2015 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,58 Mb.
#5565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Барлығы

   0,1042

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна жер учаскесінің   5 % құрайды. 

Аукционның өткізу тәртібі: Сауда-саттықтың ағылшындық әдісінде аукционшы нысанның 

бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылар нөмірді көтеру арқылы бастапқы 

бағасын  жоғарылатады.  Бірақ  ,  ол  жарияланған  бағадан  кем  болмауы  керек.  Аукционшы 

нысанды сауда-саттыққа салуға қатысушылардың нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны 

жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға  ұсынылғанға дейін жүргізіледі. 

Жекешелендірілетін нысанның саудасына кемі екі қатысушысы бастапқы бағаны көтерген жағдайда 

ғана  нысан  бойынша сауда-саттық өтті деп саналады.

           Жер учаскелерінің сату тәртібі: Нысанаға байланысты пайдалану, игеру шартын 

тұжырымдау, объектінің жобасын алу үшін сәулеттік жобалау тапсырмасын алу, сервитутты 

белгілеу,уақытылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер учаскесінің құны сауда-

саттықтың шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күннен кешікпей 50% көлемінде аванс 

ретінде төленеді, қалған соммасы 30 күнтізбелік күннен кешікпей сауда- саттықтың шартына 

қол қойылған күннен бастап төлеуі тиіс. Кепілдік жарнаны «Тараз қаласы әкімдігінің жер 

қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төмендегі депозиттік есеп шотына 

аударады:, мекеме КОДы 4631756  ИИК  KZ 510705034631756006, БИН 000540001322 , БИК  

KKMFKZ2A,  КБЕ 12, КНП 172  « Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық 

комитеті» мемлекеттік мекемесі.          

           Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1.Сауда-саттыққа қатысуға өтінім. 2.Сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды 

үкімет» төлем шлюзы арқылы төленген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілген растай-

тын төлем құжаты. 3.Өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат 4.Көшірмелердің дұрыстығын 

растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады. Аукционға қатысушыларды 



тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 

жиырма төрт сағат бұрын аякталады.өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан 

кейін түскен өтінімдер қаралмайды, мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 28, каб. 

202.  Аукциондық билеттерді аукциондық номерлерге ауыстыру  2015  жылдың  қараша  

айының   25  жұлдызында аукцион басталуына дейін бір сағат бұрын мына мекенжайда 

жүргізіледі: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 28.  Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша 

ақпараттарды  мына   43-54-77,   45-41-17   телефон арқылы білуге болады.

алланың нұры жаусын

«Мына фәни дүниеде адам 

баласының арқаламайтын ауы-

ры, көтерер жүгі әрқалай ма?» 

деп  қалдым.  Соңғы  екі  жыл-

дан  бері,  жанымызға  батқан 

кішкентай  қызымның  көңіл-

күйінің нашарлауы, жанымызға 

қатты батты. Аяқ астынан аты 

жаман  ауруға  душар  болып 

қала  жаздады.  Әуелі  Алла, 

одан кейін аузын ашса, көмейі 

көрінетін  атпал  азаматтардың 

қайырымдылығының арқасында, 

қызымның беті бері қарап, адам 

қатарына қосылып қалды. Атап 

айтсақ,  Мұқаш  Ескендіров, 

Мұхтар  Қонысбеков,  Алтай 

Айдын,  Рустам  Ибрагимов, 

Рауан  Рамазанов,  Көсемәлі 

Сәттібайұлы,  Ерлан  Кесікбаев 

сынды иман жүзді, қолы ашық 

азаматтарға Алланың нұры жа-

усын демекпін. 

«Қайғыны  бөліссе  азаяды» 

демекші,  осындай  өзгені  де 

ойлаған, құдайға қараған, бой-

ында адами қасиеттері бар адам-

дар бұл өмірде көп болса, нұр 

үстіне нұр болар еді. 

И ә ,   ұ л ы   А б а й д ы ң 

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым 

деп» деген сөзі тегін айтылмаса 

керек.  Мен  осы  азаматтарға  

дендеріне саулық, отбасылары-

на  амандық,  үйлеріне  береке 

тілеймін.

Төребек Мәмбетәлиев 

Тараз қаласы


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1281), 11 Қараша  2015 Жыл  //

20

 

„

жамбыл облыстық қазақ драма театрында ел 

тарихының желісінде жазылған «алтын адам»  атты 

аңыз ертегінің премьерасы өтті. 

тарихтан сыр. 

тЕатр

ұлы дАлА 

ұрПАқТАры

Нұржан СЕРІКХАНұЛЫ

Бұған  дейін  облыстық  қазақ  дра-

ма  театрында  Қазақ  хандығының  550 

жылдығына  арналып,  ересек  қауымның 

назарына Қалихан Ысқақ пен Шахимарден 

Құсайыновтың  «Қазақтар»  атты  тарихи 

драмасы сахналанған болатын. Қойылым 

көпшіліктің  көңілінен  шығып,  театр  та-

рихын  тағы  да  тереңдеткен    еді.  Бүгінгі 

таңда ата-бабаларымыздың басынан өткен 

тамыры  терең  тарихымызды  өскелең 

ұрпақтың санасына сіңдіру де оңай шаруа 

емес.  Ойнамалы  уақыт,  аумалы-төкпелі 

заманның тұсында еңбектеп жүріп ертеңіне 

ентелеп, есіл-дерті заманауи компьютерлік 

дүниелерге ауған ел баласына шаң басқан 

шежірелер  мен  салмақты  тауарихымыз-

ды  аманат  етудің  де  өзіндік  жолы  мен 

жөнін таба білу қажет. Осы тұста балалар 

ақыны,  соңғы  уақытта  драматургияға 

бет  бұрып  жүрген  Әлібек  Файзуллаұлы 

дана  халқымыздың  «Мәңгілік  ел»  және 

«Ұлы  дала  елі»  болу  идеяларын  нақты 

көріністерімен  насихаттайтын  «Алтын 

адам» атты аңыз ертегісін жаңа реперту-

арда сахналады. Сюжеті аңыздың негізінде 

құралған қойылым балалар аудиториясына 

арнап жазылған шығарма бола тұра, ере-

сек  көрермендердің  де  қызығушылығын 

тудырары  сөзсіз.  Жалпы  қойылымның 

басты мақсаты – ұлт ұрпағын ел қорғаны 

болуға  баулып,  «Мәңгілік  ел»  идеясын 

насихаттау. Осынау ұлы мұратқа жеткізер 

басты  нысаналар  –  мемлекетіміздің 

әрбір  азаматының  жүрек  түкпірінде 

отансүйгіштік  пен  патриоттық  сезімнің 

болуы  және  тарихы  тағдырлы  еліміз 

бен  ұланғайыр  жерімізді  һәм  оның 

бабалардан  қалған  шексіз  байлығын 

көздің  қарашығындай  қорғап,  сақтау 

болатын  болса,  аталған  қойылымда  осы 

идеялардың  барлығы  сюжеттер  арқылы 

көрініс  тапқан.  Ал  енді  шығарманың 

негізгі  мазмұнына  тоқталсақ,  оқиға 

желісі  бойынша  қазақ  даласындағы 

ежелгі шаһарлардың бірінде  жалғыз һәм 

үлкен  құдық  болады.  Қала  тұрғындары 

мен  сол  жерден  өтетін  жолаушылар  сол 

құдықтан  су  ішіп,  шөлін  басып  жүреді. 

Бұл  құдықтың  суы  дала  перзенті  Азат 

есімді балаға да қатты ұнайды. Күндердің 

бір күнінде Азат ( Елжан Жармұхаметов) 

досы  Айбар  (Нұрсұлтан  Маханов) 

екеуі  құдықтың  қасында  бейқам  ойнап 

жүреді.  Құдық  маңындағы  ежелгі  тас 

қамалдардың орнын қарап жүріп, алмас 

қылыш  тауып  алады.  Дәлірек  айтқанда, 

жер қазып ойнап жүрген екі бала не іздесе 

де, алмас қылыш табылатынын күтпеген 

еді. Басында балалықпен абдырап қалған 

екеуі  ақырында  сабасына  түсіп,  құнды 

жәдігердің ежелгі сақ бабалардікі екенін 

түсінеді. Олар құдықтан ішкен сулары мен 

туған жерлерінің кереметтей сұлулығын 

айтып, асқақтап тұрғанда, олардың сөзін 

Жас  құйын  (Серікболсын  Қайыржан) 

естіп  қалады.  Жаратылыс  табиғатынан 

тыныштық  атаулыға  жаны  қарсы,  дала 

кезген  асау  құйындар  Жас  құйынның 

жетегіне еріп қала тұрғындары мен алыс-

жақын  елге  тіршілік  сыйлап  отырған 

киелі  құдықтың  суын  құртпақшы  бола-

ды.  Автор  бұл  жерде  құйындар  арқылы 

ел  тыныштығын  бұзып,  жерімізге  көз 

алартқан  сырт  көздерді  сомдағысы  кел-

ген  екен.  Көрініс  кезінде  құйындар  

көздеген кері пиғылдарын іске асырады. 

Айналаның  астан-кестеңін  шығарып, 

құдықтың  көзіне  құм  құяды.  Дегенмен, 

намысшыл елдің наркескен ұрпағы Азат 

құйындарды  тәубасына  келтіру  үшін, 

оларға  қарсы  аттанады.  Жан-жақтан 

анталаған жау құйындарға шамасы жет-

пеген  сәттерде  «Алтын  адамның»  рухы 

балаға күш беріп, демеу көрсетіп жүреді. 

Қойылым  соңында  Азат  пен  Айбар 

жұрттың  үрейіне айналған  құйындардың 

тас-талқанын  шығарып,  тіршіліктің  

тыныштығын  қайта  қалпына  келтіреді. 

Осылай ойы арам құйындарды оңдырмай 

жеңіп,  ерлік  жасайды.  Ертегі  солай 

аяқталды.  Қала  мектептерінің  4-5  сы-

нып  оқушылары  қойылымды  сүйсіне 

тамашалап,  оқиғаны  нақышына  келтіре 

ойнап  шыққан  театр  әртістеріне  үлкен 

ризашылықтарын  білдірді.  Барлығы 

сахнадағы  ел  тарихымен  сырласып, 

қойылым  аяқтала  салысымен  «Біз  Ұлы 



дала елінің ұрпағымыз!» деп ұран салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет