Keywords: representative power, local representative bodies, local councils of people's deputies, local
government, deputy, executive committee, elector, the electoral district
А.Ж.Жарболова, Д.Ө. Кусаинов
з.ғ.к., əл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жəне
əкімшілік құқығы кафедрасының доценті м.а.
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕСТІК ЗАМАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ
БИЛІКТІҢ МƏРТЕБЕСІНІҢ БЕКІТІЛУІ ЖƏНЕ ДАМУ ӨЗГЕШЕЛІГІ
Резюме. Тиісті мақала Қазақстанда жергілікті өкілді биліктің кеңестік заманда даму өзгешелігін
талдауға арналған. Тиісінше мақалада кеңестік жергілікті өкілді органдар – халық депутаттары жергілікті
советтерінің мəртебесін, ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздерін бекіткен конституциялық заңнама
сараланып, өтпелі кезеңде тиісті органды реформалау мəселесі зерделенді.
Тірек сөздер: өкілді билік, жергілікті өкілді органдар, халық депутаттарының жергілікті советтері,
жергілікті өзін-өзі басқару, депутат, атқарушы комитет, сайлаушы, сайлау округі
Жалпы құқық ғылымында Қазақстанда жергілікті өкілді органдардың қалыптасуы мен даму
тарихын негізінен еліміздің егемендік алып, тəуелсіздігін жариялауынан, яғни 1990 жылдың 25
қазанындағы «Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның қабылдауынан бастап
қарағанымен Біз оны кеңес заманынан, нақтырақ айтсақ 1978 жылғы Конституцияның қабылданы-
луынан бастап қарауды жөн деп есептейміз. Себебі, республикамыздың шынайы егеменді мем-
лекет болып табылатындығын жариялап, оның белгілерін бекіткен «Қаз ССР мемлекеттік егемен-
дігі туралы» Декларация мен «ҚР мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық заң Қазақстан
халқын мемлекет өкімет билігінің негізі болып табылады деп танып, халықтың тиісті билікті
тікелей жəне жанама (өкілді органдар арқылы) жүзеге асыратындығын бекіту арқылы Қазақстанда
жалпы өкілді билік институтын құрудың фундаменті болғанымен [1, 4 тармақ; 6 бап], оның түп
тамыры оған дейін – кеңес заманында жайылған еді. Бұл тұрғыда біз ғалым Л.Т.Жанузакованың
келесідей пікіріне сүйенеміз: «... жергілікті өкілді органдардың кеңестік тұста құрылуының тарихи
тамырларын зерттемейінше жергілікті биліктің маңызын, мəнін, ... мəслихаттарды бүгінгі қалыпта
орнықтыруға алып келген негіздерді түсіну мүмкін болмақ емес. Жергілікті билік органдарының
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
37
жүйесінің қызмет етуінің негіздері біздің елімізде нақ осы тұста – КСРО құрамында болған кезде
қаланды [2, С.21].
Қазақстандық жергілікті өкілді органдар кеңес заманынан бастап бүгінгі күнге дейін біршама
түбегейлі өзгерістерге ұшырап, даму сатысынан өтті. Атап айтсақ, Қазақстанда жергілікті өкілді
биліктің дамуын жинақтап келесідей үш сатыға бөліп қарастыруға болады:
1) Кеңестік Конституцияларға сəйкес жергілікті биліктің жоғарғы органы болып табылған
Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті советтерінің қызмет ету кезеңі;
2) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына сəйкес əрекет еткен жергілікті
өкілді орган - Мəслихат-депутаттар жиналысының қызмет ету кезеңі;
3) 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясының негізінде құрылып бүгінгі
күнге дейін əрекет етіп келе жатқан жергілікті өкілді орган – мəслихаттардың қызмет ету кезеңі.
Ғылымда Қазақстан тарихында бірінші рет өкілді билік органы - халық депутаттарының советі
1938 жылы шақырылды деп есептеледі. Бұл Қазақстанда өкілді органның алғашқы рет құрылып,
қызметіне кірісуінің көрінісі болды.
Қазіргі Қазақстанның жергілікті өкілді органдарының ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің
негіздерінің қалыптасуын атап кеткеніміздей 70 жылдардың аяғынан, яғни Қазақ ССР-інің 1978
жылғы соңғы Конституциясының қабылданылуынан бастап қарастырамыз. Кеңес заманының сол
бір тұсында тиісті органның мəртебесінің бекітілуін анықтау үшін зерттеу жүргізу объектісіне
аталмыш ҚазССР Конституциясы мен соның негізінде 1978-1990 жылдар аралығында қабылданған
бірқатар нормативтік актілерді алдық. Атап айтсақ, олар: Қазақ ССР халық депутаттарының аудан-
дық советі туралы 14.12.1979 жылғы заң, Қазақ ССР халық депутаттарының қалалық, қаладағы
аудандық советі туралы 14.12.1979 жылғы заң, Қазақ ССР халық депутаттарының облыстық советі
туралы 13.11.1980 жылғы заң, 1989 жылғы халық депутаттары жергілікті советтері депутаттары-
ның сайлауы туралы заң, Қазақ ССР-індегі халық депутаттарының статусы туралы 13.11.1990
жылғы заң, 1978 жылғы ҚазССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізген бірқатар
заңдар. 1978 жылғы Конституциядан бастап осы аталған жəне өзге де заңдарды саралап, талдау
негізінде Қазақстанда совет өкіметінің соңғы Конституциясының негізінде құрылып, əрекет еткен
жергілікті өкілді органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне қатысты келесі өзгешеліктерге
тоқталамыз:
біріншіден, атап кеткеніміздей бұл кезеңде əрекет еткен жергілікті өкілді органдар халық депу-
таттарының жергілікті советтері деп аталды жəне олар Қазақстанның барлық дерлік əкімшілік-
аумақтық бірліктерінде құрылды. Ашып айтсақ, жергілікті советтердің құрылып, қызмет етуінің
аумақтық негізі болып облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, поселке, село, ауыл танылды. Бұл өз
кезегінде теориялық тұрғыда бүкіл халықтың (жергілікті деңгейлерді қоса) мемлекеттік құрылыс-
тың, шаруашылық, əлеуметтік-мəдени құрылыстың барлық салаларына қатысуын қамтамасыз
ететін болды.
екіншіден, 1978 жылғы Конституцияны саралау халық депутаттарының жергілікті советтерінің
мəртебесі бойынша жалпы мемлекеттік мүдделерді жəне Совет аумағында тұратын азаматтардың
мүдделерін ескере отырып жергілікті маңызы бар барлық мəселелерді шешетін,... төменгі советтер-
дің қызметіне басшылық жасайтын, республикалық жəне жалпы одақтық мəні бар мəселелерді
талқылауға қатысатын жергілікті жерлердегі толық билікті орган болып табылғандығын көрсетеді
[3, 126 бап]. Демек, өкілді биліктің ұшар шыңы болып табылған Қазақ ССР халық депутаттарының
Жоғарғы Советі бүкіл мемлекет деңгейінде кез-келген мəселені шешуге құзыретті мемлекеттік
биліктің толық билікті органы болса, жергілікті деңгейде тиісті əрекет ету аумағында мұндай орган
- халық депутаттарының жергілікті советтері болды. Бұл туралы Конституцияда облыстарда,
аудандарда, қалаларда, қаладағы аудандарда, поселкелерде, селоларда, ауылдарда мемлекеттік
өкімет органы болып халық депутаттарының тиісті советтері табылатындығы жəне барлық басқа
мемлекеттік органдардың халық депутаттары советтерінің бақылауында болатындығы əрі соларға
есеп беріп отыратындығы реттелді [3, 125 бап, 2 бап 3 т.].
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
38
үшіншіден, ҚазССР Жоғары Советінен бастап халық депутаттарының барлық деңгейдегі
жергілікті Советтері мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесін құрады, тиісінше өкілді
билік органдары арасында вертикалдық, яғни тіксатылық жүйе бекітілді. Оны Қазақ ССР-інің
тиісті 1978 жылғы Конституциясының 131 бабының мазмұнымен танысудан байқаймыз. Онда
жоғары тұрған халық депутаттарының жергілікті советтері төмен тұрған советтердің қызметіне
басшылықты жүзеге асырады деп, төменгі тұрған советтер мен олардың атқарушы комитеттерінің
шешімдері заңға сəйкес келмеген жағдайда бұл шешімдерді бұзуға құқылы деп реттелді. Онымен
шектелмей жоғары тұрған советтердің шешімдерінің төменгілер үшін міндетті болып табылатын-
дығы да бекітілді. Бұл нормалар советтердің жалпы халық өкілдігі сипатына қайшы келді деп
айтуға болады. Себебі, халықпен (тұрғын халықпен) тікелей сайлау арқылы құрылатын халық
өкілдігі институты əдетте сол халықтың (жергілікті тұрғын халықтың) өкілі болып табылады, оның
мүддесін жүзеге асыруға қызмет етеді жəне халықтың алдында есепті болып табылады. Тиісінше
халық өкілдігі органы табиғаты бойынша өзінің қызметін өзге органның, тұлғаның ықпалына түс-
пей, өзгеге бағыныштылық жағдайда болмай халықтың мүддесінде қызмет етуі тиіс. Бір өзгешелігі
Конституцияға сəйкес төменгі советтер жоғарғы тұрған советтерге жəне бірмезетте халыққа да
бағыныштылық (есепті) жағдайда болды. Советтердің тұрғын халық алдында есеп беріп отыратын-
дығы туралы Конституцияда тікелей айтылды. Оған қоса кеңестік заманда халық депутаттарының
жергілікті советтерінің халыққа бағынышты болуының келесі бір элементі – сол тұста тұрғын
халықтың өз өкілдерін (халық депутаттарын) кері шақырып алуы институтының əрекет етуі болды.
Тікелей демократияның бұл институты халық депутаттарының қай-қайсысының болмасын тапсы-
рылған іс үшін сайлаушылар алдындағы жауаптылығын жоғарылатуы тұрғысында қарастырылды.
Негізінен халық депутаттарын кері шақырып алуға негіз болып депутаттың өзінің аманатын
орындамауы, заңнаманы бұзуы, депутат атына лайық емес əрекеттер жасауы табылды. Олай болса,
кеңестік заманда халық депутаттарының жергілікті советтері қос бағыныштылық жағдайында
жұмыс істеді. Біздіңше мұндай халықтық орган тіксатылық (вертикалдық) жүйе бойынша жұмыс
істемеуі керек, себебі, тіксатылық (вертикалдық) жүйе кеңестік замандағыдай төменгі советтердің
жоғары тұрған советтерге бағыныштылық жағдайда болуын көрсетеді, яғни тиісті өкілді органның
халыққа емес жоғары тұрған органға бағыныштылық, есептілік жағдайында жұмыс жасауын
шамалайды. Халық өкілдігі органдарының тіксатылы жүйе бойынша жұмыс істеуі табиғаты
бойынша дұрыс болмағанымен кеңестік советтердің арасында мұндай жүйенің орын алуы негізді
болды деп айтуға болады, басқаша айтқанда ол тұста тікелей жетекшілік ету, бағыныштылық жағ-
дай қажет болды. Себебі, егер советтер арасында тіксатылы вертикалдық жүйе болмағанда, олар-
дың атқарушы комитеттері бір-біріне, төменгісі жоғарғысына бағынбай дербес жағдайда болар еді,
нəтижесінде бірыңғай орталықтандырылған басқару қамтамасыз етілмес еді. Демек, мұндай тікса-
тылық жүйе басқаруды қамтамасыз етті.
төртіншіден, халық депутаттарының жергілікті советтеріне екі сипат тəн болды: олар бір
мезетте өз қызметінде мемлекеттік мүдделерді ескеруге тиісті мемлекеттік билік органы болды
жəне тиісті аумақтың азаматтарының мүдделерінде жергілікті маңызы бар мəселелерді шешетін
жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде танылды;
бесіншіден, жергілікті советтердің қызметі кеңестік конституцияда анықталғандай мəселелерді
коллективті түрде, еркін, іскерлікпен талқылап, шешу, жариялылық, атқарушы жəне жарлықшы
органдардың, советтер құратын басқа да органдардың советтер мен халық алдында ұдайы есеп
беріп отыруы, олардың жұмысына азаматтарды кеңінен қатыстыру негізінде құрылды (83 бап). Бұл
конституциялық норма советтердің өз аумағында құдыретті, толық билікті орган ретіндегі
мəртебесін нақтылай түседі. Халық депутаттарының советтерінің толық билікті болуы оның
құдыретінің деңгейін көрсететін көрсеткіш. Алайда, советтерде шын мəнінде мұндай құдыреттің
болмағаны тарихтан белгілі. Оның құдыреттілігі жалған болды. Халық депутаттарының Жоғары
Советі де, жергілікті советтері де ешқандай да толық билікті жоғарғы орган болған жоқ. Халық
депутаттарының жергілікті советтері шындығында Конституцияның 126 бабында реттелгендей
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
39
барлық жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуге өкілетті болмады. Мұндай жалғандықтың орын
алуының себептеріне келсек:
1-ден, халық депутаттарының Жоғарғы жəне жергілікті советтерінің құзырына жатқызылған
мəселелер олардың өздерімен емес, партиямен шешіліп отырылды. Ол тұста бір партиялық жүйе
орын алып (коммунистік партия), КПСС-тің идеологиясы мемлекеттік идеология ретінде орныққан
еді. Совет одағының коммунистік партиясы советтік қоғамның басшы жəне бағыт беруші күші,
оның саяси жүйесінің ұйтқысы болып табылды. Конституцияда коммунистік партия қоғам дамуы-
ның басты перспективасын, СССР-ң ішкі жəне сыртқы саясатының бағытын белгілейді əрі ол совет
халқының ұлы жасампаздық қызметіне басшылық жасайды ... деп бекітілді [3, 6 бап]. Тиісінше,
мемлекеттің барлық мəселелері коммунистік партиямен шешіліп отырылды. Ал, өкілді органдар
партиялық диктатураны бүркемелеу үшін қажетті, партияның үстемдігінің органы болды. Өкілді
органдар арқылы коммунистік партия өзінің қызметін жүзеге асырды.
2-ден, Конституцияға сəйкес халық депутаттары жергілікті советтерінің атқарушы жəне жар-
лықшы органдары болып советтерге есепті, бағынышты болатын əрі советтермен құрылатын атқа-
рушы комитеттер табылды (133 бап, 134 бап). Байқап отырғанымыздай, тиісті ережеге сəйкес атқа-
рушы комитеттер советтерге бағынулары керек еді. Алайда, іс жүзінде жергілікті советтер мен
олардың органы - атқарушы комитеттер арасында кері қатынас орнады, яғни атқарушы комитеттер
өзін құрған органнан (советтерден) жоғары тұрды, олардың қызметін басқарып отырды;
3-ден, советтердің жұмысы дұрыс ұйымдастырылмады, олар өте қысқа мерзімге шақырылып
кезеңдік түрде жұмыс істеді. М/ы, Жоғарғы Советтің сессиялары жылына екі рет бірнеше күнге
ғана (3-4 күннен) шақырылды. Тиісінше жергілікті советтер де сондай қысқа мерзімді қамтыған
уақыт аралығында жұмыс істеді. Советтердің жұмыс жасауының мұндай нысаны олардың шын
мəнінде заңда бекітілгендей бүкіл мемлекеттің (Жоғарғы Совет), тиісті аумақтың (жергілікті
советтер) барлық мəселелерін шешуге қабілетсіз болғандығын көрсетеді. Себебі, бас-аяғы 10
шақты күннің ішінде 360 күннің - бүкіл бір жылдың əрі барлық мəселесін шешу мүмкін емес. Күні
кешегі тарих бұл органдардың санаулы күнге ғана жиналғанда тек бірнеше дəстүрлі мəселелерді
ғана шешкендігін, атап көрсетсек жоспарлар мен бюджетті, бағдарламаларды қабылдау, бекіту
секілді істермен айналысқанын, ал мемлекеттік мəселелер партиялық органдармен (Жоғарғы
Советтің Президиумымен, жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы комитеттермен) алдын-ала
шешіліп, Советтерге тек дауысқа салу мен қол қоюға ғана енгізіліп отырылғанын куəландырады.
Кеңес заманындағы өкілді органдардың мұндай сипаты депутаттардың мəртебесінде де өз көрінісін
берді. Советтердің қызметінің басты қағидасы болып депутаттық қызметтің өндірістік қызметпен
үйлесімділігі табылды. Демек, Жоғарғы Совет депутаттарын қоса барлық депутаттар өндірістен
қол үзбеген түрде жұмыс істеді.
4-ден, Советтердің құрамында арнайы мамандар болған жоқ. Себебі, кеңестік мемлекетке,
тиісінше оның өкілді органдарына таптық сипат тəн болды. Ашып қарастырсақ, кеңес заманының
алғашқы кезеңінде КСРО – пролетариаттар мен солдаттардың мемлекеті болып танылды, тиісінше
советтер - солардың органы болды. Мұның дəлелі ретінде РСФСР Конституциясының (1918 ж.) 65
бабын мысалға алуға болады. Бұл ережеде советтерге сайлай жəне сайлана алмайтын тұлғалардың
тізімі берілген. 1936 жылғы СССР Конституцияда СССР-дің жұмысшылар мен шаруалардың мем-
лекеті болып табылатындығы реттеліп, СССР-дегі барлық билік қаланың жəне деревняның
еңбекшілері атынан өкілдік ететін еңбекшілер депутаттарының советтеріне тəн болып табылатын-
дығы бекітілді [4, 1 бап, 3 бап]. Ал, 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясында ҚазССР-інің жұ-
мысшылар мен шаруалардың жəне интеллигенцияның, еңбекшілердің еркі мен мүддесін білдіретін
жалпы халықтық мемлекет болып табылатындығы бекітілді. Мемлекеттің таптық сипатына қарай
оның өкілді органдары ретінде халық депутаттарының советтері де таптық орган болды. Демек,
Кеңестер негізінен қарапайым қара жұмысшылардан, тиісті салада кəсіптілігі жоқ адамдардан
тұрды. Ал, мұндай құрамды орган жалпы мемлекеттің, тиісті аумақтың барлық мəселесін шеше
алмасы аян. Құрамы жағынан мамандардан емес, партияның белгілеуі бойынша сайланатын
адамдардан құралған советтердің депутаттарының басқару жөнінде іскерлігі болған жоқ.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
40
5-ден, кеңестік өкілді органдардың құрамы өте көлемді болды. Ашып айтсақ, бір Жоғарғы
Советтің өзі ғана 1978 жылғы Конституцияға сəйкес 510 депутаттан тұрды (98 бап). Жергілікті
советтердің де құрамы шағын болған жоқ. Күні кешегі тарих облыстық советтерде 150-ден 500
депутатқа дейін, аудандық советтерде 75-тен 150-ге дейін, қалалық, республикалық маңызы бар
қалалық, облыстық бағыныштағы қалалық советтерде 75-тен 500-ге дейін, ең төменгі деңгейдегі
ауылдық, селолық, поселкелік советтердің өзінде 25-тен 75-ке дейін депутаттар болғанын
куəландырады. Жергілікті советтер үшін мұндай құрам расында да өте көлемді. 22 қыркүйек 1989
жылғы «Қазақ ССР халық депутаттары жергілікті советтері депутаттарының сайлауы туралы»
ҚазССР заңымен жергілікті совет депутаттарының саны біршама қысқарды. Нақты ашып қарас-
тырсақ, тиісті заң жергілікті совет депутаттарының бір мандатты сайлау округтері бойынша сайла-
натындығын бекіте отырып, облыстық советке сайланатын депутаттар санын сайлау округінің
санына сəйкес 150-ге дейінгі шекте, Алматы қалалық советіне сайланатын депутаттар санын 200-ге
дейінгі шекте, аудандық советтерге - 75-ке дейінгі шекте, ... ауылдық, селолық, поселкелік
советтерге 40-қа дейінгі шекте белгіледі [5, 14 бап]. Байқап отырғанымыздай, тиісті заңмен
жергілікті советтің құрамы ықшамдалғандай болды. Дегенмен, мұндай құрам əлі де жинақы емес,
көлемді болатын. Негізінен алқалы органның жинақы болғаны дұрыс. Бүгінгі өкілді органдар
ықшамды құрамда жұмыс істейді. Кеңестік өкілді органдардың санаулы ғана күнге шақырылып
жұмыс істеуінің бір себебі олардың осындай шамадан тыс үлкен құрамы болды деп айтуға болады.
Кеңестік жергілікті өкілді органдарға қатысты болмаса да реті келгенде айта кетейік, кеңестік
Жоғарғы Совет бүгінгі Парламент секілді тұрақты түрде жұмыс істемеді. Оның бір негізі – құра-
мының өте көлемді, ебедейсіздігі болды. Жоғарғы Советтің депутаттарының сандық құрамының
ебедейсіздігіне байланысты тұрақты түрде жұмыс істемеуінің себептерін ашып көрсетер болсақ,
біріншіден, ондай көлемді құрамды (510 депутатты) сайлау мемлекеттің бюджетіне салмақ салды;
екіншіден, олардың тұрақты түрде жұмыс жасауы үшін негіздер жасау мүмкін емес (тұрғын үймен,
кепілдіктермен қамтамасыз ету); үшіншіден, мемлекеттің барлық мəселелері партиямен қаралып,
шешіліп отырылған тұста Жоғарғы Советтің тұрақты жұмыс істеуіне деген қажеттілік болған жоқ.
1980 жылдардың аяғына қарай КСРО шегінде көптеген демократиялық жаңғыртулар орын
алып, маңызды реформалар жүргізіліп жатты, оның ішінде жергілікті өкілді биліктің ұйымдасты-
рылуы мен қызмет етуін өзгерткен реформалар да болды. 1986 жылдан 1991 жыл аралығындағы
кезеңде халық депутаттарының жергілікті советтерінің конституциялық мəртебесіне өзгерістер
енгізген бірқатар заңдар қабылданды, оның ішінде бірқатары 1978 жылғы Конституцияға өзгер-
тулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар еді. Бұл заңдармен жергілікті өкілді биліктің ұйым-
дастырылуы мен қызметіне қатысты енгізілген өзгерту, түзетулерді, жаңалықтарды жинақтап
негізгілерін қарастырсақ, олардың негізгісі жергілікті советтердің ұйымдастырылу, құрылу мəселе-
леріне қатысты болды. 1978 ж. Конституцияға енгізілген 22 қыркүйек 1989 жылғы өзгерістерге
сəйкес халық депутаттарының жергілікті советтері бұрыңғыдай партиялық нұсқау бойынша емес,
демократиялық негізде – баламалы сайлау құқығы негізінде құрылатын болды. Тиісінше кандидат-
тарды ұсыну жолдары кеңейді. Ашып айтсақ, кандидаттарды ұсыну құқығы еңбек ұжымдарына,
жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқушыларының коллективтеріне,
қоғамдық ұйымдарға, əскери қызметшілер жиналысына, ең бастысы сайлаушылар жиналыстарына
берілді жəне тиісті заңмен кандидаттардың санына шек қойылмайтындығы реттелді [6, 89 бап].
Алғаш рет баламалы сайлау қағидасы негізінде жергілікті советтерге сайлау 1990 жылы өткізілді.
22 қыркүйек 1989 жылғы аталмыш заң халық депутаттарының жергілікті советтерінің мəрте-
бесін де өзгертті, нақты айтсақ олар өкілетті (өкілді) орган мəртебесін иеленді.1989 жылғы тиісті
конституциялық реформаға дейін жергілікті советтер мемлекеттік өкімет органдарының біртұтас
жүйесін құраса, өзгертулерге орай олар мемлекеттік өкіметтің өкілетті (өкілді) органдары жүйесін
құрайтын болды.
Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 22 қыркүйек 1989
жылғы тиісті заңмен кеңестік жергілікті өкілді органның ұйымдастырылуының реттелуіне қатысты
енгізілген келесі бір жаңалық – депутаттар сайлауының бір мандатты сайлау округі бойынша
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 6. 2016
41
өткізілетіндігі жəне депуттарды тікелей емес сайлау жолының енгізілгендігі болды. Депутаттарды
тікелей емес сайлау жолының енгізілгендігі туралы айтар болсақ ендігі жерде депутаттардың 1/4
бөлігі қоғамдық ұйымдардан, атап айтсақ – Қазақстанның Коммунистік партиясынан, кəсіптік
одақтардан, кооперативтік ұйымдардан, Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағынан,
ҚазССР-інің əйелдер, соғыс жəне еңбек ардагерлері, ғылыми қызметкерлер бірлестіктерінен, твор-
чествалық одақтарынан, Юристер одағынан, шетелдік байланыс саласындағы қоғамдық ұйым-
дардан, заңда белгіленген тəртіппен құрылған жəне республикалық оргадары бар басқа да ұйым-
дардан олардың съездерінде, конференцияларында не олардың республикалық органдарының пле-
нумдарында сайланатын болды. Бұл аталғандарға қоса, барлық деңгейдегі өкілді органдардың өкі-
леттік мерзімдері теңестірілді, яғни 5 жыл болып орнықты [6, 84 бап, 79 бап 1 б.]. Оған дейін Жо-
ғарғы Советтің өкілеттік мерзімі – 5 жыл, жергілікті советтердің өкілеттік мерзімі – 2,5 жыл
болатын.
Келесі бір маңызды өзгерістер тобы жергілікті советтердің қызметінің ұйымдастырылуына
қатысты болды. Қысқаша айтсақ, барлық деңгейдегі жергілікті советтер үшін 1 жыл ішінде
өткізілетін сессия шақырымы жинақталып, ортақ жүйеге келтірілді; жергілікті советтердің төраға-
лары лауазымы енгізілді; облыстық, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық советтердің прези-
диумдары құрылды; т.с.с. 1978 жылғы Конституцияны өзгерткен 03.12.1986 жылғы заң барлық
деңгейдегі жергілікті советтер үшін 1 жылда өткізілетін сессия шақырымын ортақ жүйеге келтірді.
Нақты айтсақ, жалпы барлық жергілікті советтердің сессиялары 1 жылда кемінде төрт рет шақыры-
латын болды [7]. Оған дейін облыс, аудан, қала, қаладағы аудан деңгейіндегі советтердің сессия-
лары жылына кемінде төрт рет, ал қалған деңгейдегі советтердің (поселкелік, селолық, ауылдық
советтердің) сессиялары жылына кемінде 6 рет шақырылатын болған. Əрі жергілікті советтердің
сессияларын шақыру олардың атқару комитеттерінің өкілеттігі болатын. Төрт жылдан аса уақыт
өте қабылданған ҚазССР Конституциясына өзгертулер енгізген кезекті 15.02.1991 жылғы заңмен
бұл құқық атқару комитеттерінен алынып халық депутаттары жергілікті советінің төрағасына
берілді [8, 3 тармақ].
1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізген 1989-1991
жылдар аралығындағы заңдардың жаңалығының бірі – қызметі депутаттық мандатты атқарумен
сиыспайтын лауазымды адамдар шегі анықталды. Олардың жалпы саны шамамен 10 болды. Атап
айтсақ, олар: Премьер-министрді қоспағанда Министрлер Кабинетінің құрамына кіретін адамдар,
советтердің атқару комитеттерінің құрамына кіретін адамдар (төрағаларын қоспағанда), ведомство-
лардың басшылары, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар басшыларының
орынбасарлары, жергілікті советтердің атқару комитеттері бөлімдерінің, басқармаларының, басқа
да бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары, судьялар мен мемлекеттік арбитрлер.
Мұнда атап көрсете кететін бір өзгешелік, бұл аталған тұлғалар барлық деңгейдегі советтерге емес,
тек өздерін тағайындайтын, сайлайтын немесе өздері есеп беретін Советтің ғана депутат бола ал-
майтын болды [9, 5 т.]. Демек, аталған лауазым иелері өзге советтерге депутат болу мүмкіндігінен
айырылған жоқ.
Кеңестік жергілікті өкілді органдарды реформалауда негізгі орынды «Қазақ ССР-ң мемлекеттік
егемендігі туралы» Декларация алады. Тиісті тарихи актіде «Декларация Одақтық шарт жасау,
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың
статусын жүзеге асыратын заң актілерін əзірлеу үшін негіз болып табылады» деп жазылды. Ра-
сында да Декларация жалпы мемлекеттік билікті қоса жергілікті өкілді биліктің де мəртебесін
бекітетін заңдардың қабылданып, сол заңдардың негізінде өкілді биліктің дамуы үшін негіз болды.
Белгілі ғалым Жанузакова Л.Т. тиісті Декларацияның қазақстандық жергілікті өкілді биліктің
қалыптасуындағы рөлін келесідей пікірімен негіздейді: «Қазіргі Қазақстанның өкілді билік орган-
дарының дамуының алғашқы кезеңі болып саналатын жергілікті советтер жүйесін реформалау нақ
осы кезеңнен басталады» [2, с. 26].
Жергілікті өкілді органдардың қызмет етуі жалпы өкілді биліктің қызметімен байланысты.
Себебі, жергілікті өкілді органдар республиканың өкілді билігінің бір буыны болып табылады.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
42
Оны тұтастай өкілді биліктен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан жергілікті өкілді органдар-
дың мəртебесінің күні бүгінге дейін қалыптасып, дамуының өзгешелігі жалпы республикалық
өкілді биліктің тарихи даму өзгешелігімен байланысты. Қай кезеңнің болмасын өкілді билігінің
тарихи тұрғыда түрлі өзгерістерге ұшырауы тиісінше жергілікті деңгейдегі өкілді органдардың да
мəртебесінің өзгерістерге ұшырап, реформаланып отыруына өз əсерін тигізбей қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: |