына арналып отыр. Ал 

жастарды әскерге шығарып салу рәсімі облыста осымен үшінші 

жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Осы жылғы көктемде шығарып 

салған өздеріңдей қырандар бұл күнде әскери бөлімдерде азаматтық 

борыштарын абыроймен атқарып жүр. Сіздердің де әскери өмірге 

машықтанып, ел қорғаны болатындарыңызға сенемін,-  деді ол.

Облыс бойынша жүргізіліп жатқан мерзімді әскерге шақыру 

науқанында, яғни, күзгі шақырылым бойынша 1200-1300 адам әскер 

қатарына алынуы қажет. Ал бұл жолы бір күнде ел қорғауға аттанған 

елу сарбаз әскери борыштарын «Отар» әскери гарнизонында өтейді.

Жастарға патриоттық рух беретін салтанатты шарада № 85395 

әскери бөлімнің сарбаздарының әскери әдіс-тәсіл мен ұрыс түрлері 

бойынша өнері көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды. 

жАС шешеНдер

САйыСы

 

„

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ 



хандығының 550 жылдығы мен қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдығы аясында «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне 

арналған Хііі республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Турнирге әр облыс пен Астана, Ал-

маты қалаларының жастары арасынан 

іріктеу турнирінің жеңімпаздары, жал-

пы саны 30 команда қатысып, қазіргі 

таңдағы өзекті мәселелерді талқылады. 

Аталған турнирді өткізудегі мақсат -   

Қазақ хандығының 550 жылдығы және 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 

жылдық  мерейтойы  аясында  келелі 

тақырыптарды, сондай-ақ жастардың 

өзекті мәселелерін талқылау арқылы 

ел  жастарының  азаматтық  және 

шығармашылық белсенділігін арттыру. 

«Нұр Отан» партиясының ауыспа-

лы кубогіне арналған республикалық 

пікірсайыс  турнирін    «Нұр  Отан» 

партиясы Жамбыл облыстық филиалы 

төрағасының  орынбасары  Шәбден 

Тілеумұрат ашып, жастарды қолдау 

бағытындағы жұмыстарға тоқталып, 

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  

мәні мен маңызын айтып өтті. 

-  Бүгінде  Қазақстан  қарыштап 

дамып,  талай  жетістіктерге  жетіп 

келеді.  Ол  әрине  бірлік  пен  саяси 

тұрақтылықтың арқасы деп білуіміз 

керек. Қандай да елдің болсын пікір 

қайшылықтары  болуы  керек.  Пікір 

қайшылығы  жоқ  елдің  дамуының 

өзі екіталай болатындығы жасырын 

емес.  Тек  қана  бір  ғана  азамат  ай-

тыпты  деп,  соған  бас  ие  беру  де-

ген әңгіме емес. Немесе атқарылып 

жатқан  іс-шараның  көлеңке  жағын 

ғана айту емес, сол тұрғыда басқалай 

пікір білдіріп, елдің дамуына үлкен 

қызметтер жасауларыңыз керек. Бүгін 

өткізіліп  отырған  шара  қатысушы 

жастардың пікірін біліп қана қоймай, 

олардың  саяси  өресінің  жоғары 

екендігін аңғартатын бірден-бір жол. 

Пікірсайысшы жастар бүгінде осындай 

шараларға қатысу арқылы өзінен кейінгі 

жастарға  дұрыс  тәлім-тәрбие  бере 

алатынына кәміл сенемін. Сондай-ақ 

көпшіліктің алдында өзін ұстай біліп, 

ойын жеткізе білу деген үлкен өнер деп 

білемін,-деген Шәбден Тоқтасынұлы 

сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар ашылу салтанатында 

сөз  сөйлеген  «Нұр  Отан»  партиясы 

жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты 

Орталық аппаратының ұйымдастыру 

жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ғабиден 

Нұрпейісов пікірсайысшыларға сәттілік 

тілей келе, турнирдің мән-маңызына 

тоқталып өтті. Мұнымен қоса, Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институты 

ректорының тәрбие ісі жөніндегі про-

ректоры Орынқыз Жолдасова да турнир 

қатысушыларына сәттілік тілеп, ин-

ститут тарихын тілге тиек етті. Ашылу 

салтанаты облыстық филармония мен 

ТарМПИ өнерпаздарының концерттік 

бағдарламасына ұласты.

Қазақ және орыс тілді лигаларға 

құрамы  2  адамнан  жасақталған 

командалар  қатысып,  пікірсайыс 

алаңын  үздік  ой,  өзіндік  жаңашыл 

идеялармен қыздыра білді. Негізінен, 

пікірсайыс  турнирі  «Америкалық 

парламенттік формат» бойынша қазақ 

және орыс тілдерінде өткізіліп, үздік 

ойлылар анықталды. Аталған формат 

Қазақстанда өткізілетін турнирлердің 

дәстүрлі түріне айналған. Үздік спи-

кер «Линкольн-Дуглас» үлгісі бойын-

ша анықталды.

Екі  күн  бойы  үздік  ой  алаңын 

қыздырған  шарада  «Ұлт  жоспары 

«100  нақты  қадам»,  «ЕХРО-2017» 

Халықаралық көрмесінің Қазақстанда 

өтуі»,  «Жамбыл  облысы  –  ауыл 

шаруашылығын дамытуға ең тиімді 

аймақ»    деген  сынды  тақырыптар 

кеңінен  қаузалды.  Республикалық 

турнирдің нәтижесінде қазақ лигасы 

бойынша жүлделі 3-орынды Алматы 

облысының  «Триумф»  команда-

сы,  2-орынды  Астана  қаласының 

«Ақсауыт»  командасы  иеленді.  Ал 

турнирдің  жеңімпазы  әрі  ауыспа-

лы  кубоктің  иегері  ретінде  Астана 

қаласынан келген «Астана» команда-

сы еншіленді. «Үздік спикер» номина-

циясы Алматы қаласының өкілі Думан 

Қазыбек, «Үздік төреші» ретінде Тараз 

қаласынан Бақытжан Құтжан таныл-

ды. Аталмыш турнирдің орыс лигасы 

бойынша 3-орын Алматы қаласының 

«Керей-Жәнібек» командасы, 2-орын-

ды Ақмола облысынан «Идея фикс» 

командалары қанжығаларына байла-

ды. Орыс лигасы бойынша жеңімпаз 

болып Қостанайдан келген «Бродяги» 

командасы  атанды.  Жүлдегерлерге 

ұйымдастырушылар тарапынан кубок-

тер және қаржылай сыйлықтар тапсы-

рылды. Ал жеңімпаздар «Нұр Отан» 

партиясының ауыспалы кубогімен ма-

рапатталды.  Айта кетерлігі, былтырғы 

жылғы  турнирдің жеңімпазы ретінде 

Жамбыл  облысының  командасы 

танылған болатын. Енді осы турнир 

келесі жылы Астана қаласында өтетін 

болады.    

Кубок иегерлері - астаналықтар!  

  Суретті түсірген А.Қартабай



дін

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша 2015 Жыл  //



 

„

дінсіз адам болса да, дінсіз қоғам болмаған. қай елді алып қарайтын болсақ, оның 



маңызды рөлі болғанын аңғаруға болады. Егер дін адамзат  баласына бұрмаланбай жететін 

болса, елдің бірігуі мен өркендеуіне ықпал етіп, өз нәтижесін береді. ал құдай сөзін бұйдаға 

салып, жат пиғылдың пайдасына жұмсаса, қоғам ыдырап, бүлік пен тұрақсыздыққа 

ұшырайды. сондықтан жастардың санасында дәстүрлі діни сананы қалыптастыру - уақыт 

талабы. 

жАлғАН діННің 

жеТеГіНде КеТПеСіН

Мәселен, қазақтың кең дархан даласына  VIII 

ғасырдан бастап дәстүрлі ислам діні таралды, 

дінімен қоса өркениет, мәдениет, ғылым-білім 

жанданып, аты әлемге әйгілі Әл-Фараби, Махмұд 

Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Яссауи 

т.б. ғалымдар елдің дамуы мен өркендеуіне зор 

үлестерін қосып, көптеген ғылыми-танымдық 

еңбектер  жазды.  Дегенмен,  қазіргі  уақытта 

дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері біздің 

ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлі діни таным-

ды мансұқтап, әсіресе жастардың санасын улап, 

тура жолдан тайдыруда.

Осыған байланысты «Отан отбасынан баста-

лады» деген мақалды ескере отырып, жастардың 

санасына дәстүрлі діни танымды қалыптастырып, 

өнегелі тәрбие  беріп, отансүйгіштікке баулу, 

елінің  абыройлы  азаматы  етіп  өсіру    әрбір 

отбасының  борышы  деп  санаймыз.  Мұхтар 

Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе, бесігін 

түзей алмаған елдің болашағы жоқ»  деген. Балаға 

тәрбие беретін ата-ана. Сол себепті ата-аналардың 

діни сауаты жетік болса, ешқандай бала жат діни 

ағымдарға бармас еді.

Мәселен,  Қазыбек  би  он  екі  жасында 

қалмақтарға айтқан сөзінен «Қазақ деген мал 

баққан елміз, ешкімге соқтықпай жәй жатқан 

елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп, 

жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзасына 

үкі  таққан  елміз.  Дұшпан  басынбаған  елміз, 

басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды 

сақтай  білген  елміз,  дәм-тұзын  ақтай  білген 

елміз» - деп, қазақ елінің бірлігі бекем, айбары 

асқақ, дүниетанымының тұрақтылығын аңғаруға 

болады. Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі « Ей, 

адам баласы: Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір 

әйелден  жараттық.  Сондай-ақ  бір-бірлеріңді 

тануларың  үшін  сендерді  ұлттар  мен  рулар 

қылдық» деген Хужрат сүресінің 13-ші аятына 

мән беретін болсақ, бізді қазақ етіп жаратқан 

соң  біз  дәстүрімізді,  әдет-ғұрыптарымызды 

жандандырып,  күнделікті  өмірде  қастерлеп 

отыруымыздың дінге қайшы емес екенін аңғаруға 

болады.


   Елбасымыз: «Түбіміз түркі, дініміз ислам  

екенін  ұмытпауымыз  қажет.  Бәріміздің  киелі 

атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. 

Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау 

жолында  біз  құрған  қасиетті  Отанымыз  бар. 

Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің 

маңдайға  басқан  бағымыз,  мәңгі  сақтауға 

тиіс  аманатымыз»  -  деп,  Отанға  деген  ізгі 

тілектен  шыққан  ұлағатты  да  ұранды  сөзін 

халқымыздың жүрегіне жеткізуіміз ләзім. Де-

сек те, қоғамда дәстүрлі емес діни танымның 

ықпалында жүргендер қазақ елін дінсіз, надан 

ретінде көрсетіп, қалыптасқан әдет-ғұрпымызға 

түзетулер енгізбекші.

  Осыған  орай,  Елбасымыз:  «Ел  бірлігі 

туралы    сөз  болғанда,  біз  дініміз  исламға 

тоқталмай  кете  алмаймыз,  әрине,  исламның 

рухани  әлемі  өз  алдына  жеке  әңгіме.  Діннің 

тұтастығы  қашанда  Елдің  тұтастығы.  Діни 

алауыздық ұлттық алауыздыққа соқтыратыны  

баршамызға  белгілі.  Қазақ  даласында  ислам 

дінін орнықтырушылардың бірі данышпан ба-

бамыз Ахмет Яссауи осы жағдайларды ескере 

отырып,  ислам  дәстүрлерін  қалыптастырды. 

Осы  дәстүрімен  мінекей,  ата-бабаларымыз 

ғасырлар бойы өзінің ұлттық сана-сезімдерін 

қалыптастырып  келеді.  Сондықтан,  ұлттық 

сана-сипатқа айналған дәстүр мен дүниетанымға 

сырттан келіп  түзету жасағысы келетіндерге 

жол бере алмайтынымызды ашық айтамыз» - 

деп ата-бабаларымыз ұстанып келген дәстүрлі 

діни таным жолын ұстану керек екенін айтты. 

      Жаһандану  заманында  жалған 

ақпараттардың  ғаламтор  беттерінде    көптігі, 

сырттан  діни  оқу  ордаларынан  оқып  келген 

дәстүрлі емес діни танымдағы уағызшылардың 

насихаты  діни  сауаты  төмен  жастардың  са-

насына  ықпал  етіп,  көнеден  қастерлеп  кел-

ген  дәстүрімізді  жоққа  шығаруда.  Салт-

дәстүрлерімізді  қастерлеуден  жұрдай  болған 

жастарда Отанға, елге, жерге деген ұждандық 

сезімдері  жоғалуда.  Патриоттық  сезімнен 

жұрдай болған жастар әскерге баруға, ант бе-

руге, қан өткізуге, еліне адал қызмет жасаудан  

бас тартып, жат діннің арбауына ілініп, тура 

жолдан таюда. 

Осындай мәселелерді ескере отырып, ру-

хани байлықтың бірі дәстүрлі діни санамызды 

жоғалтпау үшін, діни танымды біз сырттан емес, 

қазақ ғалымдарының діни танымын жастардың 

саналарына сіңдіріп тәрбиелеген жөн. Шәкәрім 

Құдайбердіұлы «Білімсіз ел  жас бала секілді: 

бір  жаңа  нәрсе  көрінсе,  бұрынғыны  тастап, 

соған ұмтылмақшы» деген. Яғни жастарымыз 

батысқа еліктеп арсыз болмасын, жалған дін 

атын жамылған  топтардың жетегінде кетпесін 

десек, бабаларымыздан қалған салиқалы сара 

жолды  жиі  айтып  насихаттау  керек.  Тоқсан 

ауыздың тобықтай түйіні:

Тәуелсіздік - тірегіміз.

Ислам діні - діңгегіміз.

Дәстүр - өмір салтымыз.

Арыстан баб, Яссауи - бабаларымыз.

Абай, Шәкәрім - даналарымыз.

Алаш қайраткерлері - дінін, дәстүрін, От-

анын қорғаған ағаларымыз- деп, ата-жолы хақ 

жолы екенін насихаттайық.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет