1 Алефиренко Н.Ф. Современные проблемы науки о языке. - М.: Флинта: Наука, 2005, с.174-199
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
31
2 Апресян Ю.Д. Основы семантики. - М.: 1995, С.39
3 Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. - М.: 1999, С.52.
4 Воркачев К.А. Основы лингвистики. - М: 2001, С.47-48
5 Демьянков В.И. Лингвистика. - М.: 1994, С.54
6 Кубрякова Е.С. Язык и знания. - М.: 2001, С.32
7 Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику. - М.: 2004, с.6-71
8 Попова З.Д., Стернин И.А. Языкознание. - М.: 1999, с.10
9 Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода //
Вопросы языкознания, 1994. № 4. С.17-33.
10 Герасимов В.И. 1985 – К становлению «когнитивной грамматики». – В кн.: Современные
зарубежные грамматические теории. - М., 1985
11 Лакофф Дж., Джонсон М. Метафоры, которыми мы живем. – В кн.: Язык и моделирование
социального взаимодействия. - М., 1987
12 Сергеев В.М. Искусственный интеллект: опыт философского осмысления. Будущее
искусственного интеллекта. - М., 1991
ӘОЖ 811.512.1´447
С.А. Жиренов –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
ГРАФИКАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКА КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Түйіндеме: Мақалада графикалық лингвистика категорияларының теориялық негізі жан жақты
қарастырылған. Графикалық лингвистика категорияларының түрлері мен саны яки қолданысы жалпы
тіл білімінде біркелкі емес екендігін ғылыми тұрғыда көрсетілген. Сол секілді графикалық лингвистика
категорияларының қолданысы мен қызметі олардың белсенді немесе бәсеңдік сипатына қарай
шартты түрде жіктелетіндігі қарастырылған.
Кілт сөздер: әліпби, графика, дыбыс, әріп, графема, орфография, фонограф, семиограф, пунктограф,
прагмограф, фразограмма, логограмма, морфемаграмма, силлабаграмма, фонограмма, фонема.
Аннотация:В статье всесторонне рассмотрены теоретические основы категорий графической
лингвистики. Научно обосновано, что виды и применение категорий графической лингвистики
представлены в общем языко-знании по-разному. Также доказано, что применение и функции
категорий графической лингвистики по их актив-ным и пассивным свойствам классифицируются
условно.
Ключевые слова: алфавит, графика, звук, буква, графема, орфография, фонограф, семиограф,
пунктограф, прагмограф, фразограмма, логограмма, морфемаграмма, силлабаграмма, фонограмма,
фонема.
Abstract: In article theoretical basics of categories of graphic linguistics are comprehensively covered. It is
scientifically proved that types and application of categories of graphic linguistics are presented in general
linguistics differently. It is also proved that application and functions of categories of graphic linguistics are
classified by their active and passive properties conditionally.
Keywords: alfabit, graphics, phoneme, letter, grapheme, spelling, phonograph, semiograf, punktograf,
pragmograf, frazogramma, logogram, morfemagramma, sillabagramma, phonogram.
Адамзат қоғамында графика өзіндік орын алған кезеңнен бастап оның туындау себебі
мен шығу тегіне қатысты көптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. Жалпы графиканың
қалыптасу тарихы талай мыңжылдықтарды артта қалдырғаны белгілі. «Графика (грек.
graphike жазу) – 1. Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп не тыныс белгілерінің)
жиынтығы. 2. Жазу таңбалары жүйесі мен тілдің фонетикалық жүйесінің ара қатынасын,
байланысын білдіреді» *1, 79+. Әлемдік графика іліміндегі графиканың болмысын тану үшін
графиканың бүтіндігін танытатын жекелеген категорияларының табиғатын тану арқылы
графикалық лингвистиканы тануға болады. Ал графиканың негізгі категорияларына әліпби
(әліпбидің түрлері), графема, орфография, фонограф, семиограф, пунктограф, прагмограф,
фразограмма, логограмма, морфемаграмма, силлабаграмма, фонограмма, фонема, дыбыс,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
32
т.б. бірліктерді жатқызуға болады. Аталған категориялар әлемдік графикаға тән көрсеткіштер
болып табылады. Бүтіндей графика-лық лингвистиканың өзегі аталған категориялардан
тұрып, графикалық лингвистика атты ғылымның негізін құрайды.
Әлемдік графиканың түрлері мен негізгі категорияларын теориялық және практикалық
тұрғыдан зерттеудің мәні зор. Себебі әлемдік графиканың түрлері мен негізгі категорияларын
зерттеу арқылы графикалық лингвистиканың теориялық табиғаты мен практикалық
болмысын бекіте түсуге болады. Графикалық лингвистика саласы қарастыратын мәселелерге
графикалық категориялар мен бірліктер жатады. «Графика жазуда қолданылатын
таңбалардың жиынтығы, сонымен қатар жазу таңбалары жүйесі мен тілдің фонетикалық
жүйесінің арақатынасын, байланысын білдіреді» *2, 10+. Графикалық лингвисти-каның
категориялары мен бірліктері тұтастай бір-бірімен өзара қатынаста болып, біртұтас
графикалық лингвистика атты ғылымды құрайды. Графикалық лингвистиканың басты
категориясына әліпби (алфавит) және графика жатады. «Әліпби (араб әліпбиінің алғашқы екі
әрпі – алиф және ба атауынан жасалған) орыс. алфабит (грек. alphabetos грек әліпбиінің
алғашқы екі әрпі – альфа, бетта атауларынан) – жеке дыбыстық элементтердің символдық
таңбалары арқылы сөздердің дыбыстық келбетін бейнелейтін таңбалар жүйесі. Ә. табиғи
тілдегі кез келген мәтінді жазуға, оларды сақтауға мүмкіндік береді. Ә. ақпарат құралдарын
жүйелеуде, оларды іздестіруде, сақтауда (сөздіктерде, анықтамалық басылымдарда,
каталогтерде) аса маңызды қызмет атқарады.
Ә. қағидаттарын (принциптерін) б.з.д. 3000 жылдықтар ортасында батыс-семит
халықтары жасаған. Олар Месапотамияның сына жазуындағы буын таңбаларын пайдалана
отырып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосарланып жазылатын жүйесін тапқан.
Парадигматикалық жүйе ретіндегі ең көне угарит Ә. (б.з.д. 2000 жылдықта) болып
табылады. Консонантты буындық қағидатты қолданған бұл Ә. 30 таңбадан тұрады. Угарит Ә.-
індегі таңбалар жүйесі кейінгі финикия, көне еврей т.б. Ә.-лерінде сақталған» *1, 49+.
Сонымен әліпби – дыбыстардың жазудағы таңбасы болып табылады. Қазіргі адамзат
мәдениетіне қызмет етіп жүрген әрбір әліпбидің өзіндік пішіні мен формасы бар. Әліпби мен
графика
графикалық
лингвистиканың
басты
құрамдық
бөлшектері
болып
саналады. «Графика (грек. grapheiке жазу) – 1. Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп
және
тыныс
белгілерінін)
жиынтығы.
2.
Жазу
танбалары
жүйесі
мен
тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді. 3. Тырнайтын, жазатын,
грифель құралының көмегімен салынатын өнер түрі.
Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. 19 ғ. дейін
графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа
техникасымен
салынатындарды
атаса,
суретке -
қолмен
салынатын
жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады» *3+. «Графика – әліпби мен оның теориясына
тікелей қатысы бар, әліпбидің жасалуы, өзгерістері, қайта жетілдірілуі, сондай-ақ
эстетикалық, оптикалық, экономикалық жағынан сапасын анықтауға көмектесетін сала.
Графика сондай-ақ жазу таңбасы деген ұғымда да қолданылады. Графика жазу ұғымының
бір мағынасына сәйкес. Қазақ филологиясында «араб жазуын өзгертті», «латын жазуын
қабылдау», «орыс жазуына көшу» деген сияқты ұғымдар бар. Өйткені алдымен сол жазудың
графикасы қабылданады, сосын барып соған ыңғайлас-тырып, сол графика (жазу) негізінде
әліпби түзіледі» *4, 59-60].
Жалпы әліпби өзіндік рет-ретімен орналасқан және белгілі бір заңдылыққа негізделген
әріптердің жиынтығы болып табылады. Ал графика жазу таңбаларының жиынтығынан
тұрып, белгілі бір жазу түрінің фонетикалық құрамының өзара жүйелі үйлесімділігі мен
алфавиттің құрамының өзіндік ережелерінен тұрады. Графикалық лингвистиканы негізін
құрайтын категориялардың санатына әліпби мен графикамен қатар алатын негізгі
бірліктердің санатына дыбысты жатқызуға болады. Тілдің дыбыстау мүшелерінің қатысуы
арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
33
шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз
және көреміз. Әріп – жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба болып табылады.
Графикалық лингвистиканың табиғатын танытушы ірі құрылымды бірліктердің санатына
орфография-ны жатқызуға болады. Орфография – дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы
немесе дұрыс жазуды үйрететін фонетика ғылымының бір саласы. Өз алдына дербес
ғылыми сала деп те тануға болады. Ал ғылыми кеңістікте графиканың өзі полеографика,
эпиграфика болып екі түрге бөлініп жүр. Полеогафия мен эпиграфика жазу таңбаларының
өзгеру заңдылықтарын (эволюциясын), графиканың даму тарихын зерттейді. Полеография –
қолжазба мен кітаптағы таңбаларды тексереді де, эпиграфика – тас, металл, сүйек, ағаш т. б.
ойлып жазылған таңбаларды зерттейді. Олай болса, графикалық лингвистикаға қатысы бар
категориялардың яғни әр бір терминге ғылыми теориялық тұрғыдан түсініктеме беру
арқылы, графикалық көрсеткіштердің бүгінгісі мен өткен дәуірдегі ерекшеліктерін кеңінен
тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ полеография, эпиграфика деп аталатын графикалық
көрсеткіштерді игеру арқылы, руникалық таңбалы жазулардың тілдік табиғатын да тануға
болады.
Қазақ жазуы тарихының теориясын арнайы қарастырған ғалым Қ.Күдеринова жазудың
негізгі категорияларына алфабит, графика, орфография және пунктуацияны жатқызады да
оларға теориялық тұрғыдан былайша сипаттама жасайды. «Алфабит арқылы белгілі бір
жазба мәтінде әріптерді фонема-ларға таңып, мәтін мазмұнын оқимыз. Графика жазу
түрлерін, қаріп түрлерін пайдалану деген сияқты жазба мәтіннің бүкір тұрпатын
ұйымдастырады. Ал кейбір жазуларда алфабиттегі әріп таңбалары жетпеген фонемаларды
белгілеуді ұйымдастырады. Орфография жазба мәтіннің белгілі бір стандарт құрылыммен
ұйымдасуына, ортақ жазу тәртібін құруға, сөздерді дифференциялауға көмектеседі (сөздерді
бірге/бөлек/ дефис арқылы жазу, кіші/бас әріп). Пунктуация бүкіл мәтіннің, мәнмәтіннің
оқырманға дәл, анық жетуін қарастырады. Жазу категорияларын ең алғаш қарастырған
Бодуэн де Куртенэ графиканы көру-жазу элементі мен айту-есту элементі арасындағы
байланыс деп түсінді. Ол байланыс үшін морфологиялық, семасиологиялық жайлардың
қатысы болмады. Яғни сөз қалай дыбысталса, алфабитте бар сәйкес әріппен солай
белгіленеді деді. Ал орфографияны ғалым жазу-көру элементі айту-есту элементіне де және
морфологиялық, семасиологиялық элементтерге де қатысты деп түсіндірді» *4,57+.
Графикалық лингвистика категорияларына ғылыми теориялық тұрғыдан шолу жасаудың
әлеуметтік мәні жағынан да өзектілігі жоқ емес. Оның маңызы, әсіресе, графикалық
лингвистиканың
қоғамдық
қызметінің
маңыздылығымен
ерекшеленеді.
Қазіргі
қоғамымызда графикаға қатысты мәселелер кең өріс алып, қоғамдық-ғылыми қарым-
қатынас аясында – өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, графикалық
лингвистикалық категорияларының тезаурусын түзе отырып, терминдік атаулары-ның
түсіндірмесін беру арқылы, коммуникативтік-құрылымдық тұлғаларының семантикалық
және жұмсалымдық қызметінде көрсетудің маңызы зор. Графикалық лингвистиканың ұсақ
және ірі құрылым-ды категорияларының теориялық болмысы мен терминдік мазмұнына
концептуалды тұрғыдан былайша түсіндірме беруге болады. Сондай-ақ графикалық
лингвистиканың ұсақ және ірі құрылымды категория-ларына төмендегі бірліктерді жатқызуға
болады:
Фонограмма (грек. phone дыбыс, gramma жазу) – 1) сөздің дыбыстық құрамын нақты
ажыратып көрсетуге қызмет ететін графикалық таңба, сөз дыбыстарының таңбасы; 2) дыбыс,
үн жазылған пластин-ка (табақша), кішкене білік (валик) *1, 383+. Фонография немесе дыбыс
белгілейтін әріптер, кескіндер жекелеген дыбыстарды таңбалайды.
Дыбыстық әріп кескіндер жүйесін зерттеушілер төмендегі 2 топқа бөліп қарастырады.
Онда:
1. Консананттық-дыбыстық жүйесі. Мұнда жазу кескіндері тек қана дауыссыз дыбыстарды
белгілейді. Ондай жазу жүйесіне финика, угарит, көне еврей, арамей, араб жазулары жатады
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
34
[5, 46].
2. Дауысты дыбыстар жүйесі. Мұнда дауысты, дауыссыз дыбыстар бірдей белгіленеді. Бұл
жүйеге грек, латин, уйғұр, байырғы түрік бітіг т.т. с.с. жазулар жатады.
Әлем халықтарының жазу жүйесі тарихи кезеңдерді басып өтіп бір ізге түсіп реттеліп
қалыптасқанын зерттеушілер еңбектерінде көрсетіп келді. Әлем халықтарының жазу
жүйесінің тарихи қалыптасу ерекше-лігі төмендегідей болады. Онда:
1. Пиктографиядан бастау алып, логограмма, морфемограма, силлабограмма (буындық),
консонанттық-дыбыстық, дауысты-дыбыстық және аралық деген кезеңдерді рухани даму
барысында басып өтеді екен. Ал түрік бітіг жазуы пиктограммадан басталып, фонограммаға
дейін даму барысында морфемограмманы аттап өткен сияқты. Морфемограммаға сай
келетін сипатын біз көре алмадық.
2. Қолданған жазу кескіндерінің құрылымы (пиктографиялық, логографиялық, әріптік-
дыбыстық) тілдік мағынасы жағынан да (ішкі формасы), сыртқы графикалық кескіні жағынан
да өзін-өзі анықтап тұруға тиісті. Бұл жағынан байырғы түрік бітіг кескіндері (логограммадан
фонограмма аралығында) тарихи даму барысында реттеліп, сұрыпталып отырған. Әрі жазу
кескіндерінің құрамы көп өзгеріске түспей тұрақты болған. Бұл ерекшелік түрік бітіг
жазуының ондаған ғасыр бойы тарихи сұрыптаудан өткенін көрсетеді.
3. Жазу жүйесінің негізгі қағидаты (принципі) сол тілдің табиғатына, болмысына сай болып
шыққан болуы шарт. Байырғы түрік бітіг жазуы реформаға енгеннен кейін бұл қағида
бұлжымай орындалған. Ол туралы кейінгі үшінші бөлімде сөз етіледі. Міне, осы
ерекшеліктер Еуразияның аймағында б.з.б. ІІ ғасырынан б.з. V ғасыр аралығында түркі
халықтарының қалдырған тарихи жазба деректері арқылы фонограммалық жүйенің
алғашқы кезеңінде қаншалық дәрежеде болғанына көз жеткізелік *6, 75+.
Фонограф (грек. phone дыбыс, grapho жазамын) – дыбыс жазуға арналған ескі аспап *1,
383]. Фонема (грек. phonema дыбыс) – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және
форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік,
яғни дыбыс типі. Мыс.: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол – қол – сол – жол –
бол – тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы
(ыс – іс, ас – ес); бір дыбыстың артық келуі (он – тон, ал – бал) сөздерді мағына және форма
жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Ф. саны әр түрлі болады. Мыс.,
қазақ тілінде 9 жалаң дауыты Ф., 25 дауыссыз Ф. болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз
Ф. бар *1, 381+. Фразограмма – бұл адамзаттың жасаған алғашқы жазуы. Ол бейне суреттен
және таңбалардан тұрады. Дәстүрлі пиктографиялық жазу деген атаудың орнына
«фразография» деген атауды алғаш рет америкалық тарихшы, жазу тегін зерттеуші ғалым
И.Гельба қолданған *5, 37+. Бұл атау ары қарай француз ғалымы Ж.Феврие, орыс ғалымдары
И.М. Дьяконов, В.А. Истрин, неміс ғалымы Х.Иенсендердің зерттеулерінде өз жалғасын тауып
кең құлашты қолдауын тапты. Фразограмма орнына ғылыми айналымда бастапқыда
«синтаксикалық жазу» деген терминнің қолданылып келгендігі белгілі. Кейін бұл атаудан
ғылыми орта бас тартып фразограмманы өзгертпей қолданып кетті. Фразограмманы өз
ішінен екі жікке бөлінеді. Олар пиктограмма және шартты белгілер – таңбалар.
1. Пиктограммалық жазулар. Бұл жазудың үш түрлі ерекшелігі болғаны ғылымда
дәлелденген *5, 32+. Онда:
жазуда коммуникация (ақпарат) жеткізуші тіл емес, ойдың, сананың мәнін, мазмұнын
жеткізуді мақсат етеді;
мұндағы бейнелеу тілі сурет және таңбалар;
мұнда тілдік норманы бермейді. Құралы тіл емес сурет.
Олай болса, пиктографиялық жазу дегеніміз ойды, болған оқиғаны, іс-қимылды сызумен
бейнелеп жеткізетін ақпараттық құрал. Өйтсе «ой – тіл – жазу» (мышление – язык – письмо)
деген жүйе бұл жазудың негізгі ерекшелігі болмақ *5, 32+. Логограмма (грек. logos сөз,
gramma жазу таңбасы, сурет, әріп) – сөз буын жазуларында тұтас сөзді не оның негізін
білдіретін шартты таңба. Көбінесе идеограмма (қ.) термині орнына қолданылады *2, 202+.
Бұл жазу түрін 1960 жылдарға дейін идеографиялық жазу деп атаған. Соңғы уақытта бұл
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
35
атауды ғалымдар логограммалық жазу деп атады. Атауды америка ғалымы Л.Блумфилд, П.А.
Будберг, Ф.Эджертон, И.Гельб, Кеңес одағының В.А. Истриндер ғылымға енгізіп келді *5, 39+.
Логографиялық деп аталатын жазу жүйесіне ежелгі қытай, ежелгі шумер, ежелгі египет, крит-
миной жазуларын ғалымдар осы жүйеге енгізіп қарастырады. Жазу жүйесі пиктографиядан
бас алған. Мұнда жазу таңбалармен берілген. Таңба кескіндері жеке-жеке сөздердің мәнін
береді. Нақтылап айтсақ сөйлеу әрекетіндегі сөздің жеке дара семантикалық бірлігі. Бұл
жағынан алып қарағанда логографиялық жазуды пиктографиямен салыстырғанда
коммуникативтік ақпаратты неқұрлым анық дәлме-дәл береді.
Логографиялық жазу таңбаларының негізгі ерекшеліктері төмендегідей екенін ғалымдар
анықтаған. Онда:
1. Ойлау түйсіктен өткен болмыс, түсінік ретінде жалпылама абстракт түрде ақпарат
береді.
2. Пиктографиядан айырмашылығы көз алдыңдағы көрнекі бейнені оның мән-мазмұнына
сай шартты белгілермен жанама түрінде схемалық таңбамен береді.
3. Таңбалармен беріліп отырған ақпараттың ерекше қасиеттері графикалық арнайы
кескіндермен ерекшелінеді.
Онымен қатар шартты белгілердің (немесе белгілер мен таңбалардың мәні, мазмұны)
сөздің фонетика-лық құрылымы және оның семантикасымен тікелей байланыста болмай-ақ,
таңбалар туралы түсінік қана есепке алынады [5, 34]. Мұндай жағдайда қолданушы,
тұтынушы түсінігінде, психологиясында шартты белгілер негізгі рөл атқарады.
Силлабаграмманы (буындық жазу)зерттеушілер буындық жүйенің кескіндерін білдіретін
мағыналық жағынан үш топқа бөліп қарастырған. Онда:
1. Қандай бір фонетикалық құрылымды, бірлікті білдіретін кескін таңбалар. Оған
ассирвавилон жазуын енгізген.
2. Ашық буынды белгілеген кескін таңбалар және жекелеген дауыстыларды, дауыссыз-
дауысты (С) қосындысын беретін кескіндер, таңбалар. Бұған критмикон және жапон жазуын
енгізген.
3. Жекелеген дауыстыларды және дауыссыз-дауысты қосындыларын білдіретін
лигатуралық емес кескіндер. Бұл топқа Үнді брахми жүйесі, кхарошти, девенагари жазуларын
енгізген *5, 45+.
Графемма (грек. graphe кескіндеу, сызу) – тілдің жазу жүйесіндегі негізгі бірлігі, дыбыстың
жазудағы таңбасы, жазу жүйесінің ең кіші белгісі *1,79+. «Графикалық жүйенің бірліктері
құрылымдық-функционалдық белгілері бойынша қызметтік жағынан алғанда екі негізгі
топқа бөлінеді: а) графемалар, яғни фонемалық референттері бар графикалық бірліктер; ә)
графикалық символ: екпін, тыныс белгілері, дефис, апостораф, абзац. Бұл дегеніміз әрбір
таңба «тұрпат межесін» және «мазмұн межесін» сипаттай-тын екіжақты бірлік екендігін
көрсетеді.
Жазба таңбаның «тұрпаты» немесе оның «мазмұны» – бұл физикалық субстанция, мұның
көмегімен таңбаның көріну репрезентациясы жүзеге асады. Жазба таңбаның «мазмұны»
және «тұрпаты» белгілі бір ұғым, идея, сан, сөз, буын, немесе жеке дыбысқа байланысты бір
нәрсеге қатысты болады. Бұл таңбаның мазмұндық және тұрпаттық жағы – әріп дегенді
білдіреді. Басқаша айтқанда, фонема – таңбаланушы да, әріп – таңбалаушы, демек, фонема
мен әріптің бірлігі жазу теориясында графема деп ұғынылады.
Графема дегеніміз – тілдің жазбаша түрінің минималды, абстрактілі (дерексіз), екіжақты
бірлігі. Графема – ең аз, минималды бірлік, бұл тілдің аталған деңгейінің ең түпкі мәнді
бірлігі. Оның қызметтік өзіне тән ерекшелігін бұзып алатын болғандықтан, құраушы
бөліктерін ары қарай бөлу (бөлшектеу) мүмкін емес. Графема қослатералдық, яғни түр
көрінісіне (әріп) және мазмұн көрінісіне (фонема) ие *2,10-12].
Сонымен графикалық категориялардыңмағыналары өзара бір-біріне жақын біртектес
болғанымен, жазу үлгісіндегі қолданысы мен қызметі әр алуан болып келетіндігін байқауға
болады. Графикалық лингвистика жүйесіндегі категорияларды теориялық тұрғыдан
сипаттауда олардың терминдік түсіндірме-сіне қарап, лингвистикалық қызметі мен
мазмұнын тануға болады. Графикалық категориялардың басты белгілеріне олардың
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
36
қолданысы мен қызметін, терминдік мағынасы мен тұлғасының бірлігін жатқызуға болады.
Яғни бұдан графикалық категориялардың екі жақты сипатының қатар жүретіндігін байқауға
болады.
Графикалық лингвистика категорияларының түрлері мен саны яки қолданысы жалпы тіл
білімінде біркелкі емес екендігін байқауға болады. Мәселен латын графикасында
қолданылатын көрсеткіштердің араб графикасында кездесе бермейді немесе бұл үрдіс
керісінше болуы мүмкін.
Графикалық лингвистика категорияларының қолданысы мен қызметі олардың белсенді
немесе бәсең-дік сипатына қарай шартты түрде жіктеледі деп айтуға болады. Графикалық
лингвистика категориялары-ның ұғымы мен терминдік түсінігі әлем тілдеріне ортақ болып
келеді.
Графикалық лингвистика категориялары – бір-біріне жақында алшақ мағынада
қолданылатын, жалпы графикалық өріс үшін қызмет ететін лингвистикалық көрсеткіш деп
тануға болады. Графикалық лингвис-тика категорияларына жалпылама біржақты анықтама
беруге келмейтін, күрделі лингвистикалық бірлік деп тануға болады. Жалпы жоғарыда жеке-
жеке түсіндірмесі берілген графикалық лингвистика катего-рияларының теориялық
болмысына қатысты қысқаша былайша концептуалды түйіндеме жасауға болады:
Графикалық лингвистика категориялары – әлемдік графикаға ортақ, сондай-ақ өзіндік
жекелеген жазутүрлеріне қатысты қызметі мен қолданысы арқылы ерекшеленеді.
Графикалық лингвистика категориялары – жалпы тіл білімінің өзіндік бір саласын
құрайды.
Графикалық
лингвистика
категориялары
– жалпы
лингвистикалық
категория
кұрамындағы дербес категориялық тұлға.
Графикалық лингвистика категориялары – әлемдік графика түрлеріне жалпылама тән
болып келетін лингвистикалық бірлік ретінде, графикалық нышандардың жиынтығы деп
тануға болады.
1 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б.
2 Әміржанова Н. Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы. – Алматы: Мемлекеттік
тілді дамыту институты, 2012. – 300 б.
3 https://kk.wikipedia.org Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.
4 Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті. 2006. –
276 б.
5 Истрин В.А. Возникновение и развитие письма. – М., 1965. – 399 с.
6 Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуы: алфавит жүйесі және фонологиясы. 7 Фил. ғыл. док...
дис. қолжазбасы.: 10.02.06. – Алматы: А.Байтұрсынұлы ат-ғы Тіл білімі институты, 2008. – 268 б.
Достарыңызбен бөлісу: |