Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата03.03.2017
өлшемі4,27 Mb.
#5945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

немесе» 
сәйкестіктерін есте сақтаудың  мнемоникалық ережесін жасаңыз. 
5.
 
 Информатика  мен  математикалық  логика  арасындағы 
байланысты  түсіндіріңіз.  Информатиканың  математикалық  логика 

 
44 
элементтері қолданылатын бөлімін атаңыз. 
6.
 
Математикалық логиканың негізгі түсінігін  атаңыз. 
7.
 
Мәліметтер  қорында  логикалық  типтер  өрісін  қолдану 
жөнінде оқушыларға түсіндіру үшін бірнеше мысал келтіріңіз. 
8.
 
Тапсырмаларымен кодтау шифрларына  мысал келтіріңіз. 
ІІІ. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.
 
Позициялық  санау  жүйелерінде  сандарды  ауыстырудың 
негізгі  алгоритмдерін айтыңыз. 
2.
 
ЭЕМ-де  екілік  санау  жүйесі  екі  ...  аспект  бойынша 
қолданылады. 
3.
 
54
8
, 100
2
, 1E,2
16 
сандарының дұрыс оқылуы? 
4.
 
Позициялық емес сандарды қолданудың қиыншылығы неде? 
Позициялық емес  санау жүйелеріне мысал келтіріңіз. 
5.
 
Қазіргі  кезеңдегі  ондық  санау  жүйесі  б.э.д.  ....  ғасырда  .... 
пайда болды. Бұл жүйенің шығуы ... ашылуынан кейін мүмкін  болды.  
6.
 
Римдік санау жүйесінде келесі  алфавит: … қолданылады. 
7.
 
Ақпаратты кодтау тәсілін неге байланысты таңдауға болады? 
8.
 
Ақпараттың дискреттік түрде берілу принципін атаңыз. 
9.
 
Unicode кодтау кестесінің ерекшеліктерін айтыңыз. 
10.
 
Дыбыстық ақпараттың көлемін табу үшін мына  формула: … 
қолданылады. 
11.
 
Жоғарғы  сапалы  дыбысты  сандық  дыбыстың  қандай 
сипаттамасы арқылы алуға болады? 
IV. Келесі есептерді шешіңіз: 
1.
 
 AF
16
  санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
2.
 
110011
2
  санын сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
3.
 
 49
10
  санын римдік  санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
4.
 
Өзіңіздің  туған  жылыңызды  римдік  санау  жүйесінде 
жазыңыз. 
5.
 
0,125
10 
санын екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. 
6.
 
F
16
 и 6
8  
сандары берілген. Табу керек: а) екеуінің айырымын 
бір санау жүйесінде көрсетіңіз;  б) екеуінің көбейтіндісін римдік санау 
жүйесінде  көрсетіңіз; в) екеуін екілік санау жүйесінде бір біріне бөліп 
көрсетіңіз; г) екеуінің қосындысын үштік санау жүйесінде көрсетіңіз. 
7.
 
Мына сандарды : а)  65
7
;   б) 2004
10
;  в) 0,15А
16
 ашық формада 
көрсетіңіз. 
8.
 
10
2   
  мен  1000
2
  диапозонындағы  екілік  сандардың  санын 
көрсетіңіз (диапазонның шекарасын есепке алыңыз). 
9.
 
Мына  сандардың  қайсысы  үлкен:  5
10
  немесе  10
5
;  1000
2
 
немесе 10
8

10.
 
 ASCII  кестесі  арқылы  мына  сөздерді  кодтаңыз:    а)  Excel;  

 
45 
b) Access;  c) Windows; d) ИНФОРМАЦИЯ. 
11.
 
ASCII кестесінде «i» әрпінің ондық коды 105-ке тең. Кестені 
қолданбай help сөзіне сәйкес кодтардың тізбегін құрыңыз. 
12.
 
Графикалық бейнені түрлендірген кезде түстер саны 256-дан 
32-ге дейін азайды.  Оның жадыдағы көлемі қанша есе азайды? 
13.
 
Келесі 2.3- кестені толтырыңыз.  Түстерді кодтау 16-лық  (24-
биттік түсайқындығы бойынша). 
2.3-кесте. Түстерді кодтау кестесі 
Түстің аты  Интенсивтілігі 
Қызыл  
Жасыл 
Көк 
Қара 
 
 
 
Қызыл  
 
 
 
Жасыл 
 
 
 
Көк 
 
 
 
Ақ 
 
 
 
Сары 
 
 
 
14.
 
Егер  дыбыстау  уақыты  3  мин.  болса,  жоғарғы  сапалы 
дыбыстық ақпаратты сақтау үшін жадыдан қанша көлем керек? 
15.
 
Дискіде  1  минуттық  дыбыстық  ақпаратты  жазу  1,3  Мбайт 
орын  алады,  кодтау  айқындығы  16-ға  тең.  Дыбыс  қандай  дискреттеу 
жиілігі  арқылы жазылды? 
16.
 
Мына өрнектің ақиқаттығын анықтаңыз: «(2 х 2 = 4 немесе 3 
х 3 = 10) және  (2 х 2 = 5  немесе 3 х 3 = 9)». 
17.
 
F=A*B логикалық функциясыныңақиқат кестесін құрыңыз. 
18.
 
Келесі  логикалық  өрнекті  ықшамдаңыз:  (A  немесе    B)  v  (A 
немесе B). 
19.
 
Келесі  пікірлердіңдің терістеуін құрыңыз: «Мен испан тілін 
білемін», «Бұл  функция – жұп», «Емтихан ертең  болады». 
20.
 
Берілген  құрылымдық  формула 
C
B
A
F


^
 бойынша  
функционалды схема құрыңыз. 
V. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жасаңыз. 
VI.  «Санау  жүйесі»  бойынша  бақылау  жұмысының  мысалын 
жасаңыз. Бұл жұмыстың оқытудың қай кезеңінде қолданылатынын 
көрсетіңіз. [29] 
 

 
46 
3-тарау. Компьютер сызығы 
Информатиканың  базалық  курсының  мазмұндық  сызығының 
бірі  –  компьютер  сызығы.  Бұл  сызық  төрт  тармаққа  бөлінеді  –  
компьютердің 
құрылымы 
(архитектурасы), 
бағдарламалық 
қамтамасыз  ету,  компьютерде  деректердің  ұсынылуы,  ЭЕМ-ң 
тарихы және даму келешегі (1-қосымша, 2-схеманы қараңыз). 
Компьютер  сызығы  бүкіл  курсты  қамтиды.  Базалық  курс 
тақырыптарының  көбінде  оқушылар  компьютермен  жұмыс  жасайды, 
оның  құрылымы,  мүмкіншілігі  туралы  өздерінің  пайымдарын 
тереңдете  түседі,  дағдыларын  дамытады.  «Компьютер»  мазмұндық 
сызығын игеру екі мақсатты бағытпен өтеді:  
1)
 
ЭЕМ  құрылымын,  деректерді  ұйымдастыру  және  жұмыс 
істеу принциптерінің теориясын оқу, білу;     
2)
 
компьютерді  практика  жүзінде  игеру;  ақпаратпен  әртүрлі  
жұмыстарды  жасау  үшін  компьютерді  қолдану  дағдыларын 
қалыптастыру. 
3.1. Компьютерде әр типті деректерді ұсыну  
Қарастырылатын сұрақтар: 

 
Сандық ақпараттың ұсынылуы. 

 
Символдық ақпараттың  ұсынылуы. 

 
Графикалық ақпараттың  ұсынылуы. 

 
Дыбыстың ұсынылуы. 
Компьютер 
– 
ақпаратпен 
жұмыс 
жасауға 
арналған 
бағдарламалы-басқарылатын 
автоматты 
әмбебап 
құрылғы. 
Ақпаратттық  процестердің  үш  негізгі  типін:  сақтауды,  беруді  және  
өңдеуді  орындайтындығы  компьютердің  әмбебаптық  қасиетін 
айқындайды.  Қазіргі  компьютерлер  ақпараттың  барлық  –  сандық
символдық,  графикалық,  дыбыстық  формаларымен  жұмыс  жасайды. 
Өңдеу  үшін  компьютердің  жадында  сақталған  ақпаратты    деректер 
деп атайды. 
Деректердің  барлық  түрін  компьютердің  жадында  ұсыну  үшін 
екілік  алфавиті  қолданылатыны  жоғарыда  айтылды.  Әйтсе  де, 
деректердің  әр  түріне  тән  екілік  цифр  тізбектер  интерпретациясы 
болады.  Мүнда  деректердің  компьютерде  ішкі  ұсынылуы  туралы  сөз 
қозғалатынын  ескеру  қажет.  Сыртқы  ұсыну  адамға  үйреншікті 
пішінде жүреді. 
Сандық  ақпараттың  ұсынылуы.  Тарихи  компьютерде  ең 
бірінші сандық типі деректер өңделген болатын, себебі бірінші ЭЕМ-
лар  тек  математикалық  есептеулер  үшін  қолданығаны  белгілі.  Джон 

 
47 
фон  Нейманның  принциптеріне  сәйкес,  ЭЕМ  есептеу  екілік  санау 
жүйесінде орындалады.  
Компьютер жадысының негізгі құрылым бірліктері – битбайт
машиналық  сөз.  Бит,  байт  ұғымы  компьютердің  моделіне  тәуелсіз 
болса,  машиналық  сөздің  өлшемі  компьютердің  процессорына 
байланысты  болады.  Егер  машиналық  сөз  4-байтты  құраса,  онда 
компьютердің  процессоры  32-разрядтық,  8-байтты  құраса  64-
разрядтық болады.  
Машиналық  сөз  —  биттер  немесе  байттар  мен  өлшенетін 
процессордың 
регистрлерінің 
разрядтылығына 
және/немесе 
деректер  шинасының  разрядтылығына  (әдетте  екінің  кейбір 
дәрежесі) тең шама [21]. 
Компьютер  жадында  сандар  –  тиянақты  нүктелі  және 
жылжымалы  нүктелі  екі  пішімде  сақталады.  Тиянақты  нүктелі 
пішімде тек қана  бүтін сандар, ал  жылжымалы нүктелі пішіммен – 
нақты сандар (бүтін және бөлшек) ұсынылады.  
Бүтін  сандар.  Көптеген  бүтін  сандардың,  ЭЕМ-ң  жадындағы 
ұсынымы  шектеулі.  Сан  мәндерінің  диапазоны,  оны  сақтау  үшін 
қолданатын  жадының  ұяшықтарының  өлшеміне  байланысты.  K
разрядтты  ұяшықта  2
k
  бүтін  сандардың  әртүрлі  мәндері  сақталуы 
мүмкін. 
1-мысал.  Бүтін  сандарды  ұсыну  үшін  компьютерде  16  – 
разрядты  (2  байттық)  ұяшық  қолданылсын  дейік.  Сақталған 
сандардың диапазоны қандай екенін анықтайық, егер: 
а) тек қана оң сандар қолданылса; 
б) оң сандар және теріс сандар тең мөлшерде қолданылса. 
Шешімі:  16  –  разрядты  ұяшықта  барлығы  2
16
  =  65536  әртүрлі 
мәндер сақталуы мүмкін. Демек: 
а) мәндер дипазоны 0 ден 65535 дейін (0 ден 2
k
 – 1 дейін); 
б)  мәндер  дипазоны  -32768  ден  32767  дейін  (-2
k-1
  ден  2
k-1
  –  
1 дейін).  
K  –  разрядтты  машиналық  сөзде  сақталған  бүтін  оң  
N санының ішкі ұсынымын алу үшін: 
1) N санын екілік санау жүйесіне аудару қажет; 
2)  шыққан  нәтиженің  сол  жағынан  k  разрядқа  дейін  нөлмен 
толтықтырылады. 
Мысалы, N = 1607
10
 = 11001000111
2
. Бұл санның машиналық сөз 
түрінде ұсынылуы келесідей болады:  
0000  0110  0100  0111 
Қысылған оналтылық кодтау түрінде бұл сан былай жазылады: 
0647.  

 
48 
Машиналық  сөзде  екілік  разрядттар  оңнан  солға  қарай  0  ден  
k дейін нөмірленеді. Кез келген оң санның ішкі үсынымында k – лық 
үлкен  разряды  0-ге,  теріс  санның  үлкен  разряды  –  1-ге  тең  болады. 
Сондықтан бұл разряд таңбалық разряд деп аталады. 
Сондықтан мұндай пішінде максималды бүтін сан тең:  
0111 1111 1111 1111
2
 = 7FFF
16
 = (2
15
 - 1) = 32767
10

Бүтін теріс (-N) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін: 
1)
 
оң N санының ішкі ұсынымын алу керек; 
2)
 
осы санның кері кодын алу керек, ол үшін 0 -ді 1-ге және 1-ді 
0-ге ауыстырып жазу қажет; 
3)
 
шыққан санға 1 қосылады. 
Теріс  бүтін  санның  мұндай  ұсыным  қалпын  қосымша  код  деп 
атайды.  
2-мысал. Бүтін теріс -1607 санының ішкі ұсынымын алу қажет. 
Шешімі:  
1) оң санның ішкі ұсынылуы: 0000 0110 0100 0111 
2) кері коды:  
 
 
1111 1001 1011 1000 
3) 1-ді қосу нәтижесі:  1111  1001  1011  1001  –  бұл  -1607 
санының ішкі екілік ұсынымы болады. Оналтылық қалпы: F9B9. 
Нақты  сандар.  Жылжымалы  нүктелі  пішім  бүтін  және 
бөлшекті  сандарды  ұсынуға  қолданылады.  Мұндай  сандарды 
математикада заттық ,бағдарламалауда нақты деп атайды.  
Q санау жүйесіндегі кез келген R нақты санының жылжымалы 
нүктелі түрінде жазылу үлгісі:  
R = 

 m*q

p  
Мұндағы 

m,  R  санының  мантиссасы  деп  аталатын  тиянақты 
үтірлі  сан,  q  –  санау  жүйесінің  негізі,  p  –  санның  реті,  яғни 
көрсеткіштік реті деп аталатын бүтін сан.  
Сандардың  осылай  жазылуын,  жылжымалы  нүктелі  түрде 
ұсынылуы дейді.  
Мысалы, мына теңдіктер әділ болады: 
25.324 = 2.5324 *10
1
 = 0.0025324*10
4
 = 2532.4*10
-2
 және с.с.  
ЭЕМ  –де  жылжымалы  нүктелі  санының  қалыпты  (орысша 
нормализованное) ұсынылуы қолданылады.  
Қалыпты  санның  мантиссасы  мына  шартты  қанағаттандыруы 
қажет: 0.1
p
 ≤ m < 1
p

Басқаша  айтқанда,  мантисса  бірден  кіші  және  бірінші  мәнді 
цифры  нөл болмауы керек. 
Мысалы:  
1). 42,5*10
4
 = 0,425*10
6
 (m=0.425; 0.1< 0.425 < 1 болғандықтан, 
сан қалыпты); 

 
49 
2).  42,5*10
4
  =  4,25*10
5
  (m  =  4,25;  1<4.25<10  болғандықтан,  сан 
жәй стандартты түрге келтірілген); 
Сандардың қалыпты формаларыне мысалдар: 
Ондық жүйеде: 
753.15 = 0.75315*10
3

-0.000034 = -0.34*10
-4
;   
Екілік жүйеде: 
-101.01 = -0.10101*2
11
 (реті 11
2
 = 3
10
)  
-0.000011 = 0.11*2
-100
 (реті -100
2
 = -410) 
Компьютердің  жадында,  мантисса  тек  қана  мәнді  цифрлардан 
тұратын,  бүтін  сан  түрінде  ұсынылады  (0  бүтін  және  үтір 
сақталмайды).  Демек,  нақты  санның  ішкі  ұсынымы,  бүтін  қос 
сандардың: мантиссаның және реттің ұсынуылына әкеледі. 
ЭЕМ-ң әр типтерінде сандардың жылжымалы нүкте қалпындағы 
ұсынуларының әртүрлі нұсқалары қолданылады. 
Жадыда жылжымалы нүктелі сандар сақталғанда – мантиссаға
ретіне,  санның  таңбасына  және  реттің  таңбасына  разрядттар 
беріледі. 
1.
 
Неғұрлым  мантиссаны  жазуға  көбірек  разрядтар  бөлінсе, 
соғұрлым санның дәлдігі жоғарылайды; 
2.
 
Реттің  разрядтар  санынының  орны  көбейген  сайын  санның 
берілген қалпындағы диапазоны кеңейе береді; 
Мысал  үшін,  4  байттық  жадының  ұяшығында  нақты  санның 
ішкі ұсынылуын қарастырайық.  
Ұяшықта  мына  ақпарат  болуы  керек:  санның  таңбасы
мантиссаның реті және мәнді цифрлары
Санның таңбасы, 1- байтағы үлкен битке: оң таңба болса 0, теріс 
таңба  болса  -1  сақталады.  Бірінші  байттың  қалған  7  битінде 
машиналық  рет  сақталады.  Мына  үш  байтта  мантиссаның  мәнді 
цифрлары (24 разряд) сақталады.  
Символдық  ақпараттың    ұсынылуы.  Бүгінгі  таңда  ЭЕМ-нің 
ең  негізгі  қосымшаларының  бірі  -  мәтіндермен  жұмыс  істеу. 
«Мәтіндік  ақпарат»  және  «таңбалы  ақпарат»  терминдері  синоним 
ретінде қолданылады. Информатикада белгілі алфавиттен алынған кез 
келген таңбалар тізбегі – мәтін болып есептеледі. Ол табиғи тілердің 
бірінен  (орыс,  ағылшын,  неміс,  т.б)  алынған  мәтін  болуы  міндетті 
емес.  Онда  математикалық  немесе  химиялық  формула,  телефон 
номері, сандық таблица және т.б. болуы мүмкін.   

 машиналық реті 
М А Н Т И С С А  
1-байт 
2-байт 
3-байт 
4-байт 

 
50 
Компьютердің  таңбалық  алфавиті  –  деп  ЭЕМ-де  мәтінді 
сыртқы ұсынуға  қолданылатын сиволдар жиынын атайтын боламыз. 
Бірінші  міндет  –  оқушыларды  компьютердің  символдық 
алфавитімен таныстыру. Олар мынаны білуге міндетті: 
-
 
компьютердің алфавиті 256 символдан тұратынын; 
-
 
компьютердің жадында әр символ 1 байт орын алатынын.  
Компьютердің  символдық  алфавитінің  бұл  қасиеті  оқушыларға 
таныс. Ақпаратты алфавиттік жолмен өлшеуді  қарастырғанда оларға  
қуаттылығы  256  символдан  тұратын  алфавиттің  бір  символы  8  бит 
немесе 1 байт (себебі, 256 = 2
8
) ақпарат әкелетіні баяндалады.  
Компьютердің  жадында  әр  символ  8-разрядтты  біркелкі  екілік 
код түрінде ұсынылады. Компьютерлік алфавиттің барша символдары 
0  ден  бастап  255-ке  дейін  нөмірленеді.  Әр  нөмірге  00000000  ден 
11111111  дейін  8-разрядты  екілік  код  сәйкес  келеді.  Сонда  «0»  және 
«1»  цифрларынан  құралған,  8-разрядтты  әртүрлі  256  қисындастыруы 
(орысш. – комбинациясы) шығады. Бұны байттық кодтау жүйесі деп 
атайды. Әлбетте, символдарды байтпен кодтау ыңғайлы, себебі  байт 
– жадының адрестелген ең кіші бөлігі, демек, процессор мәтінді өңдеу 
кезінде  әр  символға  жеке  қатынаса  алады.  256  символ  –  ақпараттың 
әртүрлі символдық ұсынылуына әбден жеткілікті мөлшер. 
Ары  қарай  кодтау  кестесі  ұғымын  енгізген  дұрыс.  Кодтау 
кестесі  –  алфавиттің  әр  символына  сәйкес,  өзінің  реттік  нөмірін 
қоятын  стандарт.  Ең  кіші  нөмірі  –  0,  ең  үлкені  –  255.  Символдың 
екілік  коды  –  екілік  санау  жүйесінде  ұсынылған,  оның  рет  нөмірі. 
Кодтау  кестесі  осылайша,  компьютердің  сыртқы  символдық 
алфавитімен ішкі екілік ұсыну арасында байланыс орнатады.  
1963  жылы  дербес  компьютерлер  үшін  құрылған  ASCII 
(American  Standard  Code  for  Information  Interchange)  кодтау  кестесі 
халықаралық стандарт болып қалыптасты. 
Оқушылардан  символдардың  кодтарын  жаттап  алуларын  талап 
қажет  емес.  Әйтсе  де,  кодттау  кестелерінің  кейбір  ұйымдастыру 
принциптерін  олар  білуге  тиіс.  Олармен  бірге  оқулықта  және  басқа 
құралдарда келтірілген ASCII кодтау кестесін талдаған дұрыс.  
Кесте  екі  бөліктен  тұрады.  Кестенің  тек  бірінші  бөлігі,  яғни  
0-ден  127-ге  дейінгі  нөмірлі  символдар  ғана,  халықаралық  стандарт 
болады.  Оған,  латын  алфавитінің  кіші  және  үлкен  әріптері,  ондық 
цифрлар,  әртүрлі    жақшалар,  тыныс  таңбалары,  коммерциялық,  т.б. 
символдар  кіреді.  0-ден  31-ге  дейінгі  нөмірлі  символдар  басқарушы 
деп  аталады.  Олардың  қызметі  –  мәтінді  экранға  немесе  баспаға 
шығару, дыбыс сигналын жіберу, мәтінді белгілеу және т.б. үрдістерді 

 
51 
басқару.  32  нөмірлі  символ  –  пробел,  яғни  мәтіндегі  бос  позиция, 
қалғандары анықталған таңбалармен көрінеді.  
Оқушылардың  назарын  латын  алфавитінің  әріптері  мен 
цифрлардың  лексикографикалық  орналасу  ретіне  аудару  қажет. 
Символдық ақпаратты іріктеу мүмкіндігі осы принципке негізделген, 
онымен оқушылар  деректер қорымен жұмыс жасағанда кезігеді. 
Кодтау  кестенің  екінші  жартысы,  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Ең 
алдымен  ол  ұлттық  алфавиттерді  орналастыруға  арналған.  Біздің 
регионда кириллица әріптері, әртүрлі арнайы символдар кіреді. 
Оқушыларға  қосымша  ақпарат  ретінде  Unicode  халықаралық 
кодтау  стандарты  туралы  айтуға  болады.  Бұл  16-разрядтты  кодтау 
кестесі, онда әр символға жадының 2 байты  бөлінеді. Әрине, жадыда 
оның  алар  орны  екі  есе  өсетіні  анық,  бірақ  есесіне  65536  символ 
енгізуге болады және алуан түрлі ұлттық алфавиттерді (мысалы, араб, 
қытай, т.б.) қосуға мүмкіндік береді. 
Графикалық  ақпараттың  ұсынылуы.  Компьютерде  бейнені 
ұсуну проблемасы екі – растырлық және векторлық тәсілдері арқылы 
шешіледі.  
Растырлық  тәсілде  бейне  бір  түсті  кішкентай  элементтерге  –
бейнепиксельдерге  бөлінеді,  олар  қосылғанда  жалпы  бір  сурет  пайда 
болады.  Растрлық  бейнеақпарат  –  кішкентай  элементтердің  түстері 
бойынша, рет-ретімен орналасуы. 
Векторлық  тәсілде  –  кез  келген  бейне  геометриялық 
элементтерге: 
түзу 
кесінділерге, 
эллипісті 
доғаларға, 
тік 
төртбұрыштың, шеңбардің фрагменттеріне және т.б. бөлінеді. Мұндай 
тәсілде 
бейнеақпарат 
– 
дисплей 
экранымен 
байланысты 
координаталар  жүйесінде,  аталған  элементтердің  математикалық 
сипаттамасы болады. Векторлық тәсіл сызбаны, схемаларды, штрихты 
суреттерді ұсынуға қолайлы. Векторлық тәсіл әмбебап екені өзінен өзі 
түсінікті,  өйткені  ол  бейненің  сипатына  байланыссыз  қолданыла 
береді.  Қазіргі  уақыттағы  дербес  компьютерде  тек  растрлық 
дисплейлер қолданылады. 
Бейнеақпарат  –  компьютердің  жадында  сақталынған    бейне 
туралы  экранға  жаңғыртылатын  ақпарат.  Бейнежады  –  экранға 
бейнені жаңғырту уақытында, бейнеақпаратты сақтайтын жедел жады. 
Бейнежадыдағы  ақпарат  (бейнеақпарат)  –  экранның  әр 
пикселінің  түстері  кодтарының  жиыны.  Яғни,  бейнені  көрсету 
түстерді  кодтаумен  байланысты.  Дисплей  экранында  түрлі  түстер 
алудың  физикалық  принципі  негізгі  үш  түсті:  қызыл,  жасыл,  көкті 
араластыруға  негізделген.  Демек,  пиксель  түсінің  кодында  әрбір 

 
52 
негіздік  түстің  ашықтық  үлесі  (орысш.  –  интенсивность)  туралы 
ақпарат болуы керек.  
Оқушылардың  назарын  түстің  коды  мен  негізгі  түстер 
қоспасындағы  құрамның  байланысына  аударған  жөн.  Егер  үш  түс 
құраушылардың барлығының ашықтығы бірдей болса, онда олардың 
қоспасынан  8  (2
3
)  әтүрлі  түс  алуға  болады.  Мына  3.1-кестеде  үш 
биттік екілік кодымен 8-түсті палитраның кодталуы көрсетілген. Онда 
негіздік түстің болуы 1-мен, жоқтығы 0-мен белгіленген.  
3.1-кесте. Сегіз түсті палитраның екілік коды 
қ 
ж 
к 
түс 



қара 



көк 



жасыл 



көгілдір 



қызыл 



қызғылт 



қоңыр 



ақ 
Бұл  тақырып  бойынша  оқушылар  мынадай  сұрақтарға  жауап 
бере білуі керек: 
-
 
Қандай түстерді араластыру арқылы қызғылт түсті алуға бо-
лады? 
-
 
Қоңыр  түс  қызыл  және  жасыл  түстердің  қоспасы  екені 
белгілі. Қоңыр түстің коды қандай?  
1-сұрақтың жауабы: кестеден қарап, қызғылт түстің коды – 101 
екенін  көреміз.  Демек,  қызыл  және  көк  бояуларын  араластырғанда 
қызғылт түс шығады.  
Пиксельдің  4-разрядты  кодталуын  пайдаланғанда  он  алты 
түсті  палитра  алынылады:  негіздік  түстердің  3  битіне  1  бит 
ашықтығы  қосылады.  Бұл  бит  үш  түстің  ашықтығын  бір  мезгілде 
басқарады.  
Мысалы,  егер  8-түстік  палитрада  100  кодымен  қызыл  түс 
белгіленген  болса,  онда  16-түстік  палитрада:  0100  —  қызыл,  1100  — 
ашық-қызыл түс; 0110 — қоңыр, 1110 — ашық-қоңыр (сары) болады. 
Негіздік  түстердің  ашықтығын  ажырата  басқару  арқылы 
аумақты  түстер  санын  алуға  болады.  Егер  негіздік  түстердің  әр 
қайсысын кодтау үшін бір биттен артық бөлінсе, онда түс ашықтығы 
екі деңгейден артық болуы мүмкін.  

 
53 
Бит  тереңдігі  (түс  тереңдігі)  –  бір  пиксель  кодталғанда  түсті 
сақтау  және  ұсыну  үшін  пайдаланатын  бит  санымен  берілген  жады 
көлемі(бит/пиксель – bits per pixel, bpp). 
Бит  тереңдігі  8  бит/пиксель  қолданғанда  түстердің  саны:  2
8
  = 
256 болады. Осындай биттердің коды мына түрде бөлінген: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет