Төртінші хадис: Бөтен еркектер үшін сәнденуге болмайды اذإ ةأﺮﻤﻟاو ﺔﻴﻧاز ﻦﻴﻋ ﻞﻛ لﺎﻗ ﻢﻠﺳو ﻪﻴﻠﻋ ﻪﻟا ﻠﺻ ﺒﻨﻟا ﻦﻋ ﺳﻮﻣ ﺑأ ﻦﻋ
ﺔﻴﻧاز ﻨﻌﻳ اﺬﻛو اﺬﻛ ﻬﻓ ﺲﻠﺠﻤﻟﺎﺑ تﺮﻤﻓ تﺮﻄﻌﺘﺳا
Әбу Муса Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят еткен: «Әрбір көз – зинақор, ал, [ерлердің] жиынының жанынан үстіне әтір сепкен күйі өткен әйел – анадай және мынадай, яғни, зинақор» (әт-Тирмизи).
«Тухфат әл-Әхуәзидің» авторы «әрбір көз – зинақор» дегенді былай түсіндіреді:
ﺔﻴﻧاز ﻬﻓ ةﻮﻬﺷ ﻦﻋ ﺔﻴﺒﻨﺟأ ﻟإ تﺮﻈﻧ ﻦﻴﻋ ﻞﻛ يأ
«Яғни, бөтен әйелге ынтығып қараған әрбір көз – зинақор».
Хадистің мәні мынада: егер әйел өзіне еркектердің көңілін аудару мақсатында әтірді үстіне
әдейі сепкен болса, оның күнә жасағаны. Ал, егер ол әтірді ондай ниетсіз пайдаланған болса,
онда оның тыйым салынған (харам) емес, мәкруһ іс жасағаны.
Сол себепті, имам әр-Рамли«Нихаят әл-Мухтаджда» былай дейді:
ﺎﻫرﻮﻀﺣ ﺎﻬﺗدارإ ﺪﻨﻋ بﺎﻴﺜﻟا ﺮﺧﺎﻓو ﺔﻨﻳﺰﻟاو ﺐﻴﻄﻟا ﺎﻬﻟ هﺮﻴﻓ ةأﺮﻤﻟا ﺎﻣأ
«Әйелге келер болсақ, жұма намазына барғысы келсе, оған үстіне әтір сеуіп, сәнді әрі қымбат
киімдерді кию ─ мәкруһ».
Осы мағынаны тағы бір сенімді хадис растайды:
ﺔﻴﻧاز ﻬﻓ ﺎﻬﺤﻳر اوﺪﺠﻴﻟ مﻮﻗ ﻠﻋ تﺮﻤﻓ تﺮﻄﻌﺘﺳا ةﺄﻣﺮﻣا ﺎﻤﻳأ
«Ер адамның қасынан өткенде үстіндегі иісті сездірту үшін әтір сепкен кез келген әйел – зинақор» (Ибн Хиббан, Хәким, ән-Нәсәи).
Бұдан белгілі болғаны, егер әйел адам өзіне еркектердің назарын аударып, оларға ұнау
мақсатында әтір сепсе және әдемі киінсе, мұнысы күнә болады. Әйтпеген жағдайда, бұл ─
мәкруһ.
Сонымен қатар, Алла Тағаланың мына аятын оқудың маңызы зор:
ﺎﻬﻨﻣ ﺮﻬﻇ ﺎﻣ ﻻإ ﻦﻬﺘﻨﻳز ﻦﻳﺪﺒﻳ ﻻو ﻦﻬﺟوﺮﻓ ﻦﻈﻔﺤﻳو ﻦﻫرﺎﺼﺑأ ﻦﻣ ﻦﻀﻀﻐﻳ تﺎﻨﻣﺆﻤﻠﻟ ﻞﻗو
12 Мағынасы: «Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың