Научный журнал


Коммуникационная проблема персонажей эпосов



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#5604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Коммуникационная проблема персонажей эпосов
Международный казахско-турецкий университет 
имени Х. А. Ясави, г. Туркестан.
Поступило в редакцию 28.01.16.
P. Adiyeva, S. Magzhan
Communication problems of poetry personages
A. Yesevi International Kazakh-Turkish University, Turkestan.
Received on 28.01.16.
В  этой  статье  рассматривается  вопрос  об  отношениях 
персонажей героических поэзий, благодоря этому раскрываются их 
характеры, развитие событий, а также описываются особенности 
диалоговых методов.
This article discusses the relationship of lyric poetry personages, 
thanks to this reveals their personalities, developments, and describes the 
features of interactive methods.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
16
17
ӘОЖ 398.204
П. Адиева, С. Мағжан
ф.ғ.к.,  доценттер  м.а.,  Қ.  А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 
университеті, Түркістан қ.
e-mail: magjan_saule70@mail.ru
ФОЛЬКЛОРДАҒЫ ДИАЛОГТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
Бұл мақалада фольклордағы диалог мәселесі бойынша ғалымдардың 
пікірлері, көзқарастары сөз болады. Диалогтің жазба әдебиетіндегі 
және ғылымның басқа салаларында қолданыста екендігі, ал халық 
ауыз әдебиетінде кенже қалғандығы туралы айтылады. 
Кілтті  сөздер:  диалог,  фольклор,  ғалым,  ғылыми  пікірлер, 
коммуникация, қолдану.
Қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  диалог  ол  өмірдегі  тілдесудің,  адамдар 
қарым-қатынасының ғасырларға ұласқан ұзақ тарихында туып, қалыптасып, 
дамуының нәтижесінде сөз өнерінде өз орнын ойып тұрып алған әдеби ұғым. 
Ол адамзатта сана, ой, тіл пайда болғаннан бері ұлтымыздың тұрмысына 
сай  дәстүрінде,  наным-сенімінде,  әдет-ғұрпында,  әдебиет,  өнерінде  т.б 
түрлі дәрежеде дамып келеді. Диалог – фольклор мен әдебиетке ғана емес, 
бірнеше ғылымдар салаларына ортақ категория. Оның ішінде тіл, философия, 
экономика, социология, саясаттану т.б ғылым салаларының қолданысында 
жүретін маңызды ғылыми түсінік екені белгілі. 
Неміс философы Л. Фейербах: «Истинная диалектика не есть монолог 
одинокого мыслителя с самим собой, это диалог между Я и Ты» [1, 45 б.] – 
деуінің өзінде үлкен мән бар. Жақсылық пен жамандық, қуаныш пен реніш, 
бірлік пен тартыс – адам тіршілігінің көріністері. Осы заңдылық туралы  
К. Ісләмжанұлы: «Егер зер сала қарасақ, олардың арғы тегінің қоғамдағы 
қос ұйымдық (дуальная организация) жүйеден бастау алып, екі ру (фратрия) 
арасындағы экзогамиялық некемен іргесін бекітіп, кейіннен фольклордағы 
жұптық тайталасқа (бинарная оппозиция) ұласқанын байқаймыз» – дейді 
[2,  130  б.].  Бұл  айтылған  пікір  фольклордағы  диалогтың  шығу  себебін 
түсіндіретін сияқты. Екі жұп тартысының нәтижесінде әдет-ғұрып, салт-сана 
сияқты тұрмыстық әрекеттер пайда болды. Ал, жұптық тартыс нәтижесі – 
фольклорлық диалог.
Осындай  пікірді  С.  Қасқабасов  та:  «...Адамның  жаратылыстан  өзін 
бөлмей тұрған кезде туған көптеген мифологиялық символдар, жануарға 
немесе табиғат объектісіне арнап сөйлесуге, олармен сырласып, тілдесуге 
болады деген түсінік кейін фольклорға ауысып, басқа бейнелеуіштік сипат 
алған»–деп  айтады  [3,  268  б.].  Алғашқы  диалогтың  пайда  болуына  жұп 
тартысы себеп болса, кейін сол екі жұптың әлемді тануының көрінісі себеп 
болып отыр. Екеуінің қорытындысы – фольклодағы диалогты шығарды. 
Диалогтың қызметіне тоқталмас бұрын оның анықтамасын анықтап 
алған жөн секілді.
Диалог  (грек.  dialogos  –  сөйлесу,  әңгімелесу),  сұхбат  –  ауызекі 
әңгімелесу пішіні, екі не одан да көп адамдардың пікір алысуы; ғылыми 
және көркем әдеби шығармаларда қолданылатын тәсіл [4, 158 б.]. Диалог 
сөзімен синонимдес болып жүрген «сұхбат» сөзі де біздің ғылыми жұмыста 
пайдаланылатындықтан және осы сөздің бүгінде түрлі мағынада қолданыс 
тауып жүргендігін ескере отырып, түсіндерме сөздіктердің әр жылғы шыққан 
томдарына назар аудардық. Аталмыш жинақтарда біршама өзгерістердің бар 
екенін байқадық. Бір сөздікте «сұқбат» [5, 387 б.] – деп берсе, екіншісінде 
«сұхбат»  [6,  587  б.]  –  деген.  Бірақ,  екеуіне  де  берілген  анықтама  біреу. 
«Әңгіме-дүкен құрған отырыс, жиын» [6, 587-б.]. Ал, «сұқпат» – түрепет, 
сүрепет, адамның сырт көрінісі, келбет өте жаман түрмен көрінуі” [6, 585 б.] 
– деген мағынаны білдіреді. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 2008 жылы 
шыққан нұсқасында «сұхбат» деген сөздің үш түрлі анықтамасын атаған: 
1. Екі немесе онан да көп адамдардың жүргізген әңгімесі.
2. Әңгіме-дүкен құрып отыратын отырыс, жиын.
3. Тілші тарапынан алынатын әңгіме-хабар. Бұнымен қоса «сұхбаттас» 
сөзінің: «Жиналып әңгіме-дүкен құру, әңгімелесу, сөйлесу» – [7, 748 б.] 
сияқты  түсінікті  беретіндігін  ескерсек,  диалогпен  сабақтас  сөз  ретінде 
“сұхбат” сөзін алуымызға болатынын дәлелдеу. Себебі, сұхбат диалогқа 
берілген  анықтамада  баламасы  ретінде  алынған.  Тақырыпты  неге 
«Фольклордағы  сұхбат»  деп  алмасқа  деген  сұрақ  туындауы  мүмкін.  Бір 
ұғымды жиі қайталамау мақсатында оны балама ретінде қолданғанымызбен, 
диалогтың  міндетін  атқара  алмайды.  Диалог  –  әлемдік  әдебиеттану 
ғылымында қолданылып жүрген, ғылыми ортада қалыптасқан өзіндік орны, 
көркемдік қызметі бар әдеби категория. Диалогтың жазба әдебиеттегі орны, 
көркемдік қызметі ғылыми ортаға да, жалпы қауымға да белгілі. Диалогтың 
фольклордағы зерттелуі – тақырыптың негізгі өзегі.
Диалогтың сөз өнері туындыларының ең маңызды құрылымдық бөлігі 
екенін М. Әуезов: «Жыр оқиғасын айтып беруде үш түрлі әдіс аралас жүреді. 
Олар: хикаялау, сипаттау, сөйлету» – деп айқындап береді [8, 171 б.]. 
Жазба  әдебиеті  дамыған  дәуірде  барлық  жанрлық  түрде  диалогтың 
атқарған қызметінің айрықша мәнді екенін қазақ фольклортанушылары баса 
көңіл аударған. Қазақтың көрнекті фольклортанушыларының еңбектерінен 
олардың  фольклорлық  жанрлардағы  диалогтың  қызметі  туралы  құнды 
пікірлерді молынан ұшыратамыз. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы да бұл 
тақырыпты арнайы жазылған жеке еңбектің нысаны етіп алмағаны аңдалады. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
18
19
«Диалог – екі немесе одан көп адамның бір-бірімен сөйлесуі»,– десек, 
сайып келгенде,  фольклорда  ол түрлі сипатта ұшырасады.  Фольклор  ― 
ауызша шығарылып, таратылған рухани мұра. Олай болса, оның орындалуы 
барысында  тыңдаушы  да  айтушыға  өзінің  белгілі  бір  талабымен  ықпал 
жасап,  белсенділік  танытуы  –  заңды  құбылыс.  Соған  орай  орындаушы 
мен тыңдаушы аудиториялық сұхбаттың екі субъектісі болып табылады. 
Фольклор туындысының орындалуы осы екі тұлғаның байланысы болуын 
қажетсінеді.  Фольклордағы  диалог  пен  жазба  әдебиеттегі  диалогтың 
айырмашылықтары болуына осы жағдайда әсер етеді. Диалогты зерттеу 
үшін тыңдаушы, айтушы және нақты мәтін тұрғысынан қарастыру орынды 
сияқты.  Фольклордағы  диалогтың  қызметі  туралы  арнайы  еңбек  жазған 
ғалымдар жоқ, әрине. 
Дегенмен,  фольклордағы  диалогтың  атқаратын  қызметіне  орыс 
зерттеушілері  арнайы  тоқталмағанмен  фольклорлық  мұраларды  зерттеу 
барысында  сүбелі  ойларының  бар  екені  рас.  Фольклорлық  жанрлардың 
түрлерін әңгімелегенде міндетті түрде коллективтік орта арасында туындайтын 
диалогтардың  қызметіне  теориялық  тұжырымдар  айтқан  В.  Радлов  [9],  
В. Я. Пропп [10], Б. Н. Путилов [11], В. П. Аникин [12], А. Н. Веселовский 
[13], М. Бахтин [14], Ю. Г. Круглов [15] сынды ғалымдар болды. Көбінде 
фольклордың даму тарихын сөз ететін олар, тұрмыс-салт жырларының даму 
себебіне және поэтикасына да етене тоқталған. Белгілі бір себеппен туындаған 
маусымдық, ғұрыптық жырлардың хор мен би синкретизмінен туғанын айта 
отырып, олардың диалог арқылы орындалатынын және ым, ишарат сияқты 
әрекеттердің диалогқа қатысы бар екеніне де мән берген. Фольклордағы 
диалогтың анықтамасын қарау барысында да біраз ойлар айтқан. Дегенмен, 
орыс зерттеушілері эпикалық шығармалардағы диалогтың аз зерттелгенін, 
тіпті, зерттеудің жоқтың қасы екенін мойындайды.
Н. С. Лесков драмадағы диалог пен эпостағы диалогты зерттей отырып: 
«Человек живет словами, и надо знать в какие моменты психологической 
жизни у кого из нас какие найдутся слова» – дейді [16, 14 б.]. 
А. Н. Гаркавецтің [17] грек-урумдардың фольклорлық шығармаларын 
зерттеу барысындағы «Частушкаларға» тоқталып, олардың орындалу себебін 
талдай келіп, диалогтан тұратындығын атап өткен. Және сол диалогтың 
соңы  үлкен  мейрамның  тууына  бастар  жол  болғандығын  айтады.  Қазақ 
фольклорындағы диалогтың атқаратын қызметіне халықтық сөз өнерімізді 
теориялық тұрғыдан қарастыру ісі қолға алына бастасымен-ақ айрықша 
көңіл бөлінді. 
Қазақ  фольклоры  туралы  үлкенді-кішілі  еңбектерде  де  диалогтың 
көркемдік тәсіл ретіндегі маңызы ішінара аталып өтілген.
Қазақ  фольклорының  жанрлары  туралы  жазылған  еңбектердің 
барлығында, мысалы, «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты іргелі ұжымдық 
монографиялардың 1948, 1960 және 2008 жылдары жарық көрген бірінші 
томдарында, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, 
С.  Мұқанов,  Қ.  Жұмалиев,  М.  Ғабдуллин,  Р.  Бердібай,  С.  Қасқабасов, 
Ә.  Қоңыратбаев,  Б.  Абылқасымов  және  т.б.  зерттеушілердің  ғылыми 
зерттеулерінде, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, 
тағы сол сияқты еңбектерде қарастырылды. С. Сейфулиннің бәдік жырына 
байланысты айтқаны, С. Мұқановтың тұрмыс-салт жырларындағы топтасып 
өлең  айтушылардың  ерекшеліктеріне  тоқталуы,  А.  Байтұрсыновтың 
айтыстың орындалу тәсіліне етене көңіл бөлуі диалогты мегзейді Бірақ, 
аталмыш ғалымдар оның терминдік атауын нақты атамайды. М. Әуезовтың 
жоғарыда көрсеткен «сөйлету әдісі» – нағыз диалог. Ал, Ә. Қоңыратбаев 
бұл әдісті М. Әуезов «монолог» ретінде алған деп түсіндіреді [18, 172 б.]. 
С. Қасқабасов фольклордағы тек пен жанрдың әдебиеттен өзгешелеу екенін 
айта келіп, фольклорды қара сөз (проза), өлең (стих), сөйлесу (диалог) деп үш 
үлкен текке бөледі де, проза түріндегі фольклордың жанрларына миф, әңгіме, 
ертегі жатса, өлең үлгісіндегі фольклордың жанрлары болып жыр, тақпақ, 
қара өлең, мақал-мәтелдер саналады, ал, диалогқа – айтыс пен шешендік 
сөзді жатқызуға болатынын айтқан [19, 19 б.]. Әрине, С. Қасқабасов сынды 
көрнекті ғалым ұлттық фольклортануда диалогтың бар екенін айтуының 
өзі  біздің  ізденісімізге  сенім  берді.  Ғалым  айтыс  пен  шешендік  сөзді 
фольклордағы диалогқа балап, ғылыми тұжырым айтқан. Бірақ, эпос пен 
ертегідегі кейіпкерлерді айтқанда міндетті түрде оқиғаның өрбуі үшін де, 
кейіпкер характерінің ашылуы үшін де диалогтың қызметі көрінетіндігін 
ұмытпауымыз шарт. Айтыс пен шешендік сөздің сыртқы көрінісі, яғни екі 
кісінің сөйлесуі, сұрақ-жауап алуы әрине, диалогты мегзейді. 
Сонымен қатар айтысты зерттеген М. Жармұхамедұлы, орындаушы 
мен  тыңдаушы  арасындағы  байланысты  зерделеген  О.  Нұрмағамбетова, 
дастандық эпосты зерттеген Б. Әзібаева, қазақтың отбасылық фольклорын 
зерттеген  К.  Ісләмжанұлы,  драмалық  фольклорды  қарастырған  
Қ. К. Бижановтар еңбектерінде диалогтың қызметі арнайы қарастырылмаса 
да, кейіпкерлердің мінез-құлқын, табиғатын талдау барысында диалогтың 
рөлі сөз болады. Сонымен бірге Қ. К. Бижанов еңбегінде фольклордағы 
диалог арқылы драмалық фольклор пайда болды деген пікірлерде айтылған. 
Фольклордағы  диалогтың  қызметі  туралы  арнайы  еңбек  жазудың 
қажеттілігін бірнеше мынадай дәлелдермен түсіндіруге болады.
Біріншіден,  фольклордағы  диалог  зерттелу  нысаны  ретінде  арнайы 
қарастырылуы ешқандай дау туғызбайды.
Екіншіден, архаикалық, қаһармандық, ғашықтық, дастандық, тарихи 
эпостардағы  диалогтың  қызметі,  оның  ішінде  диалог  арқылы  оқиға 
өрбітушілік, оқиғаны дамытушылық, адам мінез-бітімінің ашып көрсетілуі 
анық.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
20
21
Үшіншіден, тыңдаушы мен орындаушының арасындағы байланыс та 
жан-жақты зерттеуді қажетсінетіні ақиқат.
Төртіншіден, әрбір фольклорлық жанр үлгілеріндегі диалогтың сапасын 
айқындаушы факторлар түбегейлі зерттелуі де өзекті.
Бесіншіден, диалогтағы сөйлеудің интонациялық байлығы, эмоциялы 
болуына жете көңіл бөлінуі қажет.
Оныншыдан, бірнеше кейіпкерлердің қатыстырылуы (полилог) арқылы 
берілген диалогтарды (аралас) кездестіруге де болатындығын көрсету керек.
Сондай-ақ, фольклордағы қарапайым ауызекі сөйлесу деп ұғынылатын 
адамның  қарым-қатынасының  (диалогтың)  көркемдік  ойлау  жүйесінде 
күрделеніп, өзгерген даму динамикасы арнайы қарастырылуы тиіс.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1  Фейербах,  Л.  Сущность  религии:  Избранные  философские 
произведения. – М., 1955. – Т.2. – С. 515.
Ісләмжанұлы, К. Қазақтың отбасы фольклоры. – Алматы : Арыс 
баспасы, 2007. – 332 б.
Қасқабасов, С. А. Қазақ халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 
558 б.
4 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : Аруна 
Ltd. ЖШС, 2005. – 576 б.
5 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ-Т (планетарий-таңдыру). – Алматы : 
Ғылым, 1985. – Т. 8. – 591 б.
6 Қазақ тілінің сөздігі (Жалпы ред. басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы : 
Дайк-пресс, 1999. – 776 б.
7  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  /  Жалпы  редакциясын  басқарған  
Т. Жанұзақов. – Алматы : Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық жинағы.– Алматы: Жібек 
жолы, 2007. – Т. 28. – 440 б.
9  Ел  қазынасы  –  ескі  сөз.  В.  В.  Радлов  жинаған  қазақ  фольклоры 
үлгілері.  Алғы сөзі мен түсініктерін жазып баспаға дайындаған Уахатов Б.,  
Қасқабасов С., Ісләмжанұлы К. – Алматы, 1994. – 616 б.  
10 Пропп, В. Я. Фольклор и действительность. – М., 1976. – С. 325.
11 Путилов, Б. Н. Методология сравнительно-исторического изучения 
фольклора. – М., 1976. – С. 243.
12 Аникин, В. П. Русское устное народное творчество. – М., 2001.  
– С. 726.
13 Веселовский, А. Н. Историческая поэтика. – М., 1986. – С. 406.
14  Бахтин,  М.  М.  Творчество  Франсуа  Рабле  и  народная  культура 
средневековья и ренессанса. – М., 1990. – С. 543.
15 Круглов, Ю. Г. Русские обрядовые песни. – М., 1982. – С. 270.
16 Лесков, Н. С. Большая Советская Энциклопедия. Т.14. – М., 1957. 
– 2 изд. 
17 Гаркавец, А. Н. Фонетическая субстанция как прием «поэтизации» 
урумской песенной речи // Советская тюркология. – 1986. – № 3. – С. 51.
18 Қоңыратбаев, Ә. Қазақ эпосы және тюркология. – Алматы : Ғылым, 
1987. – 368 б.
19  Қасқабасов,  С.  А.  Жаназық:  Әр  жылғы  зерттеулер.  –  Астана: 
Аударма, 2002. – 584 б.
28.01.16 баспаға түсті.
П. Адиева, С. Магжан
Уровень исследования фольклорного диалога
Международный казахско-турецкий университет 
имени Х. А. Ясави, г. Туркестан.
Поступило в редакцию 28.01.16.
P. Adiyeva, S. Magzhan
The level of folklore dialogue studies
A.Yesevi International Kazakh-Turkish University, Turkestan.
Received on 28.01.16.
В этой статье  рассматриваются  мнения ученых  по вопросу 
фольклорного диалога. В статье говорится об использовании диалога 
в письменной литературе и в других областях науки, тогда как в 
народной литературе оно остается незаметным.
This paper examines the opinions of scientists on the issue of folklore 
dialogue. The article refers to the use of dialogue in the written literature 
and other fields of science, while in folk literature, it remains invisible.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
22
23
ӘОЖ 82-34:821.512.122 
Б. М. Айтбаева
1
, Б. М. Мәуленова
2
, Ә. М. Мәуленова
3
1
ф.ғ.к.,  профессор,  Е.  А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университеті, Қарағанды қ.; 
2
ф.ғ.к., доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті; 
3
ф.ғ.м., Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университеті, Қарағанды қ.
e-mail: beibarys@mail.ru
БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ 
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Мақалада авторлар қазақтың батырлық жырындағы бейнелеу 
құралдарының қызметін жан-жақты талдап көрсетеді. Батырлар 
жыры өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілімен ерекшеленеді. 
Фантастика  мен  реализмнен  тұратын  батырлар  жыры  кейде 
шынайы  оқиғаны  сипаттайды.  Батырлардың  ерлігін  суреттеуде 
көркемдеуіш құралдардың атқаратын қызметі орасан зор.
Кілтті: сөздер:батырлық жыры, бейнелеу құралдары, үйлесім, 
сипаттау, сюжет, батыр, мағына
Қазақтың  батырлық  жырларының  тарихи  негіздері  мен  жанрлық 
жіктелісіне  қатысты  ғылымда  біршама  пікірлер  нақтыланған.  Сонымен 
қоса, эпикалық шығарманың сюжеті ондағы қаһармандар әлемі, ұнамды 
образдардың  жасалу  ерекшеліктерімен  батыр  бейнесімен  салыстырыла 
берілетін  ұнамсыз  бейнелердің  салыстырмалы  әдіс-тәсілдер  арқылы 
түсіндіріліп келе жатқандығы мәлім.
Алайда,  соншалықты  тартымды  жасалған  қаһармандар  образының 
құдірет-күші не себептен, адам жанын бірден тербеп алатын сиқырлылығы 
неден? - деген сұрақтарға толық жауап берілді деуге негіз жоқ. Өйткені, зерттеу 
еңбектерде негізінен жырдағы бейнелі сөздерге қатысты азды-көпті пікірлер 
айтылғанымен, кең көлемде тоқталып, бейнелі сөздердің образды жан -жақты 
ашудағы қызметіне байланысты тексерулер жасалмағандығы белгілі жәйт.
Эпостың шығу тегі мен дамуын білу қандай қажет болса, онда ондағы 
сөз өнерінің күш-қуатын тану да ауадай қажет болады. Өзге де эпикалық 
шығармаларымыз  тәрізді,  батырлық  жырлар  да  тұтас  бір  дәуірлердің 
тарихын,  соның  ішінде  халықтың  ой  арман,  қиялын  білдіре  алатын 
қымбатты қазынамыз. Оның белгілі бір кезеңдердегі елдің тұрмыс-тіршілігін 
сипаттайтыны, сөз өнерін орынды қолдана алатын хас шеберлердің болғанын 
және жырды айтушылардың регионалдық стильдерінің пайда болып, әрі қарай 
дәстүрге сай қалыптасқандығын зерттеу аса пайдалы іс болатындығы сөзсіз.
Қай халықтың болмасын асыл сөз өнері басқа халықтардың әдебиетінен, 
ең  басты  айырмашылығы  –  өзінің  образдар  жүйесімен,  сөз  бейнелеу 
тәсілдерімен ерекшеленуі. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бей нелеу 
тәсілдері ұлттық болмыс-бітімімізді анықтайтындығы рас. Халқымыздың 
ғажайып ескерткіштері болып табылатын эпостағы ғаламат кейіпкерлердің 
сөз өнерінің құдіреті арқылы танылғандығына ешкімнің таласы жоқ. Осы 
орайда сандаған ғасырлар мен жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, 
жанды  баурап,  сананы  арбайтын  қазақтың  қасиетті  сөз  өнерінің  ұлттық 
негізі ауыз әдебиетінде қалыптасқан деудің реті бар. Сөз өнеріндегі ұлттық 
негіз дегеніміздің өзі – сол рухани мұраны жасаған халықтың тілі. Онсыз 
образды сөз, көркем сөз дегенді айта алмаймыз. Тіл – әдебиеттің құрылыс 
материалы, жер бетіне ауа тіршілік үшін қандай қажет болса, әдебиетке тіл 
де сондай қажет екендігі баршаға түсінікті.
Өнерді тану мен білу туралы ғибраттарға мән берсек, көркем әдебиет 
деген ұғымның сыр-сипаты образды сөз, көркем сөз атты терең түсінікке 
тіреледі. «Сөз – адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден бір күшті құрал». 
Ал,  көркем  ойлау  жүйесі  шексіз.  Көркем  әдебиеттің  бүкіл  болмысы, 
шынайы  табиғаты  түр  мен  мазмұнның  бірлігі  арқылы  жасалған.  Түрдің 
өмір сүру заңдылығы, өзгеріп дамуы, өзінің көріну тәсілдеріне байланысты. 
Әдебиеттегі  түрдің  көріну  тәсілдерінің  бірі  бейнелеу  құралдары. 
«Бейнелеу құралдары – әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, 
бейнелі  сөздер,  мысалы,  жалпы  түрде  құбылту  деп  аталатын  ме тафора, 
метонимия,  әсерлеу,  тұспалдау,  астарлау,  теңеу,  эпитет  және  стильдік 
айшықтар,  дыбыстық  қайталамалар  деген  мағынада  қолданылады»  
[1; 66 б]. Шындығына жүгінсек, бейнелеу тәсілдерінің мән-мағынасы бұдан 
да кең, мол екендігі белгілі. Анықтай түссек, көркем шығармадағы бүкіл тіл 
байлығы – түгелдей бейнелеу құралы. Бұның басты ерекшелігі халықтың 
айналадағы дүниені өзінше түсініп, көркемдік ой-сезімімен қабылдауында 
жатыр. Сондықтан бейнелеу құралдары қай ұлттың әдебиетінде болса да 
сөздік қорға, тіл байлығына байланысты қалыптасады. Көркем әдебиеттің 
өзіне  тән  даму  заңдылықтары,  қоғамдағы  алатын  өзіндік  орны  туралы 
пікірлер ерте заманнан айтылып келеді. Көшпелі қазақ халқының өлең мен 
әнге деген құмарлығын, ақындық таланты туралы Ш. Уәлиханов мынадай 
аңызды  арнайы  дәлел  ретінде  келтіріпті:  «Аңыздың  айтары  өлең,  өнер 
аспаннан, әуеден келіпті-мыс» [2; 196 б]. Өлең туралы қызғылықты ойлар 
мен пікірлер қазақтың ақын-жыраулары, сал-серілерінің шығармаларында 
да айтылған. Ұлы Абайдың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», – деуі қай 
уақытта да дәлелді екендігіне көз жеткіземіз.
Өлеңнің  теориясы,  құрылысы,  техникасы  жайында  классикалық 
еңбектердің бар екендігі әдебиетшілер қауымына жақсы таныс. Аристотель, 
Әл-Фараби, В. Г. Белинский, А. А. Потебня, А. Н. Веселовский, одан кейінгі 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
24
25
В. Брюсов, Б. Томашевский, В. Жирмунский және т.б. алдымен еске түссе, 
қазақ поэзиясына байланысты Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, М. О. Әуезов, 
Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, З. Қабдолов, З. Ахметов, М. Базарбаев деп, 
бұдан әрі де соза беруге болады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде өлеңнің 
теориялық мәселелері, айрықша атасақ, поэзияның тілі, құрылымы, түзілісі, 
бейнелеу  құралдары  жайлы  тамтұмдай  түсіндірілген.  Алайда  осымен  іс 
біткен, ендігі қалғаны сол зерттеулердің нәтижесімен шектелуге тиіс дейтін 
ғылымда қағида жоқ. Қайта осы бағытта сандаған ізденістерімізбен қатар, 
өлең теориясына қатысты көркем шығарманы талдауда іркілістеріміз де бар 
екендігі қисынсыз емес.
Сөз өнеріндегі бейнелеу құралдарының бір парасы – ажарлау, бұған 
қатысты ой-пікірлердің ертеден айтылып келе жатқандығын жоғарыдағы 
аталған  еңбектер  де  анықтайды.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  Ахмет 
Байтұрсыновтан бастап енген терминдер өз алдына бірнеше сала болып 
қалыптасты. Солардың ішінен Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» 
атты кітабында бар, ғылыми тілімізде орын тепкен бір алуан терминдерді 
атасақ та болады. Мысалы, теңеу, кейіптеу, тұспалдау, әсерлеу, шеңдестіру, 
арнау, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, мазмұн, тармақ, шумақ, бунақ 
т.б.  Бұлардың  аса  мәнді  терминдер  екенін  атай  отырып,  Байтұрсынов 
осы кітабында қолданған басқадай бір терминдердің еленбей, ескерілмей 
қалғанын да айта кеткен жөн. Олардың ішінен әлі де мәнділігін сақтаған, 
қолдануға қолайлыларын сұрыптап алып, ғылыми тілімізде ретін тауып 
орнықтыру  алдағы  уақытта  атқарылуға  тиісті  міндет,  -  дейді  академик  
З. Ахметов [3; 9 б]. Анығына кел сек, көркем әдебиеттің тіліне байланысты 
келелі сөз қозғап, байыпты бағыт пен бағдарды көрсеткен З. Қабдоловтын 
еңбегі еді. Өзінің «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде ғалым 
сөз өнеріндегі тіл көркемдігін ажарлау, құбылту, айшықтау, машықтауды 
жекелей саралай көрсеткен. Мұндағы ажарлау негізгі сөздегі дауыс ырғағынан 
басталып, дыбыстық қайталаулар арқылы ерекшелетіндігіне алдымен көңіл 
бөлінген.  «Әдеби  тілге  дауыс  ырғағы  емес-ау,  тіпті  дыбыс  қайталаулар 
арқылы да әжептәуір ажар бітіруге бо лады. Бұл тәсіл екі түрлі аллитерация 
(латынша  –дыбыстас)  –  бірыңғай  дауыссыз  дыбыстарды  қайталау  және 
ассонанс (французша – үндес) – бірыңғай дауысты ды быстарды қайталау. 
Бұлар поэзияда да, прозада да кездесіп отырады» [4; 225 б].
Сөзді ажарлаудың ендігі бір көрсеткіші болып табылатын айқындау 
(эпитет),  теңеу  екендігі  осы  еңбекте  айтылады.Жалпы,  бүкіл  бейнелеу 
кұралдарын кез-келген шығармадан тауып, жүйелеп шығудың өзі қыруар 
жұмыс  екендігі  сөзсіз.  Алайда  бей нелеу  құралдарын  ішіндегі  ажарлау, 
кұбылту, айшықтау көркем шығармалардан талдап көрсеткен еңбектердің 
сандық  көрсеткіші  көңіл  қуантпайтындығы  тағы  белгілі.  Рас,  жазба 
әдебиетіне  қатысты  поэтикалық  тұрғыдан  Қ.  Жұмалиев,  З.  Ахметов,  
З. Қабдолов, Р. Нұрғалиев, М. Атымов, Т. Әбдрахмановалардың еңбектері 
алдымен аталады.
Ал  қазақ  фольклорының  поэтикасына  қатысты  көріністер  енді 
ғана  басталды  десек  те  болғандай.  Ауыз  әдебиеті  шығармаларының  тіл 
кестесі, өлең құрылысы, құрылымы, образдар жүйесі, сюжет деңгейіндегі 
қарастырулар С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетова, Ш. Ыбыраев, Б. Әзібаева, 
Б. Рақьшов және т.б. зерттеулерде жүзеге аса бастады. Аталған ғалымдар 
фольклорлық мұраларымыздағы сөз көркемдігіне арнайы тоқталып, оны 
жүйелей көрсеткен. Бұның асығыс айтылған пікір еместігін сөз арасында 
айта  кетейік.  Эпосты  –  әуезе,  лириканы  –  толғау,  драманы  –  айтыс  деп 
жүйелеп,  сала-салаға  жіктеп  әкеткен  ғалым-теоретик,  эстетик-сыншы 
А.Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқыш»  атты  еңбегінде  көріктеу 
(эпитет)  теңеулерге  негізгі  дәлел  батырлық  жырлардан  алынған  еді  
[5;353-355  бб.].  Осы  бастама  Е.  Ысмайловтың  «Әдебиет  теориясының 
мәселелері», «Ақындар» және Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» атты 
еңбектерінде жалғасын тапқан. Батырлық жырлардан бейнелеу құралдарына 
қатысты  мысалдар  келтірілген.  Одан  кейінде  халық  ауыз  әдебиетіне 
байланысты  жарық  көрген  еңбектерде  шолу  түрінде  айтылып,  мектеп 
окулықтарында батырлық жырлардан үзінділер келтіріледі.
Қазақ  эпосына  байланысты  зерттеулер  жасаған  М.  Әуезов  және  
Л.  Соболев,  А.  С.  Орлов,  В.  Жирмунский,  Қ.  Жұмалиев,  М.  Ғабдуллин,  
Ә.  Қоңыратбаев,  Р.  Бердібаев,  С.  Садырбаев  еңбектерінде  де  жырдағы 
дыбыстық кайталаулар, эпитет, теңеулер шолу түрінде айтылып отырған. 
Осындай зерделі еңбектердің негізінде XX ғасырдың 40 жылдарынан бастап, 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» атты көп томдықтар шығарылу көзделген еді. 
Алғашқы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томында және 
кейінгі басылымдарда да батырлық жырларға қатысты тарауларда жырдың 
сөз көркемдігі, тіл өрнегіне қатысты мәселелерде ажарлаудың үлгілері қалыс 
қалмай көптеген мысалдар арқылы түсіндірілген. Сонымен коса, «Қазақ 
ауыз әдебиетінен» арнайы жоғарғы оқу орындарына оқулықтар дайындаған 
М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, М. Тілеужановтар еңбектерінен де эпостық 
жырлардан ажарлауға катысты мысалдарды табуға болады. Солай дей тұрсақ 
та, бұлардың бәрі ажарлауға байланысты арнайы зерттеу емес. Анығына 
көшсек, мұнда аңдату, аңғарту, бар екендігіне талас жоқ. Осы тұрғыдан алып 
қарағанда Т.Қоңыровтың ажарлаудың бір түрі теңеулер жөніндегі зерттеу 
еңбегіндегі мына төмендегі пікірі дәлелді айтылған:
«Қазақ теңеулерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу былай тұрсын, 
оны  әдебиеттану  тұрғысынан  тексерген  арнайы  бірде-бір  еңбек  жоқ» 
[6;3  б.].  Шындығына  кел сек,  бұл  ажарлаудың  бірі  теңеуге  қатысты 
жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарынан кейінгі айтылған пікір 
екендігі даусыз. Жалпы, басты мақсат – қазақ фольклорының аса бай саласы 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
26
27
болып табылатын эпостық жырлардың көркемдік күш-қуатын таразылау, 
ондағы бейнелеу құралдарының алатын орны, атқаратын қызметін зерттеу, 
эпикалық  жырлардағы  ажарлаудың  аса  пәрменді  көркемдеу,  бейнелеу 
құралы  екендігіне  көңіл  бөліп,  осы  мәселелердің  негізінде  ажарлаудың 
ассоциациялық мүмкіндіктері мен тұрақтылық сипатын, дыбыс үндестігі 
мен бояу үйлесімдігін анықтау, ажарлаудың жоғарыдағы аталған түрлерінің 
семантикалық құрылымы қандай, стильдік вариациялары мен эмоционалдық 
-экспрессивті  сапасына  назар  аудару,  сөйтіп,  нәтижесінде  ажарлаудың 
қолданыс аялары мен функционалдық негіздерінің мүмкіндіктері қандай 
деген  сауалдарға  жауап  беру.  Осы  орайда,  ажарлауға  қатысты  дауыс 
ырғағы  (интонация),  дыбыс  қайталаулар  аллитерация  мен  ассонанс, 
эпитет (айқындау) пен теңеу ізденісімізге арқау болып, олардың эпикалық 
шығармадағы қызметін ерекшелеу алдынғы орынға шығады. 
Жалпы алып қарағанда, қазақ халқының өлеңдік қоры, оның өзіндік 
ерекшеліктері дейтін мәселелер ерте замандардан айтылып келеді. Қазақтың 
даңқты перзенті Ш. Уәлихановтың бұл істе елеулі еңбегі бар екендігі әркімге 
жақсы таныс. Сонымен қатар, қазақ жеріне келіп, оның әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлеріне үңілген көптеген еуропа ғалымдарының аса қызыға қарағаны 
халқымыздың поэзиясы екендігі мәлім. Ерте кездің өзінде айтылған академик 
В. В. Радловтың мына пікірі соның дәлелі: «Қазақтың өз өлеңдерінде бағалы 
санайтын ертегілердегідей әлдеқандай бір жан түршігерлік және ғажайып 
дүние емес, ол өзінің сезімі мен талап-тілегін, қоғамның әр мүшесі аңсайтын 
арман-мұратты жыр етеді.Тыңдаушыларды сүйіндіретін қисынсыз ғаламат 
жайлар, керемет зор нәрселер емес, табиғи жайлар, айналадағы өмірдің ақиқат 
шындығы» [1-9]. Сөз өнеріндегі көркем бейнелер, тіл шұрайы, көркемдік 
кестелер – ұлттық ерекшеліктің ғажайып бір айғағы. Бұл әсіресе, эпостық 
шығармалардан айрықша танылады. Белгілі ғалым, академик 3. Ахметов 
былай дейді: «Тілдің, сөз кестесінің табиғилығы мен қарапайымдылығы 
– дегеніміз халықтың көркем дүние танымы, көркем ой -сезімі қоғамдық 
өмірімен  нақтылы  әлеуметтік-тарихи  жағдайлармен  тығыз  байланысты 
қалыптасқандығының белгісі. Міне, сондықтан да тілінің қарапайымдылығы, 
көркемдігі  мен  тартымдылығы  жағынан  халық  поэзиясы  әрқашан  да 
тамаша үлгі болып қала бермекші. Нағыз поэзиялық көркемдік шеберлікті 
танытатын  халықтың  өлең  жырлары  болса,  халықтық  тілдің  тұнығынан 
алынған нелер асыл сөздерді де сол өлең-жырлардан табамыз» [7;29 б.], - 
депті. Осы пікірдің жалпы эпостық шығармаларға қатысты айтылғандығын 
да байыптау қиын іс емес. Бір анығы өлең -жыр болсын оның күш-қуаты, 
сөздік нақышы алдымен айтушы шеберлігіне байланысты екен. Батырлық 
жырларды жырлаушы шеберлігін анықтау, ондағы сюжеттік ерекшелік пен 
образ жасаудағы мүмкіншіліктен ғана емес, соны қиыннан- қиыстырудағы 
сөздік  қолданыспен  де  ерекшеленетіндігін  ұмытпайық.  Осы  қисынның 
түп негізі көркемдік ойлауға тіреледі. «Көркемдік ойлаудың табиғаты мен 
мәні  дүниені  көркемдік  тұрғыдан  игерудегі  рухани  қабілет  екендігімен 
анықталады.Образдық сезімділік тұрғыдан әлемді тану, адам болмысына 
үңілу, тіршілік-тұрмыс мәнісін бағалау, көңіл-күй құбылыстары және қиял 
ырқымен жүзеге асатын суретті, бейнелі ұғымдар синтезі көркемдік ойлаудың 
ерекшелігі болып табылады», – дейді ғалым С. Негимов [8;118 б.]. 
Жырдағы жойқын жекпе - жек, батыр астындағы пырағының жекелей 
алынуы,  алынбас  аса  биік  тас  қамалдар,  терең  қазылған  орлардың  жан 
түршігерлік суреттері батыр бейнесін ерекшелеуден туған. Осының бәрі өнер 
тілімен, сөз құдіретімен ғана түсіндірілетін күшке ие. Бірақ мұндағы көркемдік 
ойлаудың негізі – ел қорғанышы болған адамды дәріптеу. Ел қамқоры, қорғаны 
болатын қаһармандарды жасау ертеден қалыптасқан. Қазақ эпосына елеулі 
еңбегі сіңген ғалым Р. Бердібаев былай деді: «Эпостың өзіне хас, қалыпты 
белгілері: онда белгілі бір халықтың эпикалық өткен дәурені суреттеледі, 
эпопея негізіне жеке бастың емес, ұлттық өмірдің аңызы алынады, мұнда 
бұрынғы мен қазіргінің арасында ұзақ уақыттық белестер жатады. Эпос – 
өмір оқиғаларының нақтылы талдауы емес, естелігі. Ал қандай да болмасын 
ұлттың эпикалық естелігі қайта өзгертуге, басқаша баяндауға болмастай 
қасиетті ұғым ғой. Ол жеке адамдардың өңдеуіне, әрлеуіне көнбейді, өйткені 
эпикалық аңыз өз келбетімен қызық, оның бағасы да беріліп, қорытындысы 
да шығарылып қойылған» [11;45-46 бб.]. Осы пікірдің эпостағы көркемдік 
ойлау, қиялға немесе бейнелеу құралдарына да қатысы бар. Жырдағы дыбыс 
ырғағының  белгілі  үндестігі,  дыбыстар  заңдылығы,  түр-түсті  айқындап 
берулері мен батырдың мінез-құлқын (психологиясын), оның астындағы 
пырағының өзіне сай келуі, бойына асынған бес қаруының сайма-сайлығы 
көркемдік тұрғыдан көріктеудің алғашқы озық үлгілерін көрсетеді. Образды 
сөз жасауға айрықша қызмет етеді екен. Бұларсыз тіптен айтарыңды анықтау 
мен  суреттеліп  отырған  құбылысты,  затты  нақтылау  қиын.  Олай  болса 
ажарлау сөз өнеріндегі бейнелеу құралдарының пәрменді бір үлгісі. Қысқаша 
айтқанда, ажарлау -көркемдік ойлау мен қиялдың келісті бір көрсеткіші.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 
1  Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігі.  /Құрастырушы  З.  Ахметов.  – 
Алматы : Ана тілі, 1996. – 240 б.
Валиханов, Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.2. – Алма-Ата : 
Наука, 1961. – С. 196.
Қабдолов, З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы : Мектеп, 
1970. – 377 б.
Байтұрсынов, А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, пуб. мақалалар 
және әдеби зерттеу. /Құрастырған Р. Нұрғалиев. Алматы : Жалын, 1991. – 464 б.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
28
29
Қоңыров, Т. Қазақ теңеулері. – Алматы : Мектеп, 1978. – 201 б.
6  Радлов,  В.  В.  Образцы  народной  литературы  тюрк ских  племен.  
– Спб. , 1985. Т. V. – С. 8-9. 
Ахметов, 3. Өлең сөздің теориясы. – Алматы : Мектеп, 1973. – 212 б.
Негимов, С. Әдебиет терминдерінің сөздігі. – Алматы : Ана тілі, 
1996. – Б. 118.
Тілеужанов, М. Ел әдебиеті. – Алматы : Ана тілі, 1992. – 176 б.
10  Ыбыраев,  Ш.  Эпос  әлемі.  Қазақтың  батырлық  жырларының 
поэтикасы. – Алматы : Ғылым, 1993. – 296 б.
11 Бердібаев, Р. Қазақ эпосы. Жанрлық және стадиялық мәселелер. – 
Алматы : Ғылым, 1982. – 232 б.
12.02.16 баспаға түсті.
Б. М. Айтбаева
1
, Б. М. Мауленова
2
, А. М. Мауленова
3

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет