Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,21 Mb.
#5933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

17 


 

Ұлы  жеңіспен  аяқтады.  Жеңіс  елімізге,  халқымызға  болашаққа  сенім,  кұш, 

қайрат, рух берді. Міне, содан бері арада 70 жыл артта қалды. Халық болып 

қараған  Совет  Одағы  ыдырап,  біздің  Қазақстан  өз  алдына  жеке  мемлекет 

болды.  Бұл  тарихи оқиға  1991 жылдың    желтоқсан  айының  16  жұлдызында 

болған еді. Содан бері еліміз Ұлы жеңісті жалғастырып, жаңа жетістіктермен 

өркендеп  келеді.  1995  жылы  30  тамызда  Қазақстан  Республикасы  өзінің 

Конституциясын  қабылдап,  демократиялы,  зайырлы,  құқықтық  және 

әлеуметті мемлекетке айналды. Бірқатар халықаралық ұйымдардың құрамына 

кірдік. Қазіргі уақытта береке мен бірлігі жарасқан, көп ұлттар бір шаңырақ 

астында  бас  қосқан  көп  елдер  тамсана да,  таңданып қарайтын  экономикасы 

дамыған, бетке ұстар мемлекетке айналдық.     

 

 

Бекқұлы Дәуір 



 Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы  Б.Момышұлы атындағы  

шағын орталықты орта мектебінің  9 сынып оқушысы  

Жетекшісі: Касенова Аида Арғынғазықызы                 

     

 

Мен атаммен мақтанам! 

 

Арыстандай айбатты,  



   Жолбарыстай қайратты- 

      Қырандай күшті қанатты,  

Мен жастарға сенемін! 

 

-  деп  өзінің  саналы  ғұмырын  бала  тәрбиесіне  арнаған  тарихтың  өткені  мен 



бүгінгі күннің  алтын көпіріне айналған, ұл-қыздарын, немерелерін ана тілін 

де тәрбиелеп, қазақи болмыс рухында жетілдіре білген, көреген тәрбиеші, өз 

елінің патриоты атаммен мақтанып қолыма қалам алдым. Ұлы Отан Соғысы 

тарихын  зерделеп,  зерттеп  сұрапыл  соғыста  Ұлы  Жеңіс  үшін  жанын  пида 

еткен  боздақтарды,  елге  оралған  майдангерлерді,  тылда  жанқиярлық  еңбек 

үлгісін  көрсеткендерді,  майдан  қорына  жеке  қаржысын  қосқан,  еңбек 

майданындағыларды  35  жыл  бойы  деректеп  жүрген  тарихшы  атамды 

шығармамның кейіпкері етіп отырмын. 

 

Майдангерлердің  жоқтаушысы,  тыл  еңбеккерлерінің  дәріптеушісі 



Бекқұлы  Әліұлы  Жамбыл  облысы,  Тұрар  Рысқұлов  ауданы,  Жаңатұрмыс 

ауылының  тумасы.  Отаншылдық  істерін  Қаныш  Сәтбаев  орта  мектебінде 

бастаған.  1979  жылы  ауылдан  соғысқа  аттанып,  оралмаған  182  боздақтың 

тізімін тізіп, есімдерінің ескерткішке жазылуына үлесін қосқан.  

          Жамбылдық  Брест  қорғаушыларын  іздестіру  мақсатымен  1981  жылы 

оқушылардың  «Парыз»  тобын  ұйымдастырады.  Қамал  мұражайынан,  11 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

18 


 

ауданның әскери комиссарияттар мұрағаттарынан 1939-1940 жылдары Брест 

қамалында,  маңында  әскери  қызмет  атқарған,  соғысты  сонда  қарсы  алған 

Жамбылдықтарды деректейді.  

           «Парыз» жасағы 1984 жылы облыстық, 1985 жылы XIII Республикалық 

және  Владивосток  қаласында  өткен  Бүкіл  Одақтық  өлкетану  слёттарында 

Қамал қорғаған 52 Жамбылдықтардың майдан жолын, тағдырларын баяндап 

жеңімпаз болған. Қазақ ССР, КСРО оқу ағарту  министрлігінің, Педогогика 

ғылым Академиясының, КСРО қарулы күштер орталық мұражайының, КСРО 

Ардагерлер 

Орталық 

Комитетінің 

грамоталары, 

дипломдарымен 

марапатталған. 

 

 Оқушыларын  «Әкелер  даңқы  жолымен»  атты  сапармен  Москва- 



Гомель-  Минск-  Брестке  апарған.  «Парызшылар»  Брест  қамалындағы  сол 

қалпында  тұрған  бекініс  қирандыларын,  мемориалды,  мұражайдағы 

деректерді жәдігерлерді көріп, жүректерімен сезініп, «Соғыс, Қасірет, Ерлік» 

ұғымдарын  жан  дүниелерімен  түсініп  іздеу-деректеу  жұмыстарына  белсене 

араласады.  

         30 жыл ізденісінде 120 жамбылдықтың 86-сының қамал қорғағанын, 34-

інің  Брест  маңында  шайқасқаның  анықтаған.  Бұрын  53  қазақстандық  қамал 

қорғаушысы болса, 2012 жылы атам деректеген  4 жамбылдық осы дәрежені 

алды. Бүгінде қамал мұражайы ғылыми кеңесінде 82 жауынгеріміздің қамал 

қорғаушысы дәрежесіне ұсынылуы қаралуда.  

 

1985  жылы  Каменка  орта  мектебінде  Өлкетану  топтарын  құрып,  1880 



жылы  негізі  қаланған  Каменка  селосының,  1900  жылдары  ашылған  2-

сыныптық  шіркеу-приходтық  мектептің,  1930  жылы  құрылған  колхоздың, 

соғыс-еңбек  ардагерлерінің  деректерін  жинақтайды.  Ауылдық  кеңес 

аймағындағы 4 ауылдан соғысқа аттанып, оралмаған 300 боздақты деректеп 

есімдерінің 

ескерткішке 

жазылуын 

ұйымдастырған. 

1985 

жылы 


Өлкетанушыларын туристік поездбен Фрунзе – Алматы – Жамбыл – Шымкент 

– Түркістан – Ташкент – Самарқан -  Бұқара – Хиуа – Ургенішке, 1989 жылы 

Жамбыл  –  Шымкент  –  Түркістан  –  Ташкент  –  Самарқанға    сапар 

ұйымдастырады.  Әкелген,  дерек,  көрнекіліктерімен  өлкетану  мұражайы 

толықтырылған.  

         1995  жылы  Өлкетанудағы,  Отаншылдық  үздік  жетістіктері  мен  сапалы 

білім  берудегі  еңбегі  үшін  Қ.Р.  білім  беру  ісінің  үздігі  төс  белгісімен 

марапатталады. 

         2012  жылдан  бері  Ленинград,  Новгород  шайқастарында  қаза  болған 

Жамбылдықтарды  деректеп,  2013  жылы  аталған  облыстардың  әскери 

комиссариаттарына 2500 жауынгер тізімін, 500 «қара қағаздарды» тапсырды. 

Боздақтардың 1100-і Ленинград, 1400-і Новгород облыстарында шейт болған. 

«Пискарев»  зиратында  25,  «Невский  Пяточок»  плацдарымында  241, 

Петерборда 100-ге жуық Жамбылдықтар жерленген.  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

19 


 

         Новгород  түбіндегі  Долгово  деревнясында  жерленген  310-шы  Ақмола 

АД-  ның  54  жауынгерін  деректеуге  Астана,  Атбасар  барды.  Көкшетау, 

Қарағанды, Қостанайға іздеу салды, әзірше 3 Қостанайлықты тапты. 

         Биыл  250  жауынгеріміздің  Ленинград,  Новгородта  ескерткіштеріне 

есімдері  жазылған  хабарын  алып,  ұрпақтарын  іздестіріп,  әке-аталарының 

дерегін тапсыруда. 

         Облыстық  әкімдігі  ішкі  саясат    басқармасы  тапсырысымен  «Ұ.О.С. 

тарихи  шайқастардағы  Жамбылдықтар»  атты  әлеуметтік  жобаны  атқаруға, 

«Парыз» қоғамдық бірлестік құрды.  

         Москва – Сталинград – Курск – Орел – Ленинград – Новгород – Псков – 

Калинин – Смоленск – Витебск  шайқастарында қаза болған жері белгілі. 6350 

Жамбылдықтардың тізімін жасады. Мақсаты: боздақтардың деректерін Ресей, 

Белорус  әскери  комиссариаттарына  жіберіп,  жауынгерлер  есімдерін 

ескерткіштеріне  жазғызу.  Тізімдерін  Ресейдің  1-  ші  телеканалы  жариялаған 

«Вспомнить по именно» атты біртұтас электрондық мағлұматына енгізу және 

Республикалық, облыстық мұрағаттарға өткізу.   

         Брест қорғаушыларын бірге деректеп жүрген профессор Ахметова Ләйла 

Сейсенбекқызының  шақыруымен  Қазақ  Ұлттық  Университетінде  өткен 

халықаралық  дөңгелек  үстелге  қатысып  «Ленинград  қорғанысына  

Жамбылдықтардың  қосқан  үлесі»  атты  баяндамасында  жауынгерлер 

мәліметін,  облысымыздың  азық,  жылы  киім,  сыйлықтар  апарған  нақты 

деректерін баяндаған. 

         2014  жылдың  28-сәуірде  Курскідегі  ТМД  елдері  поисковиктерінің 

«Бірлікпен  келген  Ұлы  Жеңіс»  атты  IV  халықаралық  форумында  «Курск 

доғасындағы  Жамбылдықтар»  деген  баяндамасында  Жамбылдық  1050  қаза 

болған  жауынгерлердің  дерегін,  130  қара  қағазын  әкелгенін  және  Таластық 

Дәулетбеков  Амантайдың    Курскі  облысы,  Поныровскі  ауданында  ерлікпен 

қаза  болғанан  кейін  Кеңес  одағы  батыры  атанғанын,    жерленген  жерін 

анықтауға келгенін баяндаған.  

         Жақында  Курскілік  поисковик  Владимир  Королев  Қызылорда  облысы, 

Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы тумасы 1921 жылғы Жүргенов Ордабай Курскі 

облысы, Теплое селосында 17 шілде 1943 жылы қаза болғаның хабарлады. 

          18 жауынгер село маңындағы биіктікте қорғаныста тұрған. Олардың аз 

екенін  біліп,  немістер  қоршауға  алады.  Взвод  бірінші,  екінші  шабуылды 

тойтарады,  үшінші  шабуылға  неміс  танкілері  шыққан.  Жауынгерлеріміз  3 

танкіні  жойған,  оқ,  снаряд,  граната  біткен.  Взвод  командирі  лейтенат 

А.Д.Рамоновский    Семей  облысы,  Мақаншы  ауданы,  Бахты  ауылының 

тумасы,  ауыр  жаралы  командир  жауынгшерлерін    қоян-қолтық  айқасқа 

бастаған,  барлығы  мерт  болған.  Көмекке  келген  224  АП  командирі,  ұрыс 

даласында 83 немістің өліктерімен аралас жатқан жауынгерлеріміздің, соңғы 

айқасқа дейін көпшілігінің жаралы болғанын танылған бинттерінен байқаған.  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

20 


 

Орыс, қазақ, украин, өзбек, мордва, әзірбайжан, татар, чечен ұлт өкілдерінен 

құралған 18 жауынгердің  ерлігі Ұлы Отан Соғысында КСРО халықтарының 

бірлігі арқасында Жеңіске жеткеніміздің айғағы болып тұр емес пе?   224 АП 

командирі  полковник  Сурженконың,  162  АД  командирі  гвардия  генерал 

майоры  Сенчилло,  штаб  бастығы  гвардия  подполковнигі  Черных  18 

жауынгерді  Кеңес  Одағы  Батыры  атағына  ұсынған.  Жерлесіміз  Жүргенов 

Ордабайдың  Кеңес  Одағы  Батыры  атағына  ұсынылған  құжат  көшірмесі 

атамның  қолында.  Жер  қойнында  белгісіз  жатқан  тағы  бір  батыр  тұлға  өз 

ұрпағына танылды, өшкені жанды деген осы емес пе?!  

          Курскілік 

поисковик 

Королев 

взвод 


командирі 

жерлесіміз 

Романовскийге  және  Ерпиловқа  Ресей  батыры  атағын  әперу  үшін 

әрекеттенуде  екен. 1994-2010 жылдары  109  жауынгер  Ресей  Батыры  атағын 

алыпты.    

 Атам «Сыр өңірі» басылымы арқылы,  батырдың туыстарына, қорғаныс 

бөлімдерімен  хабарласып  қозғау  салуда.  Жеңістің  70  жылдығына  орай    екі 

жерлесіміз Батыр атанып тарихымызға енсе нұр үстіне нұр болар еді. 

        Осы  шығармамды  жазып  жатқанда  атам  тағы  бір  құнды  деректі  тапты. 

Тверь  (бұрынғы  Калинин)  облысы,  Зубцов  ауданы,  Карамзино 

деревнясындағы белгісіз жауынгерлер зиратын поисковиктер ашып, есімдерін 

анықтапты,  жауынгерлердің  34-і  қазақстандықтар,    олардың  14-і  Жамбыл 

облысы Сарысу ауданынан, 1-і Солтүстік Қазақстан, 1-і Ақтөбе; 4-і Алматы; 

13-і Семей, Шығыс Қазақстаннан шыққан екен.  

          Жалпы  алғанда,  атам тарихи 11  шайқаста  қаза болған,  жерленген  жері 

белгілі  7  мыңға  жуық  боздақтарды  деректеді.  Ленинград,  Новгородта  қаза 

болған жауынгеріміздің есімдерін ескерткіштеріне жазылуына козғау салды,  

252 жазғызды, жазылуына еңбектенуде. 

         «Қазақстандық патриотизмді» насихаттау үшін тылда жанқиярлық еңбек 

үлгісін  көрсеткендерді,  майдан  қорына  жеке  қаржысын  қосқандарды,  еңбек 

майданына  қатысқандарды  деректеуге  аудан  мектептерін  жұмылдыру  үшін 

кездесулер  семинар  кеңестер  өткізуде  және  Жеңістің  70  жылдығына 

жарияланған  оқушылар  шығармаларының  Республикалық  байқауына 

қатысуларына бағыт бағдар беруде. 

                                          Қаһарлы сол жылдарға бас иейік,  

           Бас иейік, сарбаздармен, сардарларға.  

   Бас иейік шейіттер мен тірілерге,  

Ұмытуға болмайтын барлығына 

                                       Бас иейік, бас иейік бәріміз  

 

-  деген  өлең  сөздері  атамның  өмірлік  ұстанымына  жазылғандай.    Ел  ішінде 



патриоттар жеткілікті екеніне шүбәм жоқ, десе де нағыз Отаншыл азамат, ол 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

21 


 

менің  атам  дер  едім.    Майдангерлер  рухы  жебеп,  елдің  батасымен  амансау 

жүрген, нағыз патриот атаммен мақтанамын, пір тұтамын!  

 

 



 

 

Бөтейева Ұлдана 

10 сынып оқушысы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,  

Қ.Сұлтанбеков атындағы  орта мектеп 

 

... «Отан» деген бір-ақ ауыз сөз.Бірақ сол 



сөздің  мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ... 

Баубек Бұлқышев 

 

Зұлмат  соғыс  халқымыздың  қаншама  дарынды  ұлдарын  дегеніне 



жеткізбей, бойларындағысын сарқып ұлтына бергізбей, артына ұрпақтарын да 

қалдырмай қыршындарынан қиып, өздерімен бірге асыл армандарын арқалап 

алып  кетті.1932-нің  аштығы,  1937-нің  нәубетінен  ұлтының  небір  асыл  ұл-

қыздарынан  айырылған  халық  басқыншыларға  қарсы  соғысқа  тағы  да 

қимастарын аттандырған. 

Қазақ жерін қызыл қанға бояп, орны толмас қайғы-қасіретке ұшыратқан 

сұрапыл соғыс ешқашан ұмытылмақ емес. Толарсақтан қан кешіп, майданның 

ауыр  азабын  шеккен  батырларымыздың  көпшілігі  оралмады.  Кешегі  қан 

майданда  аспаннан  төніп  жауының  зәре-құтын  қашырған  батырларымыз 

қазақтың  бүгінгі  бар  болмысы,  бар  бітімі,  бар  айтары.  Жалындаған  жастық 

шағында көзсіз ерлігімен, ерекше қабілетімен көзге түсіп қан майданда өзінің 

ғана  емес,  күллі  қазақ  халқының  атағын  шығарып,  даңқын  асқақтатқан 

ерлеріміздің есімі бүгінде баршамыздың көкейімізде. 

Адамзат  тарихындағы  аса  ірі  де  қасіретті  оқиға  –екінші  дүниежүзілік                            

соғыс.  Ал  кешегі  алып  КСРО  мемлекеті  құрамындағы  халықтар  үшін  Ұлы 

Отан  соғысы  болды.  Адамзат  тарихындағы  ең  жойқын  соғысқа  аттанған 

ерлеріміз Отанын қорғау үшін кеудесін оққа тосқан. 

Біз, соғыстан кейін туған ұрпақ,  кешегі Ұлы Отан соғыс жылдарындағы 

аға ұрпақтың – қазақтармен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек 

оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Ұлы 

Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің 

саяси-тарихи,  елдік  мәні  туралы  ойлану,  пайымдау  –  кейінгібуынның 

азаматтық  парызы.  Соғыста  біздің  әкелеріміз  ежелден  еркіндік  аңсаған  ер 

қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының 

антқа  адалдығын  көрсетті.  Отан  соғысы  майдандарында  жау  тылындағы 

партизандары  мен  Еуропа  елдеріндегі  қарсыласу  қозғалысы  қатарында 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

22 


 

шайқасып,  фашизм  концлагерьлерінде  қаза  тапқан  өжет,  қайсар 

қандастарымыздың рухына бас иеміз... 

Соғыстың от-майданында жүріп «алты малта ас етіп», «толарсақтан қан 

кеше  жүріп»,  елге  жеңімпаз  ретінде  оралған  батыр  ақын-жазушыларымыз 

соғыстың  ерлік  рухын,  адам  бойындағы  бар  қасиетке  сын  болған  алапат 

қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей, тіпті, дәлірек айтсақ қазақ 

ұлты  ұландарының  ерлігі  мен  мәрттігі,  жанкештілігі  мен  төзімділігі  туралы 

бүгінгі  ұрпаққа  жеткізген.  Олар  бүгінгі  ортамыздағы  қайырымдылық  пен 

әділдіктің,  партиоттың  жыршысы  һәм  күзетшісіндей.  Талай  ақын-

жазушыларымыздың  шығармаларына  арқау  болып,  қайғы  мен  қасіретке 

толған  жылдар  туралы  баяндалған  сұрапыл  соғыста  аналарымыз  туған 

баласынан,  қыздарымыз  ағалары  мен  әкелерінен  айырылып,  оларды  қара 

жердің қойнына тапсырған. 

Біздің ауылымызда да Ұлы Отан  соғысынан аман-есен оралған ардагер 

аталарымыз  бар.  Солардың  ішінде  Абдрахманов  Шұлғаубай,  Сүлейменов 

Асаубай және басқа да жерлестеріміз соғысқа қатысып, елін қорғауға үлкен 

үлес қосқан. Қан майданда тылда жұмыс істеген ата-апаларымыздың да ерен 

еңбегі  ұмытылмайды.  Тылда  жұмыс  істеген  азаматтарымыздың  арасында 

менің  аталарым  Сәбденов  Бөтей  және  Зәуірбеков  Нұрах  болған.  Сәбденов 

Бөтей – Ленин орденді механизатор. Өмір бойы өз ауылының өсіп-өркендеуіне 

зор  үлесін  қосты.  Ең  алғашқы  ХТЗ,  ЧТЗ  тракторларынан  бастап,  К-700 

тракторына  дейін  меңгерді.  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  тылда  істеген  зор 

еңбегі үшін Ленин және басқа да медальдармен марапатталды. Ал Зәуірбеков 

Нұрах Еңбек майданында Қарағанды қаласындағы шахтада жұмыс істеді. Сол 

еңбегін бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 

Абахов Кәрібай атам -  Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыстан оралған 

соң  трактор  руліне  қайта  отырды.  Жер  жыртты,  тұқым  септі,  егін  орды. 

К.Абаховтың  көп  жылғы  қалтқысыз  еңбегі  жоғары  бағаланып,  1967  жылы 

Социалистік  Еңбек  Ері  атағы  беріліп,  Ленин  ордені  мен  Алтын  жұлдыз 

медалімен қоса марапатталды.Туған ауылымыз Жақсылықтың бір көшесі осы 

Кәрібай атамның атында. «Ер есімі – ел есінде» деген осы да. 

Апам  Абахова  Сәлима  Жаманқарақызы  -  аудан  қыз-келіншектері 

арасынан Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан жалғыз әйел. Сәлима апам 

соғыс  кезінде  санитар  болып  жүрген  кездегі  көзіне  жас  алып  әңгімелейтін 

мына бір оқиғасын айта кетейін. Сәлима апамен бірге санитар болып поляк 

қызы  да  қызмет  атқарған.  Олар  жау  танкілері  мен  жауынгерлері  жерімізге 

баса-көктеп  кіріп,  біздің  әскерімізге  оқ  боратып  талай  жауынгерлерімізді 

жаралағанда,  оларға  көмек  көрсетіп  емдеген.  Соғыс  алаңында  жаралы 

жауынгерлерді  дәрігерге апара жатқан кезде жау танкісі Сәлима апаның көз 

алдында  поляк  қызын  тірідей  таптап  өтіп,  мерт  қылған  екен.  Осы  оқиғаны 

үлкен қасіретпен еске алғанда, көзіне еріксіз жас келеді. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

23 


 

Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің 

ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгіұрпақтың парызы.Елім 

деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, жүз ғасыр өтсе де ел есінде сақталып 

қалары сөзсіз.

 

 



 

Бөтей Анар  

Т.Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы, 

  Қ.Сұлтанбеков атындағы  орта мектебі. 

9  сынып оқушысы  

Жетекшісі: Асилина Ж.Б. 

 

Сарғайса да тарихтың ақ парағы, 



ол күндер мәңгі есте сақталады 

 

«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,  

Жігер менен құштарлықтың құралы,  

Күрескердің арманы мен ұраны  

Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 

   «Жеңіс» жүрекке жылы естілетін сөз. Осы бір ауыз сөз үшін қаншама 

ата-бабаларымыз қан төгіп, жанын қиды. 1941-1945жылдар аралығында өткен 

сол 5 жыл, қазақ халқына қаншама қиындық алып келді. Көптеген балалар ата-

аналарынан  айырылып  жетім  қалды,  ал  әйелдер  ерлерінен  айырылып  жесір 

қалды.Сол  кезде  майдан  алаңында  жанын  қиған  ата-бабаларымыз    елімізді, 

жерімізді қорғап қалды. Соғыс кезінде тылда жұмыс істеген аталарымыз бен 

апаларымыздың  да  еңбегі  зор.  Соғыс  алаңына    азық-түлік  тасып,  жаралы 

жауынгерлерді  емдеп,  қара  жұмысқа  салынған  тылда  жұмыс  істеген 

аталарымыз  бен  апаларымызды  ұмытпағанымыз  жөн.  Менің  атам  Сабденов 

Бөтей  тылда  жұмыс  істеген  адамдардың  қатарына  жатады.  Мен  атамның 

жасаған еңбектерін мақтанышпен айтамын. Осындай үлкен еңбектің, күш пен 

қайраттың,  батырлықтың  арқасында  осы  жеңіске  қолымыз  жетті.  Соғыс 

ардагерлерінің,  тылда  жұмыс  істегендерден  сол  майдан  алаңында  басынан 

кешкен  оқиғаларын  сұрасақ,  көздеріне  жас  алып  естеріне  түсіреді.  «Соғыс» 

бұл сөздің өзі адамның денесіне үрей туғызады. Сондай қорқыныш бола тұра 

жауынгерлеріміз  майдан  алаңына  аттанды.  Қазақ  елі  басына  күн  туғанда 

жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген  жауынгер  халық  болған.  Ұлан  байтақ 

даласының  бір  тұтам  жері  үшін  қорқу  деген  сезімді  жүрегінен  жұлып  алып 

тастаған.  Тіпті  арыға  бармай-ақ  кешегі  Ұлы  Отан  соғысының  әлі  сарғайып 

үлгермеген  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың  қанды 

қырғында  қаймықпай  соғысқанына  анық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал  айқас 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

24 


 

алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл 

өткен  соң  Бауыржан  Момышұлы  алды)  Кеңестер  Одағының  батыры  атағын 

алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа 

халықтардың  алдына  шығып  кетеді  екен.  Ердің  ері  шыдайтын  жаңбырша 

жауған  оқ  пен  қарша  бораған  бомбаның  арасында  олардың  нәзік  жүректері 

тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды  тырнағына  ілікті.  Сол  бір 

сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық 

сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500  ден  аса  жерлестеріміз,  оның 

ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар 

алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада 

да  жүріп  жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз 

бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған  завод  пен 

фабрикаларға,  майданға  керекті  оқ  -дәрі  мен  азық-түлік  жеткізуші  үлкен 

арсеналға айналды. 

   Жеңіс – жай  қабылдай салатын ұғым емес.  Астарына үңіліп қараңыз. 

Осы  бір  ғана  сөз  үшін  талай  боздақтың  қаны  төгілді,  талай  жанның  ары 

тапталды, сан әйелдің жары опат болды, өмірдің мәні, соғысқа арналды сол 

заманның  әні,  қыршыннан  қиылды  жаны,  ақыры…  Жеңістің  нұрлы  таңы 

атты.Ұлы  Жеңіс!  Қаншама  боздақтардың  өмірін  қиған,  талай  шаңырақты 

ортасына түсірген соғыс өртінің өшкеніне 70 жыл өтті. Бірақ, оның жарасы 

жазылды  ма  екен?  Әрине,  жоқ.  Өйткені,  осы  күнге  дейін  соғыста  хабар-

ошарсыз  кеткен  әкесін,  атасын  іздеген  ұрпақ  қаншама?  Немесе  майдан 

даласынан «қара қағазы» ғана жеткен жауынгерлердің қазіргі үрім-бұтақтары 

енді  олардың  қайда  жерленгенін  білгісі  келеді.  Салқыны  сан  жылдарға 

созылған сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне 

жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер 

қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері 

–  бүгінгі  бейбіт  күннің  кепіліндей.  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлерінің  еңбегі 

қашан  да  өлшеусіз.  Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  да 

70жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін 

паш  ететін,  тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы 

шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен 

ардагерлер  тойлайды.  Бұл  мейрамды өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен 

жеңісті  шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін  даласында,  күні-түні    мал 

бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл 

мейрамды біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз  -  өздерінің әкелерін,  ерлерін, 

ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, 

олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар 

тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын 

қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. 

Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет