Жанровые особенности произведений Ж. Абдираш
Казахский государственный
женский педагогический университет, г. Алматы.
Поступило в редакцию 19.02.16.
K. T. Zhanuzakova, D. Omarova
Genre features of works by Zh. Abdirash
Kazakh State Women’s Teacher Training University, Almaty.
Received on 19.02.16.
В статье выявляются жанровые, стилевые особенности
произведений Ж. Абдираш. Рассматриваются тематическо-идейная,
жанрово-художественная, языковая, стилевая природа лирических
стихотворений Ж. Абдираша, а также анализируются жанровые
осбенности его эпиграмм.
The article identifies the genre, stylistic features of works by
Zh. Abdirash. In the article there are considered thematic ideological,
artistic genre, language, style of lyrical poems of Zh. Abdirash, as well as
genre points of his epigrams.
ӘОЖ 82.0:821.512.122
Ж. Ж. Жарылғапов
ф.ғ.д., профессор, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қарағанды қ.
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ «МИФОЛОГИЯЛАНУ»
ҮДЕРІСІ
Бұл мақалада қазақ прозасындағы мифологиялық мәтіндер
мен мифтік образдардың жаңаша қолданысы қарастырылады.
Жазушылар шығармаларындағы мифопоэтикалық форманың даму
үдерісі талданады. Ұлттық әдебиеттегі неомифологизм ағымының
негізгі ерекшеліктері көрсетіледі. Әлемдік модернистік әдебиеттегі
классикалық үлгілермен типологиялық сәйкестіктері талданады.
Кілтті сөздер: қазақ прозасы, мифопоэтика, мифологизм,
неомифологизм
1970-80 жылдардағы қазақ прозасында модернистік эстетиканың әбден
орнығуы неомифологизммен тығыз байланысты. Қазақ әдебиетінде ескі
аңыздары қайта жандандыра отырып көркем игеру, мифтік сюжеттерді
көркем сюжетке айналдыру тарихы ХІХ ғасырдың басталады. ХХ ғасырдың
алғашқы ширегінде аңыздарды көркем құралдар арқылы игеру дәстүрін
қалыптастырған М. Жұмабаев, С. Сейфуллин шығармашылықтарында
поэмалық сюжет жасаудың үлгілері түрінде көрінді. Ұлттық прозада бұл
орайдағы Ғ. Мүсіреповтің сәтті бастамалары («Ер Қаптағай», «Жеңілген
Есрафил» тәрізді әңгімелері) мифологиялық ойлаудың, мифологиялық
мәтіндерге, кейіпкерлерге иек артудың мысалдары ретінде көзге түседі.
Біз қарастырып отырған кезеңдегі проза ертедегі және классикалық
аңыздарды көркем шығарма құрылымына батыл енгізе отырып, оларды
трансформациялау, стилизациялау арқылы жаңаша мән үстеуге деген
ізденістерімен айрықшаланды. Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, О. Бөкей,
Т. Нұрмағамбетов, С. Жүнісов, Д. Досжанов, Р. Сейсенбаев, Ә. Тарази т.б.
жазушылардың шығармашылығындағы мифопоэтикалық форманың өріс
алуы әдебиеттанушылардың назарын соңғы кездерде ерекше баурап келе
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
100
101
жатқаны рас. Қазақ прозасында айқындала көрінген бұл құбылысты архетип
категориясы тұрғысынан талдаған А. Исмақова: «Миф поэтикасы қазіргі
әлемді ауқымды уақыттық мүмкіндіктер арқылы бейнелеулермен байытып,
қолданыстағы мәдени метафоралар мен ассоциациялар қорын кеңейтеді.
Өз мағыналарын бұрын да танытып үлгерген поэтикалық формулалардың
(архетиптердің) «қайта тірілуі» байқалады», – деген пікірді алдыға тартса
[1, 381-382 бб.], мифологизмнің нақты бір жазушы (О. Бөкей) поэтикасы
арқылы зерделеген Ж. Аймұхамбетова «Қазіргі қазақ ақын-жазушылары
авторлық позициясын танытуда, шығарманың идеясын ашып, көркемдік
айшықтарын бедерлей түсуде мифтік сюжеттерді, мифологиялық
түсініктерді, оның ішінде мифтік құбылушылықты мақсатты түрде
пайдаланып, шығармашылықпен дамыта қолданғанын байқауға болады», –
деген тұжырымын ұсынады [2, 54 б.]. Кейінгі зерттеулерде мифопоэтиканың
«реминесценциялар, мотивтер, сюжеттер, тәмсіл сөздер (притчи),
аллегориялар, дәйек сөздер, аллюзиялар» формаларындағы нақты
көріністерін саралау қолға алына бастады [3, 32 б.].
Қазақ прозасының бұған дейінгі даму сатысында мифтік желілерді,
аңыздық сюжеттерді қоғамдық-әлеуметтік ойдың тірегі түрінде, экспрессивтік
әр үшін, таза реалистік мақсатта қолданылып келгендігін таныған болар едік.
Мәселен, көпшілік ғалымдар модернистік поэтиканың ілкі көрінісі сипатында
талдап жүрген «Қорғансыздың күніндегі» Күшікбай аңызы кейіпкер
ахуалына бастайтын жол, сюжет дамытылуына тығыз байланыстырылған,
фабула шеңберінен тысқары шықпайтын шығарма құрылымының тірек-
компоненті қызметін атқарады. Бұл аңызды қолдануда модернистік мүддеден
гөрі реалистік ұмтылыстар басым. Сондай-ақ С. Мұқановтың «Ботакөз»
романының финалында көзге түсетін мифологизм элементтері де жазушының
саяси идеалдарына негізделіп, реалдық ситуациялардың қосымша күшейткіші
мәнін иеленген. «Сұлушаш» романындағы мифологемалар көбінесе
романтикалық пейзаж қалыптастыру үшін алынады. Осындайлық сипат
М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов сынды қабырғалы жазушыларға
да тән еді. Бүгінгі өмірдің шындығы мен өткен тарихты сабақтастыруда
мифологиялық құрылымдар ХХ ғасыр ортасынан бастап қаулай дамыған
тарихи прозада өрісін кеңейтті. Оның жарқын мысалы – І. Есенберлиннің
«Көшпенділер» трилогиясындағы Абылай хан, Кенесары образында түс
жору мотивтеріне көрінетін мифологиялық ойлау дәстүрі. Кейін мифтік
ойлауға негізделген архетиптік сана Ә. Кекілбаевтің «Үркер», «Елең-алаң»
романдарының поэтикасында да маңыз алды.
Фольклорлық мұралардан нәр алып, қазақ әдебиетінің классиктері
қалыптастыра алған мифологиялық ойлау жүйесі із-түзсіз жоғалып кеткен
жоқ. Ол дәстүр 1970-80 жылдар прозасында жаңа мән иеленіп, реалистік
принциптер аясынан табыла бермейтін сипат алды. Енді аңыздық желілер,
мифологиялық кестелер тарихи-реалды уақытқа негізделген түрде ғана
емес, шығарма логикасынан шет тұра да беретін автономдық мағынасын
күшейте бастады. Сонымен қатар мифологияланған образдар архаикалық
сананың қайта жаңғыруы ғана емес, түрленуі кейпінде көрініс тапты.
Мифологизмді енді қазақ жазушылары болмыс жұмбақтары мен өмірдің
мәнісі туралы философиялық ой айтудың тәсілі тұрғысынан өрістетті. Бір
сөзбен айтқанда, неомифологизм құбылысы аталмыш кезеңнің модернистік
сипатын толықтыра түскен тәуелсіз әдеби ағымдардың біріне айналды.
Әлемдік әдебиетте мифтің, мифтік сарынның басқа сюжеттік-образдық
формаларына, оның ішінде әдебиетке мифологияланған жарқын образдар
бере алғандығын, ол желінің Эсхилдің «Орестеясынан» Булгаковтың «Мастер
и Маргаритасына» дейін тартылып, әлі үзілмегендігін айтатын Н. Будур мен
И. Панкеевтердің: «Миф, өзіндік құндылық ретінде, толық қалыптасқан
жүйе ретінде өмір сүруін жалғастырып қана қоймай, толыса түсу және басқа
құрылымдарды байыта түсу арқылы өмір сүру кеңістігін ұлғайтып келе
жатыр», – дегеніне келісеміз [4, 26 б.]. Ал неомифологизмді таза модернистік
әдебиеттің еншісіндегі құбылыс екенін айтатын Е. Мелетинский, З. Минц,
Ю. Лотман тұжырымдары дау туғызбайды [5, 62-63 бб.]. Мифологияға жаңаша
интеллектуалдық қатыныс тұрғысынан үңіліп, мифтік қолданыстарға жаңаша
эстетикалық қуат дарыту айнала келгенде мифологизмді дүниетанымның
өзегіне айналдырудан туындайды. Қазақ прозасының аса айқын түрде
көрінген «мифологиялану» үдерісі туынды құрылымы мен бейнелеу, баяндау
сипаттарына ірі өзгерістер ала келгенін өзіміздің ғалымдар да айта бастады
[6, 22-26 бб.] Зерттеуші А. Жақсылықов Р. Сейсенбаевтің шығармашылығын
талдай отырып айтқан: «Шайтанның тағы» романындағы мифтің, аңыздың
рухани энергиясын пайдалану арқылы адамды психологиялық ракурсте
терең ашу – соңғы он жылдағы әдеби техника мен поэтиканың белгілі
стильдік тенденцияларынан хабар береді», – деген ойы да осы өзгерістердің
жекеліктен гөрі жалпылық сипат алғандығын танудан туындағаны анық
[7, 3 б.]. Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Күй», «Ханша-дария хикаясы»,
О. Бөкейдің «Айпара-ана», «Жасын», «Құм мінезі», «Сайтан көпір», «Қар
қызы», «Жетім бота», Р. Сейсенбаевтың «Шайтанның тағы», «Өлілер
құмды кезіп жүр», С. Санбаевтың «Ақ аруана», Т. Әбдіковтің «Тозақ оттары
жымыңдайды», М. Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз», «Ғажайып бала» т.б.
туындыларында мифологиялық жүйелер мен аңыздық құрылымдар арқылы
адамзаттың мәңгілік рухани құндылықтары турасында философиялық
жинақтаулар жасалып отырды.
Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесі мен «Аңыздың ақыры» романындағы
асқан дәулет пен мансапқа қол жеткізген, айналасын қаһарлы зәрімен
билеп-төстеген тиран-кейіпкерлердің шексіз трагедиясы өткен ғұмырдың
баянсыздығы мен тіршілік тұрлаусыздығын саналаудан туады. «Бірін-бірі
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
102
103
жалмап жатқан бір дүние. Үлкені кішісін жоқ қылады; күштісі әлсізін жоқ
қылады. Ертең ол үлкенге одан да үлкен, ол күштіге одан да күшті жолығады.
Сөйтіп, шеті жоқ, шегі жоқ бірінің басын бірі алып жатқан аласапыран
тірлік. Сонда мынау мігірсіз қимыл-қыбырдың, итжығыс алыс-жұлыстың
мәні не?» деген сипаттағы тұйық ситуация – Жөнейіттің психологиялық-
мінездік бітімін бүткіл қалтарыстарымен ашылуының кепілі [8, 254 б.].
Қаһарманның жан-дүние қозғалыстарының психологиялық дәйектемесі
шебер үйлесіп жатқанымен, Жөнейіттің қарама-қайшылықты тұлғасына
«логикалық дәлелдеме жетіспей жатқандай әсер етеніні» де рас [9, 203 б.].
Алайда модернистік әдебиетте өмір шындығын бейнелеу дәлдігі, уақыт пен
кеңістік теңдігі негізгі шарт емес-ті. Жазушы сюжет, образ логикасынан тыс
монологтық формалар арқылы өзінің эстетикалық концепциясын айғақтай
алады. Осындайлық көркемдік модель «Аңыздың ақыры» романында да
іске асады. Романда сюжет доминанты мүлде сезілмейді. Нақты шындықтан
қол үзуге дейін баратын сана ағымы көрінісі туындының жүлге-жұлынын
ұстап тұратын басты тәсілге айналады. Бұл шығармалардағы сана ағымы
эгоцентристік тұлғаның психикалық үдерістері түрінде беріледі. (М.
Мағауиннің «Көк мұнар», Д. Исабековтың «Қарғын» романдарында да
осындай тәсіл жүзеге асады). Ой толқындары көркем бейненің өткендегіні
таразылау, яғни жадыда қатталып қалған мәліметтерді ояту, сол арқылы
жаңа ақиқаттарға (ол абсурдты болса да) көз жеткізу күйінде бейнеленеді.
Бұл жердегі «сана ағымы» «өзіндік сана ағымына» айналады. Жер-
жаһанның жартысын тітіренткен Алмас ханның өткен күн мен бүгінгі
халді салыстырудан тапқан жаңалығы – «аспан мен жердің арасындағы
баянсыздықтан басқаның» болмауы. «Мынау көл-дария аспанның астында
кімнің болмасын мәңгі серігі құлазыған жалғыздық екенін де енді ғана ұққан
сияқты» [8, 44 б.].
Қазақ прозасындағы неомифологизм үрдісінде айрықша бөліп айтуға
тұратын тәсілдердің бірі – мифтік құбылушылық. Адамзаттың балаң санасы
тудырған архаикалық мифтердегі адамның басқа заттардың кейпіне ене алуы
турасындағы сенімдері кейінгі жылдар прозасында жаңа стилизацияға түсті.
Адам мен табиғат, адам мен жануарларды тұтастандыра қарайтын сарынның
жаңа уақыт өңдеуіне, интеллектуалдық сүзгіге түсуі қазақ әдебиетінде
анималистік прозаның өрістеуіне де мұрындық болды. О. Бөкейдің
«Бурасы», «Кербұғысы», М. Мағауиннің «Тазының өлімі», «Жүйрігі»,
Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторысы», С. Санбаевтың «Ақ аруанасындағы»
хайуанаттарға адами сипаттар берудің өткір философиялық-эстетикалық
астарлары болды. Мифологизмнен тамыр тартатын анималистік образдар
адамның болмыспен қарым-қатынасын тереңдей зерделеудің ұтырлы тәсіліне
айналды (Бұл жерде дидактикалық сипаты бар, балалар санасына лайықталып
жазылатын анималистік шығармалар мен анималистік-философиялық
туындыларды шатастыруға да болмайды). Өмір құбылыстарының мәнісіне
тереңдеу арқасында туған анималистік проза баяндау үдерісіне «төртінші
жақты» әкелді. Авторға айналадағы ақиқатқа бірнеше позициялардан үңілу
мүмкіндігі туды. «Анималистік персонаждың көркемдік қызметінің бірі адам
өмірі мен оның мәңгілік құндылықтарға деген қатынасының табиғилығын
хайуанаттың «бұзылмаған, таза» көзқарасы арқылы тексеріп көру қабілетіне
байланысты», – дейді осы мәселемен айналысып жүрген зерттеуші Г. Алтаева
[10, 13 б.].
Әлемдік модернистік әдебиеттегі мифтік құбылушылықтың классикалық
үлгісін көрсеткен жазушылардың бірі – Ф. Кафка. Әсіресе оның
«Басқаға айналу» («Превращение». Ғалымдарымыз бұл шығарма атауын
«Құбылушылық» деп аударып жүр. Алайда бұл шығарма логикасына тым
үйлеспейтін сәтсіздеу аударма деп білеміз. «Құбылу» ұғымына бір ахуалдан
басқа ахуалға ауысып тұрудағы циклдық тән). Ш. Айтматов та «Боранды
бекеті» мен «Ақ кемесіндегі» мифтік құбылушылықты өзінің философиялық
концепциясына сай дамытты. Ал қазақ прозасындағы бұл тәсілдің ең үздік
көрінісі О. Бөкейдің «Атау-кересі» болды. Ж. Аймұхамбетова «Оралхан
Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» зерттеуінде мұндайлық ұқсас
тәсілдерді және қазақ жазушысының өзіндік ізденістерін нақты түрде
айқындап көрсетті деп ойлаймыз [2]. Қазақ халқының байырғы мифтік
сюжеттерінде адамды басқаға айналдыру жаза түрінде қолданылғаны белгілі.
Оралхан танымында да архаикалық мазмұн іздері жоқ емес. Ерікті сонаға
айналдыру – оны шексіз жалғыздыққа тастау. Модернистік әдебиеттегі
трагедиялық санаға бастайтын жай – адамның абсолютті жалғыздығы.
Кафка шығармасында Грегор Замзаның жәндікке айналуы детальды тұрғыда
суреттеледі. Новелладағы Замзаның бұл халіне қатты қайғырған қалпын
көрмейміз. Қырқаяқ жәндігіне тән тықырмен бөлме кезіп жүрген Замза
оқырманға тітіркеніс сезім тудырады. Алайда жазушы сентменталистік
сарыннан мүлде алшақ. Бұл метаморфозаны ғалымдар әр түрлі түсіндіреді.
Соның ішінде көңілге қонымдысы Д. Затонскийдің пікірі деп білеміз.
Ғалым: «Грегор Замзаны қырқаяққа айналдыру арқылы жазушы адамның
әлемдегі нақты алатын орны оның трагедиялы әрі жеңіп шыға алмайтын
жалғыздығымен белгіленетінін көрсетуге ұмтылатындай. Индивид белгілі
бір ортада, қоғамда өмір сүреді... Бірақ мұның бәрі – алдамшы, ақылға
сыймайтын иллюзия. Шындығында адам нағыз шөлде, дәлірек айтқанда
ваккумда, жылтыр колбаның ішінде өмір сүреді, сондықтан да ол өзінің
қорқынышты түрмесінің қабырғаларын көрмейді, – дей отырып, пікірін
былай түйіндейді: Кафка үшін жалғыз жол нақты шындықты «қиратып бұзу»
болды, сонымен бірге оның шегінен шықпауға тиіс. Ол дәл солай жасады:
Замзаны әлеммен байланыстырып тұрған барлық жіпті үзді (қаһарманды
жәндікке айналдырды), бірақ оны өз отбасынды қалдырды» [11, 88-89 бб.].
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
104
105
Реалды шындық шекарасын аттап өтпей-ақ, сол шындықты «бөлшектеу» –
«Атау-кере» финалына да тән жағдай.
Сонымен, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары социалистік реализм
принциптерінің дағдарысқа ұшырауы рухани құндылықтарды қайта
салмақтауға деген сұраныстар туғызды. Түбегейлі өзгерістерге деген
қажеттілік қазақ әдебиетінде бөлекше эстетикалық ахуал қалыптастырды.
Оны «постсоциалистік реализм эстетикасы» деп шартты түрде атап отырмыз.
Өйткені бұрын қоғамдық идеал, әлеуметтік-саяси фон, кеңес адамына
тән болуға тиісті делінетін мінездер мен әрекеттерді суреттеу сынды
тенденциялар жетекшілік етсе, енді жеке адамды рухани феномен деңгейінен
қарап, оның болмыспен қарым-қатынасы хақында жаңа концепциялар
жасалды. Бейнелеудің, жаңа көркемдік танымның өзгеше жүйесін әкелген
модернизм адам тұлғасын жаңаша тану ұмтылыстары нәтижесінде орнықты.
Мұны қазақ прозасының идеялық тұрғысынан, образдар табиғатынан, баяндау
үдерісінен, тілдік-бейнелілік бітімдерінен қиындықсыз аңғаруға болатын еді.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Исмакова, А. С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр,
стиль (начало ХХ века и современность). – Алматы : Ғылым, 1998. – 394 с.
2 Аймұхамбетова, Ж. Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм
мәселесі. Филология ғыл. канд-ы ғылыми дәр. алу үшін дайынд. дисс...
Астана, 1999. – 126 б.
3 Ғалиева, А. Қазіргі қазақ романы құрылымындағы мифопоэтикалық
пішіндер. Филология ғыл. канд-ы ғылыми дәр. алу үшін дайынд.
диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2006. – 26 б.
4 Будур, Н., Панкеев, И. К читателю. // Мифы и легенды народов мира.
– М. : «ОЛМА-ПРЕСС», 2000. – С. 3-26.
5 Лотман, Ю. М, Минц, З. Г, Мелитинский, Е. М. Литература и мифы.
// Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х т. Т.2. – Москва: «Большая
Российская энциклопедия», 1998. – С. 58-65.
6 Бейбытова, К. Неомифологизм современной казахской литературы
// Вестн. Евразийского ун-та. 2002. – № 3-4. – С. 22-26.
7 Жақсылықов, А. Образы, мотивы и идеи с религиозной
содержательностью в казахской литературе. Типология. Эстетика. Генезис.
– Алматы : Қазақ университеті, 1999. – 520 с.
8 Кекілбаев, Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы : Жазушы,
1989. – 400 б.
9 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. – Алматы : ҚАЗақпарат,
2005. – 998 б.
10 Алтаева, Г. Казахская анималистическая повесть 1960-70-х годов
(генезис, образность, повествовательные формы). Автореферат дисс-ии на
соиск. уч. степени канд. филол. Наук. – Алматы, 2004. – 30 с.
11 Затонский, Д. В. Франц Кафка и проблемы модернизма. – М. :
«Высшая школа», 1965. – 115 с.
25.01.16 баспаға түсті.
Ж. Ж. Жарылгапов
Процесс «мифологизации» казахской прозы
Карагандинский государственный университет
имени академика Е. А. Букетова, г. Караганды.
Поступило в редакцию 25.01.16.
Zh. Zharylgapov
The process of mythology in Kazakh prose
Academician E. A. Buketov Karaganda State University, Karaganda.
Received on 25.01.16.
В статье рассматривается использование мифических образов
и мифологических текстов в казахской прозе. Расссмотрен процесс
развития мифологической формы в произведениях писателей. Указаны
основные особенности неомифологического течения в национальной
литературе. Анализированы типологические соответствия с
классическими образцами в мировой модернической литературе.
This article deals with the use of mythological texts and characters in
Kazakh prose. The ways of development of mythological and poetic forms
in writers’ works are also considered in the given article. It also shows
the features of neomythological current in national literature. And here
is given the analysis of typological similarities and classical examples of
world modern literature.
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
106
107
ӘОЖ 821.512.122
Ж. Ж. Жарылғапов
ф.ғ.д., профессор, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қарағанды қ.
РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ
ТИПОЛОГИЯСЫ ХАҚЫНДА
Бұл мақалада көркем сөздің поэзиялық және прозалық түрлерінің
айырмашылықтары қарастырылады. Қазақ прозасының, оның
ішінде романының қалыптасу жолдары көрсетіледі. Прозаның
халықтық үлгілері делінетін жанрларға сипаттама беріледі. Ұлттық
әдебиеттанудағы романның ғылыми типологиясын жасауға, түрлік
ерекшеліктері туралы концепциялар айқындалады. Қазақ романының
пайда болуына басқа әдебиеттерде де кезесетін мынадай нақты
жағдайлар талданады.
Кілтті сөздер: жанрлар эволюциясы, роман, типология, проза,
қазақ әдебиеті
Жанрлар эволюциясы әдеби туындыдағы көркем сөздің орналасу типтері
– поэзия мен прозаның жанрлық түрлерінің әралуан мүмкіндіктері мен тарихи
маңыздары деген мәселеге қарай алып келеді. Барлық елдер әдебиетінің
алғашқы дәуірлеріндегі туындылар өлеңдік формада, өлең жүйесіне
тән ерекшеліктермен жазылды немесе айтылды. Қара сөзбен жазылған
шығармаларды проза деп атау қалыптасса да (философиялық трактаттар,
ғылыми-публицистикалық, ғылыми-ақпарат т.т.), оның бәрі көркем проза деп
қабылданбайтыны анық. Көркем проза көп уақыт бойы фольклор құрамында
(ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер) өмір сүрді. Әлем әдебиетінің тарихында
«Жаңа дәуір» деп аталатын кезеңде ғана проза поэзиямен иықтаса, тең тұрғыда
қолданыла бастады. Ал қазақ әдебиетінде прозаның халықтық үлгілері ХІХ
ғасырдың ортасына дейін жетекшілік жасап келгені ақиқат.
Көркем сөздің поэзиялық және прозалық түрлерінің артықшылықтары
мен қарама-қайшылықтары туралы сөз эстетика тарихында сол ХІХ
ғасырда-ақ басталып кеткен болатын. Мысалы, Гегель, Потебняның алғашқы
еңбектеріне поэзия мен қара сөзді (көркем проза емес) бір-біріне қарсы қоя
отырып зерделеу тән екені белгілі. ХХ ғасырда проза мен поэзияның сыртқы
ерекшеліктерімен қоса ішкі өзгешеліктері де кең талқыға түсті. Әсіресе
өлеңтану саласында маңызды шаралар атқарылды. Өлеңтанушылық ұғымдар
мен терминдер, өлеңнің құрылысы мен метрикасы, ұйқастық өлшемдері
мен әуезділігі – әдебиет теориясында біршама қаузалған мәселелер. Ал
көркемдік таным көкжиегі кеңейіп, әдебиет алдына күрделі адамзаттық
мәселелердің қойылуы, оны тереңдеп, ауқымды түрде бейнелеуге деген
түрлі тәжірибелердің нәтижесінде өрістей бастаған прозалық форманың да
құрылымдық-мазмұндық сипаттарын ғылыми тексеру әлі толастаған жоқ.
М. Бахтин прозалық шығармашылық пен поэзиялық шығармашылықтың
үлкен айырмашылықтарының бірі деп сөздің диалогтік (диалогичность слова)
бағытталуын көрсетеді. «Поэзиялық жанрлардың (сөздің тар мағынасы)
көпшілігінде, біз жоғарыда атап өткендей, сөздің ішкі диалогтігі көркемдік
тұрғыда пайдаланылмайды. Ол поэтикалық сөзде (бұл жерде – өлеңдік сөз.
Ж. Ж.) шартты түрде өшіріледі. Ал романда ішкі диалогтік ең маңызды
жайттардың біріне айналады және өзіндік көркемдік өңдеуге түседі», –
дейтін зерттеушінің тұжырымдауынша, поэзияда басқа біреудің сөзімен
қарым-қатынасу қабілеті жоқ [1, 97 б.]. Ал прозашы осы ерекшелігімен
түрлі жағдайлар мен түрлі сәттерде өз шығармасынан өзін бөлектей алады.
Ол сөзге толығымен берілмей-ақ, оны бейтарап қолдана алады. Прозашы
сөзді жартылай жалғыз немесе бүтіндей жалқы тастай алады да, сонымен
бірге, өзінің ырқына қызмет етуге мәжбүрлей алады. «Романға көпүнділік
және сөздің көп түрлілігі тән және олар қалыпты көркемдік жүйе құрайды.
Романдық жанрдың өзіндік ерекшелігі – осында... Әрине, поэтикалық
(өлеңдік) сөздің де әлеуметтік сипаты бар. Бірақ поэзиялық формалар өте
ұзақ әлеуметтік үдерістерді, былайша айтқанда, «ғасырлық тенденцияларды»
танытса, романдық сөз әлеуметтік атмосфераның өте шағын қозғалыстары
мен ауытқуларына тұтас түрде, барлық сәтте де мән береді» [1, 113 б.].
Қазақ прозасының, оның ішінде романының қалыптасуына үлкен
мән берген ғалым А. Исмақова жанр шектерін «хронотоп» сынды жаңа
терминмен анықтауды ұсынған М. Бахтин мен А. Байтұрсыновтың «Әдебиет
танытқышындағы» прозалық жанрларды оқиғасы мен мезгіліне қарай ұсақ
әңгіме, ұзақ әңгіме, ұлы әңгіме деп жіктейтін теориялық көзқарастарын
салыстырып, көп сәйкестіктер тапқаны белгілі. «Әдебиетте реалды тарихи
уақыт пен кеңістікті және оны ашып көрсететін тарихи-реалды адамды игеру
үрдісі өте күрделі, әрқилы жүргенін екі ғалым да мойындайды. Адамзаттың
сол кездегі даму сатысына сәйкес уақыт пен кеңістіктің белгілі бір жақтары
игерілді де соған сәйкес өмір шындығын игерудің жанрлық және стильдік
тұрғылары қалыптаса бастады», – деп жазады зерттеуші [2, 17].
Көркемдік әдіс пен жанрлар арақатынасы туралы мәселені бірден
күн тәртібіне алып шығу қиын еді. Мұндай проблеманы алға тартуымызға
мүмкіндік берген – қазақ әдебиетіндегі алуан түрлі жанрлардың пайда болуы
сияқты ұзақ тарихи үдерістерді зерттеуге арналған бірнеше ғылыми еңбектер.
Қазақ әдебиетін зерттеушілер ұлттық проза жанрларының түп негіздерін
халық ауыз әдебиетінің мұралары: лиро-эпикалық дастандардан, қиссалар мен
аңыздардан, жыраулар шығармашылығының басты жанры – толғаулардан,
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
108
109
шежірелерден т.б. іздейді. Мұндай әдістеме қазақ әдебиеттануында әбден
орнығып, ол арқылы бірнеше ғылыми жетістіктерге қол жеткізе алдық. Халық
мұраларының прозалық үлгілерін қарастырып, оның өзіндік көркемдік-
эстетикалық ерекшеліктерін ашқан С. Қасқабасовтың «Қазақтың халық
прозасы» (1984), қазақ романының жанрлық тамырларын зерттеуде ежелгі
мифтер мен фольклордан бастап жазба әдебиетіне дейін көктей қарастыру
жүйесін әкелген Ш. Елеукеновтің «От фольклора до романа-эпопеи» (1987)
сияқты монографиялық еңбектері біршама көкейкесті мәселелерді шешіп,
ең маңыздысы, бұл тараптағы болашақ ізденіс бағдарларын айқындап берді.
Б. Шалабаевтың «Қазақ прозасының тарихында» (1968) да ұлттық
проза жанрларын фольклорлық мұралармен байланыстыруды кездестіреміз.
Бірақ аталмыш еңбек прозалық жанрлар эволюциясының бастау көздерін
халық шығармашылығы мен поэзияда екенін айтқанымен, жіті теориялық
талдауларға бара бермеген. Прозаның халықтық үлгілері делінетін жанрларға
үстірт сипаттама берумен шектеледі. Ал әдебиетіміздегі роман сынды
жанрдың пайда болуын тек қана орыс әдебиетінің жемісі деп бағалауын
қолдау қиын. Сондықтан да болар, ол еңбек өз кезінде біраз сынға ұшырады.
Дей тұрғанымызбен, бұл еңбек тың ғылыми проблемаға жол салуымен, қазақ
прозасының дәні фольклор мен ауыз әдебиетінде жатқандығын меңзеуімен,
зерттеу материалы ретінде қыруар көркем шығармаларды қамтуы жағынан
өз уақытының сұранысын біршама ақтай білді деп санаймыз.
Ш. Елеукенов реалистік әдебиетте ауқымды артықшылыққа ие,
финалдық жанр деп қарастырылып келе жатқан романның ғылыми
типологиясын жасауға, түрлік ерекшеліктерін айғақтауға ден қойды. Ол жанр
мәселесін шешуде нақты бір дәуірдегі әдеби үдерістің негізгі ерекшеліктерін
танытатын көркемдік құрылымдар типологиясының маңызына тоқталып
өткен болатын. Қазақ романының өзіндік даму заңдылықтарына үңілген
зерттеуші осы жанрдың шет елдік, көршілес елдердің ғалымдары
негіздеген бірнеше концепцияларға талдаулар жасайды. Сондықтан да ол
тұжырымдарды қайталаудың қажеттігі жоқ. Біз үшін маңыздысы – роман
жанрының поэтикасындағы бүкіладамзаттық көркемдік даму заңдылықтары
мен ұлттық топырақтағы эстетикалық факторлардың тоқайласу шектері.
ХХ ғасыр басындағы адам санасы мен өмірдің күрделенген қайшылықтарына
дендеу үшін қазақ әдебиетінің жанрлық репертуарында роман басымдыққа
ие болғаны аян. Ш. Елеукенов «Неліктен роман? Неге өлең емес? Неге
эпикалық поэма емес? Неге мысал емес?» деген сұрақ қоя отырып, «бүтін
бір дәуірдің идеясын бойына сыйғыза алатын, ол дәуірдегі қаһармандық
пен күнделікті өмір ағысын, комедиясы мен трагедиясын, саясаты мен
философиясын, сол дәуір адамының жан дүниесінің қозғалысы, аңсары
мен әрекетін бейнелеуде» романдық форманың үстемдігі қазақ әдебиетінің
жаңа, жоғарғы сатысы деп табады [3, 98 б.]. Және қазақ романының пайда
болуына басқа әдебиеттерде де кезесетін мынадай нақты жағдайлар себеп
болды дейді: «1) Өмірдің өзінде де түбегейлі өзгерістер қажет екенін сезіну
пайда болды; 2) Ол қажеттіліктерді таныту үшін әдебиет өз дәуірінің
тақырыптарына қарай ұмтылды; 3) Дәуір ұсынған тақырыптарды бейнелеу
үшін дәуір мәселелерін тұтастай қамтитын, яғни саясатты да, философияны
да, моральды да, психологияны да, қысқасы, адамның немен өмір сүретінін,
немен тыныстайтынын түгел біріктіре алатын жаңа баяндау формалары
керек еді; 4) Құндылықтарды қайта бағалауда өзінің айрықша мүмкіндігін
дәлелдеген жаңа дәуірге лайықты эпос жанры, яғни роман қажет болды»
[3, 108-109 бб.].
Ұлттық топырақта пайда болған әрбір жаңа жанрдың сол ұлт
өнерінің даму логикасынан шығарып барып әлемдік көркемдік өріспен
сабақтастыру – ең өнікті, әрі дұрыс жол. Ш. Елеукенов еңбегінде қазақ
әдебиетіндегі жанрлық-стильдік құрылымдар өзгерісіндегі сыртқы әсерлер,
басқа әдебиеттердің орны жоққа шығарылмайды. Әсіресе ғалымның ұлт
әдебиетіндегі өмір құбылыстарын бейнелеу ұстанымдары мен дәстүрлі
жанрлардың ауқымының кеңеюінде әдеби аударманың ролін өте орынды
бағалайды. Расында да, әдебиетімізде сонет, элегия, мысал, романтикалық
поэма, шағын эпистолярлық роман сияқты жанрлық формалардың көрініс
беруі – қазақ суреткерлерінің ұлттық таным мен талғамды ескере отырып
жасаған талантты аудармаларының нәтижесі. Абайдың төл шығармаларымен
қатар, аудармалары романдық сюжет, романға тән психологиялық және
әлеуметтік талдау қалыптастырудағы орны орасан. М. Сильченко өзінің
«Абайдың шығармашылық биографиясы» кітабында: «Аудармалар Абайдың
өзіндік шығармашылығы деңгейінің өсуіне сеп болды, идеялық тереңдік
пен тақырып ауқымының кеңеюіне, образдың ритмикалық-интонациялық
құрылымының дамуына, лексикасы мен фразиологиясының дами түсуіне,
сжетті-романтикалық поэзия жанрлары мен романның пісіп-жетілуіне
өзек болған дәстүрлі жанрлардың ауқымын кеңейтуге көмектесті», – деп
жазды [4, 242]. Орыс классикалық мұраларынан бұрын әжептәуір мөлшерде
аударылған шығыс поэзиясының туындылары болғанымен, олардың жаңа
ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде жанрлық құрылымдар түзудегі ізі бірте-
бірте көмескілене бергені де ғалымдар назарынан сырт қалған емес. Мұны
ұлттық әдебиеттің еуропалануы деп тануға әсте болмайды. Қайта қазақ
әдебиетінің өзіндік заңдылықтарына сәйкес жаңа мазмұндық-формалық
ізденістерге бой ұрғаны деп қабылдаған жөн. Жаңа фазаға көтерілген
көркемдік таным мен көркемдік ойлау осыны қажетсінді.
Қазақ әдебиеттануында жан-жақты қарастырыла бастаған бұл
мәселені идеологиялық талап-шарттардан тыс, еліміз тәуелсіздік алған
жылдары зерттеген А. Исмақова еңбегі толымды болып шығуы заңды.
Өйткені бұрынғы зерттеулерде ашық талдауға болмаған қазақ романының
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
110
111
қарлығашы – «Бақытсыз Жамал» мен Шәкәрімнің өзгеше қырын
танытқан «Әділ-Мәриясынсыз», М. Жұмабаевтың классикалық әңгіме
жанрының бүкіл шарттары сақталған, прозаның күрделі формаларының
қалыптасып кетуіне алабөтен серпін берген «Шолпанның күнасынсыз»,
Ж. Аймауытовтың әңгімелері, повесі, ұлттық прозаның жаңа эстетикалық
сапасы – «Қартқожасы» мен «Ақбілегінсіз» біздегі проза жанрларының
даму тенденциясын толық айқындап шығу мүмкін емес еді. Сонымен қатар
аталған еңбекте ауыз әдебиеті жанрларының роман құрылымын түзуге
қандай компоненттер бере алғандығы, әр жанрдың қандай мазмұндық-
түрлік үлес қосқандығы туралы нақты мақсатты көзделген. Мысалы,
«Романды дайындаудағы фольклордың ролі шектеулі екені түсінікті. Біздің
байқағанымыздай, фольклор көбінесе авантюралық баяндау сипатындағы
романдық сюжеттер мен композициялардың көбеюіне жол ашқанымен,
жекелік болмыс трагедиясы мен жеке тұлғаның қайталанбас қасиетін
бейнелеуге бейімделген роман тудыра алған жоқ», – дей отырып, жеке
адамның күйініш-сүйініші, жан-дүниесі мен тағдырын бейнелеуге біршама
жақындатқан, «романның фольклорлық аналогы» – лиро-эпикалық жырлар
екенін көрсетеді [2, 35 б.]. Тағы бір айта кетерлігі – қазақ кәсіби прозасы мен
романының қалыптасуына орыстың реалистік прозасы, ол арқылы келген
батыстық әдебиеттің жоққа шығаруға болмайтын ықпалының қаншалықты
деңгейде болғандығына көңіл аударылуы. Зерттеушінің бағамдауынша,
«орыстың реалистік романы қазақ ауыз әдебиетінің эпикалық мұраларына
дем берушілік роль ғана атқарды. Егер әдебиеттерде жанр дәстүрінің «тектік»
және «түрлік» негіздерін жинақтау үдерісі жүріп жатпағанда роман бұлай
тез орнығып қаламас еді» [2, 18 б.].
Бұл салада осыншалық ауқымды істер атқарылғанына қарамастан, ұлттық
проза жанрларының қалыптасуында басқа да қосымша факторлардың бар
екендігі мәселені әрі қарай індете түсуге жетелейді. Біз аталған еңбектердің
маңыздылығын ескере келіп, ондағы ғылыми тұжырымдарды басшылыққа
ала отырып басқаша жол таңдап көреміз. Ол – қазақ әдебиетіндегі прозаның
тууы мен дамуына әсер еткен көркемдік әдістердің ролі.
Әдебиетіміздің көркемдік-эстетикалық тұрғыда толысуының нақты
айғағы болған проза жанрларының өркендей дамуын тек қана реализммен
байланыстыру аздық етеді. Әрине, реализм принциптерін қазақ әдебиеті
бойына бірте-бірте сіңіру арқылы әдеби шығармашылықтың болмысты
танып-білудегі қабілетін күрт арттырып, өресін шығандатты. Сондықтан
да реалистік ойлау типіне орай өрістеген суреткерлік белсенділік, адам
болмысының рухани-психологиялық күрделі қатпарлары мен өмір
құбылыстарының ішкі мағынасына тереңдеушілік ғалымдар мен сыншылар
назарына бірден ілікті. Бірақ қазақ прозасының, оның ішінде романының
қалыптасуы мен еңсесін тіктеп кетуіндегі басқа да әдістердің орны жете
талданбай келеді. Керек десеңіз, әдебиетіміздегі әңгіме, повесть, роман
жанрлары натурализм, сентиментализм тәжірибесін де басынан өткерді.
Әсіресе біздің прозадағы романтизм мәселесі – кеңінен қаузалмаған мәселе.
Алғашқы романдардағы айрықша дараланып тұратын романтикалық
бейнелер, суреткерлердің шектен тыс субъективтілігі мен өз қиялындағы
өмірді бейнелеуге деген ұмтылысы сияқты жайларды, бір сөзбен айтқанда,
ұлттық прозаның өсіп-жетілуіндегі романтизм эстетикасының мәнін ғылыми
тұрғыдан саралап шығу міндет.
Тұжырымдай айтқанда, қазақ прозасы өзінің қалыптасу шағында
бірден прозаның күрделі жанры – романға иек артуы ерекше эстетикалық
құбылыс болды. Ұлттық прозаның толысуы новелла, әңгіме, повестер арқылы
бірте-бірте жүзеге аспай, алғашқы сатысында-ақ «роман» деген жанрлық
айқындамасы бар шығармалар шоғыры арқылы қанат жаюы халық ауыз
әдебиетіндегі мықты эпикалық дәстүрдің арқасы. Сондықтан да халықтың
эпикалық мұралары: батырлық, ғашықтық, тарихи жырлардағы, жыраулар
шығармашылығындағы асқақ романтикалық рух пен романтизмге тән
бейнелеу амал-тәсілдері ешқайда жоғалып кете қойған жоқ. Қайта әдебиеттің
жаңа жанрларының дүниеге келуіне тұғыр бола білді. Әдебиетіміздегі роман
жанрының алғашқы үлгілері деп саналатын М. Дулатовтың «Бақытсыз
Жамал», Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», М. Кәшімовтың «Мұңлы
Мариям», С. Көбеевтің «Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу»
шығармалары реализм ұстанымдарының түпкілікті орнығуы екені рас. Бірақ
сол кезең үшін мұндай жаңа форманың өркен жаюын тек қана реализммен
байланыстырып келуіміз, басқа да көркемдік-эстетикалық ықпалдарды
ескермеу болып саналады. Бұл туындылардағы басты кейіпкерлер – Жамал,
Ғайша, Қамарларды типтік образдар деп тануымыздың негіздеріне тағы да
бір қайырылып келу керек сияқты.
Халық ауыз әдебиетінің көлемді жанрларындағы, жеке авторлығы
бар толғаулар мен дастандардағы, ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетінің ірі
өкілдері мен Абай шығармаларындағы романтизмге тән бейнелеу амал-
тәсілдері алғашқы прозалық туындыларда суреттеудің реалистік әдісімен
жалғас, аралас келіп жатты. Бір қаламгердің шығармашылығында, тіптен
бір шығарманың бойында көркемдік әдістердің сабақтаса келуі жайында сөз
қозғаған академик З. Ахметовтің: «Романтизмнің құнды, ұтымды жақтары
оған ілесе өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді
реалистік әдіске қарсы қойып, оған алыс-жақындығы тұрғысынан
қарап бағалау дұрыс болмас еді. Романтизмнің бағалы жақтары, өзіндік
артықшылықтары да, осалдығы да бар. Романтизм мен реализмді екі түрлі
көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі толықтырып та тұрады», – деген
пікірінің орынды екеніне тағы да көз жеткіземіз [5, 289-290 бб.].
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
112
113
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Бахтин, М. Вопросы литературы и эстетики. – М. : «Худ. литература»,
1975. – 504 с.
2 Исмакова, А. С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр,
стиль (начало ХХ века и современность). – Алматы : Ғылым, 1998. – 394 с.
3 Елеукенов, Ш. От фольклора до роман-эпопеи. (Идейно-эстетическое и
жанровое своеобразие казахского романа). – Алма-Ата: Жазушы, 1987. – 352 с.
4 Сильченко, М. С. Творческая биография Абая. – Алма-Ата : Наука,
1957. – 294 с.
5 Ахметов, З. Романтизм. // Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Алматы :
«Ана тілі», 1998. – Б. 288-290.
25.01.16 баспаға түсті.
Ж. Ж. Жарылгапов
О научной типологии романного жанра
Карагандинский государственный университет
имени академика Е. А. Букетова, г. Караганды.
Поступило в редакцию 25.01.16.
Zh. Zharylgapov
The genre of novel in scientific typology
Academician Karaganda State University
E. A. Buketov, Karaganda.
Received on 25.01.16.
В статье рассматриваются различия прозаических и поэтических
видов художественного слова. Указаны пути формирования казахской
прозы, а именно, романа. Даны описания жанров, называемых
народными образцами прозы. Определены концепции о видовых
особенностях строения научной типологии романа в национальном
литературоведении. Анализируются фактические условия появления
казахского романа, встречающиеся в других литературах.
This article describes the poetic and prosaic distinctions of creative
word. It also deals with the development of novels in Kazakh prose. Here
is given the description to the so called genre of national prose examples.
In this article there are defined the concepts about features of the scientific
typology of novel in national literature that come across in the development
of Kazakh novel.
ӘОЖ 882.151.212.2
Г. А. Жұмабекова
2-курс PhD докторанты, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, Әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕКТІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК
ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ
Бұл мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ публицистикасы,
Т. Медетбектің публицистикасының ерекшелігі қарастырылады.
Кілтті сөздер: тәуелсіздік, көсемсөз жанры, қазақ
публицистикасы, публицист ерекшелігі.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ ақын-жазушыларының
публицистикасын зерттеу қазіргі кезде тың тақырыптардың бірі деп
айта аламыз. Қазіргі таңда тәуелсіздік жылдарында жарық көрген
публицистикалық шығармаларды жаңаша зерделеу, оларды жүйелеу, саралау
және талдау жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Тәуелсіздікке дейінгі қазақ публицистикасын қарастыра отырып,
заманалы қазақ ақындарының көтерген мәселелерінің, мәселен, оқу, білім,
әлеуметтік, ел, жер, тәрбие, ұлт құндылықтары және т.б. қандай көрініс
тапқандығын, оның ерекшелігін, әлеуметтік маңызын, көкейкестілігін де
зерттеуді талап етеді.
Публицистика журналистиканың да, әдебиеттанудың да қалыптасқан
жанры екенін білеміз. Көркем әдебиет пен публицистика арасындағы
байланыс, екеуінің ерекшелігі, әдебиеттануға да, публицистикаға да
көркемдік әдіс тән екендігі бізге дейін көп айтылғандығы мәлім [1].
Жалпы публицистика жанры туралы зерттеген ғалымдардыңеңбектерінен
публицистиканы зерттеу қаншалықты маңызды екендігін көруге
болады. Мысалы, диссертациялық еңбектерден Қ. Бекхожиннің («Қазақ
баспасөзінің даму жолдары». Алматы, 1964), Р. Идрисовтің (Казахская
военная публицистика (1941-1945). Алматы, 1970), Т. Амандосовтың
(«Публицистика – дәуір үні». Алматы, 1974),С. Қисымовтың («Қазақ
публицистикасының зерттелуі: ізденістер, проблемалар». Алматы,
1998),З. Сағымбайдың («Қазақ әйелдерінің публицистикалық мұрасы
(20-жылдар баспасөзіндегі жарияланым-дар бойынша)». Алматы, 1998),
Г. Сұлтанбаеваның («Саттар Ерубаев – журналист, публицист». Алматы,
1998), Б. Сердәлінің («Камал Смайылов – публицист». Алматы, 1999),
Е. Дудинованың («Публицистика Олжаса Сулейменова». Алматы, 1999),
А. Мектептің («Халел Досмұхамедұлының публицистикасы». Алматы,
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
114
115
1999), К. Асановтың («Е. А. Букетовтың публицистикасы». Алматы, 2002),
Р. Жақсылықбаеваның («Шерхан Мұртаза – публицист». Алматы, 2002),
Б. Жақыптың («Қазақ публицистикасының қалып-тасу, даму жолдары
(генезис, эволюция, поэтика)». Алматы, 2004), А. Әлжанованың
(«Казахская тематика в творчестве российских и западных публицистов
второй половины ХІХ века». Алматы, 2008.), Ғ. Ақсейіттің («Сапар
Байжановтың публицистикасы». Алматы, 2009.), К.Қамзиннің («Қазақ
публицистикасы жанрларының эволюциясы». Алматы, 2010), ғылыми
мақала-лар мен монографиялар, оқу құралдарынан М. Әбешованың
(Публицистика жанрының қалыптасуы // Семей мемлекеттік педагогикалық
институтының хабаршысы. 2006. №1.), Б. Жақыптың (Публицистикалық
шығармашылық негіздері. Оқулық. Алматы, 2007), К. Қамзиннің («Қазақ
көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі». Монография. Алматы, 2009),
С. Әділбеков., Д. Баймолда., С. Қозыбаевтың (Қазақ публицистері. Оқу
құралы. Алматы, 2010), Б. Носованың (Публицистика современности как
Достарыңызбен бөлісу: |