ӘОЖ 378.016: 821.512.122.
А.Д. Ибраева –
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филол.ғ.к.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ
КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйіндеме: Мақалада жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқытудың кейбір ерекшеліктері
қарастырылған. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін пәні, соның ішінде С.Торайғыровтың әдеби
мұрасын студенттерге оқытудың жолдары айқындалған. Ақынның поэзиялық, прозалық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
140
туындыларындағы тақырыптық бағыттар, публицистикалық мұраларын дәрістік, семинар
сабақтарында талдаудың үлілері берілген.
Тірек сӛздер: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, ақын, шығармалар, тақырып, кӛркемдік
ерекшелі, оқытудың жолдары
Аннотация: В статье рассмотрены некоторые особенности преподавания казахской литературы в
высших учебных заведениях. Выявлены методы обучения предмета казахской литературы начала ХХ
века, в том числе литературного наследия С.Торайгырова. Даны примеры анализа тематических
направлений, публицистических наследий произведений поэта в лекционных, практических занятиях.
Ключевые слова: казахская литература начала ХХ века, поэт, произведения, тема, художественная
особенность, виды обучения
Abstract: The paper considers some features of teaching Kazakh literature in higher educational
institutions. Identified меотды learning of the subject of the Kazakh literature of the beginning of the twentieth
century, including the literary heritage of linguistics. examples are given to analysis of the thematic direction,
publicistic heritage of work of the poet in lectures, practical занятиях.
Keywords: Kazakh literature of the beginning of the twentieth century, the poet, works, theme, artistic
feature kinds of training
Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиетін оқытуда өзіндік қалыптасқан ерекшеліктер
бар. Бұл қойылған мәселенің белгілі бір ақын не жазушының әдеби мұрасымен таныстыру,
шығармаларының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктерін терең меңгертумен
тығыз байланысты. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні бойынша 1 семестрге 2 кредит
бөлінген. Дегенмен сағаттың саны белгілі бір ақын мәселен, С.Торағыровтың
шығармашылығын түгелдей қамтуға аздық етеді. Мәселенің шешімін табудың жолы бір
ақынға қатыстыөмір белестері, шығармашылық жолы, туындыларының жариялануы,
зерттелуінде дәрістік сабақтарда қарастырсақ, шығармаларының тақырыбы, идеясы,
көркемдікерекшелігі семинар сабақтарында меңгертуге күш салу қажет. Себебі барлығын
бірдей дәрістік сабақтарда шығарма-шылығын түгел меңгеру мүмкін емес. Мәселенің тағы
бір жағы материалды студенттер тарапынан меңгерілуі олардың жауапкершілігін арттырып
қана қоймай, өзіндік ізденістерге алып келері хақ. Сондай-ақ, кредиттік жүйенің талаптарына
сәйкес, алдын-ала дайындалған оқытушы тұжырымдарына ғана негізделмей, қорытынды
пікірге тыңдаушының өзі қол жеткізгені абзал. Мысал ретінде сабақтың мына үлгісін ұсынып
отырмыз. Дәріс С.Торайғыровтың әдеби мұрасына арналған.
Ақынның шығармашылық жолын мына бағытта қарастыруға болады: 1. Өмір белестері.
Шығармашы-лық жолы. Жариялануы, зерттелуі. Шығармашылық мұралары. Ерекшеліктері.
Лирикасы: тақырыбы, идеясы, көркемдікерекшелігі. 2. Поэмалары: "Адасқан өмір", "Кедей".
Романдары: "Қамар сұлу", "Кім жазықты?" белгілі себептермен бұрын айтылмай келген
шығармалары: "Қайғы", "Таныстыру" поэмалары.
Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихын наты
деректер арқылы беру керек. 1933 жылы Жүсіпбек Аймауытов жазған алғы сөзбен,
түсініктерсіз жарық көрді. Одан бергі дәуірде Сұлтанмахмұт шығармалары бірнеше рет
басылғандығына, оны зерттеу саласында Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсенбаев, Д.Әбілев, С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайылов,
Т.Әбдрахманов,
Қ.Шәменов,
А.Еспен-бетов
сияқты
әдебиетшілердің еңбектеріне шолу жасалады.
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуандығы, оларда ақынның қайғы-
мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен
жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік
патриотизмі бар екендігі талдаулар арқылы беріледі. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар
жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайтындығы оның 1911-12 ж.
«Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқуда мақсат не?», «Анау-мынау» сияқты өлеңдері
негізінде түсіндіріледі. Бұл өлеңдерінде Сұлтанмахмұттың жастар алдына оқып білім алып,
елге қызмет ету идеясын, осы салада бірігіп, күш қосу қажеттігін ұсынғандығына баса назар
аударылады.
1913-14 ж. «Қанды басшы», «Түсімде», «Бұлар кім?», «Қымыз», «Енігі беталыс»
өлеңдерінде саяси-қоғамдық тақырып қамтылатындығы, «Сарыарқаның жаңбыры»
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
141
өлеңіндегі жаңбыр төңкерістің символы ретінде алынғанын, «Дауылдағы әбігер» бақытты
өмірге кенелетініне сенімділік басым екендігі қарасты-рылады. Осы сияқты талдаулардың
дәрістік сабаққа тән болса, семинар сабағына Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" романының
мәтінімен қатар, роман жайындағы зерттеушілер еңбегі беріледі. Мәтінді меңгеру арқылы
студент сол шығарма жайындағы зерттеушілер еңбегімен де танысады. Көркем прозаның
туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы
шындығы бейнеленуі, сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, бүкіл қазақ қоғамының
тіршілігін, ұғым-нанымын терең суреттеуі, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен,
тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың кертартпа жақтарын әшкерелеуіне назар аударылады.
"Кім жазықты?" романының толық нұсқасы сақталмауы, жасынан тәрбиесіз өскен бай
баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық-болыстық қызметі де халық көңілінен шыға
алмауы, ол зорлық-зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап,
іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге (Әнуар
бейнесі) күш салуына талдау жасалады. Жазушының Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ
қоғамын салмағымен басып қорғап, жаңаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың
жиынтық бейгесіне (әжібайшылдыққа) көтеруін, әжібайшылдықтың әлеуметтік тегін іздеуі
тәрізді сауалдарға студенттер жауап негізінде іздейді.
Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын
көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу
жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары",
"Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар талданады. Тұтас алғанда ақынның шығармашылық
мұрасына қатысты мәселелердің түгелдей дерлігі талданып, оқытушының міндеті
студенттерге бағыт-бағдар берумен ерекшеленсе, жас ізденушілер тақырыпқа қатысты
сауалдарға жауапты өз ізденімпаздығының негізінде табуы қажет. Өздігінен іздену
материалды есте сақтауға, көркем мәтінді меңгеруге алып келеді.
ӘОЖ 373 (574)+37.015.3-053.4
Б.К. Стамғалиева –
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университетінің магистранты
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІК
ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КӚРКЕМ
ШЫҒАРМАНЫҢ РӚЛІ
Тҥйіндеме: Мақалада мектепалды даярлығында балалардың тілдік қҧзыреттілігін
қалыптастырудағы кӛркем шығарманың рӛлі туралы сӛз болады. Автор мектеп жасына дейінгі
педагогика саласында кӛркем әдебиеттің бала тәрбиесіндегі рӛлі туралы жҥргізілген зеттеу
жҧмыстарына теориялық талдау жасап, мектепалды даярлығында балалардың тілдік
қҧзыреттілігін қалыптастыруда басшылыққа алынатын ойларды тҧжырымдап ҧсынған.
Кілт сӛздер: мектепалды даярлығы, кӛркем шығарма, тілдік құзыреттілік, мектеп жасына дейінгі
балалар
Аннотация: В статье рассмотрена роль художественного произведения в формировании речевой
компентности детей в предшкольной подготовки. Автором сделан теоретический анализ трудов
ученых в сфере дошкольной педагогики о роли художественного произведения в воспитании ребенка,
на основе этого анализа сделаны выводы, которыми можно руководствоваться в процессе
формирования речевой компетентности в дошкольных учреждениях.
Ключевые слова: предшкольная подготовка, художественная литература, коммуникативная
компотентность, дети дошкольного возраста
Аnnotation: In the article were written the role ofart work for forming communicative competence ofpre –
school children. Conductingtheoreticalanalyses in her work, author fixed the role of art literature on upbringing
pre – school children and suggested the main thoughts offorming communicative competence.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
142
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы
әлемдік үрдістер қатары-на жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық
деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы ӛмірде табысты болып келеді, – деп
кӛрсетілуі бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға жүктелетін міндет пен жауапкершіліктің
маңызды екенін айқындайды [1].
Кӛркем шығарма арқылы мектепалды даярлығында балалардың тілдік құзыреттілігін
қалыптастыруды бүгінгі күнгі жағдайында зерделейтін болсақ, Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындабалалар кӛркем әдебиетімен танысу
жӛніндегі базалық минимумында ересектер тобының міндеттері кӛрсетілген. Онда:
- мектепке дейінгі ересек балалардың кӛркем әдебиетке, оның авторлық және жанрлық
кӛп түрлілігіне қызығушылығын қалыптастыру;
- кӛркем шығарманың негізгі құрамдарын: тіл, композиция, кейіпкерлер, авторлық
қатынас, негізгі ойды қоса алғанда, оны талдай білуді;
- әдеби шығармаға эмоциялық үн қосуды дамыту, шығарманың тілінің, композициясының
ерекшелік-терін ескеріп, баяндау сипатын сезіне білу;
- баланың шығармашылық әлеуетін, оның кӛркемдік талғамын, кейіпкерлердің іс-
әрекеттерін адамгер-шілік тұрғысынан бағалауға (“шын”, “жалған”, “қорқақтық”,
“батылдық”, “жақсы”, “жаман” т.б.) ұмты-луын дамыту, - деп кӛрсетілген.
Ал, мазмұнында ауыз әдебиеті үлгілері жанрларының жүйесі, ерекшеліктері, әңгіме және
ертегі жанр-лары, оларды салыстырмалы талдау процесінде кӛрінетін айыру
ерекшеліктерітіл, композиция, кейіпкер-лер, қара сӛздер және ӛлең мәтіні т.б. ажырата білу
міндеттеледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы»
әдістемелік нұсқау хатында мектепалды тобында сабақтарды ұйымдастыру және ӛткізу
базистік оқу жоспарының негізінде 22 сағат кӛлемінде «Балбӛбек» бағдарламасы бойынша
жүзеге асырылады, - деп кӛрсетілген. Осы тұрғыдан мектепалды даярлығында кӛркем
шығарма арқылы балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің қазіргі
жағдайына тоқталсақ, “Балбӛбек” бағдарламасы бойынша ұйымдастырылатын тәрбие
жұмысында арнайы “Кӛркем әдебиет”, “Тіл дамыту”, “Имандылық-инабаттылық” бӛлімдері
бойынша іске асырылады [2].
Көркем әдебиеттің алдына қоятын мақсаты: ересектер тобындағы балалардыңкӛркем
әдебиетке деген қызығушылығын дамыту, шығармаларды мұқият тыңдауға, оларды
қабылдауда мәнерлік құрал-дарды және әдеби жанрларды ажырата білуге баулу.
Көркем әдебиет оқу іс-әрекеті төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
–
балалардың кӛркем шығарма жанрларын ажырата білуін меңгерту;
–
балалардың кӛркем шығармаларды тыңдауға деген қызығушылығын ояту және оның
мазмұнын түсінуге, кейіпкердің кӛңіл-күйін түсінуін;
–
балаларды кӛркем шығарманы әңгімелеуде ӛз ойын қиялымен ұштастыра білуге баулу;
–
балалардың шығарманы ӛзінің шығармашылығымен аяқтауға, ӛзінің пікірін дәлелдей
білуге үйрету;
–
кӛркем шығарма мазмұнын жете түсіндіріп, үлкендер еңбегін құрметтеуге, ӛзінің туған
жерін, елін, Отанын сүюге, адамгершілік сапаларды меңгеруге, қоршаған ортаға қамқорлық
сезімін, кӛркемдік талғамын, достарымен, үлкендермен оң қарым-қатынас жасай білуге және
мінез-құлық нормаларын қалыптастыру;
–
балалардың кӛркем шығарма мазмұнын ӛмірмен байланыстыруы және оны күнделікті
тұрмыста қажетіне қарай пайдалана білуге баулу.
Кӛркем шығарманың бір түрі жазба әдебиеті десек, оның тәрбие берудегі орны туралы
З.Қабдолов: Кӛркем шығарма – ӛмір мектебі. Кӛркем туындыда халықтың тарихи жүріп
ӛткен жолдары, ӛмір белестері, елдік- ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, ӛзіндік тілі, діні
жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі кӛрініс табады. Кӛркем
шығарманы оқу арқылы оқушының дүниетанымы артады, жазушының идеясы, кӛңіл-күйі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
143
шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сӛйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой
туғызады, дүниеге кӛзқарасын қалыптастырады, - деп қорытынды жасаған [3,55б.].
Т.Ақшолақов шынайы ӛнер туындысында ізгілік, жақсылық, сұлулық – егіз дүниелер.
Соның бәрі бір тамырдан ӛрілгендей, сол шығарманың бүкіл қан тамырынан жаралғандай.
Адалдық, асылдық, адамгершілік, арлылық сияқты абзал қасиеттер болмаған жерде, шынай
ӛнер жоқ. Шынайы кӛркем туындыдағы бүкіл элемент бірмақсатқа – жазушының
адамгершілік-эстетикалық идеалын ашып беруге қызмет етеді, - деген тұжырым жасаған
[4,10 б.]. Қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, сондай-ақ тұрмыс-
тіршілігі мен адамгершілік эстетикалық кӛзқарастары ауыз әдебиеті шығармаларында кӛрініс
тапқан. Сол себепті кӛркем шығармалар адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың тәрбие мәселесіне әр
қырынан зерттеу жҧмыстары жҥргізілгені белгілі. Атап айтсақ:
М.С. Сәтімбекова ақыл-ой тәрбиесі, М.Т. Тҧрыскельдина дене
тәрбиесі, Ф.Н. Жҧмабекова эстетикалық тәрбие, А.Манкеш
экологиялық тәрбие, А.Ж. Салиева экологиялық тәрбие, С.Н.
Жиенбаева еңбек тәрбиесі, Н.С. Сайлауова экологиялық тәрбие, Р.Ә.
Нҧрмҧхаметова
эстети-калық
тәрбие,
К.М.
Метербаева
байланыстырып сӛйлеу, Ш.Сапарбаева еңбек тәрбие және Х.Қожах-
метова мәнерлеп оқу атты еңбек жазған.
Ал, мектепке дейінгі педагогика тарихын зерттеу нысаны еткен
ғалымдар: К.М. Мендаяқова, Г.Менлі-бекова, С.Г. Бәтібаева.
Мектеп жасына дейінгі балаларды кӛркем шығармалар арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін зерттеу жҧмыстарына арқау
еткен отандық ғалымдарымыздан Н.Қҧлжанова, Б.Б. Баймҧратова,
А.К. Мең-жанова, Р.Жҧмағожина, К.Сейсембаев, Н.Оршыбеков, А.С.
Амирова, Ҧ.Т. Тӛленова, Т.И. Иманбеков, Ғ.З.Таубаева, Р.Ә.
Нҧрмҧхметовалардың еңбектеріне талдау жасауды жӛн кӛрдік.
Н.Қҧлжанова мектептен бҧрынғы тәрбие деген еңбегінде
алғашқы ашылған яслилер мен балабақша-лардағы тәрбие
жҧмысын ҧйымдастыру ісіне теориялық кӛмек беру мақсатында
балаға тәрбие не ҥшін керек, мектеп жасына толмаған бала не
ҥйренбек, мектеп жасына толмаған баланы ҥлкендердің таныған
тҥрі, балабақша деген не, еңбекшілер баласының тҧрмыс жайы
және т.б. мәселелерді дер кезінде кӛтерген алғашқы еңбектердің бірі
екенін атап ӛткеніміз жӛн [5,45-57б.].
Б.Б. Баймҧратова мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту мәселесін қарастыра отырып, балаларды тәрбиелеудегі
кӛркем шығармалардың рӛлін кӛрсеткен. Кӛркем шығармаларды
ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті ҥлгілері тҧрғысынан қарастыра
отырып, оларды балалардың жас ерекшеліктеріне саймазмҧнды
қамтитын шығармаларды кеңінен пайдалану қажеттігін және оның
тәрбиелік мәнін ашуға баса назар аударуды ҧсынады [6,45-60 б.].
А.К. Меңжанова кӛркем шығарма арқылы мектеп жасынадейінгі
балаларды еңбекке және адамгер-шілікке тәрбиелеу мәселесін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
144
естиялар тобы бойынша зерттеген. Осы жастағы балалардың
бойында қалыптастыратын адами қасиеттерге еңбек адамдарын,
ҥлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мақсаттылық, әдептілік,
тәртіптілік, сыпайылықты жатқызады. Ғалым еңбек әрекеті
кезінде әдеби шығармаларды пайдалану арқылы балалардың
адамгершілік қасиеттерін орнықтыру мәселесіне баса назар
аударып, оның дербестігін жетілдіру ҥшін оны еңбек әрекетімен
байланыстыра
қарастырған.
Балабақшадағы
тәрбие
бағдарламасында берілген еңбектің тӛрт тҥрін: ӛзіне-ӛзі қызмет ету;
тҧрмыстық-шаруашылық еңбек; табиғаттағы еңбек; қол еңбегі.
Еңбек арқылы баланың дербестікке баулу ҥшін оларды ҥлкендердің
еңбегімен таныстыру, еңбек қҧралдарының, еңбек әрекеттерінің
аттарын атай білу, қарапайым еңбек тапсырмаларын орындауға
ҥйрету мақсаттарын кӛздеген. Автор кӛркем шығармаларды
балаларға моральдық ережелер мен адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру қҧралы болады деген тҧжырым жасаған [7, 56 б.].
А.С. Амирова қазақ балалар әдебиеті арқылы ересектер
тобындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін
зерттеген. Атор балалар әдебиетінің тәрбиелік рӛлін кӛрсете
отырып, еліміздегі тҧңғыш тӛл қазақ балабақшаларына арналған
“Балбӛбек” бағдарламасының кӛркем әдебиет бӛлімін жетілдіріп,
“Имандылық-инабаттылық” бӛлімін алғаш рет енгізді. Аталған
бӛлімнің мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудегі маңызы ӛте зор. Ӛйткені, ҧлттық салт-дәстҥр, әдеп-
ғҧрып негізінде тәрбиелеуді мақсат еткен автор халық ауыз әдебиеті
ҥлгілерін балалардың жас ерекшеліктеріне сай жҥйелеп, аптаның
бір кҥнінде ҧйымдастыруды ҧсынған. Халық педагогикасы қҧралы
ретінде ауыз әдебиетінің ҥлгілерін тиімді пайдаланудың жолдарын
кӛрсеткен [8,35-56 б.].
Ғ.З. Таубаева қазақ балалар әдебиеті арқылы баланы мектепке
дайындау мәселесін зерттей отырып, әдебиеттің тәрбиенің барлық
саласы бойынша баланың тәрбиесіне ықпалын ашып кӛрсеткен.
Мазмҧны тәрбиенің барлық салаларын қамтитын шығармаларды
соның ішінде адамгершілік тәрбиесінде саралап, оны тәрбие
процесінде пайдаланудың әдіс-тәсілдерін ҧсынған [9,15-63 б.].
Мектепалды даярлығында балалардың тілдік қҧзыреттілігін
қалыптастыруда кӛркем әдебиетті пайда-ланудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі ҧйымдарда оқу іс-әрекетін ҧйымдастыруда
кӛркем шығарманы тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы
арқылы жҥзеге асырылады.
Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әрбір
шығарма бойынша ӛзінің ойын толық баяндап айтуға, сол
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4(46), 2013 ж.
145
шығарманың оқиғасына деген пікірін айта білуге дағдылану қажет.
Жалпы баланың кӛркем шығармамен таныстығы тақпақтар,
шағын ертегілермен танысудан басталады. Кӛркем әдебиет
балаларға педагогикалық ықпал берудің де ең тиімді қҧралы болып
табылады.
Сонымен қорыта келгенде, кӛркем шығарма арқылы
мектепалды даярлығында балалардың тілдік қҧзыреттілігін
қалыптастыруҧйымдастырылатын оқу іс-әрекетінде шығарма
кейіпкерлерін салыстыра отырып, оны ӛмірмен байланыстыруға,
ӛзінің пікірін дәлелдеуге, қорытынды жасай білуге ҥйрету, – деп
тҥсінеміз.
1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
2 Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2009-2010 оқу жылының
басталуы туралы әдістемелік нұсқау хаты. – Астана, 2009.
3 Қабдолов З. Сӛз ӛнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. -150 б.
4 Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. – Алматы: Мектеп,
1975. - 184 б.
5 Құлжанова Н. Халқыма деп іс қылдым. – Алматы, 1993. -146 б.
6 БаймұратоваБ.Б.Тіл дамыту методикасы. – Алматы, 1993. -160 б.
7 Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және
еңбекке тәрбиелеу. – Алматы, 1991. -176 б.
8 Әмірова Ә.С. Балаларды әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. – Алматы: Рауан, 1998. -
80 б.
9 Таубаева Ғ.З. Мектепалды дайындығының оқу-тәрбие үрдісінде қазақ балалар әдебиетін
пайдалану. канд. дисс. ... – Алматы, 2005. – 163 б.
ӘОЖ 373.016:82
А.Т. Сахова – магистрант
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМА ЖАЗДЫРУҒА ҤЙРЕТУ АРҚЫЛЫ
ТАБЫСТЫ ОҚЫТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
Аңдатпа. Мақалада шығарма жаздыру әдістемесін зерттеген ғалымдар мен олардың еңбектері, ой-
тұжырымдары, пікірлері қарастырылды. Тақырып бүгінгі күннің ӛзектілігі тұрғысынан талданды
жәнешығарма жазуға қойылатын талаптар мен міндеттер кӛрсетілді. Оқушыларға шығарма
жаздырудың әдістері мен тәсілдері, жолдары ұсынылды. Табысты оқытуға қол жеткізуде оқушыларды
шығарма жаздыруға үйретудің маңыздылығы расталды.
Достарыңызбен бөлісу: |