10
қолданатын қаруы. Бар мәселе мынада: әйелдердің еркектерге
деген қызығушылығына
қарағанда ерлердің әйелдерге деген қызығушылығы мен құштарлығы әлдеқайда күштірек.
Сол себепті, әйел адам өзінің ер адамдарды еліктіретінін әрдайым жадында түйіп жүруі тиіс.
Қазіргі күндері азғырудың тағы бір түрі – әлеуметтік желілер. Онда көптеген мұсылман қыз-
келіншектер өз суреттерін жариялап жатады. Біз әйелдердің әуреттерін ашып түскен
суреттерін аузымызға да алып жатқан жоқпыз. Біз мұнда дін үкімдерін орындап жүрген,
хиджаб киген мұсылман әпке-қарындастарымыздың суреттері жайлы айтып отырмыз.
Базбіреулердің: «Онда тұрған не бар? Оған тыйым салынған ба еді?» - деп сұрауы ғажап емес.
Біз бұған былай жауап береміз: «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
«ол
далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді» деген
сөзі көшеге хиджабсыз
шығатын әйелдерге қатысты ма?».
Сондықтан, мұсылман қыз-келіншектер әлеуметтік желілерде өздерінің суреттерін жариялап,
көптеген еркектер үшін іріткі тудырады. Сондай суреттерді көргенде
еркектің бойын билейтін
сезім, оған «лайк» басып: «МашаАллаһ, қарындасым», - деп жазуына түрткі болатын сезім діни
құлшыныстан туындаған сезім емес екені хақ. Бұл – нәпсіқұмарлық.
Сол арқылы шайтан оған
таяп келіп, күнәға итермелейді. Өз-өзімізді алдаудың қажеті қанша?
Ал, өз үйінің төрт қабырғасында бой тасалайтын, шайтанның
өзін азғыру құралы ретінде
пайдалануына жол бермейтін «
әйелдің Аллаға ең жақын болатын кезі – үйінің ең
Достарыңызбен бөлісу: