2015 жыл, сәрсенбі


) Әлеуметтік желіге тәуелдісің бе?



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,58 Mb.
#5565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1) Әлеуметтік желіге тәуелдісің бе?

2)  Сенің  жеке  көзқарасың  және  одан  қалай 

арылуға болады?

Нұрғиса ҮМБЕТАЛИЕВ,

Тараз темір жол колледжінің студенті, «Жас Отан» жастар 

қанатының белсенді мүшесі: 

 

 

 

1)  Қазіргі    жастар    өздерінің 

жас ап  жатқан  жұмыст арын 

толықтай әлеуметтік желіге салып, 

көпшілікке көрсетеді.  Әлеуметтік 

желіде  түрлі    пікірлер  де,  сын-

дар да бар. Себебі жастардың ба-

сым көпшілігі әлеуметтік желінің 

негізгі қолданушылары.  Мен өзім 

әлеуметтік желі арқылы өзіме керекті 

мағлұматтарды  ала  аламын  және 

пайдалы жағынан іске асырамын. 

Ғаламтор, шын мәнісінде, ойыңды 

бөледі және соның арқасында кейде 

уақытты  дұрыс  пайдалана  алмай 

жатамыз. Осындай әсерінен тәуелді 

болып қаламыз.



2) Жасыратыны жоқ, ғаламтор жастарға бірден-бір керек нәрсе 

әрі пайдасы айтарлықтай. Дегенмен де ағаштың екі ұшы болатыны 

секілді кері зияны жеткілікті. Біз оны өзіміздің пайдамызға жарата 

алсақ ,нұр үстіне нұр.  Бірақ кейбір жастарымыз еріккеннің ермегіне 

айналдырып алған. Сондықтан жастар өзін-өзі қадағалап, уақытын 

пайдалы жағына жұмсайтын болса, әлеуметтік желінің әсерінен 

арылуға болады.

Асылзат ҚұНАНБАЙ,

ТарМПИ-дің студенті:

1 )   Б ү г і н г і   т а ң д а 

әлеуметтік  желінің  адам 

өмірінің маңызды бөлігіне 

айналғаны рас. Бірі керегін 

алып, игілігіне пайдаланып  

жатса, енді бірі әлеуметтік 

желінің  арбауынан  шыға 

алмай    зардабын  тарту-

да.  Бұлай  деуімнің  себебі 

әлеуметтік  желіде  әрбір 

екінші адам өтірік мәлімет 

таратады.  Осы  жағы  мені 

алаңдатады. Кейде уақыттың 

тапшылығына байланысты 

кейбір нақты мәліметтерді 

алуыма тура келеді. Осы жағынан тәуелдімін деп айта 

аламын. 

2) Қарапайым студент ретінде әлеуметтік желінің өзіме 

тиімділігі біршама. Бұл да болса қазіргі таңда стимул болып 

табылады.  Алайда осы әлеуметтік желінің ең бір осал тұсы 

және өрескел кемшілігі – порнографиялық  дүниелердің , 

сондай-ақ өтірік фейктердің көбеюі. Жеке басым әлеуметтік 

желіні уақыт ұрлаушы деп санаймын. Оның үстіне ешкімді 

ғаламторға кірме деп үгіттей алмайтынымыз тағы бар. 


ҚұраҚ КөрпЕ

7

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша 2015 Жыл  //



желідегі жазбалар

 

Универді сырттай оқыдық. Сыртқы бөлім студенттеріне 



оңайлықпен жақсы баға қойылмайтын. «Бес» деген баға 

арман. «Төрт» алсақ, бөркімізді аспанға атып қуанамыз. 

Әрбір оқытушының жүзіне ұрлана қараймыз. «Мынаның 

түрі мейірімді сияқты, ақша алмайды» десек, келесі бірінің 

түріне қарап «Мынау ақша алады» деп бір-бірімізге сыбыр-

лаймыз. Зачеткінің ішіне 500 теңгеден салып, оқытушының 

қолына ұстатамыз. Кейбірі оны қуана алып жатса, кейбірі 

бетімізге лақтырып «оқыңдар» деп айқайлап кететін. 

Ақша алмайтындардың арқасынан сыбап: «Теп-тегін беріп 

тұрған ақшаны ала салса қайтеді» - деп ренжісек, ақша 

алғандарға қарап: «Ой, албасты! Ұялмай студенттен ақша 

алды ғой, арқасынан жазып жіберсек пе екен?! Қойшы, 

мейлі, желкеңнен шықсын» деп күбірлеп қоя береміз. Сөйтіп, 

ештеңе жақпай жүріп те оқуды аяқтадық-ау, әйтеуір...



Салтанат БЕК.

* * *


Студент кезіміз. Курстасым Асыланбек екеуміз кезекті 

бір каникулда Оралға бірге қайттық. Артымызға қарамай 

Алматы-Москва пойызының купесіне билет алыппыз. 

«Қалтада ақша қалды ма?» деп бір-бірімізден сұрамаппыз да. 

Қайран,жастықтың буы-ай!..

Оралға дейін екі тәулік жол бар,ал бізде ауыз шаятын 

бір жұтым су жоқ. Аштан бұралып жатып бірінші күнді 

өткіздік. Астыңғы орында жүзіне нұр ұялаған,орта жастағы 

орыс әйелі орналасқан.Ол мезгілімен орнынан тұрып,тамақ 

ішеді.Тамақ болғанда қандай?! Тауық еті, жұмыртқа, шұжық, 

картоп, салат қойшы,әйтеуір, сілекейіміз шұбырып, боп-боз 

болып төменнен көз алмаймыз. Ішегіміз шұр-шұр етеді. Амал 

жоқ,тілімізді тістеп,көкпеңбек болып жаттық та қойдық.

Екінші күні түс ауа сүйретіліп екеуміз төменге түстік.

Беті-қолымызды шайып, жоғарыға қайта көтеріле берген 

біздерді әлгі кісі «мұнда отырыңдар» деп жанына шақырды.

Сосын, сөмкесін ашып,мол етіп дастархан жая бастады.

Біз болсақ ұяң бозбала, «Мұныңыз не? Қойыңыз! Жаңа 

ғана ресторанға барып тамақтанып алғанбыз» деп өтірік 

айта бастадық.Ол: «Мені алдай алмайсыңдар. Бәрін көріп, 

сезіп отырмын. Ұялмай тамақ ішіп алыңдар»-деп өзі сыртқа 

шығып кетті. Екеуміз бір-бірімізге қарап сәл-пәл тұрдық та, 

дәмге бас салдық. Сөйтіп,бейтаныс әйел бізді Оралға дейін 

тамақтандырып келді.Арада қанша жыл өтсе де,сол әйелдің  

мейірім шашқан жүзін әлі күнге ұмыта алмадым. Реті келген 

жерде айтып отырамын...



Манас ЖАРМұХАНОВ.

Алтын орта

 Кіші ұлы анасына келіп:

- Мама, ағам группаластарымен «Алтын ортала-

рын» тойлауға кетті ме?

- Иә.

- Келгенде маған ұрысса араша түсіңізші?..



- Неге ұрсады саған?

- Мен оның арқасына мекен-жайымызды жазып 

жібердім.

- О, неге?

- Былтыр үлкен ағам группаластарымен «Алтын 

ортасын» тойлап  келгенде, әдірісті ұмытып, үйді таң 

атқанша іздедім деп ертесі бір-ақ келіп еді ғой. Енді 

кіші ағам да әдірісті ұмытса, оқып ала салсын дедім...



 Кешірімнің бағасы

Автобусқа міне берісте бір студент орыс қыздың 

аяғын  басып  кетті  де  уайымға  салынып,  досынан 

«кешір»  сөзінің  орысшасын  сұрады.Досы:  «Орыс 

халқы кінәмшіл келеді. Бұл сөздің орысшасын өзің 

табуың  керек.  Ырымы  солай.  Кешірім  сұрамасаң, 

қарғайды. Сосын ертең емтиханнан құлайсың»,- деді 

қызық болсын деген оймен. 

Ойға батқан аңқау студент сәлден соң орыс қыздың 

қасына  барды.Түртті.  Әлгі  қыз  жалт  қарағанда: 

«Здрәсті»-деді. Қыз түк түсінбеген күйі басын изеді. 

Тағы бірер минут өткен соң, ары ойланып, бері ойла-

нып, «кешір» сөзінің орысшасын ойына түсіре алмаған 

аңқау студент екінші рет түртіп, қызды өзіне қаратты 

да: «До свидания» деп, аялдамадан түсіп кетті...

құрақ көрпені құраған құралай сЕйсЕнБЕКқыЗы

Той 

Таңертең ауылдағы анасы қаладағы студент ұлына қоңырау шалып:

- Таңғы ас іштің бе?

- Иә, макарон қуырып жедік.

Түсте анасы тағы қоңырау соқты:

- Түскі ас іштің бе, ұлым?

- Иә, макаронды суға қайнатып жедік.

Түнде  тағы да қоңырау соққан анасы:

- Ұлым, ашығып қалған жоқсың ба? Кешкі ас ішкен шығарсың?

- Әрине, мама! Тойға барып, тойып келдім ғой.

- Қандай той?

- Әбіл мен Жазираның тойы. 

- А, достарың ба?

- Жоға! Жазираның туыстарына  Әбілдің, Әбілдің туыстарына  Жазираның туысымыз деп 

жүріп, бір тойып алдық.

- Қой, ұят болады ғой, ұлым!

- Кімнен ұят, мама? Оларды сіз тұрмақ, мен де танымаймын... 

Студент күнделігінен



БАЛМҰЗДАҚ

Айбек  ауылдан  қалаға  кеше  ғана  келіп, 

бірінші  курсқа  барды.  Бірде  қыстың  көзі 

қырауда өзі жаурап, группалас қыздары санда-

ры жарқырап жүрсе де, жаурамайтынына таң 

қалған  Айбек:

- Ой, қыздар! Күн суықта тыртиған юбка 

киесіңдер, бірақ қалай жаурамайсыңдар?- деді .

- Капрон «модный» ғой, жауратпайды,-деді 

қыздар. 


Ертесіне Айбек: 

- Қыздар өтірікші! «Мужской» қалың га-

мажымды  шешіп,  мамамның  капронын  киіп 

келдім. Қане, капрон жауратпайды дегендерің. 

Үсіп қалдық қой,- деді өкпелеп.

***

Бірде жол бойында бір апай жеміс-жидек 

сатып отырды. Сабақтан қайтқан бір топ студент 

ауылдан ақша алып келген  Айбекке құлпынай 

сатып алып беруін өтінді. 

Қыздардың сөзін екі етпейтін ақкөңіл Айбек 

алақ-жұлақ етіп апайдың қасына жетіп барды да, 

орысша сөйлегісі келіп кетсе керек:

- Варенье дайте,- деді құлпынайды нұсқап...

Соңынан ду күлген қыздарға қарап, өзінің 

қате сөйлегенін түсініп:

-  Күлмеңдерші,  мен  әлі  балмұздақпын 

ғой,- деді.

***

Бірде бір топ студенттер  жұлдыз жорамал 

оқып отырады.

- Айгүл, сенің жұлдыз жорамалың қандай?

- Тоқты.

- Бағдат, сенікі ше?

- Бикеш.

- Айбек, сенікі қандай?

-  Ұлы  жүз!  Шымыр!,-  деді  Айбек 

шімірікпестен.



Айырмашылық

Студент қыздар бір-біріне қатты ұқсайды. 

Бәрінің қалтасы жұқа, макияжы қалың. Олар 

екіге бөлінеді: кітапханаға немесе сән сало-

нына баратындар болып...

Студент жігіттер де  екіге бөлінеді. Не 

сабаққа, не  қыздарға  баратындар болып...

       Байдың баласы

- Кім болғың келеді? Қандай оқуға 

тапсырғалы жатырсың?- деді мұғалім  байдың  

баласына. Ол  ойланбастан:

- Мен қайдан білейін? Папам біледі ғой...,- 

деді.


Дәрігер

- Қай мамандықта оқып жүрсің, Дамир ?

- Дәрігер.

- О,о! Сен оқу бітіргенде бас ауырып, балтыр 

сыздай қалса,«Дамир Әмірұлы» деп барып, емделіп 

тұрамын ғой.

- Маған емес, қойларыма барып емделіңіз. Солар 

ғой оқып жатқан...



спорт

ұрПАқ ұСТАНымы - САлАмАТТылық

 

„

елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазақстан – 2050» 



Стратегиялық бағдарламасындағы еліміздің әлемдегі 

отыз мемлекеттің қатарына ену жөніндегі бастамасы 

халыққа ерекше серпін бергені шындық. Осы алға 

қойған асқақ мұратты жүзеге асыру үшін елбасымыз 

«100 нақты қадам» ұлттық жоспарын ұсынды. ұлт 

жоспарының бес тарауын құраған «100 нақты қадам» 

бағдарламасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру 

мәселесінен басталуы, сол сияқты «заңның үстемдігін 

қамтамасыз ету» мен «индустрияландыру және 

экономикалық өсім» тарауларындағы қадамдар да 

елдің өркениетті, дамыған қоғамға жету жолындағы 

жүзеге асырылуға тиісті шарттар мен міндеттерді алға 

тартады.  

Бұл  ең  алдымен,  «Мәңгілік  ел»  болуға                     

бастайтын  реформа.  Елбасымыз  ұсынған 

халықтық реформа саяси-әлеуметтік мәні зор 

жарқын болашаққа жетелейді. Нақты көрсетілген 

100 қадамның ішіндегі 85-қадамы — «Мәңгілік 

ел»  патриоттық  актісі  жобасын  әзірлеуге 

арналған. Қай мемлекеттің де өркендеп-дамуына 

азаматтарының  Отанға  деген  сүйіспеншілігі, 

патриотизмі іргетас болады. Әр бала жастайынан 

спортпен айналысып, қимыл-қозғалысқа бейім 

болып, салауатты өмір салтымен өмір сүрсе, дені 

сау ұрпақ пен дені сау ұлт қалыптасар еді. Ұрпақ 

тегеурінді  болса,  мемлекетіміздің  әл-ауқаты 

арта түсетіні сөзсіз. Президентіміз Нұрсұлтан 

Назарбаев Қазақстан халқына арнаған бұрнағы 

Жолдауында 2020 жылға дейін “Отыз пайызға 

дейін қазақстандықтар бұқаралық спортқа тарты-

луы керек” деп, алдымызға нақты міндет қойған 

болатын.  Бұл міндеттің үдесінен шығу үшін  

бүгінде қыруар тірліктер атқарылып жатқанымен, 

бұқаралық спорттың, әсіресе, ауылдық елді ме-

кендерде кең қанат жая алмай отыруы көңілге 

кірбің ұялатады. Бұқаралық спорт дегеніміздің 

өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар 

мен спорт түрлерінің дамуы. Онымен жүйелі 

айналысу – үлкен спортқа алғашқы баспалдақ.

Аймақтағы  жастар  мен  жасөспірімдер 

арасындағы дене шынықтыру және спорттың кең 

құлаш жаюына  бірнеше жылдан бері үлес қосып 

келе жатқан облыс әкімдігінің білім басқармасы 

«Ғылыми-тәжірибелік  дене  шынықтыру 

орталығының» бұл бағыттағы  атқарып отырған 

жұмыстары аз емес. Орталық барлық аудандар  

мен  Тараз  қаласындағы  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  спортта  дарынды  балаларды 

іріктеп, оларды спорттық арнайы кластарға, спорт 

мектептеріне, мамандандырылған спорттағы да-

рынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға 

бағыттау, спорттық шеберлігін шыңдау, олардан 

тек жоғарғы санатты спортшы ғана емес, дене 

тәрбиесі мен спортта білікті мамандар дайындауға  

жағдай  жасау  барысында  бірқатар  жұмыстар 

атқарылып келеді. 

Мәселен,  2015  жылы  түрлі  деңгейдегі 

спорттық  жарыстарға  барлығы    54967  бала 

қамтылды.  (МК жазғы спартакиада екі жылда бір 

өтеді). Осы жылы 30 облыстық, 27 республикалық 

және 1 халықаралық жарыс ұйымдастырылды. 

Республикалық деңгейдегі жарыстардан  71 ал-

тын, 64 күміс, 81 қола медальдерге қол жеткізілді.  

Нәтиже  өткен жылмен салыстырғанда біршама 

жоғарылады. Оның айқын айғағы -  ақпан ай-

ында Шымкент қаласында каратэ-додан өткен 

республикалық  турнирде  біздің  оқушылар  7 

алтын,  наурыз  айында  Павлодар  қаласында 

спорттық бағдарлаудан 3 алтын, Есіл қаласында 

маусым айында еркін күрестен 1 алтын алса, Та-

раз қаласында жүзуден өткен республикалық тур-

нирде №45 орта мектептің оқушысы Жұмағали 

Нұрдаулет бірден 5 алтынды жеңіп алды. Сондай-

ақ, ойын спорт түрлерінен  Щучинск қаласында 

баскетболдан өткен республикалық турнирде 1- 

орын, сонымен қатар  кіші футболдан  да 1- орынға 

қол жеткізілсе , Семей қаласында өткен былғары 

доп турнирінде кіші жас, Қарағанды қаласында 

орта жас ерекшеліктерінде оқушыларымыз 2-ші 

орынға ие болды.  

2015  жылдың  22-30  маусымында  Тараз 

қаласында өткен футболдан «Кока-кола - Былғары 

доп» республикалық турнирінде Тараз қаласының 

№36 орта мектептің командасы жеңіске жетіп, 11 

бала мен 1 мұғалім  «Кока-кола» компаниясының 

атынан  (Германия)  Берлин  қаласында  өткен 

Халықаралық жарысқа қатысып келді.

«Ғылыми-тәжірибелік  дене  шынықтыру 

орталығы»    ашылғаннан  бері  9  жыл  ішінде 

орта  мектептердегі  дене  шынықтыру  пәнінің 

әдістемелік  тұрғыда  қалыптасып,  пән 

мұғалімдерінің ғылыми-танымдық құралдармен 

қамтамасыз етілуіне қажетті жағдайдың жасалу-

ына ықпал етіп келе жатқан бірден-бір орталық.  

Дене  шынықтыру  мен  спортты  ғылыммен 

ұштастыру,  пән  мұғалімдеріне  әдістемелік 

көмектер  беру,  жастар  арасында  бұқаралық 

спорт түрлерінен  жарыстар өткізу -  орталықтың 

басты  міндеті.  2010  жылы  біз  жалпы  орта 

білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарына 

арналған «Ұлттық спорт қозғалыс ойындары» 

пәнінен қысқаша дәріс курсы» деп аталынатын 

типтік бағдарламаға сай оқу құралын және оқу 

орындарының дене шынықтыру мұғалімдеріне 

арналған  әдістемелік  құралын  шығардық. 

Сондай-ақ, «Дене тәрбиесі білімінің көкейкесті 

мәселелері», «Бұқаралық спортты дамытудың 

көкейкесті  мәселелері»,  «Спорт  –  бұл    жеке 

тұлғаның дене және рухани мүмкіндіктерін жан-

жақты  тексеру  мен  тиімді  әлеуметтендірудің 

құралы» және т.б. тақырыптарда жылда облыстық 

конференциялар ұйымдастырылып, онда ауылдық 

елді мекендердегі жастар мен жасөспірімдердің 

дене  тәрбиесі мәселелері және салауатты өмір 

салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің мәні 

туралы келелі мәселелер талқыланып келеді.  



Бекбол ҚАЙЫПчАЕВ, 

Жамбыл облысы әкімдігі білім 

басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене 

шынықтыру орталығының» директоры

жамбылдық 

журналистер 

жарады 

 

„

Орал қаласында 



спорт журналисі 

С.Бердіқұловты 

еске алуға арналған 

бұқаралық ақпарат 

құралдары 

арасында екінші рет республикалық спартакиада өтті.  Оған 

еліміз бойынша 11 құрама команда қатысып, жамбылдық 

журналистер 5 - орынды иеленді.

Индира БАЙҚОНЫС

С п о р т т ы ң   9   т ү р і   б о й ы н ш а 

ұйымдастырылған  жарысқа  150-ге  жуық 

бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 

қатысқан. Төрт күн бойы қаламы қарымды 

тілшілер футбол ойнап, кір тасын көтеріп, 

жүзуден  жарысып,  жүгіруден  желаяқтар 

өзара  сынға  түскен.  Жамбылдық  жігіттер 

де  азулы  қарсыластарының  ешқайсысына 

дес бермей,  жүзуден ТарМУ-дың баспасөз 

қызметкері  Диас  Шаухаров  бірінші 

орын  иеленсе,  жерлесінің  жеңісті  жо-

лын    шахматтан  Нұрмұханбет  Мәуленов 

жалғады.  Жеңіл  атлетикадан  «Қазақстан- 

Та р а з »   т е л е ар н а сы н ың   о п ер ато р ы                                                                

Эльдар Байділдаев пен кір тасын көтеруден 

Ғалымжан  Есенбаевтар  үшінші  орын-

дарды  қанағат  тұтқан.  Сонымен  жал-

пы  командалық  есепте,  І  орын  «Хабар» 

агенттігінің  қызметкерлеріне  бұйырған. 

Ал  ІІ  орынды  «Қазақстан  РТРК»  иеленді. 

ІІІ  орынды  Ақтөбе  облысының  тілшілері 

жеңіп алды. 

Облысымыздың  намысын  абыройлы 

қорғаған журналистерді облыс әкімдігі дене 

шынықтыру  және  спорт  басқармасының 

басшысы  Гамлет  Қайнарбеков  арнайы 

қабылдап,  құрмет  көрсетті.  Басқарма  бас-

шысы өз сөзінде екі алтын, екі қола медаль 

еншілеп  қайтқан  журналистердің  бұл 

жетістігін жоғары бағалап, арнайы диплом 

мен футбол жейдесін сыйға тартты.

Тілшілер қауымының атынан сөз сөйлеген 

ТИГУ-дің  баспасөз  қызметінің  жетекшісі 

Нұржан  Туғанбай  Гамлет  Төреханұлына 

арнайы құрметі үшін алғыс сезімін білдіріп, 

жарыс барысында «Қазақстан-Орал» теле-

арнасына өздерінің сұхбаты шыққан дискіні 

тарту  етіп,  әр  уақытта  киелі  Әулиеата 

жерінің намысын көздерінің қарашығындай 

қорғайтындықтарын атап өтті. 

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша   2015 Жыл  //



институт 

мақтаныштары 

 

„

Тараз мемлекеттік 



педагогикалық институтының 

студенттері бірнеше додада 

топ жарды.

 Арайлым Шегенова Латвия астанасы Рига 

қаласында  өткен  самбодан  жасөспірімдер 

арасындағы халықаралық турнирде 80 келіден 

астам  салмақ  дәрежесінде  Әлем  чемпионы 

атанды. 


Ол    финалда    ресейлік    қарсыласынан  

басым  түсіп,  алтынға  қол  жеткізді.  Дүбірлі 

додаға  аталған  салмақ  дәрежесі  бойынша 

32 мемлекеттің саңлақтары қатысқан. Айта 

кетейік,  қазан  айының  8-12  аралығында 

Латвияның  Рига  қаласында  самбодан 

жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі 

өтті.  Халықаралық  турнирде  бақ  сынаған 

А.Шегенова  жарыс  жолында  Беларусь,  Ру-

мыния, Ресей спортшыларынан басым түсті. 

Балғын спортшы бұған дейін жасөспірімдер 

арасында Қазақстан чемпионы атанған.

Сондай-ақ, ТарМПИ студенті Дінмұхаммед 

Қазыкеев грек-рим күресінен жасөспірімдер 

арасындағы  халықаралық  турнирдің 

жеңімпазы  атанды.  Түркияның  Стамбул 

қаласында  өткен  байрақты  бәсекеде  30-ға 

жуық мемлекеттен келген балғын балуандар 

бақтары мен баптарын сынады.

Дүбірлі додада 96 келі салмақ дәрежесінде 

20  жасөспірім  өзара  мықтыны  анықтаған. 

Нәтижесінде,  Д.Қазыкеев  алтыннан  алқа 

тақты. «Боз кілемде белдескен жас жігіттің 

жеңіске деген құлшынысы мен құштарлығы 

қуантады.  Алдағы  уақыттарда  дайындықты 

күшейтіп,  еліміздің  абыройы  мен  беделін 

халықаралық додаларда асқақтата береміз»- 

дейді топ жетекшісі, факультет оқытушысы 

Қонысжан  Танаев.  Оны  жарысқа  Серік 

Қалдықұлов дайындады.

Осы  жеңіс  жолын  жалғаған  студент                                       

Антонина Тарасова қол күресінен өткен ашық 

Азия біріншілігінде жеңімпаз атанды. 

78 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 

бойжеткен ақтық сында отандасына жол беріп, 

жарысты  күміс  жүлдемен  аяқтады.  22  жасар 

спортшы бұған дейін аталған спорт түрінен Әлем 

чемпионы  атанған.  Халықаралық  дәрежедегі 

спорт шеберінің жүлде қоржынында жалпы саны 

61 медаль бар.

-  Антонина 9 жылдан бері аталған спорт 

түрімен айналысады. Ол осы уақыт аралығында 

спорттық  карьерада  үлкен  жетістіктерге 

жетіп  үлгерді.  Алдағы  уақыттар  белесінде 

халықаралық  деңгейдегі  додаларда  жеңіс 

тұғырынан көрінетініне шүбәміз жоқ, - дейді 

оның жаттықтырушысы Асан Сүлейменов.

Дайындаған Арсен БАЙЗАҚ


КөКЕйКЕсті

9

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша 2015 Жыл  //



 

„

Елбасы н. назарбаев 2020 жылға дейін «жаңа онжылдық – жаңа экономикалық 



өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында елде бұқаралық 

спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, қазақстандықтардың 30 

пайызын бұқаралық спортқа тарту жөнінде тапсырма берген-ді. Бұл межелі міндет өз 

деңгейінде орындалу үшін, ең алдымен, спорт залдарының бұқараға қолжетімді әрі 

қызмет көрсету сапасының жоғары болуы өте-мөте маңызды дейміз.  

БАССейН жАғАСыНдАғы

«БАзАр»

Индира БАЙҚОНЫС

Мақаланың  әлқиссасын  Гүлнұр  есімді 

оқырманымыздың басынан өткізген мына бір 

оқиғамен  бастауды жөн көрдік. Оқырман өз 

сөзін былай деп бастады: «Демалыс күндері 

отбасымызбен шаһарымыздағы «Тараз-Аре-

на» спорт сарайына ат басын бұрып, хауызға 

(бассейн)  түсуді  жөн  деп  таптық.  Су  жаңа  

ғимараттың іші мұнтаздай таза, кірген жанның 

көзін тартады. Хауызға бет алып, онда пай-

даланатын заттарымызды түгендей бергенде, 

басымызға  киетін  резеңкі  құлақшындарды 

ұмытып кеткеніміз есімізге түсіп, «аһ» ұрдық. 

Жұбайым, өзім және екі балам не істерімізді 

білмей абдырап та қалдық. Үйге кері қайтып, 

әлгі қалпақтарды алып келейік десек, үйіміз 

қаланың    арғы  басында.  Біраз  уақыт  жолға 

кетеді.  Сонымен,  спорт  нысанының  ішінде 

хауызға  қажетті  заттарды  сататын  орынға 

келіп, сатушыдан төртеумізге төрт құлақшын  

беруін өтіндік. Сатушы бұл резеңкі қалпақтың 

әрқайсысы  300  теңгеден  жалға  берілетінін 

айтып, төбе шашымызды тік тұрғызды. «Бұл 

қайдан шыққан баға?» деп, ашуға булықтық. 

Білуімше, бұл құлақшынның базардағы бағасы  

300-500 теңге. Мейлі, оның бағасын қойшы, 

қоғамдық жер болғандықтан жеке бас гигиена-

сы мәселесі ешкімді толғандырмай ма сонда?»-

деп өз наразылығын жеткізді ол дегбірі қашып. 

 Расында да, Гүлнұр ханымның жанайқайы 

өте орынды. Адамға ақшадан бұрын, денсаулық 

қымбат.  Осы  орайда,  алдымен,  дерматолог 

дәрігердің пікірін білуді дұрыс көрдік. 

 - Бассейн - лас әрі  адамдарға инфекция 

арқылы түрлі аурулар таралатын, аса қауіпті жер. 

Оған баратын кезде міндетті түрде жақсылап 

жуынып алу қажет. Себебі, денеміздегі кір, 

тер  және  түрлі  косметикалық  заттар  суды 

әбден  ластайды.  Содан  қотыр,  аяғымызға 

сүйелдер шығады. Бас киімді ұмытпаған жөн. 

Хлорланған су бұрымыңызға зақымын тигізеді. 

Міне, осындай келеңсіздіктерге душар болмас 

үшін жеке бас гигиенасын қатаң ұстанып, өз 

жеке заттарыңызды ғана пайдаланыңыздар,-

дейді    №2  қалалық  емхананың  дерматологі 

Людмила Наурызбайқызы.

  Тазалық  мәселесіне  байланысты  Жам-

был  облысы  тұтынушылардың  құқықтарын 

қорғау  департаментінің  Тараз  қалалық 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау 

басқармасы мамандарына хабарласқанымызда, 

олар спорттық кешендерге жылына небәрі бір 

рет қана тексеру жұмыстарын жүргізетіндіктерін  

айтты.  Мұны  естіп,  тіпті  аузымызға  құм 

құйылды...

 Сөйтіп, нысанаға алған негізгі мәселемізге 

көштік. Мұндай олқылыққа жол беріп отырған 

жауапты мекемелердің есігін қағып, ондағы 

азаматтардан тұшымды жауап алуға асықтық. 

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру 

және  спорт  басқармасына  қарасты    «Тараз-

Арена»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы 

коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны Жамбыл 

облысы  қаржы  басқармасына  тиесілі.    Бұл 

құзырлы мекеме спорт кешені ішіндегі сауда 

орындарын кәсіпкерлерге жалға беруге құқылы. 

Басқарма  басшысының  орынбасары  Сәкен 

Асатовқа жолығып: «Ойына келген бағаны ай-

тып, елдің жағасын ұстатып отырған саудагердің  

«өз білермендігі» қаншалықты орынды және 

кәсіпкермен жасалған келісімшартта бұл мәселе 

негізге алынған ба?»-деген сауал тастадық.

 - Иә, бұл спорт кешені облыстық қаржы 

басқармасына  қарайды.    Біз  «Шебер  Та-

раз» ЖШС-мен  келісімшартқа отырғанбыз. 

Кәсіпкерге  жалға  берілген  орынның  жалпы 

алаңы  96,4 шаршы метрді құрайды. Нақтылап 

айтқанда, асхана – 76,28, буфет – 11,22, тренажер 

залындағы буфет – 4,24 және спорттық заттар 

сатылатын шағын дүкен  –  7,65 шаршы метрді 

алып жатыр. Нарықтық қатынастарға сәйкес, 

кәсіпкер саудалап отырған заттардың бағасына 

араласа алмаймыз. Оның үстіне, келісімшартта 

бұл мәселе қарастырылмаған. Алайда  облыс 

әкімдігіне қарасты дене шынықтыру және спорт 

басқармасы халыққа ұсынылатын  абонементтік  

төлемдердің бағасына жауапты болса, «Тараз-

Арена»  спорт  кешенінің  директоры  ондағы  

ішкі тәртіпті бақылауда ұстауға міндетті,-деді 

Сәкен Уәшұлы.

  Қаладағы  бірегей  мультимедиялық 

спорт кешенін басқару қызметіне кіріскеніне 

бар-жоғы  бір  айдың  жүзі  болған    Гүлнар 

Тастүлекова  бұл  жайтқа  байланысты  қысқа 

қайырды.  Директордың  айтуынша,  «Шебер 

Тараз» ЖШС-нің қызметі жөнінде тұрғындар 

тарапынан наразылықтар жиі айтылады. Ол бұл 

кәсіпкерге бірнеше рет ескертілгенін, алайда 

одан еш нәтиже шықпағанын айтып, енді бұл 

мәселеге білек сыбана кірісетінін жеткізді. 

Расында, кәсіпкерлердің көлеңкелі табыс 

пен жемқорлыққа жол бермеулері үшін  барлық 

сауда-саттық орындарына кассалық аппараттың 

болғаны  жөн.  Осыған  орай,  Тараз  қаласы 

бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы 

2016  жылдан  бастап  бұл  мәселенің  түйіні 

шешілетінін айтып отыр.

- Ағымдағы жылдың шілде айының бірінен 

бастап, барлық сауда орталықтарында саудала-

нып жатқан алкогольді ішімдіктерге кассалық 

аппарат  қойылса,  келесі    жылдың  қаңтар 

айының бірінен бастап,  мұндай аппараттар  

барлық  тауар  түрлеріне  қойылмақ.  Біз  баға 

саясатына ықпал ете алмаспыз, бірақ көлеңкелі 

бизнестің жолын кесіп, ел қазынасына салықтың 

уақытылы түсуін қамтамасыз ететін боламыз,-

деді  басқарманың  бас  маманы  Құдайберген 

Рысдәулет. 

Бұған шүкір дедік іштей. 

 Жоғарыда атап өткеніміздей, халықты жап-

пай спортқа тартқанда ғана бәсекеге қабілетті 

елге  айналмақпыз.  Мәселен,  халықаралық 

рейтинг агенттіктері жүргізген зерттеу нәтижесі 

бойынша спортты серік еткен елдің қатарында 

Австралия,  Жаңа  Зеландия  мен  Швеция 

халқы  топ  жарып  тұр.  Қазақстан  Колум-

бия  мен  Моңғолиядан  кейінге  ығысып,  61- 

орынға жайғасыпты. Осыдан-ақ бұл саладағы 

әлеуетіміздің қандай екенін бағамдай беруге 

болатын шығар. Бұл үшін халыққа қолжетімді 

баға  және  қызмет  көрсету  сапасы  жоғары 

болса болғаны.  Әсіресе,  көп балалы және аз 

қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 

балаларға жеңілдік жасалса, қандай ғанибет! 

Өзіміз  көргендей,  «Тараз-Аренада»  хау-

ызда  бір  реттік  шомылу  бағасы  үлкендерге 

1000 теңге болса, балаларға 500 теңге. Бұған 

жол ақысы мен бір рет жалға алынатын заттың 

ақшасын қосыңыз. Ал елордамыз Астананың 

өзінде  баға  бізге  қарағанда  айтарлықтай 

төмен. Мәселен,  «Алатау» спорт сарайындағы 

хауыздың бір жолғы бағасы ересектер үшін 700 

теңге тұрады. Студенттерге 500 теңге болса, 

балаларға    350  теңге.    Бұл-бір.    Екіншіден, 

«Тараз-Арена»  спорт  кешенінде  тілдескен 

қала тұрғындарының басым көпшілігі  мұнда 4 

маршрут (№11,57,37,27)  қана қатынайтынын, 

алдағы  уақытта  олардың  санын  көбейтсе 

деген тілектерін білдіріп жатты. Орталықтан 

қоғамдық  көлікке  отырып,  бір  сағаттан  аса 

уақытымыз жолға кеткен біз де басшылардың 

құлағына алтын сырға дестік. 

  Қазақта  «дайын  асқа  тік  қасық»  деген 

сөз бар. Шынында, мемлекет қаржысына бой 

көтерген  зәулім  ғимараттың  қуықтай  жерін 

жалға алып, ойларына келген бағаны қойып, 

айды аспаннан шығаратын кәсіпкерлер осы-

лайша спортпен шұғылдануды енді бастаған 

ағайынның алқымынан алады. Кей басшылар 

мұны  ұсақ-түйекке  балап,  мән  бермеуі  де 

мүмкін. 

Алайда, өз жұмысына аса жауапкершілікпен 

қарау,  халыққа  қалтқысыз  қызмет  ету  –әр 

азаматтың арына сын...

Сөз соңында, халықтың қаншалықты спорт-

пен айналысатынын зерделеу мақсатында қала 

тұрғындарына «Сіз спортпен шұғылданасыз 

ба?» деген сауал да тастаған едік...



Сергей КОЗЫРЕВ, 

банк қызметкері:

-  Мен  көп  жыл-

дан  бері  жүгірумен 

айналысамын. 

Бұл  бір  шетінен 

денс аулыққа  ас а 

пайдалы, екіншіден, 

өзіңді  үнемі  фор-

м а д а   ұ с т а й с ы ң . 

Б і р а қ   қ а л а д а ғ ы 

фитнес-клубтар 

мен  спорт  залдары 

халықтың қалтасына 

айтарлықтай салмақ 

салады.  Мәселен,    «Тараз-Арена»  спорт 

сарайына тұрмысы төмен отбасылар бара ал-

майды. Оның үстіне, жалпы халыққа арналған 

спорттық алаңшалар да көп емес. Өзім темір 

жол  бекеті  маңында  тұрамын.  Ол  жақта 

жұрт спортпен айналысатын бір ғана «Ұлан» 

стандионы  бар.  Бұрын  көпқабатты  тұрғын 

үйлердің алдында арнайы алаңшалар бола-

тын. Ал қазір мұнда түрлі автотұрақтар мен 

офистер қаптап кеткен.  Егер билік халықты 

жаппай спортқа тартуды ойласа, қолжетімді 

жағдай жасауы тиіс.  



 Азамат ТУЛЕТБЕКОВ, 

жобалушы маман:

-  Бала  күнімізде 

қаладағы  жалғыз 

« Д е л ь ф и н »   хау -

ызына  бару  бақыт 

болатын.    Қазір 

шаһарда  бассейн-

дер  көп.  Халықтың 

т аңдау  еркіндігі 

де  бар.  Мысалы, 

шаһарымыздың ажа-

рын  кіргізіп  тұрған 

«Тараз - Арена» спорт 

сарайы  көпшілікке 

ұнайды.  Бірақ  ол  қаланың  шетінде  орын 

тепкендіктен,  қоғамдық  көлікпен  қатынау 

мәселесі  қиын  болып  тұр.  Өзім  қаланың 

шеткі  жағында  тұрамын.  Спорт  кешеніне 

жету үшін екі автобусқа отырғанның өзінде 

бақандай  1,5    сағат  уақытым  кетеді  екен. 

Ал хауызға аптасына үш рет баратын кісіге 

тіпті  тиімсіз.  Біріншіден,  көп  уақытың 

жолға  кетеді.  Екіншіден,  хауызға  төлейтін 

ақшаң, асхана мен жолақыңа кететін тиын-

тебенің  қалтаңа  салмақ  түсіреді.  Міне, 

осы мәселелер өз шешімін тапса, спортпен 

шұғылданушылардың қатары арта түсер еді.  

Әлия ЖАНАЛИЕВА, 

офис-менеджер:

- Спорттың жүзу 

түрімен  ұдайы  ай-

н а л ы с п а с а м   д а , 

жағдайыма  қарай 

барып  тұратынмын. 

Қаладағы 

бассейндердің 

барлығын  хлормен 

залалсыздандырады. 

Одан  менің  терім 

бөртіп,  аллергия 

пайда  болады.  Шы-

нында, бұл хлордың 

әсері күшті. Хауызға кірген бетте, көзің ашып, 

қоңса  иісі  мұрынды  жарады.  Сол  себепті, 

менің достарым өздері де бармайды, балала-

рын да ол жерге апармайды. Азаматтар үшін 

оңтайлы жағдай жасауға болады ғой. Бір га-

зеттен оқығаным бар еді, Құлан ауданында ат 

зауытының суын озонмен және ультракүлгін 

сәулемен  залалсыздандырады  екен.  Қалай 

дегенде де, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатыр-

мыз. Бұл мәселені оңтайлы шешуге болады  

деп ойлаймын. 


10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша   2015 Жыл  //

КЕлбЕт



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет